Есеп № 24
Науқаста Куссмауль тынысы дамыған.
Несептік-жыныстық жүйе
Есеп № 1
1. Бүйрек қызметтерін бағалау:
- бүйректің фильтрациялық қызметі ↓ - эндогендік креатинин клиренсі 40 мл/мин (N-80-120 мл/мин);
- экскрециялық қызметі төмендеген: гиперазотемия: мочевина – 17 ммоль/л (N-2,5-8,3 ммоль/л), креатинин – 0,5 ммоль/л (N-0,026-0,044 ммоль/л);
- реабсорбциялық қызметі төмендеген – тәуліктік диурез – 4л, зәрдегі белок – 1-1,92 г/л (N-0,006-0,066 г/л), молекулалық массасы 70000 астам, (селективтілік индексі – зәрдегі IgG/трансферрин қатынасы 0,1 астам);
- секрециялық қызметі төмендеген – Зимницкий бойынша сынама жүргізгенде салыстырмалы тығыздығы – 1010-1012 (изостенурия);
- инкрециялық қызметі төмендеген – АҚ 190/100 (бүйректік гипертензияның рено-привтік формасы)
Диагноз: Созылмалы гломерулонефрит, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі, полиурия кезеңі.
2. Симптомдары:
Бүйректік
(зәрдегі патологиялық құрылымдық бөлшектер)
Полиурия (никтурия)
Изостенурия
Протеинурия
Гематурия
Цилиндурия
|
Бүйректен тыс
Артериялық гипертензия (гиперволемия, депрессорлық заттардың түзілуінің төмендеуі, ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің белсенуі)
Сол жақ қарыншаның гипертрофиясы
Жүректің ауырсынуы: жүрек аритмиялары (электролиттер алмасуының бұзылуы, гипоксия,
интоксикация), перикардит (сероздық қабат арқылы улы заттардың бөлінуі)
Ісінулер
Анемия
|
|
Ретенциялық гиперазотемия
|
|
Ацидоз
Бас ауырсынуы
Көруінің нашарлауы
Еңбек ету қабілетінің төмендеуі
Лоқсу
Шөлдеу
Терінің қышуы
|
созылмалы гломерулонефрит – капиллярлардың эндотелий қабатының, базалдық мембрананың өткізгіштігінің ↑ → протеинурия → цилиндурия
капиллярлардың эндотелий қабатының, базалдық мембрананың өткізгіштігінің ↑ → эритроциттердің диапедезі → гематурия
түтікшелердің реабсорбциялық қызметінің бұзылуы → полиурия
түтікшелердің реабсорбциялық, секрециялық қызметінің бұзылуы → гипостенурия → изостенурия
созылмалы гломерулонефрит → бүйрек тінінің дәнкер тінмен алмасуы → антигипертензиялық биологиялық белсенді заттардың (кининдер, А, Е2 простагландиндер) өндірілуінің төмендеуі → артериялық қан қысымының артуы
ультрафильтрацияның ↓ → гидремиялық плетора → гидростатикалық қысымның ↑ → жүректің зорығуының ↑ → АҚ мен кардиомиоциттерде креатинфосфаттың ↑ → миокард гипертрофиясы → сол жақ қарыншаның гипертрофиясы
гидростатикалық қысымның ↑→ бүйректен тыс тамырлар қабырғасының өткізгіштігінің артуы → жергілікті ісінулер
эритропоэтин тапшылығы, эритроциттердің гемолизі → анемия
аутоинтоксикация → қышқыл-негіз жағдайының бұзылуы, гипергидротация, электролит алмасуының бұзылуы, гипоксия → шаршағыштық, бас ауырсыну, рефлекстердің тежелуі, дәм сезу, есту қабілеттерінің бұзылуы, тремор, ұйқысының қашуы, депрессия, мидың ісінуі, кома
нерв соңдарының азоттық қалдықтармен тітіркенуі → терінің қышуы, «уремиялық қырау» → тер бездері арқылы зәр қышқылының тұздары мен мочевинаның бөлінуі, гиперпигментация.
Достарыңызбен бөлісу: |