«патофизиология – » пєнінен курс «жалпы медицина» мамандыѓы бойынша білім алатын студенттерге арналѓан ситуациялыќ есептер



бет87/95
Дата15.05.2024
өлшемі292.94 Kb.
#501185
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   95
«ïàòîôèçèîëîãèÿ – » ïºí³íåí êóðñ «æàëïû ìåäèöèíà» ìàìàíäûƒû áîéû

Есеп № 30

  1. Бауыр астылық сарғаю.

  2. Зәрдің түсінің қоюлануы зәрде билирубиннің болуына байланысты. Нәжіс түсінің өзгеруі онда стеркобилиннің болмауымен түсіндіріледі.



Есеп № 31

  1. Бауырлық сарғаю.

  2. Қанда көп мөлшерде байланысқан (конъюгацияланған) билирубиннің пайда болуы не гепатоциттердің зақымданып, тура билирубинді өт капиллярларына тасымалдауының жеткіліксіздігіне немесе өт өзекшелері өткізгіштігінің бұзылуына байланысты болады.



Есеп № 32

  1. Бауыр үстілік сарғаю.

  2. Тура емес билирубин мөлшерінің артуы эритроциттердің қарқынды гемолизіне, гемоглобиндерден билирубиннің тым артық түзілуіне негізделген. Бұл кезде туар емес билирубинді қаннан гепатоциттерге экстракциялау жеткіліксіз болады.



Есеп № 33

  1. Бауырлық сарғаю.

  2. Зәрде тура конъюгацияланған билирубин анықталған. Тура емес бос билирубин қан плазмасы альбуминдерімен байланысып кешендік қосылыстар түрінде болады және олар бүйректің гломерулярлық фильтрінің базалдық мембранасы арқылы сүзілмейді.



Есеп № 34

  1. Бауыр үстілік сарғаю.

  2. Науқастың қан сарысуында тура емес билирубин анықталған.



Есеп № 35
1. Бауыр астылық сарғаю.
2. Өт ағуының бұзылуы өт капиллярларында қысымның артуына, гепатоциттерден өттің экскрециялануының бұзылуына, биологиялық мембраналар өткізгіштігінің жоғарлауына және қан капиллярларына тура билирубиннің ретроградтық түсуіне әкеледі.


Есеп № 36
1. Бауыр үстілік сарғаю.
2. Уробилиндік денешіктерге уробилиноген және стрекобилиноген жатады.
Есеп № 37
1. Бауыр астылық сарғаю.
2. Зәрде уробилиндік денешіктердің болмауы билирубиннің ішектерге түспейтіндігін дәлелдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет