«Павлодар қаласының №29 орта білім беру мектебіі» мм ә. Апсалямова



бет3/4
Дата05.06.2024
өлшемі360 Kb.
#502344
1   2   3   4
Қобыланды батыр жырын оқыту методическое пособие по казахской литературе

ҚОРЫТЫНДЫ




Қорыта айтқанда, “Қобыланды батыр” жыры өзінің идеялық –көркемдік сипаты жағынан қазақ батырлар жырының ішіндегі таңдаулы шығармалардың бірі. Жырда ерлік, елдік, жақсылық пен жамандық, кіршіксіз адал махаббат секілді үлкен проблемалар көрсетілген. Басқа батырлар жыры сияқты “Қобыланды батыр” жырының негізінде де тарихи оқиғалар жыры жатыр. Халқымыздың басынан кешкен тарихи-әлеуметтік оқиғалар, халықтың әдет-ғұрып салт-санасы рухани тірщілігі , арман-мұраты көрініс береді. Батырлар жырын оқытудың маңызы зор . Себебі, батырлардың ерлік бейнелері арқылы оқушыларды батылдыққа, ерлікке тәрбиелеп, олардың өз еліне деген патриоттық сезімдерін оятуға болады. Батырлар жырын оқыту кезәнде дәстүрлі және дәстүрлі емес сабақтардың тиімділігі көрінеді.
Дәстүрлі оқыту процесінде “проблемалық жағдай”, “ оқу проблемасы”, “мәселенің принциптері” сияқты ұғымдар болған емес. Проблемалық оқытуда оқушы меңгерген теориялық білімдері блок-блокпен жинақтап оқытуға ынталанады. Дәстүрлі оқытуда оқытудың мақсаты өзгерсе, оның барлық құрылым жүйесі басқаша өзгереді.
Дәстүрлі емес сабақтардың тиімділігі барлық сабақтарды өткізудің мүмкін еместігін, тіпті оның қажеті де жоқ екенін есте ұстаған жөн. Жалпы оқу үрдісінде мұғалңм қалауына қарай дәстүрлі емес сабақтардан аз орны, пайыздың мөлщері болуы керек. (15-25 пайыз) Неғұрлым сынып ынтасы тұрақтанған сайын , сынып дәрежесі жоғарылап, оқушының білімге ынтасы тұрақтанған сайын мұндай сабақтың пайыздың мөлшері азая беруі тиіс. Яғни, дәстүрлі емес сабақтар “барлық аурудың емі емес” екенін ұмытпайық. Әр мұғалім сабақ үрдісі , оны өткізу әдістері, дәстүрлі және дәстүрлі емес сабақтар оқытудың жаңа технологиясы бұларды күнделікті сабақтарда қолдануды өзіндік әдістемесі туралы дұрыс ой жүйесі қалыптаспау нәтижелерге жетуі мүмкін емес.
Қорытындылап айтқанда, батырлар жырын оқыту кезінде дәстүрлі және дәстүрлі емес сабақтардың тиімділігін көреміз.


ҚОСЫМША №1
Сабақтың тақырыбы: Ел намысы – ер намысы.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға батырлар жайлы ұғымын пресс-конференция (пікірталас) арқылы “Қобыланды батыр” жырын оқыта отырып, жырдағы тілдің неше алуан көркемдігін айқындау, сөздік қорларын байыту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Батырдың батылдығын, ерлігін анықтап, оқушыларға үлгі тұту. Оқушылардың таным қабілеттерін дамытып, адамгершілік , ізгілік қа сиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес , пресс-конференция
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушыларға үйге берілген тапсырмаларын жинақтап, пікірталасқа дайындау.
2. Сыныпты 3 топқа бөлу.
II. Жаңа тақырыпты меңгерту.
1-топ Қобыланды бейнесін жасай отырып, халық не айтпақшы болған?
2-топ Жырдағы Құртқаға қарап, бұрынға қазақ әйелдері қандай болған? Оның бейнесінің негізіндегі халық арманы не деп түйендер едің?
3-топ Қалай ойлайсыңдар, жырда қандай мәселелер сөз болады? Жырдың негізінде жатқан басты ой неде?


III. Бекіту.

Не білемін?

Не білдім?

Не білгім келеді?










(Оқушылар өздері толықтырып, сабақты қорытындылайды).
IV. Бағалау
(Оқушылар өз-өздерін бағалайды)
V. Үйге тапсырма беру: Тайбурылдың шабысын жаттап келу
Жыр кейіпкерлерінің бейнелерін ашу

ҚОСЫМША №2.




Сабақтың тақырыбы: Ел намысы- ер намысы.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға батырлар жыры жайлы ұғым беріп, “Қобыланды батыр” жырын оқыта отырып , жырдағы тілдің неше алуан көркемдігін айқындау. Батырдың батылдығын, ерлігін анықтау, оқушыларға үлгі тұту. Оқушылардың таным қабілеттерін дамытып, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу, олардың тапқырлық, ізеттілік қабілеттерін қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет