Процестері мен аппараттары


Бос циркуляциялы бушықтыру аппараты



Pdf көрінісі
бет30/48
Дата03.10.2024
өлшемі1.73 Mb.
#504290
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   48
procester men apparattar

Бос циркуляциялы бушықтыру аппараты. Бұндай аппаратта баяу 
жүретін немесе қозғалмайтын ерітінді (көбінесе тұтқырлы) құбыр сыртында 
болады. Ерітіндіде тәртіпсіз конвекционды ағындар (бос циркуляция) пайда 
болады.
Бұл топқа тостаған немесе қазан түрінде жасалған аппарттар жатады. Бос 
циркуляциясы барлық аппараттар құрылымы бойынша қарапайым, бірақ 
жылуберу коэффициенті төмен (ұйымдастырылған циркуляцияның болмауы 
себебінен). Осының салдарынан олардың қолданылуы шектелген. 
Табиғи циркуляциялы бушықтыру аппараты. Аппаратта ерітіндінің 
циркуляциялау қайнатқыш түтікшелер мен циркуляционды құбырдағы орта 
тығыздығының әртүрлілігі есебінен жүреді. Циркуляциялау үшін қыздыру буы 
мен ерітінді арасындағы 7...10
0
С темература айырмашылығы қажет. Табиғи 
циркуляционды аппаратқа орталық циркуляционды құбырлы бушықтыру 
аппаратын жатқызуға болады.
Орталық циркуляционды құбырлы бушықтыру аппаратында қайнатқыш 
құбырдан тұратын қыздыру камерасы бар. Бастапқы ерітінді жоғары-төмен 
қайнатқыш құбырлар бойы циркуляцияланады және циркуляционды құбыр 
бойынша төмен түседі. Қажетті мөлшердегі сепаратордың және шашырауларды 


59 
бөлгіштердің болуы алып кетілетін сұйық тамшыларынан қосалқы будың 
жақсы бөлінуінг қамтамасыз етеді.
Циркуляционды құбырдың құрылымының арқасында табиғи циркуляция 
күшейеді, жылу беру коэффициенті көтеріледі және қайнатқыш құбырлардың 
ішкі беттерінде қатты бөлшектер мен көбіктердің шөгуі төмендейді. Бұл 
бушықтыру аппараты ықшам және қызмет етуде ыңғайлы, бірақ қыздыру 
камерасын ауыстыру машақатқа алып келеді.
Мәжбүрлі 
циркуляциялы 
бушықтыру 
аппараты. 
Ерітінді 
циркуляциясының қарқындылығын көтеру және жылу беру коэффициентін 
арттыру үшін мәжбүрлі циркуляциялы аппараттарды қолданады. Оларды 
тұтқырлы сұйықтарды бушықтыру кезінде қолданған тиімді.
Ерітіндіні мәжбүрлі циркуляциялау араластырғыш, насос көмегімен 
немесе газды берумен жүреді. Бушықтырылатын ерітіндІ құбырлар бойымен 
көтеріліп, қызып және қайнайды. Қалыптасқан бусұйықты қоспа сепараторға 
түседі, онда қосалқы бу тамшылардан бөлініп, ал ерітінді циркуляционды 
құбырға түседі және насоспен аппараттың қздырғыш камерасына беріледі.
Мәжбүрлі циркуляциялы аппараттардың артықшылығы жылу берудің 
жоғары коэффициенті (табиғи циркуляцияға қарағанда 3-4 есе артық) болып 
табылады. 
Бұл 
аппараттардың 
кемшілігі 
– 
насостар 
жұмысына 
электроэнергияны жұмсау қажеттілігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет