Процестері мен аппараттары



Pdf көрінісі
бет23/48
Дата03.10.2024
өлшемі1.73 Mb.
#504290
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   48
procester men apparattar

Бақылау сұрақтары: 
1. Тамақ өнеркәсібінде қолданылатын механикалық процестер 
2. Барлық ұсақтау машиналарына қойылатын жалпы талаптар


47 
3. Негізгі ұсақтау машиналары қандай типтерге бөлінеді 
4. Кесуге арналған қоңдырғылардың жіктелуі 
5. Ұсақтаудың мәні және міндеті 
6. Пресстеудің мәні және міндеті 
 
Тақырып 4 Жылу процестері 
Мақсаты: Студенттерді жылуалмасу аппараттарымен, конденсация және 
суыту процестерімен, бушықтыру аппараттарымен таныстыру.
Жоспар: 
4.1 Жылу алмасу процестерінің жалпы сипаттамасы 
4.2 Жылу алмасу және буландыру аппараттарының құрылымы 
4.3 Жылуалмасу аппараттарын зерттеу 
4.4 Конденсация және суыту процестерін зерттеу 
4.5 Бушықтыру аппараттарын есептеу 
4.1 Жылу алмасу процестерінің жалпы сипаттамасы 
Жылу алмасужақсы қызған денелерден нашар қызған денелерге 
жылуды апарудың қайтымсыз процесі.
Жылу (жылу саны) – жылу алмасу процесінде денеге берілетін немесе 
денеден алынатын энергия санымен анықталатын жылу алмасу процесінің 
энергетикалық сипаттамасы.
Жылу тасығыш – жылуды апару үшін қолданылатын қозғалатын орта 
(газ, бу, сұйық). 
Жылуды беру – екі жылутасығыш арасындағы жылуалмасу.
Жылуалмасу процестеріне жылуды алып келу немесе алып кету 
жылдамдығымен анықталатын технологиялық процесер жатады. Оларға: 
қыздыру, буландыру, суыту және конденсация. Аталған процестер жүретін 
аппаратар жылу алмасу аппараттары деп аталады.
Қыздыру - материалдарға жылуды алып келу жолымен олардың 
температурасын көтеру процесі. Тамақ технологиясында ыстық сумен немесе 
сулы бумен, оттық газбен және электр тогымен қаныққан басқа да сұйық 
тасушылармен қыздыру әдістері кеңінен тараған. Бұл мақсаттар үшін әртүрлі 
құрылымды жылуалмасу аппараттарын қолданады. 
Буландыру – сұйыққа жылуды алып келу жолымен оны буға айналдыру 
процесі. Сұйық қайнау кезінде тиімді буланады. Тамақ технологиясында суды 
тұщыту, ерітінділерді концентрациялау және т.б. қолданады. Буландыру 
буландырғыштарда жүреді.
Суды тұщыту үшін қолданылатын аппаратарды тұщытқыш, ал 
ерітінділердің концентрациясын көтеру үшін қолданылатын аппарататрды
бушықтыру аппараттары деп атайды.
Суыту – материалдан жылуды алып кету жолымен оның температурасын 
төмендету процесі. Тамақ технологиясында 15-20
0
С дейін газдарды, булрды 
және сұйықтарды суыту үшін су мен ауаны қолданады. Ал өнімдерді төмен 


48 
температураға дейін суыту үшін төмен температуралы хладагенттерді 
қолданады.
Конденсация – заттан жылуды алып кету жолымен бу немесе газ тәрізді 
күйден сұйық күйге өту процесі. Бұл процесс конденсоторларда жүреді. 
Конденсациялау процестері тамақ технологиясында әртүрлі заттарды сұйылту 
үшін кеңінен қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет