Қорытынды
Радио әмбапап ақпарат таратуымен де қолайлы.
Ауа райынан бастап
маңызды саяси оқиғалар, төтенше
жағдайлардың барысы қызықты
деректердің барлығы кезегімен әуе толқынында тарап жатады. Тыңдарман
өзін қызықтырған хабарға зейінін күшейтеді, болмаса кейбір мағлұматтарға
аса назар аудармайды. Сөйтіп, өзінің сол уақыттағы сұранысына орай қажетті
ақпараттарды қолайлы жағдайды естіп отырады.
Бәсекелестік жағдайында радиостанциялар саны өте көп, сондықтан да
соңғы жылдары радионың хабар тарату
бағыт-бағдары да өзгеріп, ол
тыңдармандардың сұранысына орай маманданып,
белгілі бір
аудиторияға,әлеуметтік топтарға бейімделе бастады. Бір радио жедел ақпарат
пен музыкаға көңіл аударса, екіншісі ескі әуендерді қайта жаңғырту арқылы
тыңдарманын тартады, үшіншісі белгілі бір музыкалық бағытты (попса, рок,
джаз, т.т) ғана қолдайды, тағы бірі жасөспірімдер үшін хабар таратады, тағы
бірі жасөспірімдер үшін хабар таратады, соған орай сөйлеу стилі мен әдісін
де сақтайды. Осыған байланысты әр түрлі радио форматтары көбейді,
радионың аудиториясы да түрлене түсті. Міне,
осының бәрінде радионың
табиғатынан қолайлылығы басты рөл атқарады.
19