Педагог мәртебесі туралы


-БАП. ПЕДАГОГТІҢ КӨТЕРМЕЛЕНУГЕ ҚҰҚЫҒЫ



бет4/8
Дата04.11.2022
өлшемі23.92 Kb.
#463992
1   2   3   4   5   6   7   8
мұғалңм мәртебес

9-БАП. ПЕДАГОГТІҢ КӨТЕРМЕЛЕНУГЕ ҚҰҚЫҒЫ

  1. Адал еңбегі жəне өзінің кəсіптік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін педагогке Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ ұйымның ішкі тəртіп қағидаларында көзделген көтермелеулер қолданылады.

  2. Педагогтің аса үздік жетістіктері жəне Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін оған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес мемлекеттік наградалар, оның ішінде «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы беріледі. «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағына ие болған педагог республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жəне тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінде біржолғы төлем алады.

  3. Білім беру саласындағы уəкілетті орган айқын дайтын тізбе бойынша білім алушылар мен тəрбие ленушілер арасындағы халықаралық олим пиадалардың, конкурстардың жəне спорттық жарыс тардың жеңімпазын, жүлдегерін дайындаған педагогке тиісті мемлекеттік білім беру ұйымының қызметі бойынша үнемдеу есебінен үш лауазымдық айлықақы мөлшерінде біржолғы сыйақы төленеді.

  4. Жергілікті атқарушы органдар біржолғы сыйақы төлей отырып немесе онсыз, жергілікті ерекшелік белгілері мен құрметті атақтарды тағайындау жəне ынталандырудың өзге де нысандары арқылы, оның ішінде Қазақстан Республикасында белгіленген мерекелік күндерге орай педагогтерді көтермелеудің қосымша шараларын белгілеуге құқылы. Жергілікті ерекшелік белгілері мен құрметті атақтардың сипаттамасын, оларды беру тəртібін, оның ішінде біржолғы сыйақы төлемдерінің мөлшерін жергілікті атқарушы орган айқындайды.

  5. Жыл сайын республикалық бюджет қаражаты есебінен «Үздік педагог» атағын иеленушіге Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде жəне тəртіппен сыйақы төленеді.

10-БАП. ПЕДАГОГТІК ҚАЙТА ДАЯРЛАУ

  1. Педагогтік білімі жоқ, тиісті бейіні бойынша педагогтің кəсіптік қызметіне алғаш рет кірісетін кəсіптік білімі бар адамдар жоғары жəне (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының базасында педагогтік қайта даярлаудан өтеді.

  2. Педагогтік қайта даярлау тəртібін білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындайды.

  3. Осы баптың нормалары қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша педагогтің кəсіптік қызметін жүзеге асыратын адамдарға қолданылмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет