Зейінділік бұл қазіргі уақытта орын алған тәжірибеге өз назарын мақсатсыз аудару тәжірибесі, дағды қалыптасады медитация немесе басқа оқыту.
Түйсік туралы түсінік, Түйсік түрлерін топтастыру.
Түйсік дегеніміз сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың және қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болатын мидағы бейне.
Қарапайым келген, бірақ та өте ерекше танымдық процесс түйсік деп аталады. Ол біздің өзіміздің организмімізде дәл осы сәтте не болып жатырғанын хабарлайды. Олар біздің қоршаған орта жағдайына икемделуімізге және өз іс-әрекетімізді жинақтауымызға мүмкіндік береді.
Түйсік әлем туралы біздің барлық білімдеріміздің алғашқы байлығы. Түйсік арқылы біз көлем, пішін, түс, температура, иіс, дәм, айналадағы заттар мен құбылыстар жайында әртүрлі дыбыстарды ұғамыз, қозғалыс, кеңістікті бағдарлауды дабілеміз. Түйсік күрделі психикалық процестерге – қабылдауға, ойлауға, қиялға материал береді. Егер адам барлық түйсінуден мұқтаждық көрсе, онда ол қоршаған әлемді танып біле алмайды.
Материалдық дүниедегі белгілі бір кезде адамның тиісті сезім органдарына әсер ететін заттар мен құбылыстардың жеке сапаларын белгілейтін қарапайым психикалық процесті түйсік деп атайды.
Түйсіктер заттар мен нәрселердің жеке қасиеттерін ғана миымызда бейнелейді.
И.В.Павловтың нерв қызметі туралы ілімі түйсіктердің пайда болуын анализатор (талдағыш) деп аталатын анатомиялық-физиологиялық нерв аппаратының жұмысына байланысты түсіндіреді.
Адамдар мен жануарларда көптеген анализаторлар бар. Олардың қай-қайсысы болмасын (көру, есту, қозғалыс т.б.) үш бөліктен тұрады.
1) Қабылдағыш прибор (лат. сөз. - рецептор). Сезім мүшесі сырттан келген тітіркендіргіштерді нервтік қозуға айналдыратын жер.
2)Қозуды рецептордан миға жеткізетін жалғастырушы нерв жолдары (талшықтары).
3)Үлкен ми сыңарлары қыртысындағы үлкен тиісті клеткалар.(мидағы түрлі нерв орталықтары).
Барлық анализатор бөлімдер біртұтас қызмет атқарады. Егер осы айтылған анализатордың үш бөлімінің біріне зақым келсе (мыс, көзге зақым келсе) сол түйсіну бұзылады. Адамда пайда болатын түйсікті үш топқа бөлуге болады. Бұл түйсіктердің ең үлкен тобы дененің сыртқы жағында болатын сезім органдарының қозуынан болатын түйсіктер – экстерорецепторлар. (көру, есту, иіс, дәм, тері түйсіктері жатады).
2.Ішкі сезім органдарынан (ішек, қарын, қан тамырлары) пайда болатын түйсіктер интерорецепторлар деп аталады. Мыс., ашығу, шөлдеу, органикалық түйсіктер.
3. Қозғалыстар мен дененің кеңістікте орналасуымен байланысты болатын қозғалыс түйсіктері кинестезиялық түйсіктер тобына жатады. Бұл қозғалыс түйсіктерінің рецепторлары – проприорецепторлар. Мыс., бұлшық ет, сіңірлер жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |