«патофизиология – » пєнінен курс «жалпы медицина» мамандыѓы бойынша білім алатын студенттерге арналѓан ситуациялыќ есептер



бет77/95
Дата15.05.2024
өлшемі292.94 Kb.
#501185
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   95
«ïàòîôèçèîëîãèÿ – » ïºí³íåí êóðñ «æàëïû ìåäèöèíà» ìàìàíäûƒû áîéû

ЭНДОКРИНДІК жүйе


Есеп № 1
Жоқ, дамымайды, өйткені қантты диабет ауруы ұйқы безінің инкрециялық – инсулинді қанға секрециялау қызметінің бұзылуы кезінде дамиды. Ұйқы безінің шығатын түтігін байлау бездің сыртқы секрециялық қызметінің бұзылуына және тек экзокриндік тіндердің атрофиясына әкеледі, ал инсулинді өндіретін Лангерганс аралшығы зақымданбайды, сондықтан да гормонның қанға түсуі жалғаса береді.
Есеп № 2

  1. Шыңайы инсулин жеткіліксіздігі ұйқы безінің экстирпациясы және β-жасушаларды таңдап зақымдайтын аллоксанмен әсер ету кездерінде дамиды. Инсулиннің антагонистерімен, яғни соматотроптық гормондармен және глюкагонмен шақырылатын диабет үлгісіне – салыстырмалы инсулин жеткіліксіздігі тән.

  2. Қантты диабеттің эксперименттік үлгілері басқа да контринсулин-дік гормондарды – глюкокортикоидтарды, тиреоидтық гормондарды, катехоламиндерді енгізу арқылы алынады.



Есеп № 3
Инсулиннің үлкен концентрациясы тоқ қоянда байқалады, өйткені қандағы глюкозаның жоғарғы деңгейі (тамақтанған соң) инсулиннің синтезі мен оның қанға босап шығуын ынталандырады, ал глюкозаның төменгі деңгейде болуы (ашығу кезінде) гормон секрециясын тежейді.
Есеп № 4
Қалқанша безі гормондары инсулиннің антагонистері болып табылатындықтан, бездің бір бөлігін алып тастау кезіндегі олардың қандағы мөлшерінің төмендеуі қантты диабеттің көріністерінің азаюына, әсіресе гипергликемия деңгейінің төмендеуіне әкеледі.


Есеп № 5

  1. Анықталған зат алмасу бұзылыстары инсулин жеткіліксіздігіне негізделген.

  2. Инсулин секрециясының жеткіліксіздігі кезінде, глюкозаның жасушаға өтуінің азаюы және глюкозаның фосфорлануына, глюкоза-6-фосфат түзілуіне қатысатын фермент гексокиназа белсенділігінің төмендеуі салдарынан, гексокиназдық реакция жылдамдығы күрт төмендейді. Глюкоза-6-фосфат, глюкозаның жасушадағы ары қарайғы алмасуын – оның гликоген синтезіне, пентозофосфаттық циклге, гликолизге қатысуын анықтайтын, глюкоза алмасуының бастапқы метаболиті болып табылады. Гексокиназдық реакцияның бөгелуі глюкозаның энергетикалық алмасуының барлық жолдарындағы оның қолданылуының бұзылуын негіздейді. Мұндай жағдайларда энергия көзі ретінде май қышқылдары қолданылады. Майлардың май қорларынан бірден мобилизациялануы жүреді, май тіндері жасушаларында нейтралдық май синтезі тежеледі, липолиз және май қышқылдарының бауыр жасушаларына тасымалдануы күшейеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет