Қан түзуші жүйе
Есеп № 1
Натрий цитратының антикоагулянттық әсері қан құрамында болатын және белсенді тромбопластин түзуге, прортромбиннің тромбинге айналуына қажетті бос кальций иондарын байланыстыру қабілетіне байланысты.
Есеп № 2
1. Науқаста IX – Кристмас факторының жеткіліксіздігіне негізделген гемофилия В ауруы дамыған.
2. Бұл ауру тұқым қуалайтын коагулопатиялар тобына жатады.
Есеп № 3
1. Қан ұюының бірінші - белсенді тромбопластин түзілу фазасында.
2. Қан ұюы белсенуінің ішкі механизімінің ақауы байқалады.
Есеп № 4
1. Қан ұюының бірінші - белсенді тромбопластин түзілу фазасында.
2. Өгереді, өйткені XII - фактор фибринолиздің белсенуіне қатысады.
Есеп № 5
Қан ұюының үшінші - фибрин түзу фазасының бұзылуы - бұл жағдайда, ұйқы безінен протеазаның, сонымен қатар фибринокиназаның көп мөлшерде түсуі салдарынан, фибринолиз белсенуінің нәтижесі болып табылады.
Есеп № 6
Өзгерістер жоқ.
Есеп № 7
Өзгерістер жоқ.
Есеп № 8
Эритропоэздің белсенуі глюкокортикоидтардың және еркектік жыныстық гормондардың әсерінен болады.
Есеп № 9
Иә, тән.
Бұл жағдайда тромбоциттер мөлшерінің төмендеуі, олардың жоғары деңгейде пайдаланылуына негізделген.
Гидремиялық реакция қансыраудан кейін бірден басталады, оның қарқыны даралық түрде әртүрлі тербелістермен айқындалады және үнемі жоғалған қан мөлшеріне пропорционалды емес дамиды. Гидремиялық реакцияның клиникалық көріністері қан жоғалтқаннан кейін бірнеше сағаттардан соң анықталады және 18-24 сағаттан кейін жоғарғы деңгейге жетеді.
Есеп № 10
Жедел постгеморрагиялық анемия (компенсацияның сүйек-кеміктік сатысы), ядролық солға ығысқан нейтрофильдік лейкоцитоз, шеткері ретикулоцитоз.
Ядролық солға ығысқан нейтрофильдік лейкоцитоз, шеткері ретикулоцитоз.
Гипоксия, қан жоғалтудан кейінгі эритроциттердің бұзылысқа ұшырауы эритропоэтиндердің түзілуінің жоғарлауына әкеледі, осыдан өндірілген эритропоэтиндер және эритроциттердің ыдырау өнімдері эритропоэзге ынталандырушы әсер көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |