Пашимова Индира Пернебекқызы 2023 ж жалпы мәліметтер курс: I оқу жылы: 2023-2024 жж топ: 101 ҚБ, 102 ҚБ, 103 ҚБ сабақ типі: аралас сабақ



бет8/11
Дата18.09.2023
өлшемі237.83 Kb.
#477834
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
1-дәріс

4.Медициналық этика

  • Этика— адамгершілік туралы және оның әлеуметтік мәні туралы ілім. Медициналық этика - медицина қызметкерлерінің адамгершілік қасиеттерінде кѳрініс табуда. Ол медицина қызметкерлерінің ерекшеліктері мен қоғамда алатын орнына байланысты мінез-құлық нормаларын реттейтін қағидалар жиынтығын қамтып, дәрігердің науқастармен және олардың туыстарымен өзара қарым-қатынасын, тән және жан тазалығын қарастырады.
    Медициналық этиканың құрамдас бѳлігі деонтология болып табылады. Бұл жаңа ғылым саласы XIX ғасырдың басында пайда болды (грекше dеоn - тиісті; lоgоs - ғылым, ілім). Деонтология термині қолданысқа енгеніне аса кѳп болтан жоқ: өткен ғасырдың басында ағылшын философы И. Бентам оны адамның кәсіби мінез-құлқы туралы ғылымның атауы ретінде ауызға алған.

  • Дәрігерлік құпия

  • 1. Медициналық көмекке жүгіну фактісі, аза­маттың денсаулығының жай-күйі, оның ауруының диагнозы туралы ақпарат пен оны зерттеп-қарау және (немесе) емдеу кезінде алынған өзге де мәліметтер дәрігерлік құпияны құрайды.

  • 2. Осы баптың 3 және 4-тармақтарында белгі­ленген жағдайлардан басқа, оқыту, кәсіптік, қыз­мет­тік және өзге де міндеттерді орындау кезінде дәрігерлік құпияны құрайтын мәліметтер белгілі болған адамдардың оларды жария етуіне жол берілмейді.

  • 3. Дәрігерлік құпияны құрайтын мәліметтерді пациенттің немесе оның заңды өкілінің келісімі­мен пациентті зерттеп-қарау және емдеу мүддесіне орай, ғылыми-зерттеулер жүргізу, осы мәліметтерді оқыту процесінде және өзге де мақсаттарға пайда­лану үшін басқа жеке және (немесе) заңды тұлға­ларға беруге жол беріледі.

  • 4. Дәрігерлік құпияны құрайтын мәліметтерді азаматтың немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз беруге мынадай жағдайларда:

  • 1) өзінің жай-күйіне байланысты өз еркін білдіруге қабілетсіз азаматты зерттеп-қарау және емдеу мақсатында;

  • 2) айналасындағыларға қауіп төндіретін ауру­лар­дың таралу қатері болған кезде;

  • 3) тергеу немесе сот талқылауын жүргізуге байланысты анықтау және алдын ала тергеу органдарының, прокурордың, адвокаттың және (немесе) соттың сұратуы бойынша;

  • 4) кәмелетке толмаған адамға немесе әрекетке қабілетсіз адамға медициналық көмек көрсету кезінде оның заңды өкілдерін хабардар ету үшін;

  • 5) азаматтың денсаулығына зақым құқыққа қарсы әрекеттер салдарынан келтірілді деп есеп­теуге негіздер болған кезде жол беріледі.

  • 5. Пациенттің рұқсатынсыз оның жеке өміріне қатысты жеке сипаттағы ақпаратты автоматтан­дырылған деректер базаларына енгізуге және пайдалануға жол берілмейді.

  • Жеке сипаттағы автоматтандырылған деректер базаларын пациенттердің жеке өміріне қатысты жеке сипаттағы ақпаратты пайдалану кезінде пациенттердің рұқсатынсыз, оларды басқа деректер базаларымен байланыстыратын желілерге қосуға жол берілмейді.



  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет