Әлеуметтік- гуманитарлық ғылымдар ғылыми-зерттеу институты


 Шығыс үлгісінде жазған шығармалары. Абайдың поэмалары



Pdf көрінісі
бет83/97
Дата29.09.2024
өлшемі1.81 Mb.
#504107
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   97
Торгаутова Ш.А. - Абайтану ЛЕКЦИЯ ЖИНАҒЫ - 2024

2. Шығыс үлгісінде жазған шығармалары. Абайдың поэмалары.
Қазақ халқының ұлы ақыны, лирик, аудармашы Абай шығармашылығының ішкі рухы 
мен көрініс көркі, сипаты мен сыны бұрын мұндай дәрежеде көрінбеген жарасымды жаңалықты 
танытады. Бүкіл өмірінің, әсіресе өмір шындығы терең бейнеленуі-әдебиеттегі ұлттық 
көркемдік ойлау ерекшелігінің, өмір құбылыстарын мүсіндеу шеберлігінің жарқырап көрінуі. 
Абайдан қалған үш поэма бар. Олар: “Масғұт“, “Ескендір“, “Әзімнің әңгімесі“. 
Соңғысы аяқталмаған. 
Бұлардың барлығы да ақынның бұрынғы шығармаларындай қазақ өмірі шындығын 
суреттеуге құрылмаған, Шығыс халықтарының аңыз, ертегілері сюжетіне дастан үлгісінде 
жазылған. Уақиғалары шағын, көлемдері аз келеді. Аңыздарды ақын, көбінесе қажет ұстаздық, 
тәрбиелік ой-мақсаттарға бейімдеп, көпке үлгі етуді ойлаған. 
Басты кейіпкер аты-Масғұт.Оның тіршілік еткен шахары-Бағдат. Заманы-hарон-Рашид 
халифтың тұсы. Кейін Масғұтқа кездесетін қария мұсылмандардың дін аңыздарында жүретін 
Қызыр, қазақша Қыдыр аталады. Жалғыз-ақ Абай аңызды өзінің адамгершілік үгітіне мысал 
етіп, өзіндік ойларын тарату үшін жөнінде үлкен кәдеге жаратады. 
Поэмада Абай арабтың тарихын, тірлік шындығын көрсетпек емес. Ақынды 
қызықтыратыны-Масғұттың ғана жайы. Масғұтты бірнеше ерекше халдерге ұшыратып үлкен 
сапалы адамгершіліктің қасиеттерін бітірмек. Бұл жағынан қарағанда, Масғұт қай заманның 
адамына болса да, Абайдың ұғымынша, үлгі боларлық адам деп түсіндіреді. Ақылы мен 
парасаты мол адамның адамгершілігін көпке үлгі етеді.
Абай кейіпкерінің және бір ерекшелігі-ол өзгеше көрнекті күші ортадан шыққан адам 
емес. Орташа көптің бірі. Әдейі дәулет, әмір, құдірет ақыл-өнермен асырып шығарған адам 
емес. Өзі үгіттеп жүрген жақсы жастардың өз заманындағы мінез-құлқына, арманды 
адамгершілігіне Масғұтты үлгі етеді. 
Қызыл шар ұсынатын үш жеміс сол аңыздық бояу десек, ол Масғұттай өнегелі жастың 
ішінен сырын, қасиетін ашуға арналған оңай ғана сылтау десек, срның ар жағында көрінетін 
Масғұт қандай боп танылады. Ол ақылдықтан қашады, байлықтан қашады. Соның екеуін де 
сынап, талғап отырып жиреніп шығады. Сол Масғұттың ақылдан қашуы-Абайдың өз 
ортасындағы күйге аса жақын келеді. Кейін Масғұт қызыл жемісті алғанда, нәсіпқұмар көп 
жастың жолынан жырақ шығады. Ол әйелді, ең алдымен, адамзаттың қақ жарымы деп түсінеді. 
Әйел достығын ереше тұтады.
Үлкен гуманист ақын сол өзі тартпақ болған мораль философиясын жаңа түрде шартты 
мазмұнға байланыстырып ұсынып отыр. Масғұттың қызыл жемісті жегеннен кейінгі іс-
әрекеттері баян етілгенін көрсек керек еді. Оның үстіне поэманың соңғы бөлімінде “жынды су“ 


98 
мотив және одан туатын “жұрттың жынды болса, ақылды болма, қоса жынды бол!“ дейтін 
қорытындылар бұл поэманың логикалық жағынан сәйкес емес сияқты. 
Масғұт ақылды, байлықты да таңдамайды: көп наданның арасындағы жалғыз ақылды 
адамның күйіне де байлық пен малқұмарлық аздырған байдың жайына да талғампаздықпен 
қарайды. Ер мен әйел теңдігін жақтайды. Поэма ақынның осы идеясына әкелетін уақиғаны 
баяндауға құралады. Оның жаңа үлгіде түрінде емс, шығыс дастандары түрінде жазылғанын 
байқатады. 
Абай екінші поэмасы.Біздің ең алдымен бұл поэманың негізінде жатқан тақырыптың 
төркін-тегі туралы біраз деректер айтып өтелік. Абай пайдаланып отырған сюжет Низами 
жазған “Ескендірнама“-дан алған. Бірақ Абай өзінше өзгертіп, өсіріп алған. Ол аңызды өзінше, 
көп жағынан өмір шындығына жақындатып, реалистік стильге бұрады. Ескендірдің әкесі 
Абайда Филипп болып аталады. Оның тәрбиешісі болған философ Аристотель кіреді. Аңыздан 
бұрынан тек кішкентай тас және сыры ғана сақталды. Низами тарауында Ескендірді даналық 
дәрежесіне жеткізеді. Мұсылманшылық аңызы бойынша уахи келеді. Ол бар жиhанды кезіп, 
адамзатқа езгіліктің жолын танытпақ керек деген әмір болады.
Адамгершілік, ақтық, шындық, мінезділік жөнінде езі ұсынған жолдарын белгілі бір аңыз 
арқылы тағы да көңілге қонымды етіп, таныта түсуге талап етеді. Жалпы композициялық 
құрылысын алғанда, Ескендір Абайдың ең жақсы поэмасы.
Поэмасының ең соңындағы бірнеше шумақтарда Абай дидактикалық, ойшыл-өсиеткшілік 
қорытындыны Ескендірден бөлек бір жай етіп айтады. Бұнысы поэманың жоғарыда біз айтқан 
идеясына байланысты. Абай бұнда да, Масғұт турасындағы аңызға барғандай, ескілік 
материалына текке бармайды. Өзіндік өсиеттерін шартты түрдегі аңыз-аспанға белей отыра, 
қызықтыра ұсынбақ болады. Сол тиымсыз, тойымсыз әміршінің өз өмірінді жалғыз рет тылсым 
қуаты бар, жасырын сыры бар және жол бермес тас қақпаға кездесуі Абайша үлкен мол 
мағынамен келтіреді.
Адамгершілік, ақтық, шындық, мінезділік жөнінде езі ұсынған жолдарын белгілі бір аңыз 
арқылы тағы да көңілге қонымды етіп, таныта түсуге талап етеді. Жалпы композициялық 
құрылысын алғанда, Ескендір Абайдың ең жақсы поэмасы.
Поэмасының ең соңындағы бірнеше шумақтарда Абай дидактикалық, ойшыл-өсиеткшілік 
қорытындыны Ескендірден бөлек бір жай етіп айтады. Бұнысы поэманың жоғарыда біз айтқан 
идеясына байланысты. Абай бұнда да, Масғұт турасындағы аңызға барғандай, ескілік 
материалына текке бармайды. Өзіндік өсиеттерін шартты түрдегі аңыз-аспанға белей отыра, 
қызықтыра ұсынбақ болады. Сол тиымсыз, тойымсыз әміршінің өз өмірінді жалғыз рет тылсым 
қуаты бар, жасырын сыры бар және жол бермес тас қақпаға кездесуі Абайша үлкен мол 
мағынамен келтіреді.
Ескендір Абай поэмасында дәріптелмей, сыналады.
Сондықтан поэманың әңгімелі, оқиғалы желісін жетер өрісіне жеткізіп болған соң, 
жырдың аяғын жаңағы айтқандай, моральдық, адамгершілік байлау мен толғауға, сентенцияға 
әкеліп тіреуі заңды болып көрінеді. Поэманың шумағы, өлең жолдары, буын өлшеуі, 
қолданатын ақындық сөздігі-бәрі де шешендік, нақтылық жағынан қарағанда, Абайдың 
ақындық өнеріне сай келген. Бұлар поэманың тұтас бітімді шығарма болуына нық жәрдем етеді.
Абай поэмаларының ішіндегі елеулісі де, ақынның гуманисттік ой-пікірін тереңірек 
танытатын да- «Ескендір» поэмасы. Бұл поэма әділдік пен жауыздықтың тартысына құралады. 
Жауыздыққа жетелейтін қызғаншақтық пен тойымсыздық екенін көрсетіп, соған қарсы 
ұсынады. 


99 
Абайдың 1933 жылғы жинағында алғаш рет басылған бір поэмасы. Бұл поэманың тақырыбы 
“Мың бір түн“ ертегісінен алынған. Қазақ ортасында ауызша көп айтылып жүретін “Мың бір 
түн“нің бір атауы-“Әлидің-Әзімі“ деген ұзақ ертегі болатын. 
Сол ертегінің ішінен жас бала Әзімнің жетімдік шағы, жігіттік кездегі басынан кешетін 
бейнет соры, кейін барып өзінік туралы, жазықсыздығы арқылы арманына жететін оқиғалары 
Абайдың поэмасына желі, арқау болатын тәрізді. Бұл поэманың ішінде Абайды қызықтырған 
тағы бір адам аяр шал болады. Ол шалдың кәсібі өзгеше. Қара тасты алтын ететін амалы бар.
Осындай әрекет соңына түскен адамның жайы Шығыста ертегі ғана емес, химия ғылымы 
деп аталып жүретін алхимия жайынан туған нешеалуан жасырын сырлы әңгімелер барды.
Сөйтіп, соңғы бөлімдері жоғалып қалады. Сондықтан қолда қалған поэмасы бітпеген поэма 
болып басылып жүр.
Бірақ халықтың сыншыл ойы кейін ол әрекеттер арасында болып жүретін неше алуан 
арамшылық, аярлықтарды танытады. Көпті алдап жем ететіндерді ез әңгіме, аңыздармен 
әшкерелейтін болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет