Павлодар облысы білім басқармасының «Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы» ҚММ



Pdf көрінісі
бет24/183
Дата16.04.2024
өлшемі6.15 Mb.
#498805
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   183
ББЖМ тест жинақ МОДО тест 2022 (1)

2-мәтін 
Нұсқаулық: Мәтінді мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап 
беріңіз.
Қазақ отбасындағы өте ертеден келе жатқан ерекше дәстүрдің бірі – бата 
беру. Бата – тілі көркем, ізгі тілек түрінде айтылатын қысқа әрі мәні терең сөз. 
Батаның тәрбиелік маңызы үлкен. Бата берудің өз жолы, дәстүрі, рәсімдері бар. 
Дастарқан басында, түрлі жиын-тойда, отбасы мерекелерінде: тұсаукесер, 
тілашар кезінде жастар қол жайып, үлкендерден бата сұрайды. Батаны кез 
келген адам бере бермейді. Батаны көпті көрген ақсақалдар мен дана әжелер 
береді. 
Батаның түрлері бар. Ас батасы – асты үстелге әкелгенде немесе ас ішіп 
болған соң берілетін бата. Ас батасы тамақ ішкен сайын беріледі. Рамазан 
батасы – үш күнгі ораза айтта айтылатын ізгі тілек, жақсы ниет. Жол батасы 
ұзақ жолға шыққанда беріледі. Жолға шығарда үй иесі көршілерге ,туыстарға 
тамақ беріп, үлкен ақсақалдан бата алады. Тілек-бата – үлкендер жастарға риза 
болғанда, реті келген жерде қолын жайып беретін батаның түрі. 
Қазақтар сөз өнерін өте жоғары бағалаған. «Бата адамға күш береді, 
жолын ашады, жаман күштерден сақтайды» деп сенген. 
5. Мәтінге қайсысы сәйкес емес? 
А) Бата берудің тәртібі. 
В) Батаның пайдасы. 
С) Батаның түрлері. 
D) Батаның дәстүрі. 
6. Кіріспе қай сөздермен аяқталады. 
А) рәсімдері бар 
В) терең сөз 
С) маңызы үлкен 
D) бата беру 
7. 1-сөйлемдегі «ертеден» сөзінің синонимі қайсы? 
А) қазірден 
В) болашақта 
С) бұрыннан 
D) әйгілі 
8.Батаны кім береді? 
А) балалар
В) ер адамдар 
С) келіншектер 
D) ақсақалдар мен әжелер
9.Ұзақ жолға шыққанда қандай бата беріледі? 
А) ас батасы 
В) тілек батасы 


51 
С) жол батасы 
D) тілек батасы 
10.Рамазан батасын қай кезде береді? 
А) тамақ ішкеннен кейін 
В) жолға шыққанда 
С) ораза айтта 
D) риза болғанда 


52 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   183




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет