50
«Құбыр құбырда» типіндегі жылуалмасқыштар үлкен диаметрлі
бірнеше сыртқы құбырлардан және олардың
ішінде орналасқан кішкентай
диаметрлі құбырлардан тұрады (сурет 12). Ішкі және сыртқы құбырлар бір-
бірімен буын мен түтіктер көмегімен қосылған. Жылутасығыштардың бірі
І –
ішкі құбыр бойымен, ал екіншісі
ІІ – ішкі
және сыртқы құбырлармен
қалыптасқан сақиналы канал бойымен қозғалады. Жылуалмасу ішкі құбырдың
қабырғасы арқылы жүзеге асады.
Бұл жылуалмасқыштарда құбырда да, құбыраралық кеңістікте де
жылутасығыштар
жоғары
жылдамдыққа
жетеді.
Аталған
жылуалмасқыштардың артықшылығы жасау қарапайымдылығы және қос
жылутасығыштың жоғары жылдамдығы салдарынан жылуберудің жоғарғы
коэффициентімен сипатталады.
Бұл жылуалмасқыштардың кемшіліктері: абажадайлығы; жоғары
металсыйымдылық; құбыраралық кеңістікті тазарту қиындығы.
Бұл жылуалмастырғыштарды екі сұйық арасында жылуалмасу үшін
жылутасығыштардың кішкене шығыны кезінде қолданады.
Жылан түтікті жылуалмасқыштар жылан түрінде иілген және сұйық
орталы аппаратқа салынған құбыр болып табылады (сурет 13). Жылутасығыш
жылан түтіктің ішінде қозғалады.
Жылан
түтікті
жылуалмасқыштардың
артықшылығы
–
жасау
қарапайымдылығы. Бірақ бұндай жылуалмасқыштар абажадай және тазарту
қиынға соғады. Бұл жылуалмасқыштарды конденсатты қыздыру және суыту
үшін қолданады.
Сурет 12 – «Құбыр құбырда» типіндегі
жылуалмасқыш
1 – сыртқы құбыр;
2 – ішкі құбыр;
3 –
буын;
4 – түтік;
І, ІІ - жылутасығыштар
Сурет 13 – Жылан түтікті
жылуалмасқыш
1 – жылан түтік;
2 – корпус
Сұйықтандырғыш жылуалмасқыштарды сұйықтарды,
газдарды суыту
және буларды конденсациялау үшін қолданады. Олар бірінің үстіне бірі
орналасқан, буындармен қосылған бірнеше құбырлардан тұрады (сурет 14).
Құбыр бойымен суытылатын жылутасығыш ағады. Суыйтын су бөлгіш
астаушаға келеді, одан біркелкі жылуалмасқыштың жоғарғы құбырына ағады.
51
Суыйтын судың жартысы құбыр бетінде буланады. Төменгі құбыр астында
суды жинауға арналған астауша орналасқан. Бұндай жылуалмасқыштардағы
жылу беру коэффициенті үлкен емес.
Сұйықтандырғыш жылуалмасқыштар құрылымы бойынша қарапайым,
бірақ металсыйымды. әдетте оларды ашық ауада орнатады.
Достарыңызбен бөлісу: