Педагог мәртебесі туралы



бет6/8
Дата04.11.2022
өлшемі23.92 Kb.
#463992
1   2   3   4   5   6   7   8
мұғалңм мәртебес

13-БАП. ТƏЛІМГЕРЛІК

  1. Орта білім беру ұйымында кəсіптік қызметіне алғаш рет кіріскен педагогке бір оқу жылы кезеңіне тəлімгерлікті жүзеге асыратын педагог бекітіліп беріледі. Тəлімгерлікті жүзеге асырғаны үшін педагогке Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен қосымша ақы төленеді.

  2. Тəлімгерлікті ұйымдастыру тəртібін жəне тəлім герлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптарды білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындайды.

14-БАП. ПЕДАГОГКЕ БІЛІКТІЛІК САНАТЫН БЕРУ (РАСТАУ)
Педагогтерге біліктілік санаттар білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен беріледі (расталады).
15-БАП. ПЕДАГОГТІҢ МІНДЕТТЕРІ

  1. Педагог: 1) өз қызметінде тиісті кəсіптік құзыреттерді меңгеруге; 2) оқыту мен тəрбиелеудің педагогтік қағидаттарын сақтауға, оқыту мен тəрбиелеудің сапасын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген талаптардан төмен емес деңгейде қамтамасыз етуге; 3) өзінің кəсіптік шеберлігін, зерттеу, зияткерлік жəне шығармашылық деңгейін үздіксіз жетілдіруге, оның ішінде біліктілік санаты деңгейін бес жылда бір реттен сиретпей арттыруға (растауға); 4) педагогтік əдепті сақтауға; 5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен міндетті мерзімдік медициналық қарап-тексерулерден өтуге; 6) білім алушылардың, тəрбиеленушілердің жəне олардың ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге; 7) балаларды заңға, адамның жəне азаматтың құқықтарына, бостандықтарына, ата-анасына, үлкендерге, отбасылық, тарихи жəне мəдени құндылықтарға, мемле кеттік рəміздерге құрмет көрсету, жоғары иман дылық, патриоттық, қоршаған ортаға ұқыпты қарау рухында тəрбиелеуге; 8) білім алушылар мен тəрбиеленушілердің өмірлік дағдыларын, құзыреттерін, өздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жəне саламатты өмір салты мəдениетін қалыптастыруға; 9) білім беру ұйымының басшылығына өмірлік қиын жағдайда жүрген баланың анықталу фактілері туралы дереу хабарлауға; 10) құқық қорғау органдарына жəне білім беру ұйымының басшылығына қылмыстық не əкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар əрекеттерді (əрекетсіздікті) кəмелетке толмағандардың жасау немесе оларға қатысты жасалу, оның ішінде білім беру ұйымынан тыс жерде кəсіптік қызметіне байланысты өзіне белгілі болған фактілер туралы дереу хабарлауға; 11) білім алушылар мен тəрбиеленушілерді оқыту жəне тəрбиелеу мəселелері бойынша ата-анасына немесе өзге де заңды өкілдеріне консультация беруге міндетті.

  2. Педагог білім беру процесін саяси үгіттеу, білім алушылар мен тəрбиеленушілерді саяси, діни немесе өзге де сенім-нанымдарды қабылдауға не олардан бас тартуға мəжбүрлеу үшін, əлеуметтік, нəсілдік, ұлттық немесе діни алауыздықты қоздыру, əлеуметтік, нəсілдік, ұлттық, діни немесе тілдік тиесілік белгісі, дінге көзқарасы бойынша азаматтардың ерекшелігін, астамшылығын не кемшіндігін насихаттайтын, оның ішінде білім алушыларға Қазақстан Республикасының ұлттары мен ұлыстарының тарихи, ұлттық, діни жəне мəдени дəстүрлері туралы анық емес мəліметтерді хабарлау арқылы үгіттеу үшін, сондай-ақ білім алушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясына жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін əрекеттерге итермелеу үшін пайдалануға құқылы емес.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет