101
Абай тек түпнұсқаны бар қалпында жеткізуді мақсат етпеген. Мәселен, «Татьяна сөзі» атты
аударма өлеңінде:
Қаймақ еді көңілімде
Бізге қаспақ болды жем - дегенде
Абай Пушкинді сөзбе-сөз
аударударғаннан гөрі мазмұндай аударған қазақтың ұғымына жеңіл тиіп тұр.
Қай шығарманы болсын өз көңіл-күйіне үйлестіре қазақы ұғымға сай етіп еркін
аударады. Сонда да кейбір аударма өлеңдері түпнұсқамен өте жақын келіп, мейлінше үндес
шығып жатса, ол - оның ақындық шеберлігінің бір қырынан көрінуі. Бірі қызықтап, бірі
қазақшалап отырған түпнұсқаның сарыны мен өз ой-сезімінің арасындағы үйлестіктің нәтижесі.
Сондықтан болар Абай жинақтары баспадан шықпай-ақ қолжазба күйінде ел арасына тарқап
кетті.
Абайдың «Евгений Онегин» сарынымен шығарған өлеңдері, бара-бар, түгелдей алғанда бір
желіге түсірілген, біртұтас топтама шығарма деуге лайық. Пушкин ұлылығын сол заманда сол
ортада отырып тани, бағалай білгендігі - Абай ұлылығының бір жарқын көрінісі. Абайдың
Пушкинмен үндестігі, оны жақын тартуы тегін емес еді. Ол қазақ әдебиетінде өз дәуірінде бір
кезде Пушкин орыс әдебиетінде атқарған қызметті атқаруды және сондай жүкті көтеруді мақсат
етті. Ол А.С.Пушкин мен М.Ю.Лермонтовты үлгі тұтты, олардың өлеңдерін, И.А.Крыловтың
мысалдарын
қазақ тіліне аударып, «Татьянаның хатын», «Онегиннің хатын», «Қараңғы түнде
тау қалқыпты» аударып қана қойған жоқ, оған ән де шығарды.
Ұлы ақын тілдерден екінші тілге аударудағы мақсаты, шығармалардың түпкі маңызын
жоймай, өз елінің талғам таразысын ескерген халде халықтық ұғымға сай етіп аудару.
Пушкиннің «Евгений Онегин» қазақ сахарасының төл туындысы, Татьяна қазақтың қара
домалақ қызындай әсер қалдыратыны, Татьянаның хаты қазақ жастары арасында ән болып
шалқығанынан байқуға болады.
Крыловтың «Бұлбұл мен есек», «Жарлы мен бай», «Шегіртке мен құмырсқа» т.б. көптеген
мыслдарды өз тілінде Абайдан естіді. Лермонтовтың «Теректің сыйы», «Желкен», «Қайтсе
жеңіл болады жұрт билемек», «Күлімсіреп аспан тұр» мұндай тізімді тізе беруге болар еді.
Абайдың сүйікті ақыны Леронтовтан көп аударған, жоғарыда
айтқанымыздай Еуропаның
классик ақындарының өлеңдерінің басым көпшілігін осы Лермонтов арқылы қазақшалады.
Абайдың аудармашылық шеберлігін жан-жақты зерттеген академик ғалым, З.Ахметов «Абай
және Лермонтов» атты монографиясында түбегейлі талданған.
Орыстың көрнекті жазушысы, ақын (тегі литван) И.А.Бунин (1870-1953) бірнеше
прозалық шығармаларымен таныс Абай 1893 жылдары «Не пугай меня грозой» атты өлеңін
«Қорқытпа мені дауылдан» деген атпен мазмұндай еркін аударма жасаған. Абайдан кейін ақын
Ғ.Қайырбеков Буниннің көптеген өлеңдерін қазақ тіліне аударды. Бунин большевиктер билігін
мойындамай 1920 жылы Ресейден Францияға қоныс аударып сонда дүние салғандығы тарихтан
белгілі.
Абайдың 37-қара сөзінде елі үшін қандай қиындықтан болса да бас тартпаған ержүрек
Француз қызы Жанна Д, Аркті (1412-1431) «Оны отқа жаққан кім?» - деп сұрақ қойып, ұлы
ақынның өзі «Ол - көп, ендеше көпте ақыл жоқ» деп жауап береді. Ағылшын
басқыншылығымен 100 жылдық азаттық күресін басқарған Жанна Д, Аркті жау 19 жасында
өртеп жібергенін білеміз.
Ұлы ақын өзінің шығармашылық кемеліне шыққан кезде орыс әдебиеті арқылы батыс
әдебиетімен сусындап, оны қазақ жұртшылығына таныстыруда басқа аудармашылардан ерекше
дараланып тұратын тұстарына тоқталдық. Кеңес дәуірінде түбегейлі зерттелген Абайдың
Еуропамен ара қатнасы туралы біршама айттық. Абай қазақ даласына жаңа өркениеттің келе
102
жатқанын ақындық сезімталдықпен ерте болжам жасағанына, тағы да бір көз жеткізу
мақсатымыз болатын және сахарада жүрген Абай аударма мәдениетінің ең жоғарғы үлгісін
ұсынғанын айтқымыз келді.
Достарыңызбен бөлісу: