Педагог музыканттың Әдіснамалық МӘдениеті


Философиялық, жалпығылымилық және жекеғылымилық деңгейінің әдіснамалық талдаудың бірлігі



бет4/6
Дата08.07.2016
өлшемі0.88 Mb.
#184878
1   2   3   4   5   6

4.2.3 Философиялық, жалпығылымилық және жекеғылымилық деңгейінің әдіснамалық талдаудың бірлігі

Әдіснамалық талдау кезінде маңызды ерекшелігінің бірі, тиімді шешуі – ол оның біртұтастылығы. Бұл сапалық деңгей оның әдіснамалық талдау деңгейінің диалектикалық бірлігі–философиялығы, жалпығылымилығы және жеке ғылымилығы - біртұтастылық талдау дейміз (бірлік, түрлі компоненттерінің байланысы). «Бүтінділік, біртұтастылық» – барлық әдіснамалық талдау деңгейінің диалктикалық бірлігі, музыкалық білім беру педагогика категориясы мен мәселесінің біртұтас жүйесі, әртүрлі компоненттерінің әрекет қатынасы.

Мысалы, сабақ – музыкалық білім беру жүйесінің бірі, ол психологиялық – дидактикалық сипаты арқылы процестің нақтылығы.

Сондықтан берілген талдаудың заңдылығы философиялық және жалпы педагогикалық тұрғыда қарастыру емес, ол музыкалық ғылым, «қазіргі жағдайда әрбір ғылыми пәні жай ғана сала емес, ол көзқарас: «бүтіндік» көзқарасының жан-жақтылығы, ерекше мәселесінің көзқарасы».

Философиялығы, жалпығылымилығы және жеке ғылымилығының деңгейі әдіснамалық талдауының маңызды принципі болып табылады. Бірлік функциясының маңыздылығы – музыкалық – педагогикалық мәселені әдіснамалық талдау бірізділік бағытында шешуі, оның музыкалық білім беру ерекшелігінде, педагог–музыкантты дайындау барысында.

Осы принципті қолдана отыра талдаудың шыңына жету, мәселені шешуі, музыкалық - білімділік және музыкалық - педагогикалық процестің байланысы мен қатынасы болып табылады.

Г.Г.Нейгауза тұлғалығы музыкант ретінде, педагог - музыкант, жан-жақты әрекетін Я.И.Мильштейн былай дейді: «Нейгауз - өйшыл суретші. Көркемдік, психологиялық, философиялық тұрғыда талқылауға талпынады». «Диалектиканың шыны, - жазады ол, - ақиқат ортасында екенін үйретеді: автор мен оқушының арасында жақсы мұғалім болса, автордың ойына, сезіміне терең кіріссе, ол мақсатты шешуші болып табылады». «Музыканы талдау кезінде орындаушы уақытша жанды музыканы ұсақ-ұсақ «молекула мен атомға» бөліп тастайды және де өңдеу барысында қайта музыкалық организмнің жанды мүшесі бола алады».

Е.В.Николаева өзінің зерттеу жұмыстарында келесі жаңашылдықтарды ұсынады: әдіснамалық позициядан қарағанда көңілден шығатын кезең жаңа үш теориялық зерттеу әдісін ұсынады: интонациялық (дыбыс ырғақтылық), парадигмалды – педагогикалық және өркениеттілік.



Интонациялық (дыбыс ырғақ) әдістің маңызы – отандық музыкалық білім беру тарихындағы музыкалық өнердің эволюциялық бірізділік жүрісінде өнердің «интонациялық мағынасы». Осы кезде музыкалық білім беру компонентінің негізгі классификациялық жүйесі құрылады және де мазмұны мен әрбір ерекшелігі интонациялық талдаудан көрінеді.

Парадигмалды – педагогикалық әдіс – педагог–музыканттың мақсаты пен міндеттеріне, принциптер мен мазмұнына, музыкалық білім беру әдістеріне және формаларына көзқарасының қалыптасуы байқалады. Оның шешімі үш деңгейде болады: отандық музыкалық білім беру тарихының негізгі кезендерінің дамуында; музыкалық білім беру барысындағы әрбіреуі (халықтық, дінилік, ақсүйектік) ізденіс кезеңінде қарастыруы; жеке музыкалық - педагогикалық тұжырымдамаларында.

Өркениеттілік әдісі – отандық музыкалық білім беру тарихын әлем тарихи-педагогикалық процесінің қалыптасуы мен дамуында қарастыру.

Қорыта айтатын болсақ, музыкалық–педагогикалық мәселені әдіснамалық талдау барысында, осы талдау кезекті жақтармен байланыса отыра, берілген талдауды шешуге көмектеседі – логикалық, психологиялық, кәсібилік – оны нақтылайды, мазмұнын бағыттайды.
4.2.4 Студенттің педагогикалық ізденісінің жалпы логикасы және құрылымы

Болашақ музыка мұғалімі ретінде қалыптасу барысында ғылыми әдебиетте студенттің логикалық ізденісі бірізділік ізденістің тәртібі ретінде беріледі және де ғылыми мәселені шешу барысында орындалуы қажет.

Бірақ сол логика абстрактік нәрсе сияқты, студенттің логикалық ерекшелігін, оның қалыптасуын, дамуын бейнелеп көрсете алмайды.

Жоғарғы оқу орындарында студенттің ізденіс жұмысының мазмұнына болашақ музыка мұғалімінің қызметіне тұтастай байланысты (нақты білім-тәрбие мақсатына және шығармашылық әрекетіне кедергі болмай басқа жаққа аумасын).

Ғылыми ізденіс әдісі жаңа жағдайға байланысты, болашақ педагогикалық практикаға байланысты және де педагогикалық эксперимент маңызды орын алу керек, педагогикалық үрдісінің нақты диагностикалық өлшеумен, алғы қалпымен және қорытынды нәтижесімен көрінеді.

Студентті үйрету қажет:



  • санды ізденіс материалдарын сұрыптау;

  • компьютерлік технологияны қолдану;

  • басқада ғылыммен үштастыру, байланысы болу керек, соны пайдалана білу, оның бағыттарын білу;

  • ізденіс жұмысында тұлға дамуының ізденісін ұмытпау;

  • жеке компоненттері мен сапалығы, әсіресе әдіснамалық білімі.

Сондықтан, осы талаптарды орындай отыра студенттің қабілеті мен шығармашылық шабыты дамуының екпіні жоғарлайды.

Педагогикалық ізденістің құрылысында болған білім мен тәжірибеге байланысты, оның кезеңдеріне. Студенттің педагогикалық тәжірибесі мен білім қызметі үстінде қорға біртіндеп жинақталады.

Жоғарғы оқу орындарында болашақ мұғалімінің қалыптасуы үш кезеңде жүзеге асады:


  1. Болашақ музыка мұғалімінің кәсіби әрекетіндегі компонент кезеңдері бекітіледі: кәсіби сенімділігі, ғылыми негізінің білім процесінің қалыптасуы, оның педагогикадан, психологиядан, басқадай пәндер арқылы білімі, мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру қабілеті т.б.

  2. Қызмет кезіндегі компоненттерінің қабылдауы: оның бірлігі, өзіндік педагогикалық жүйесінің қатынасы, үйірме жұмысында т.б. Осы кезді өзінің білімін жетілдіруі, қосуы, қабылдауы және оны оқыту мен тәрбие тәжірибесінде қолдана білуі.

  3. Тұтас тұлға музыка мұғалімінің іс әрекетінің жетілдіру кезеңі – ол деген, бітіру (дипломдық) жұмысының алдындағы практикадағы мұғалім, сынып жетекші қызметін атқаруы, музыка мұғалімнің тұлға ретінде шығармашылығының қалыптасуы.

Осы кезеңдерде студент мүмкіншілігі, ғылымитанымдылық білімі ізденіс жұмысының икемділігінде логикасы анықталады.


      1. Студенттің ғылыми ізденісіндегі дайындық кезеңі

Мектепте қызмет жұмысы барысында алғашқы қадам кезеңі - өзіндік сезім ойлауының қажеттілігі мен қызығушылығын арттыру.

Осы мақсатты шешу үшін рефераттар жазу болады, тақырыптары үлгі ретінде келесі: «Менің сүйікті музыка мұғалімім», «Мектепте алған эстетикалық тәрбием», «Мектеп өміріндегі менің алғашқы өнер қадамым» т.с.с. Реферат жазу барысында басқа адамның әлемдік рухын түсіну, педагогикалық құралдарды сезіну, музыка мұғалім тұлғаның жақсы қасиеттерін айыра білу, түсіну, үйрену т.б.

Осындай тақырыпқа байланысты рефераттар жазу – студенттің ізденіс жұмысының логикалық алғашқы қадамы. Студентті «өзіндік» педагогикасынына, «өзіндік» ғылыми ізденісінің мәселесіне айналады.

Екінші жағдай, күрделі мақсатты шешу барысында, студенттің ізденіс жұмысындағы әдебиеттер негізінен фактілер мен қоғам – педагогикалық практикасы. Фактілерді іздеу барысында тақырыбына қызығушылық туғызады, білім беру, тәрбие мәселелері, материалдарды сұрыптау, барлығы келешекте педагогикалық практикада қолдау жасалады, өзіндік тәрбиелігі, фактілерді жинауға үйретеді, әрине тақырыбына байланысты және ізденіс мақсаттарына шешуге.


Өздік жұмысына сұрақтар мен тапсырмалар

  • Музыкалық – педагогикалық мәселелерінің әдіснамалық талдауының негізін ашыңдар.

  • Кәсіби рефлексияның маңызын және мазмұнын әдіснамалық талдауда көрсетіңіз.

  • Ізденіс жұмысының теориялық әдістің мазмұнын әдіснамалық талдауда көрсетіңіз.

  • Эмпириялық әдістің мазмұнын және орнын әдіснамалық талдауда көрсетіңіз.

  • Объективтік, субъективтік байланыс принципінің мазмұны мен қызметін әдіснамалық талдауда көрсетіңіз.

  • Д.Б.Кабалевскийдің музыкалық - педагогикалық әрекетіндегі объективтік, субъективтік байланыс принципін әдіснамалық талдауда көрсетіңіз.

  • Кәсіби бағыт принципінің негізгі қызметін және мазмұнын көрсетіңіз.

  • Философиялық, жалпы ғылымилығы мен жеке ғылымилық деңгейінің қызметі мен мазмұнын әдіснамалық талдауда көрсетіңіз.

  • Г.Г.Нейгаузаның музыкалық – педагогикалық әрекетін сипаттаңыз.

  • Студенттік дипломдық жұмысын әдіснамалық талдауды қолдана сипаттаңыз. Студенттің педагогикалық ізденісінің жалпы логикасы және құрылымы.

  • Студенттің ғылыми ізденісіндегі дайындық кезеңі.


Ұсынатын әдебиеттер

Негізгі

  1. Искусство. Музыкознание, музыкальнгая психология и музыкальная педагогика: Хрестоматия (Сост. Э.Б.Абдуллин, Б.М.Целковников. – Вып. 1. Ч.2. – М., 1991.

  2. Музыкальное образование в школе: Учебное пособие / Под ред. Л.В.Школяр. – М., 2001.

  3. Философия, социология, психология искусства и музыкальная педагогика: Хрестоматия / Сост. Э.Б.Абдуллин, Б.М.Целковников – Вып. 1. – Ч.1. – М., 1991.

  4. Целковников Б.М. Мировозрение педагога-музыканта: В поисках смысла. Исследование. – М., 1999.


Қосымша

  1. Методология музыкального образования: проблемы, направления, концепции. / Отв. Ред. Э.Б.Абдуллин. – М., 1999.

  2. Музыкант-педагог. Спецвыпуск журнала «Преподаватель». - №4. – 1999. - №6. – 2001.

  3. Сохор А.Н. Вопросы социологии и эстетики музыки. – Кн. ІІ. – Л., 1981.



ҚОСЫМША

Түсініктеме, айтқан сөздер, сөздік, глоссарий және т.б.
Мұғалім – музыканттың эксперимент жасауының құқығы

«Әрбір мүғалім, егерде өз жұмысын сүйетін болса, кемелдігіне ұмтылса, - онда ол әрқашанда ізденуші, экспериментаторшы...» - Апраксина О.А.


Автордың аудармасы

Кезгелген көзқарас мәселесінің терең зерттеулерін асыра бағалау қиын. Көтерген мәселесін автор кәсіби тар ауқымда ғана емес, педагогиканың барлық саласындағы мағыналы бөлігі ретінде, әсіресе педагогика өнері ретінде қарастырады.

Оның ішінде әдістемелік бағыттағы өзегі анық және нақтылы таңдалып алынған: бұл бәрінен бұрын философиялық және көркем ой (бұл, әрине автордың шетел ойшылдардың еңбегіне, сол сияқты жалпы ғылыми еңбектерді де зерттеуге (музыкалық тұрғыдағы, музыкалық орындаушылық теориясына) және міндетті түрде педагогикалық тұрғыдан қарағандығын жоққа шығармайды).

Автордың үкемі бір ойды дәлелдегісі келетіні сезіледі: ұлы философтар, жазушылар, копозиторлар, педагогтар, әлемге әйгілі ойшылар көзқарастары мен қатынастарының әртүрлілігіне қарамай кітаптің атында көрсетілгендей ұғымдар мен көріністердің бірінғайлығы бүгінде біздің қоғамымызды толғантып отыр.

Бірақ бұл «бірлік» - ті көре білу, тани білу, сезіну және барлығын өзінің музыкант – педагог ретінде атқаратын еңбегіне пайдалана білуге тырысу қажет.

Барлық күрделілік, негізінен, ойға бата білуде, ұлы ойшылардың рухын тереңдей сезіне білуде, қажетті кезінде адам өзінің ақылымен және жүрегімен басқа біреудің ойын қабылдап, сезініп, оған құлшынып және өзінің кәсіптік өмірінде барлық мақсатында, еңбегінде, істерінде оған еліктеуде.

Біреудің айқын айтқаны бар: «Әр адам өнердің ұлы шығармасымен таныса тұра оның қаншалықта тереңдігі болса, сол деңгейде түсіне алады» - деп, Б.М. Целковниковтың жұмысымен таныса келе, зерттеуші педагог - музыканттың деңгейі сондай ұғымтал, өткір және терең екеніне көзің жеткендей болады.

М.М. Бахтиннің концепциясына сүйене отырып зерттеудің авторы музыкант-педагогтің жеке басының қалыптасуында оның ішікі ойымен сөйлесе білуі, оның өз көзқарасын қалыптастыруының алғашқы баспалдағы.

Бұл ең алдымен педагог - музыканттың еңбегіндегі диалогы – бала мен музыканың арасындағы.

Бала мен музыкаға деген қатынас махаббатпен, сеніммен, ар-ұятпен – барлық қатынастың осы үш қосылғышымен, барлық қатынастың негізін, педагог-музыканттың пікірін нұрланып тұруы қажет.

Автодың музыкант – мұғалімнің жеке дүниетанымының пікірін анықтаудағы көзқарасы қызық және ерекше боп келеді.

Оның мағыналы өзекті түйіні боп келетіні – мұғалімнің жанының барлық шығармашылық тұлғалардың өзара активті және гармониялық қабысуы арқылы қалыптасуын Б.М. Целковников өзінің жұмысында музыкалық білімнің әдіснамалық маңызын жаңа қырынан дәлелдей алады.

«Менің әдіснамалық талдаудың шеберлігі – кезкелген музыкалық – педагогикалық зерттеулердің негізі боп табылғандығы, оның жас ғалым педагог- музыканттардың еңбегіне үлгі болатына сенімім мол» - дейді автор өз зертеулерінде. Әрине осы айтылғандар бұл еңбектің жоғарғы педагогика мектебінде жаңа бағыт екенін және оның өнер мұғалімін дайындаудағы стратегия мен тактикасы, ең озық адамгершілік, философиялық және көркем ойдың рухтық қасиетіне сүйене отырып анықтай алатыны - Абдуллин Э.Б..
Интонация (саз, дауыс ырғағы)

«Музыканы көбісі тыңдайды, ал түсінетіндері аз, әсіресе аспаптық музыканы. Суретті де көбісі көреді, ал бейнелеу өнерін көре алмайды... Музыканың негізі: музыка күйінде болу деген, дыбыс жүйесінің алқынып әрекеттенуінде. Онда орындаудың қажеті жоқ... Музыкалық шығарманың - өмірі оның орындауында, интонация арқылы тыңдаушыға шығарманың мағынасын жеткізу... Жанды интонация... Музыка, интонациалық өнерде, ол орындаушылық және композитордың сезімін тыңдаушыға жеткізу... Интонациалық ойды жеткізу өнері...» - Асафьев Б.Б.


Интонация, формалары, бейне

Қазіргі психологиялық ғылымда жалпы ойлау концепциясы әлі де белгісіз. Әсіресе музыкалық көркем-бейнелі ойлауда. Музыкалық ойлауды генетикалық жоспарда қарастыру (интонацияны түйсіну және уайымдау). Генетика – бұл алғашқы материя (жүрістің, өзгерістің). Генетика – организмнің өзгеруі, музыкалық - эстетикалық әрекетінің ең бастапқысы.

Б.А.Асафьев «Музыка – интонация» ғылыми жұмысында былай дейді: «Интонация – (саз, дауыс ырғағы) – ең негізгі жүргізуші – музыкалық мазмұнында, музыкалық ойда, ол көркем ақпаратының тасушысы, эмоциялық қуаты, рухының жүрісі т.с.с.

Келесі ... дыбыс материалдың конструктивті-логикалық ұйымдастыруы.

... көркем ойлау құрылымында екі жақтың бір-бірімен байланысы: ерекше және жалпылогикалық.

Ерекше – берілген өнердің мәнерлеушілік құралдардың заңдылық байланысы (музыкада-әуен, гармония және ырғақ, поэзияда – ырғақ пен буын, теорияда - әрекеттің барлық компоненттері).

Жалпы логикалық – уақыт көлемінде, кеңестікте құрастыруы (көркем мәтінінің кеңдігі, бейнесі). Осының барлығы (конструктивті-логикалық заңдылықтар) адамның музыкалық сезімінде байқалуы.

Біріншіден екінші қалыптасады, екіншіден (қайта байланыс принципі) біріншіге қайта оралуы.

Сондықтан, ойлау – адамның сезімінде музыкалық бейненің байқалуы, логикалық және эмоцияның диалектикалық бірлігі (диалектика – ғылым - табиғат дамуының заңдылығы және ойлаудың қайшылық бірлігі).

Сондықтан, музыкалық ойлау музыкалық бейнеге сүйенеді.

Бейне – ол қиялдану, түсінік, идея, идеал, осыны адамдардың қатынас «құралы» сияқты.

Ең негізі – музыкалық ойлау, ол шығармашылық ойлау. (Н.Дүкенбай, Г.Дүкенбай. Музыкалық психология, музыкалық білім беру психологиясы, музыкалық іс-әрекет психологиясы. / Оқу құрал. ПМУ. 2008. Б. 22,23.)


Музыкалық қабыдауды тереңдету барысындағы инотонациалық - әуенді есту сезімі және оның рөлі

Музыканың алғашқы шығуы – ол интонация, дәлірек айтса – интонациялық әуенді есту қабілеті. Ал, әуен – құрастырылған дыбыстардың бірізділігі және музыкалық ойдың бейнелеушілігі.

Сондықтан, интонациялық-әуенді есту қабілеті – адамның музыканы қабылдау қабілеті, интонациямен ішкі сезімнің логикалық түрде қаумдасқаны, байланысқаны, біртұтастылыққа біріккен көркем бейнелердің түрлері.

Интонациялық - әуенді есту қабілеті іс-әрекеттің кездейсоқ, алғашқы кезіндегі түрлерінде қалыптасады (музыка тыңдаудан басталады) және музыкалық құбылысты қабылдау қабілетін дамытады (мектеп жағдайында), ал жоғары оқу процесінде - жоғары деңгейдегі дамулық, нәзіктілік, саққұлақ интонацияны-әуенді есту қаблеті талап етіледі.



... интонациялық-әуенді есту қабілеті орындаушылық әрекетте қалыптасады. Негізгі мәнерлеушілік құралдарының бірі – интонация, оны қалай сезінемін, оны қалай жеткіземін ... оған музыкалық-орындаушылық мазмұны жатады.

Орындаушылық әрекетіндегі музыка интонациялық - әуенді есту қабілеті интервалдарды алғыр қабылдауына байланысты. Ал әуенді интервал музыкалық жүрісіндегі үрдіс, қызу жұмысының шыңы (степень напряжения).



Қорытындыласақ, интонациялық-әуенді есту қаіблетінің кемелдігі, жаңа сапалығы - оқушылардың музыкалық-есту әрекетінің белсенділігі, оның қызу жұмысының шыңы, әсерленушілігі мен музыкамен шұғылдану белсенділігі. (Н.Дүкенбай, Г.Дүкенбай. Музыкалық психология, музыкалық білім беру психологиясы, музыкалық іс-әрекет психологиясы. / Оқу құрал. ПМУ. 2008. Б.14)
Идея, жүзеге асыру, өнер

«Идеялар өзінде музыкаға өмір сүрмейді; бізді қоршаған мәдениетімізге әсері, оған әрекеті. Идея бір рет дүниеге келгеннен соң, құпиясы ашылмайды... Талдау, талдауды жүзеге асыру, ол лабиринт, идеяны дүниеге әкелу байланысы...

Өнер – көп қырлы түсінік, шығармашылықта пайда болатын композитордың ойы. Өнердің бір бөлігін қабылдауы болжағышпен байланысты: шығармашылықты болжау, формамен жұмыс істеу, нақты шешімдерді жүзеге асыру... Өнер бір жағынан бұзушылық, ережені бұзушы, жаңа, жеке не ұжымды ережені табу, өзгерту мен ескі ережелерді қалыптастыру, оларға жаңа мағына мен бағыт беру...» - Булез П.
Музыка мазмұнының сипаты

«Субъективті ішкі әлем форма болады, осында музыканың мазмұнының тігілгені, өзінің қабылдауында бәрін, ішкі әлеміне кіру және де сезім формасына айналуы... Музыканың қатынас мақсаты сол, рухымыздың мазмұнының болмысы, ол сезімде ғана өмір сүреді – жалпы келбетінде не жаратылысына берілген – сыртқы бейне сияқты, ол жанды түрде субъективті ішкі өмірінің саласы. Осы кезде музыка барлық ерекше сезімінің кеңдігін көрсетеді: қуанышы, көңілі, күлкісі, құштарлығы, шабыты, жанының шаттануы, қайғысы, мұңы, қорқынышы, сағынуы т.с. ләззаттануы, махаббаты т.с. музыканың бейнелеушілік саласының ерекшелігі. Сондықтан музыканың дыбыстары айырмашылығының біртұтастылығы деуге болады, олар өз бетімен айырылады, қосылады, түрлі – түрлі үйлесімдерді қосады, қарама-қарсылық пайда болады. Осындай қарама - қарсылық, қосылу, үйлесу, түрлі жүрісі, көшуі, кіріспесі, дамуы – осының бәрі ішкі табиғаты, мазмұны, сезімі, оның формасы, жүрек пен рухының байлығы.



Музыкамен әсерленуі

Музыканың әсері, музыканың күші сезімнің терендігінде жатыр, музыка сезімде жатыр, ішкі сезімде, ішкі өзгерістерде – адамның ең нақты ортасы – жүрегі мен рухы... Музыканың қабылдауы, тыңдауы, орындалуы түрлі бағытта болса, түрлі әсерленуде болады... Музыканың күштілік қасиеті апатты күштілігінде, өнердің болу жағдайындағы дыбыстың апаттылығында. Осы дыбыс апаттылығы шығармаға еніп, оның әрекеті болады.

Мысалы, бедер салып қарқынды ырғақ – тактіні ұрып алғың келеді, әуенді әндетуге, ал би ырғағына – аяқтарым өздері билейді: жалпы субъект бұл тұлғаны баурап әкетеді. Керісінше, майда әрекетінде, бірқалыптағы ырғақ уақытында, басқадай мазмұны болмаса, бір жағынан қажет етеміз, осы майданы бейнелеуі, келесі жағынан, бұл бірқалыптыны нақты толтыруын сұраймыз. Мысалы, солдаттардың адымдауын музыкамен сүйемелдейді, ол музыка ішкі өмірді марш ырғағына күйлейді... Гегель Г.Ф.
Өнер әлеміндегі музыка

1. Музыкалық шығармашылықтың тарихи процесінде тууы іс-әрекетте ерекше орын алады... Ерекше орны неліктен, біріншіден, дыбыстың табиғылығы. Музыкадағы дыбыстың құндылығы оның акустикалық (ғимараттағы тілдің, музыканың естілуі), семиотикалық (белгілер, белгілер жүйесі туралы ғылым), эстетикалық (әсемдік, өнер туралы ғылым, жалпы көркем шығармашылығының заңдылықтары), көркемдік қасиетінде.

Екіншіден, ерекше тығыз, тікелей, өзіндік үйлесім байланысы адамның эмоциялық рухани өмірінің жағынан. Сондықтан, музыка эстетикасында музыканы «сезімнің стенографиясы», «эмоцияның тілі» дейді, оның дүниеге келгенін талдау барысында дыбыстың табиғатқа, адамның дыбыс тіліне еліктеуі емес деп дәлелдейміз.

Үшіншіден, сөзге қарамай ең тығыз байланыс адамның жүрісінде, ісінде, дене жүрісінде, биде. Қазіргі кезде осы байланыс дыбыс пен ымға байланысты эмоциялық процестің бейнелеу мүмкіншілігі.

2. Өнердің ерекшелігі – жалпы табиғат заңдылықтарының болуы – пластикалық–кеңістік, гравитациялық, тектоникалық (форма мен бөліктерінің қатынастары) қатынасындағы. Бірінші – рух мәнінің бейнелеушілік құралы ретінде. Материалды әлемді көркем көрсетудің екінші барысы – нақты өмір сүру формасының таусылмас байлығын білу.

Әлем көркемін меңгеру жолының бірі тікелей қарама-қарсылық: сыртқы әлемді ішкімен келбеттеу, материалдығын рух арқылы, осы жолмен сөз өнері мен музыка жүреді. Осы жолдар рух процесін, эмоционалдығын және ойлауын бейнелейді. Бейнелеушілік қандай да болсын өнердің мазмұнын көрсетеді; рухсыз мазмұн өмір сүрмейді, ал өнер әлемі бейнелеушіліксіз материалды заты ретінде кең пайдаланылады – архитектура да, музыка да көркемдік ерекшелігінің шындығында. Адам қарым-қатынасында дыбыстау рөлінде музыка туады және дамиды. Осы себептен дауыс әуенінде оның фонетикалық рөлінің механизмі басымды болады – дыбыс күштілігі, тембр (бояы) мен екпіні, ырғақтың өзгеруі т.с.с.



Музыкалық – интонациялық дыбыстау қатынас тәсілі, дыбыс бірлігін уайымдау бейнелейді, басқада да әсерлейді. Сондықтан, адамның табиғатқа қатысы емес, адам адаммен қатысы, бейнелеу өнерден айырмашылығы адаммен тікелей қатысы музыканың және әдебиеттің мазмұнының сипатын көрсетеді...

  1. ХХ ғасырдың басында психологтар эмоция теориясын «психология золушкасы (күлқызы)» деп атаған, эмоция ой сияқты әлем сыртын бейнелейді, объектілі – шынайы болуы және оның мақсаты білімшілік формасы емес, бағалау формасы, үйткені адамның шынайы қатынасын бекітеді...

Адам психикасының белсенділігі – рух, әлемге адамзат қатынасының ерекшелігін бейнелейді...

Адам өмірі рухының эмоциялық жағы музыканы тану, білу пәні, оның соңын субьектілі шынайы білімі тұр – ой әлемі, идеясы, адамның өмір туралы ойлауы, дыбыс тілін объектілі шынайы; музыка бір жағынан интелектуалды, философиялық көлемінде ойдың мазмұнын көрсетеді, ал басқа жағынан, бағдарламалы бола алады, ойластыру – бейнелеушілігі көрінеді.



  1. Музыка өзінің тарихи дамуында таза түрінде болады және поэзия, би мен актерлық өнерінің синтезінде... Басқа өнерлер сияқты адамның рухының өміріне сіңіп, басқа өнерді білуін қамтиды, осы кезде өзі де қалыптасады: ән, опера, балет, контата, мюзикл, музыкалық фильм музыкалық формасынан алыстау, оның ортасында аспаптық жанрлар және екі мағынасы бағынуы – музыка заңдылығына не басқадай ұқсас өнерге.

  2. Шындықты көркем меңгеруі және өнер мазмұнының субъектісі, бағалаулы, идея–бейнелеушілік алда жүруінде. Қосылып олар ерекшелікті талап етеді, көркем мазмұнды өнер арқылы табу, оның ерекшелігін формаға айналдыру. Әлемге өзінің қатынасын көрсету, оны эстетикалық, өнегелігін бағалау, кей уақытта саясат, діни көзқараспен қарастыру жалпы барлық өнерге де жатады... ерекше, нақты әлемді меңгеру көркем тәсілі арқылы... Мысалы, Шопеннің этюдтарының мазмұны, Рахманиннің прелюдиялары композитордың уайымдауынан шектелмейді, процесс ретінде қатынасы анықталады... – Каган М.С.


Ғылыми жұмыс қалай жазылады (жас музыкатанушыларға құрал ретінде)

Жас музыкатанушылардың іс-әрекеттерінің байқауы келесі ойды тудырады, жоғарғы оқу орындары арнайы білім береді, музыкадан көптеген хабардары бар маман, музыкатанушылықтан да біраз хабарлама алды, бірақ та ғылыми – ізденіс жұмысының техникасы жағынан әлдеде білімдері аздау. Сондықтан жас музыкатанушының көптеген сұрақтары туады, қалай жазамыз? неден бастау керек? Өзінің ғылыми жұмыс барысында, бірақ кешіректеу, анықталады: тақырыбы дұрыс емес, не тақырып әттең күрделі, қаншама уақыт, еңбегі далаға кеткен сияқты; тақырыбы жақсы болса да, күрделі, жинаған материалдарын талдауы қиындайды; жазылған аяқтау нәтижесін жазу кезінде сөз таба алмай, өз еңбегінің ғылыми тұрғыда көрсете алмайды т.с.с. Сондықтан «ғалым болмасаң да, ғылым кандидаты бола аласың» деген сөз пайда болады...

Өз ойыңды нақты, түсінікті, қарапайым жеткізе алсаң, еңбегіңді оқыған адам айтар алады: «Осы ғана ма? Бұл өте өңай екен ғой!». Бірақ, осындай жұмысқа орасан зор еңбек пен қызу жұмыс керек. Л.Н.Толстой



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет