«патофизиология – » пєнінен курс «жалпы медицина» мамандыѓы бойынша білім алатын студенттерге арналѓан ситуациялыќ есептер


Есеп № 11 Митохондриялар, саркаплазмалық ретикулумның тік түтікшелері. Есеп № 12



бет62/95
Дата15.05.2024
өлшемі292.94 Kb.
#501185
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   95
«ïàòîôèçèîëîãèÿ – » ïºí³íåí êóðñ «æàëïû ìåäèöèíà» ìàìàíäûƒû áîéû

Есеп № 11
Митохондриялар, саркаплазмалық ретикулумның тік түтікшелері.


Есеп № 12
Жүрек жеткіліксіздігі кезіндегі миоплазмада кальций иондарының тым артық мөлшерлері митохондрияларда жинақталады, осыдан митохондриялардың ісінуі, тотығу және фосфорланудың ыдырауы, АТФ тапшылығы дамиды.


Есеп № 13
Жоқ, дамымайды, өйткені жоғарғы жүктемелерге қарсы жүректің ұзақ уақытты адаптациясының қалыптасу негізі болып миокардтық жасушалардың гендік аппаратының белсенуі нәтижесінде, осыдан белок синтезінің белсенуі салдарынан дамитын миокард гипертрофиясы саналады. Ал D катиномицин белоктардың синтезін бөгейді, соған байланысты миокард гипертрофиясының қалыптасуына кедергі жасайды.


Есеп № 14
Тәжірибелік жануарларда коронарлық жеткіліксіздік миокардтың метаболизмдік мұқтаждығының күрт жоғарлауы нәтижесінде дамиды. Біріншіден миокардтың оттегіне деген мұқтаждығы олардың коронарлық артериялар арқылы жүрекке келу мүмкіндігінен артып кетеді, өйткені қандағы оттегінің мөлшері гипоксиялық гипоксияға әкелген биіктік жағдайында күрт төмендеген болады.


Есеп № 15
Симпатикалық және парасимпатикалық невр жүйелерінің бір уақытта белсенуі кезінде липолиз, гликолиздің белсенуі және коронародилатациялық метаболиттердің жиналуы мүмкін болмайды. Керісінше, α-адренорецццепторлар арқылы катехоламиндердің коронарспазмдық әсері сақталады.


Есеп № 16

  1. Бүйректік артериялардағы қан ағысының азаюы юкстагломерулярлық аппарат жасушаларының барорецепторларын қоздырады және ренин секрециясын ынталандырады. Соңғысы ангиотензин ІІ түзілуіне ықпал етеді, ол бүйрек үсті безі арқылы альдостеронның бөлінуіне ықпал ететін физиологиялық ынталандырғыштардың бірі болып табылады. Альдостеронның гиперсекрециясы организмде натрий мөлшерінің артуына әкеледі, соған байланысты олардың тамырдың тегіс салалы бұлшық ет жасушаларына көптеп өтуіне жағдай туындатады. Тамыр қабырғасы жасушаларына натрий иондарының түсуі жасушаларда кальций иондарының да көптеп жиналуымен қосарланады. Осыдан тамырлардың тегіс салалы бұлшық ет жасушаларының жиырылуының артуы және тамыр тонусының жоғарлауы дамиды.

  2. Бұл жағдайдағы гипертонияның дамуы тамыр қабырғасының тегіс салалы бұлшық ет жасушаларына натрий ионының көптеп түсуіне байланысты болғандықтан, онда тәжірибелік жануарларды натрийсіз диетаға отырғызу қандайда-бір деңгейде оларда гипертонияның дамуына кедергі жасайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет