«патофизиология – » пєнінен курс «жалпы медицина» мамандыѓы бойынша білім алатын студенттерге арналѓан ситуациялыќ есептер



бет86/95
Дата13.03.2023
өлшемі2.27 Mb.
#470701
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   95
«патофизиология – » пєнінен курс «жалпы медицина» мамандыѓы бойы

Есеп № 26
1. Жоқ, негіз бола алмайды.
2. Алынған мәліметтер механикалық сарғаюдың дамығаның дәлелдейді. Протромбин синтезінің төмендеуі протромбин синтезі жүретін бауыр жасушаларының белок синтездеу қызметтерінің біріншілік бұзылыстарына немесе протромбиннің синтезделуіне қажетті К витаминінің жеткіліксіздігіне байланысты болуы мүмкін. Механикалық сарғаюдың дамуы кезінде майлар мен майда еритін К витаминінің сіңірілуінің шектелуі, протромбин синтезінің төмендеуіне әкеледі. Егер К витаминін тамыр ішілік еккеннен кейін протромбин мөлшері жоғарласа, онда бұл жағдай бауырдың протромбин өндіру қызметінің біріншілік бұзылыстары болғаның жоққа шығарады, ал керісінше протромбиннің К-тәуелді тапшылығын дәлелдейді.


Есеп № 27

  1. Қандағы аминқышқылдары азоты мөлшерінің жоғарлауы, аминқышқылдары азотының зәрдің жалпы азотына қатынасы 1:10 (қалыпты қатынасы 1:25) дейін артуы аминоацидурияның бауырлық шығу тегін дәлелдейді.

  2. Бауырда өтетін аминқышқылдарының дезаминделуінің бұзылуы қанда бос аминқышқылдары деңгейінің жоғарлауына және аминоацидурияның дамуына әкеледі.



Есеп № 28
1. Иә, дәлелдейді. Бауырдың майлық инфильтрациясы кезінде майлардың ыдырау, холестериннің эстерификациялану, сонымен қатар фосфолипидтердің синтезделу үрдістері бұзылады. Сондықтан бауырдың майлық инфильтрациясы үшін қанда нейтралдық май және фосфолипидтер мен холестерин эфирлері мөлшерінің төмендеуімен бірге жүретін холестерин мөлшерінің артуы тән.
2. Маскүнемдік кезіндегі бауырдың майлық инфильтрациясының дамуы спирттік ішімдіктердің гепатоциттерге тікелей зақымдаушы әсер көрсетуімен және бауырдағы май метаболизмінің бұзылуымен түсіндіріледі және көмірсулардан май қышқылдары мен нейтралдық майлардың түзілуінің жоғарлауымен, май қышқылдарының тотығуының төмендеуімен, липопротеидтердің бауырда түзілуі мен шығарылуының төмендеуімен сипатталады.
Есеп № 29

  1. Бауырлық сарғаю.

  2. Бұл жағдайдағы гипербилирубинемияның негізгі механизмі, концентрациялық градиентке қарсы іске астатын, тура билирубиннің гепатоциттерден өт капиллярларына тасымалдаудың энергияға тәуелді үрдістерінің бұзылуы болып табылады. Уробилинурия негізінде бауырға порталдық жүйе арқылы түсетін және дипирролдық қосылыстарға айналатын уробилиногеннің экстракция үрдістерінің бұзылуы жатыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет