8. Сұлбамен, картамен, глобуспен жұмыс істеу. Картографиядан сауатты болу, картографияның шартты белгілерін ұғыну деген сөз. Бағдарлама бойынша картамен, сұлбамен, глобуспен мынадай жұмыстар көрсетілген. Кубтың, столдың сұлбасын сызу, масштаб туралы ұғым, сұлбаның суреттен айырмашылығы. Шартты белгілер мен географиялық сұлбаны оқу, карта оның масштаб және шартты белгілер бойынша айырмашылығы. Көкжиек тұстарын анықтау, жергілікті жердің қашықтығын өлшеу.Бастауыш сыныпта карта тек көрнекі құрал ғана емес ең алдымен білімінің қайнар көзі болып табылады. Мұғалім картаның шартты белгілерін масштабтан тыс берілгенін көрсетеді. Қабырғадағы картамен танысқанда 1:5 мил 1см 50 км жерді алып жатырғанын анықтайды. Оқушылар картадан көкжиектің аралық тұстарын анықтауға болады. 1 сабақта көп атауды беруге болмайды. Мұғалім объектілерді көрсетуден бұрын ол туралы әңгімелер суреттегі картиналардан көрсетеді. Мұғалім картинадан көрсеткенде оқушылар өздерінің столындағы картадан табады. Кескін картамен жұмыс істеуде физикалық картамен салыстырады. Оны кескін картадан тауып атауларды баспа әріппен жазады. Бастауыш мектепке арналған карталар ашық түспен боялған атаулары көп берілмейді. Бастауыш мектепте қолданылатын карталар: физикалық жарты шарлар, Қазақстанның тарихи аймақтарының картасы.
Картадан көрсету ережелері: Мұғалімнің картадан көрсету кезінде картаны жауып қоймай көрсеткішінің ұзындығы 50 см болуы керек (жоғарыда демей - солтүстікте, төтенде демей – оңтүстікте).Атаулардың бәрін айқын, екпінді дұрыс түсіре және бұрмаламай айту жөн болады. Мұғалім жер пішінің сипаттай келіп глобуспен жердің модулімен таныстырады, глобус жердің формасы, оның беті құрлықпен су кеңістігінің бейнесі полюстер, экватор, жер шарын жарты шарға: солтүстік және оңтүстік, батыс және шығысқа бөлу туралы түсінік береді.