8
9
оның күнәсі кешіріліп, тозақтан азат етіледі. Ораза
тұтушының сауабынан да ешнәрсе кемітілмейді». Осы
тұста сахабалар: «Уа, Алланың Елшісі!
Ауызашар
жасауға бәріміздің мүмкіндігіміз бола бермейді ғой»,
– деді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.):
«Оразашының аузын,
тіпті, бір түйір құрмамен, не бір жұтым сумен, сүтпен
аштырған жанға да сондай сауап жазылады. Бұл айдың
басы рахым, ортасы кешірім, ал соңы тозақтан құтылу
кезеңі. Кімде-кім осы айда құлына, қызметшісіне жеңілдік
жасаса, Алла оның күнәсін кешіріп, тозақтан азат етеді.
Бұл айда төрт түрлі қасиетті көбейтіңдер. Оның екеуі
Раббыларыңды разы ететін қасиеттер: шәһәдатты және
истиғфарды көп айтып жүріңдер. Енді екеуі өздеріңе аса
қажетті қасиет: Раббыларыңнан жұмақты сұраңдар да,
тозақтан азат етуін тілеңдер. Кімде-кім ораза тұтқан
жанға ауызашарда сусын берсе, Алла оны Қиямет күні
менің әуізімнен сусындандырады да, ол қашан жұмаққа
кіргенше еш шөлдемейтін болады», – деді». (Ат-тарғиб
уат-тарһиб, Мишкатул-масабих, Кәнзул-уммал кітап-
тарында риуаят етілген хадис).
Термези таратқан тағы бір риуаятта адамзаттың
асыл төресі (с.а.с.) ұлық айдың ерекшелігі жайлы
былай тарқатады:
«Рамазан айының алғашқы түні
болғанда шайтандар мен дүлей жындар кісенделеді.
Тозақтың қақпалары тарс жабылады да, біреуі де
ашылмайды. Жұмақтың қақпалары айқара ашылады
да, біреуі де жабылмайды. Бір жаршы: «Ей, жақсылық
қалаушы, баста! Ей, жамандық қалаушы, таста!
Алланың тозақтан азат ететін құлдары бар!» – деп жар
салады. Әрбір түні осылай айтылады».
Имам Мүслім таратқан риуаятта Алланың
Елшісі (с.а.с.) былай дейді:
«Адам баласының әрбір
іс-амалы оннан жеті жүз есеге дейін көбейтіледі.
Даңқты да ұлы Алла былай дейді: «Тек оразаның
жөні бөлек. Оның сауабын Өзім беремін. Өйткені ол
Мен үшін қызықтардан, ішіп-жемнен бас тартқан».
Ораза тұту-шының екі қуанышы бар: біріншісі оразасын
ашқанда, ал екіншісі Раббысымен жолыққанда. Сөзсіз,
ораза тұтушының аузынан шыққан иіс Алланың
құзырында хош иісті мисктен артық».
Бұхари мен Мүслімнің Әбу Һурайрадан (р.а.)
жеткізген риуаятында Алланың Елшісі (с.а.с.):
«Кімде-
кім рамазан оразасын шынайы иманмен сауабынан үміт
еткен түрде тұтса, оның бұрынғы күнәлары кешіріледі»,
– деген.
Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың
Елшісі (с.а.с.):
«Күнделікті бес уақыт намаз, жұма
намазы келесі жұма намазына дейін, рамазан оразасы
келесі рамазан оразасына дейін осы аралықтарда жасалған
күнә-қателіктерді, егер пенде үлкен күнәлардан сақтанса,
кетіреді», – деген. Мүслім риуаят еткен.
Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың
Елшісі (с.а.с.):
«Сендерге берекелі ай рамазан келді.
Даңқты һәм Ұлық Алла сендерге осы айда ораза тұтуды
парыз етті. Осы айда аспан қақпалары ашылып, тозақ
қақпалары жабылады да, шайтандар кісенделеді. Осы
айда Алланың мың айдан артық бір түні бар. Кім сол
түннің қайырынан қалып қойса, көп нәрседен мақұрым
қалады», – деген. (Ахмет риуаят еткен).
Мұғаз ибн Жәбәл (р.а.) былай дейді: «Бірде
Пайғамбармен (с.а.с.) бірге сапарда болдым. Бір күні
оған жақынырақ келе жатқанымда: «Уа, Расулалла!
Маған мені жұмаққа кіргізетін, тозақтан алыстатын
іс туралы айтып беріңізші», – дедім. Ол (с.а.с.):