Есеп № 16
Қалқанша безінің гипофункциясы.
Есеп № 17
1. Бұл жағдайдағы тироксин мен үшйодтиронин синтезінің ақауы не йодтың экзогендік тапшылығына немесе йодтың тотығуына және оның тиреоглобулиннің тирозиндік қалдығына енгізілуіне қатысатын ферменттер-дің бұзылыстарына байланысты болуы мүмкін.
2. Қалқанша безінің тиреоидтық гормондары секрециясының төмендеуі гипофизде тиреотроптық гормондардың өндірілуін күшейтеді, осыдан қалқанша безі жасушаларының гиперплазиялануы және оның көлемінің артуы байқалады.
Есеп № 18
Науқаста тиреоидтық гормондар секрециясы деңгейінің өзгеру себебі болып, гипофиздің зақымдануы салдарынан, онда тиреотроптық гормондардың өндірілуінің төмендеуі саналады. Гипофиздің зақымданғаның тиреолиберинге реакциясының болмауы дәлелдейді.
Есеп № 19
Эндемиялық зоб кезінде организмде йодтың жеткіліксіздігінен қалқанша безі гормондарының биосинтезі бұзылады. Бұл кезде йодтық дәрілерді тағайындау, алмастырушы, компенсациялық сипатта болады.
Тиреотоксикоз кезінде йодтық дәрілерді қабылдау организмдегі йод деңгейінің тым жоғарлауына әкеледі, осыдан қалқанша безі горомндарының өндірілуін тікелей реттеп отыратын тиреотроптық гормондардың секрециясы тежеліп, қанға тиреоидтық гормондардың секрециялануы азаяды. Сонымен қатар, қалқанша безіндегі йод концентрациясының жоғарлауы тиреоидтық гормондардың тиреоглобулин молекулаларынан ыдырауын тежейді.
Есеп № 20
Зоб деп қалқанша безінің әртүрлі ұлғаюларын айтады.
Зобтың дамуы байланысты болуы мүмкін:
- йод тапшылығына жауап ретінде, гормон биосинтезінің тұқым қуатын ферменттік бұзылыстары салдарынан, жүктілік немесе пубертаттық кезеңдегі тиреоидтық гормондардың пайдалануының жоғарлауы нәтижесінде дамитын бездің компенсаторлық гипертрофиясына;
- тиреоидтық гормондар секрециясы реттелуінің бұзылуы кезіндегі бездің гиперплазиялануына;
- қабынулық, ісіктік үрдістер кезіндегі бездің екіншілік ұлғаюына.
Бұл жағдайдағы зобтың дамуы организмдегі йод жеткіліксіздігіне жауап ретінде дамыған компенсациялық гипертрофияға байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |