Әділеттік принципі- залал тудырмайтын принципі барлық пациенттің статусына, жағдайына немесе сыртқы жайына қарамастан медициналық қызметкерлердің бірдей қатынасы және қызмет көрсетуді талап етіледі. Бұл принцип сонымен қатар медициналық қызметкер пациентке қандай да болмасын көмек көрсеткен жағдайда пациенттің өзіне де, басқа тұлғаларға да ешқандай зардабы тимеуі керектігін анықтайды. Пациентпен және оның жақындарының немесе басқа да медицина қызметкерлерінің арасында конфликт жағдайы туындағанда, осы принципті ұстана отырып, пациенттің жағында болу керек.
Медициналық көмек көрсетудің толыққандыпринципі профессионалды медициналық көмек көрсету және пациентке профессионалды қарым-қатынас жасауды тұспалдайды, сапалы диагностика мен емдеу жүргізу үшін алдын- алу шараларын және полиативті көмек көрсетуді іске асыру денсаулық сақтауды қарастырады. Бұл принцип денсаулық сақтаумен байланысты барлық заң нормаларын, сондай-ақ этикалық кодекс ережелерін міндетті орындауды талап етеді.
Медициналық қызметкердің моральді жауапкершілігі
Медициналық этиканың барлық принциптерін сақтау
«Мейірбике- пациент» арасындағы қарым-қатынасы.
Мейірбике пациентпен қарым- қатынас кезінде міндетті түрде сыпайы және күлімдеп тұруы керек. Пациентке «сіз» деп және әкесінің атымен атау керек.
Пациенттің көзінше қойылған диагнозжы, емдеу жоспарын, палатадағы ауру науқастар жөнінде талқылауға болмайды. Науқастың жанында дұрыс ем жүргізуге күмән тудыруға болмайды.
Ауыр және ауру процедуралары алдында мейірбике барынша бәрін түсіндіру керек.
«Мейірбике- пациенттің туысқандары» арсындағы қарым-қатынасы: ұстамдылық, сабырлылық және тактикалық ереже сақтау қажет.
Тек өз құзыры шеңберінде әңгімелесу (сиптомдар жөнінде, ауруды болжау туралы айтуға құқығы жоқ, емдеуші дәрігерге бағыттау керек).
Сұрақтарға салмақты, асықпай жауап беріп, жағдайы ауыр науқастарға дұрыс күтім көрсетуді үйрену керек.
Достарыңызбен бөлісу: |