Нерв жүйесі
Есеп № 1
Қоянның кіші жіліншік нервісін кесіп тастағанан кейін 70-80 сағат өткенде ол нервтің қозғыштығы мен өткізгіштігі толықтай жойылады.
1. Егер дегенерацияланған нервті тетаниялық тітіркендірсе, оның қасиеттерінің толықтай жойылу уақытын өзгертуге болады ма және қалай өзгертуге болады?
2. Мұндай дегенерация қалай деп аталады? Ол нервтің қандай бөлімінде, проксималдық, әлде дисталдық бөлімдерінде дамиды?
Есеп № 2
Қоянның шонданай нервісін кесіп тастаған бойда, нерв соңдарын тігіп қойған.
Тігілген шонданай нервтің проксималдық бөлімін тітіркендірген кезде, жауап ретінде жіліншік бұлшық еттерінің жиырылуын туындатады ма?
Есеп № 3
Эксперимент жүзінде мысықтарда, сіреспелік токсиннің аз ғана мөлшерін тікелей шеткері нервтік өткізгішке енгізу арқылы, сіреспелік интоксикацияны алған. Бірақ сіреспелік интоксикация дамуы үшін, шеткері синапстық құрылымдардың зақымдануы емес, токсиннің орталықтық нерв жүйесіне, әсіресе жұлынға енуі және онда тежегіш үрдістердің дамуын қамтамасыз ететін нейрондардың зақымдануы қажет.
Сіреспелік интоксикацияны алу үшін жасалған бұл әдісте сіреспе токсині шеткері бөлімдерден жұлынға қалай енгенің түсіндіріңіздер.
Есеп № 4
Мысыққа жалпы жеңіл эфирлік наркоз арқылы бесінші кеуде сегменті тұсында жұлынды кесу тәжірибесі жүргізілген. Жұлынды кесуге жауап ре-тінде жұлындық шок жағдайы туындаған: артериялық қысымы, температу-расы төмендеп кеткен, соматикалық рефлекстері жойылған, шонданай нервісін тітіркендірген кезде аяғын жұлып алу рефлесктері байқалмаған.
5-6 сағат өткен соң, жануардың біртіндеп шок жағдайынан шығуы кезінде, жұлынды кесуді екінші рет екі жағдайда жүргізсе:
а) бірінші кескен тұстан бірнеше сегмент төмен деңгейде;
б) бірінші кескен тұстан бірнеше сегмент жоғары деңгейде.
Қай жағдайда шоктың қайталап дамуы байқалады?
Есеп № 5
Тәжірибеде иттің сол жақ артқы аяғының санының орта тұсынан шонданай нервісін кескен. Операциядан кейін 10 күн өткенде жарақаты толықтай бітіп кеткен. Сол жақ аяғының ұршық буын, тізе буындары бүгілген, бұлшық ет тонуысы төмендеген. Сол жақтан Ахиллов рефлексі шақырылмайды, ине шаншуға реакциясы жоқ.
Итте қандай паралич дамыған?
Нервті кесіп тастағаннан кейін аяқтың қозғалғыш қызметтері қайта қалпына келуі мүмкін бе?
Достарыңызбен бөлісу: |