«патофизиология – » пєнінен курс «жалпы медицина» мамандыѓы бойынша білім алатын студенттерге арналѓан ситуациялыќ есептер



бет61/95
Дата13.03.2023
өлшемі2.27 Mb.
#470701
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   95
«патофизиология – » пєнінен курс «жалпы медицина» мамандыѓы бойы

Есеп № 5

  1. Тәжірибенің бұл түрі жүрек жеткіліксіздігінің миокардиалдық түрін алуға мүмкіндік береді.

  2. Миозиннің АТФ-азалық белсенділігі онда бос SH-топтардың болуына байланысты болады. Миозиннің SH-топтарын бромдық кадмимен бөгеген кезде оның ферменттік белсенділігі төмендейді, осыдан бұлшық ет талшықтарының жиырылуы үшін қажетті энергияның бөлінуі төмендейді.



Есеп № 6
Миокард аэробтық реакцияларда АТФ ресинтезін 90 %-дан астам жағдайда қамтамасыз етеді. Гипоксия жағдайында АТФ айқын тапшылығы дамиды және жүрек жеткіліксіздігі дамуының негізгі себебі болады.


Есеп № 7
Қолқаның тәжірибелік коарктациясы сол жақ қарыншаның гипертрофиясына әкеледі, өйткені сол жақ қарыншаның тарылған қолқа саңылауына қанды айдауы бойынша жұмысы артып зорығады.


Есеп № 8
Бұл жағдайда тез әлсіреп қажу миокардтың айқын гипертрофиясы дамыған жануарларда тезірек қалыптасады, өйткені қандай компенсациялық реакция болмасын, олар салыстырмалы бір қалыптылыққа ие. Гипертрофияланған жүрек қалыптыдан бір қатар құрылымдық, зат алмасулық және қызметтік белгілермен ерекшелінеді және олар жүректің функциялық резервтерін төмендетеді, адаптациялық мүмкіндіктері диапазонын азайтады және әртүрлі қолайсыз жағдайларда жүректің жарақаттану деңгейін артырады.


Есеп № 9
Мүмкін емес, өйткені микардтық жасушалардың митохондрияларында түзілген фосфаттық байланыс энергиясы, миофибриллдерге АТФ молекуласы түрінде емес, креатинфосфат молекуласы түрінде тасымалданады. Миофибриллдерде креатинофосфат креатинкиназаның қатысуымен жүректің жиырылуы уақытында АТФ ыдырауы кезінде түзілген АДФ қайта фосфорландыру жолымен АТФ қайта синтезделуін қамтамасыз етеді. Осыған байланысты, жүрек бұлшық еттерінің жиырылу күші ондағы креатинфосфат мөлшеріне байланысты болады.


Есеп № 10
Миокардтың компенсациялық гиперфункциясының апаттық сатысында АТФ мөлшері төмендеп, АДФ мөлшері жоғарлаған кезде, АТФ қосымша мөлшері анаэробтық гликолиз бен гликолиздік фосфорланудың белсенуі арқылы түзіледі. Сонымен қатар, креатинфосфаттың макроэргиялық фосфаттық тобының АДФ өтуін қамтамасыз ететін креатинкиназдық реакция арқылы келесі жолдармен түзіледі: креатинофосфат+АДФ=креатин+АТФ. Миокиназдық реакцияның белсену мүмкіндігін және АДФ молекуласының өзара әсерленуі кезіндегі АТФ синтезі артуын жоққа шығаруға да болмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет