«патофизиология – » пєнінен курс «жалпы медицина» мамандыѓы бойынша білім алатын студенттерге арналѓан ситуациялыќ есептер



бет41/95
Дата15.05.2024
өлшемі292.94 Kb.
#501185
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   95
«ïàòîôèçèîëîãèÿ – » ïºí³íåí êóðñ «æàëïû ìåäèöèíà» ìàìàíäûƒû áîéû

Қан түзуші жүйе


Есеп № 1
Тәжірибелік жануардан қан плазмасын алу мақсатында ішінде натрий цитраты бар пробиркаға қан алынды.
Осы антикоагулянтты қолдану кезінде қан ұю үрдісі қай кезеңінде тоқтайды?
Есеп № 2
Гемофилияның түрін анықтау мақсатында тексеріліп жатқан науқастан алынған қан плазмасының үш өлшеміне құрамында қан ұюдың не VIII немесе IX немесе XI факторлары жоқ плазма үлгілері қосылған. Қан ұюының жалпы уақытының қалпына келуі VIII және XI фактордың айқын жеткіліксіздігі байқалған тест-плазма қосылған өлшемде қалыптасқан.

  1. Науқаста гемофилияның қандай түрі дамыған?

  2. Бұл ауру гемостаз патологиясының қай түріне жатады?

Есеп № 3
Айқын геморрагиялық синдром дамыған 2 жастағы ауру баланың қан плазмасында антигемофильдік глобулиннің (VIII фактордың) жоқтығы анықталған.

  1. Бұл жағдайда қан ұюының қандай кезеңінде гемостаздың біріншілік бұзылыстары туындайды?

  2. Бұл жағдайда протромбиназа белсенділігі қалыптасуының қай, ішкі, әлде сыртқы механизмдерінің ақауы байқалады?



Есеп № 4
Науқас XIІ Хагеман факторының ақауымен көрінетің коагулопатияның тұқым қуалайтың түрімен ауырады.

  1. Бұл жағдайда гемостаздың біріншілік бұзылыстары қан ұюының қай кезеңінде туындайды?

  2. Науқаста фибринолиз үрдісінің қарқыны өзгереді ме?



Есеп № 5
Ұйқы безіне жасалған операциядан кейін науқаста қан ұюының үшінші фазасының айқын бұзылысымен геморрагиялық синдром дамыған.
Бұл жағдайдағы гемостаз бұзылысының даму механизмі қандай?


Есеп № 6
Туылғаннан кейін 2-і күн өткенде нәрестеден тексеруге қан алынған.
Жалпы қан анализі
Эритроцит 5,7х 1 мкл-де
Гемоглобин 212 г/л
Түсті көрсеткіш 1,1
Лейкоцитарлық формула
Миелоциттер 1%
Метамиелоциттер 2%
Таяқша ядролы 5%
сегменттік ядролы 49%
Эозинофилдер 3%
Базофильдер 0
Лимфоциттер 30%
Моноциттер 10%
Тромбоциттер 308х 1мкл-де
Жұғындыда: нормохромия, ретикулоциттер - 2,0%.
Нәрестенің шеткері қанында патологиялық өзгерістер бар ма?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет