Есеп № 4
7 айлық нәресте, құрысу ұстамасының жедел дамуына байланысты, медициналық жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға жеткізілген.
Анамнезінен белгілі болғаны: нәресте тамыз айында ІІ жүктілік жағдайында, уақытымен туылған. Туылған кездегі салмағы 3400 г, ұзындығы 51 см. 2 айынан бастап жасанды тамақтануға көшірілген, көбнесе қышқыл-сүтті қоспаларды, ал 4 айынан бастап айранды қабылдаған. Қазіргі уақытта тәулігіне 2 рет 200,0 мл-ден айран, 2 рет 200,0 мл-ден сүт ботқасын, 1 рет 200,0 мл-ден көкөніс езбесін қабылдайды. Нәрестенің дене салмағы тым асып кеткен, 9,5 кг құрайды. 4 айлығында нәрестеге рахит диагнозы қойылып, 3 апта бойы Д витаминін қабылдау арқылы емделген. Соңғы апталарда анасы нәрестемен ашық күндері жиі серуендейтін болған.
Ауруханаға түскен кезде нәрестенің жағдай орташа, дене температурасы 36,8º С, мұрнынан су ағады, сирек ылғалды жөтел байқалады, тексеруге қарсыластық білдіріп, шынғырады. Қатты шынғырғаннан бірден тыныс алу тоқтап, есінен таңады, терісі көгеріп, алғашында тонустық, кейіннен клонусты-тонустық құрысулар байқалады. Құрысу ұстамасын тыйған соң, нәрестенің жағдай қылыптасқан, дене температурасы қалыпты, менингеаль-дық симптомдар байқалмайды. Нәрестенің желкесі тегістелген, маңдай және шеке дөңестері өте қатты айқындалған, еңбегі үлкен – 3,5х3,5 см. Айқын «гаррисонов жылғасы», «қабырғалық таспихтары» пальпацияланады, тістері жоқ. Тыныс алу жиілігі – минутына 32 рет. Жүрек соғу жиілігі – минутынан 140 соққы. Іші жұмысақ. Бауыры қабырға доғасынан 3 см шығынқы. Үлкен дәреті қалыпты. Үлкен қозғыштық байқалады.
Жалпы қан анализі: гемоглобин – 110 г/л, эритроцит - 3,2х1012/л, лейкоцит - 10,4х109/л, таяқша ядролы - 4%, сегменттік ядрорлы - 23%, эозинофил - 3%, лимфоцит - 60%, моноцит - 10%, ЭТЖ – сағатына 12 мм.
Жалпы зәр анализі: түсі – ақшыл-сарғыш, салыстырмалы тығыздығы – 1015, лейкоцит – көру аймағында 2-3, эритроцит – жоқ.
Қанның биохимиялық анализі: жалпы белок – 55 г/л, альбуминдер – 30 г/л, мочевина – 3,4 ммоль/л, кальций – 0,75 ммоль/л, фосфор – 1,8 ммоль/л, сілтілік фосфатаза – 980 бірлік/л (нормасы 600 дейін), глюкоза – 3,5 ммоль/л.
Нәрестенің жағдайын түсіндіріңіз, қандай жағдай туындаған?
Есеп № 5
52 жастағы У. деген науқас бірнеше жылдардан бері ауырады. Сүйектерінің ауырсынуына, әсіресе жүрген кезде қатты ауырсынатынына шағымданады. Соңғы бір жылдың ішінде қолы үш рет сынған. Рентгенологиялық тексеру кезінде қаңқа сүйектерінің остеопорозы, жамбас және жілік сүйектерінде аздаған кисталардың барлығы анықталған. Тәуліктік диурезі жоғарлаған, гематурия байқалады. Қандағы кальций деңгейі 15 мг%, ал фосфор – 2 мг% тең.
Қандай ауру туралы тұжырым жасауға болады?
Симптомдардың даму механизмін түсіндіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |