Есеп № 17
В12-витамин тапшылықтық анемияға тән.
Эритропоэздің мегалобласттық түрі. Мегалобласттық қан түзу ерекшеліктері болып, ядро мен цитоплазманың асинхронды түрде пісіп-жетілуі, цитоплазманың ерте гемоглобинизациясы саналады және көпшілік мегалобласттардың дамуының соңғы ядросыз кезеңге дейін пісіп-жетілу қабілетінің жоғалуымен, олардың тіршілік ету ұзақтығының қысқаруымен және олардың тез ыдырауға ұшырауымен жүреді.
Есеп № 18
1. В12-витамин тапшылықтық анемия дамыған.
2. Науқасқа үш жыл бұрын ішегін резекциялау операциясы жасалғанын ескерсек, В12-витамині тапшылығына байланысты анемияның дамуы, ол витаминнің сіңірілуінің бұзылуынан туындаған деп тұжырым жасауға мүмкіндік береді.
Есеп № 19
1. Эритроцитопения, гипогемоглобинемия, пойкилоцитоз, айқын шеткері ретикулоцитоз.
2. Тұқым қуалайтын микросфероциттік гемолиздік анемияға (Минковский-Шоффар ауруына) тән.
Есеп № 20
Тұқым қуалайтын гемолиздік анемия – талассемия.
Сүйек кемігінің гиперрегенерациялық жағдайын.
Есеп № 21
Эритроциттерде глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа белсенділігінің жеткіліксіздігіне негізделген гемолиздік анемия.
Эритроциттерде глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа белсенділігі төмендеген кезде пентозды-фосфаттық цикл бұзылады, нәтижесінде глютатионның қалпына келген (восстановленный) түрінің түзілуі азаяды. Олар гемоглобиндерді және эритроциттер мембраналарын қышқылдардың, әр түрлі дәрілік заттардың әсерінен қорғау үшін қажет. Сондықтан глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы қалыптасқан және құрамында глютатион мөлшері төмендеген эритроциттерге қабылданған қышқылдық заттар әсер етеп, олардың гемолизін туындатады.
Есеп № 22
Науқаста β-тізбегінің синтезі төмендеген. Бұл кезде 2α және 2β-тізбектерінен тұратын А2 гемоглобинінің және 2α және 2γ-тізбектерінен тұратын гемоглобин F мөлшерлері жоғарлайды.
Есеп № 23
Мүмкін емес. α-тізбегі синтезінің толық болмауы кезінде ұрықта фетальдық гемоглобин синтезделмейді. Ұрықтың өмір сүруге қабілеттілігі болмайды.
Есеп № 24
1. А гемоглобинінің құрамына кіретін β-тізбегі синтезінің тежелуі А витаминнің түзілуінің толық тоқтауына әкеледі.
2. Жоқ β-тізбектің орнына α, γ, δ-тізбектерінің шектен тыс түзілуі А2 гемоглобинінің ( ) және гемоглобин F–тің ( ) жоғарғы деңгейде түзілуіне әкеледі.
Есеп № 25
Эритроцитопения, гипогемоглобинемия, макроанизоцитоз, пойкилоцитоз, айқын ретикулоцитоз.
Гемолиздік анемияға тән.
Есеп № 26
Нәрестелердің гемолиздық анемиясын.
Rh-фактор бойынша иммуналогиялық сәйкессіздік.
Есеп № 27
Гипоплазиялық анемияны.
Әр түрлі дәрі-дәрмектер, соның ішінде левомицитин, миелотоксикалық әсер көрсетіп, қан түзудің тежелуіне әкелуі мүмкін.
Есеп № 28
Гипохродық анемия, лейкопения, нейтропения, салыстырмалы лимфо-моноцитоз, тромбоцитопения.
Жоқ, тән емес.
Достарыңызбен бөлісу: |