Радио және оның шығу тарихы



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата30.09.2024
өлшемі279.58 Kb.
#504156
1   2   3   4   5   6   7
реферат

1.3. Радиотаратқыш құрылғы.
12


Радиотаратқыш құрылғы — қоректендіру көзінің энергиясын
радиожиілік тербелісіне өзгертуге және ондай тербелісті ашық кеңістік
арқылы  ақпарат тарату мақсатымен басқаруға арналған радиотехникалық
жабдықтар кешені. Тарататын ақпарат түріне қарай радиотаратқыштар
байланыстық,  радиохабар таратушы, алыстан басқарушы болып бөлінуі
мүмкін.
Тарататын толқын түріне қарай біржолақты жиіліктік, дискретті
жиіліктік және импульстік радиотаратқыштар деп бөлінсе, жұмысшы
жиіліктері диапазонына қарай — ұзын толқынды, қысқа толқынды, ультра-
қысқа толқынды радиотаратқыштар деп бөлінеді. Сондай-ақ антеннаға
беретін қуатына қарай шағын қуатты (0,1 кВт-қа дейін), орташа қуатты (0,1-
10 кВт), қуатты (10-500 кВт), аса жоғары қуатты (500 кВт-тан жоғары)
радиотаратқыштар болады.
Тиісті қуат алу үшін арнайы үйлестіруші құрылғы арқылы бір антеннаға
екі радиотаратқыш параллель қосылуы мүмкін. Сондай-ақ қабылдау орнында
өріс кернеулігін арттыру мақсатымен бір бағыттағы бөлек екі антенна
арқылы екі радиотаратқыш синхронды жұмыс істеуі де мүмкін.
Негізгі бөліктері: айнымалы немесе тұрақты ток энергиясын
радиожиілікті тербеліс энергиясына өзгертетін генератор, қоздырылатын
тербеліс параметрлерінің бірін (амплитудасын, жиілігін немесе фазасын)
пайдалы сигнал заңына сәйкес өзгертетін модулятор, энергия көзі.
13


2 Телевидение және оның шығу тарихы
Теледидар –  телехабар бағдарламаларындағы бейне мен дыбыстық
сүйемелдеудің радио сигналдарын күшейту мен түрлендіруге арналған теле,
радиоқабылдағыш теледидар түрлі түсті, ақаласықара кескінді, стационарлы
және тасымалды болып ажыратылады. Теледидардың негізгі ерекшелігі
бейне мен сүйемелдеуші дыбыс радиосигналдарын бір уақытта күшейту және
түрлендіруезі теледидар әдетте супергетеродинді сұлба бойынша
құрастырылады. Оның нұсқалары сүйемелдеуші дыбыс сигналдарын
күшейту және бөлу әдістері бойынша бөлінеді. 20 ғасырдың соңында ертеден
қолданылып келген кинескопты теледидарлардың орнын сұйық кристалды,
плазмалы теледидарлар басты. Сұйық кристалды теледидарлар кескін
айқындылығының, сапасының жоғарылығы бойынша қолданыстағы
теледидарлардың ең озық түрі болып саналады. 
Кинескоп – телевизиялық  қабылдағыш түтік – телевизиялық кескін
көрсетуге арналған электронды-сәулелік түтік. Ақ-қара түсті кинескоп та
электронды сәуле  люминесценциялық экранға түсіп, оны беріліп жатқан
кескін
 сигналына 
байланысты жолма-жол және кадр бойынша
жарықтандырады. Түрлі түсті кинескопта бұл мақсат үшін 3 электронды
сәулені пайдаланады. Олар мозаикалық немесе штрихтық экранның
люминофорын бір түспен қызыл, жасыл немесе көк түспен жарықтандырады.
Біртүсті 3 кескінді беттестіру нәтижесінде қорытынды түрлі түс алынады.
Тұрмыстағы теледидарларда әдетте, экранының диогональ өлшемі 16-дан 72
см-ге дейінгі кинескоп қолданылады (кинескоп тереңдігі диогональ
өлшемімен шамалас). 20 ғ-дың 80-жылдарынан бастап тереңдігі аз, беті
жалпақ кинескоп құрастыру қолға алынды.
Сурет 1 – "17ТН-1/3", КСРО, 1939 жыл
14


Британдық ғалымдар Айртон мен Пери фотоэлементті бейнені электр
көзімен тарату идеясын ұсынған болатын. Бірақ 1880 жылы бұл ойды жүзеге
асыру мүмкін емес болды, себебі пайда болған токтар өте әлсіз болды. Одан
1884 жылы неміс ғалымы Пауль Нипков қоғалмалы дисктерді пайдаланып
бейнелерден фотоэлементке жарық түсіріп көрді. Алғашқы жұмыс істейтін
теледидар американдық Ли де Форест электрондық триодты шамды ойлап
тапқаннан кейін пайда болды. Электрондық триодты шам әлсіз тоқты
күшейтуге мүмкіндік берді. Шотландық Джон Берд 1926 жылы Нипков пен
де Форесттің тәжірбиелерін біріктіріп, радиотолқындардың көмегімен
телевизиондық сигналдарды таратуды тәжірибе жүзінде дәлелдеді.Осыдан
кейін 1929-31 жылдары бірнеше дамыған елдерде телевизиялық тарту
дамыды. Владимир Зворыкин 1931 жылы АҚШ-та электрондық трубканы
(икиноскоп) ойлап тауып, электронды телевидениенің дамуына үлес қосты.
Зворыкиннің телевизиондық жүйесіндегі бағанға дейін созылды. Соғыстан
кейін 625 баған, АҚШ-та 525 бағанға дейін созылды. Бағандардың артуы
бейнелердің сапалы болуын қаматамасыз етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет