Есеп № 7
2 жастағы баладан тексеруге қан алынған.
Жалпы қан анализі
Эритроциттер 4,7х /л
Гемоглобин 117 г/л
Түсті көрсеткіш 0,9
Лейкоциттер 10,0х /л
Лейкоцитарлық формула
Метамиелоциттер 0,5%
Таяқша ядролы 3,5%
Сегменттік ядролы 34%
Эозинофилдер 2,5%
Базофильдер 0,5%
Лимфоциттер 49%
Моноциттер 10%
Тромбоциттер 280х /л
Жұғындыда: нормохромия, ретикулоциттер - 0,6%.
Баланың шеткері қанында патологиялық өзгерістер бар ма?
Есеп № 8
Постгеморрагиялық анемия дамыған тәжірибелік жануарлардың үш тобына келесі гормондық дәрілер, бірінші топқа – андрогендер, екінші топқа –эстрогендер және үшінші топқа – глюкокортикоидтар енгізілген.
Аталған гормондардың қайсысының әсерінен эритропоэздің белсенуі байқалады?
Есеп № 9
Науқас К., 34 жаста, асқазаннан қан кету күдігімен ауруханаға түскен. Қанын тексеру кезінде анықталғаны:
Эритроцит 3,0 х /л
Гемоглобин 100г/л
Түсті көрсеткіш 1,0
Лейкоциттер 3,4х /л
Лейкоцитарлық формула
Метамиелоциттер 0
Таяқша ядролы 1%
Сегменттік ядролы 50%
Эозинофилдер 0
Базофильдер 0
Лимфоциттер 40%
Моноциттер 9%
Тромбоциттер 120х /л
Жұғындыда: нормохромия, ретикулоциттер - 0,7%.
Алынған қан анализінің нәтижесі жедел қансырауға тән бе?
Шеткері қандағы тромбоциттер мөлшерінің төмендеуі неге негізделген?
Жедел қансыраудан кейін қанша уақыттан соң гидремиялық реакцияның клиникалық белгілері байқалады?
Есеп № 10
54 жастағы Н. деген науқасқа операция жасалғаннан кейін 5 күн өткенде тексеруге қаны алынған.
Жалпы қан анализі
Эритроцит 3,6х /л
Гемоглобин 95г/л
Түсті көрсеткіш 0,78
Лейкоциттер 16х /л
Лейкоцитарлық формула
Миелоциттер 1%
Метамиелоциттер 2%
Таяқша ядролы 8%
Сегменттік ядролы 64%
Эозинофилдер 3%
Базофильдер 1%
Лимфоциттер 18%
Моноциттер 3%
Жұғындыда: айқын емес анизацитоз, пойкилоцитоз, ретикулоциттер - 3,8%.
Науқастың шеткері қанындағы анықталған өзгерістерді сипаттаңыз.
Қандай өзгерістер қан түзу жағынан компенсациялық механизмдердің іске қосылғандығын көрсетеді?
Бұл жағдайда гемопоэзді ынталандыру қандай факторлардың әсерінен жүзеге асады?
Достарыңызбен бөлісу: |