Есеп № 8
Глюкокортикоидтар басты және айнала қоршап жатқан жасушалармен пепсиннің және тұз қышқылының өндірілуін ынталандыру арқылы, асқазан сөлі секрециясын күшейтеді және соған байланысты оның қорыту қабілетін жоғарлатады. Сонымен қатар глюкокортикоидтар бір уақытта асқазан шырышты қабатының пролиферациялық және регенерациялық үрдістерін тежеп, шырыштың өндірілуін азайтады. Осыған байланысты, стероидтық ойық жаралардың дамуы негізінде шырышты қабаттың зақымданудан қорғайтын жергілікті қорғаныс механизмдерінің жеткіліксіздігі кезінде қышқылды-пепсиндік фактор белсенділігінің жоғарлауы жатыр.
Есеп № 9
Тәжірибелік жануарлардың пилорусын тарылту астың асқазанда іркілуі-не әкеледі. Пилорустық сфинктерді ұзақ уақыт бойы механикалық, химиялық ынталандыру гастриннің, ацетилхолиннің тым артық бөлінуіне әкеледі, осы-дан асқазан сөлінің секрециясы жоғарлап, оның қышқылдығы мен қорыту қабілеті күшейеді. Асқазан сөлінің агрессиялық қасиетінің күшеюі бұл жағ-дайдағы ойық жараның дамуындағы негізгі фактор болып табылады.
Есеп № 10
Ащы ішекте майлардың сіңірілуінің тоқтауы, майда еритін витаминдер-дің, әсіресе, қан ұюдың К-витамин тәуелді факторларының (протромбин, проконвертин, Стюарт-Прауэр факторы, тромбопластиннің плазмалық компоненті) синтезі үшін қажетті К витаминнің де сіңірілуінің бұзылуына әкеледі. Бұл факторлар синтезінің жеткіліксіздігі қан ұю үрдісінің бұзылуына және геморрагиялық құбылыстардың пайда болуына әкеледі.
Есеп № 11
Бұл науқаста қуыстық және қабырғалық асқорытудың бұзылуы дамиды. Оның дамуына секретин мен панкреатиттік сөлдің тым артық өндірілуі, сонымен қатар гиперацидтік жағдай кезінде байқалатын энтероциттердің тым артық қабыршақтануы әсер етеді.
Есеп № 12
Гиперсекреция.
Иә, бар. Соматотроптық гормон асқазан секрециясын ынталандыра-ды, оның мұндай әсері біршама гастринге негізделген болады.
Есеп № 13
G-жасушалары – асқазан секрециясының екінші фазасының негізгі ынталандырушысы гастринді өндіреді. D-жасушалары – гастрин өндірілуінің ингибиторы болып табылатын соматостатинді өндіреді. Осыған байланысты, G-жасушалар мөлшерінің күрт жоғарлауы және D-жасушалар деңгейінің төмендеуі қышқыл-пепсиндік фактор белсенділігінің артуына және асқазанның ойық жарасының дамуына әкеледі.
Есеп № 14
Иә, байланыс бар. Науқаста мегалобластық анемияның дамуы асқазан түбі мен денесі аймағындағы шырышты қабаттың париетальдық жасушалары өндіретін ішкі фактордың (Касл факторы) тапшылығы нәтижесінде болған. Бұл фактордың тапшылығы кезінде ішек микрофлорасының В12 витаминін ыдыратуы күшейеді және оның сіңірілуі күрт шектеледі.
Есеп № 15
Асқазанның субтотальдық резекциясынан кейін науқаста демпинг-синдром немесе алып тастау синдромы дамыған. Бұл симптомдық кешен негізінде көп мөлшердегі дұрыс қорытылмаған аспен ащы ішек шырышты қабытының механикалық тітіркенуі жатыр. Осыдан ащы ішек шырышты қабаттарында вазоактивті интестинальдық полипептидтің өндірілуі күшейе-ді, ішек саңылауында транссудация үрдісі белсенеді, гипотония, гиповоле-мия, екіншілік гиперальдостеронизм дамиды және катехоламиндердің шығуы күшейеді.
Есеп № 16
Науқаста асқорыту жүйесінің энзимопатиясы, лактазаның тапшылығы дамыған. Сау адамдарда сүтті қант (лактоза) лактазаның әсерінен глюкозаға және галактозаға ыдырайды, олар қанға жақсы сіңіріліп, қанда қант деңгейінің жоғарлауына әкеледі. Сондықтан, сүтті қантпен жасалған сынама кезінде науқастың қанында қант (глюкоза) деңгейінің жоғарламауы организмдегі лактаза ферментінің тапшылығын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |