Педагогика ғылымында тәжірибе жасау ерекше орын алады. Басқа ғылымдармен салыстырғанда, педагогикалық практикада бірнеше эксперименттік жұмыстарға бірдей жағдай жасау мүмкін емес


Ойлаудың негізгі формалары: ұғым, пікір, ой қорытындылары



бет105/142
Дата25.01.2022
өлшемі290.91 Kb.
#454803
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   142
Өзің өзі тану сабақтар

Ойлаудың негізгі формалары: ұғым, пікір, ой қорытындылары.

Ойдың бастапқы формасы болып ұғым есептеледі. Ұғым дегеніміз заттар мен құбылыстар туралы ой. Ұғымда заттардың жалпы және негізгі қасиеттері бейнеленеді. (Мәселен, мектеп, оқушы, мұғалім т. б. әр текті ұғымдар). Адам ұғым арқылы дүниедегі заттар мен құбылыстарды (жеке, дара, жалпы жинақтай) ӛзіне тән белгілерін, байланыстарын, қатынастарын миында сәулелендіреді. Ұғымда адам жеке заттардың ғана бейнелерін елестетумен тынбайды, ол сол заттардың мазмұнын ашып, ішкі байланыстарын танып-біліп отырады. Ұғым елестеулерге қарағанда мағыналы, терең жәнс ықшам болып келеді. Ұғымдар дара және жалпы болып бӛлінеді. Мәселен, «Ақтау қаласы», «Абай Құнанбаев» дара ұғым болса, «қала», «адам» т. б. жалпы ұғым болады. Кейде жинақтаушы ұғым да болуы мүмкін. Мәселен, «мәжіліс» (депутаттар мәжілісі ), «кітапхана» (балалар кітапханасы) т. б. Бала мектепке келгесін ғылыми ұғымдарды меңгере бастайды, оның білім, дағдыларының түсуі ғылыми ұғымдардың негізін меңгере білуге қолайлы жағдай туғызады. Әрбір ұғымда белгілі мазмұн болғандықтан, ол ұғымды бірден меңгеру оңай емес. Бұл үшін ойлау тәсілін меңгере білу қажет. Шындықтағы заттардың қарапайым байланысы пікірлерден кӛрінеді. Пікір - бұл бір зат туралы мақұлдау не оны бекерге шығаруда кӛрінетін ойлаудың формасы. Пікір ақиқат және жалған болып бӛлінеді. Мәселен, «Ақтау - әдемі, жас қала» десек, бұл шындыққа сай ақиқат пікір болады да, ал «Қасқыр қауіпті аң емес» десек, бұл жалған пікір болып табылады. Әрбір пікірде үш бӛлім болады. Олар: бастауыш, баяндауыш және байланыс. Мәселен, жоғарыда келтірілген пікірде: «Ақтау» - логикалық бастауыш. «Әдемі, жас қала»- логикалық баяндауыш. Байланыс сӛздер («деп», «дегеніміз», «айтамыз» т. б.) пікірде кӛбінесе айтылмай, тек ойға алынып отырады. Пікір грамматикада сӛйлем делінеді. Пікір де ұғым сияқты тек тілдік материал негізінде, тілдік терминдер мен сӛйлемдердің негізінде ғана туып, ӛмір сүре алады. Пікір мен сӛйлем бір-бірімен тығыбайланысты. Ӛйткені бұл екеуінің негізгі мүшелерінің мазмұны біреу. Пікірлердің әр түрін, оның оныңерекшеліктерін логика ғылымы жан-жақты қарастырады. Психология, негізінен ойлау формасы ретінде пікірдің мазмұнын зерттейді. Ойлаудың формаларының бірі – ой қорытындысы. Ой қорытындылары дегеніміз бірнеше пікірлерден жаңа бір пікір шығару тәсілі. Қорытынды шығару үшін оларды белгілі тәртіпке бір-бірімен байланыстыруымыз қажет. Катар тұрган кездейсоқ пікірлерден ой қорытынды шықпайды. «Жаңбыр жауды», «Қоңырау соқты» деген екі пікірдің арасында ешбір логикалық байланыс жоқ. Сондықтан, бұл екі пікірден үшінші жаңа бір пікірдің тууы мүмкін емес. Ой қорытындысының үш түрі болады: дедукциялық, индукциялық, және аналогиялық ой қорытындысы деп аталады. Индукция дегеніміз жалпыдан жекеге қарай жүретін ой қорытындысы. Мәселен, «ағаш жанады, кӛмір жанады, қағаз жанады» деген жеке пікірден «барлық органикалық заттар жанады» жалпы ой қорытындысы жасалады. Дедукция - жекеден жалпыға қарай жасалатын ой қорытындысы мәселен, «Барлық тірі организмдер оттегі жоқ жерде тіршілік ете алмайды, ал балық тірі организмнің бірі, олай болса балық оттегі жоқ жерде тіршілік ете алмайды» деген жеке ой қорытындысына келеміз. Индукция мен дедукция ойымызда қатарласа жүріп отырып, бірінсіз бірі болмайды. Аналогия дегеніміз - ұқсастық бойынша ой қорытындыларын жасау. Мәселен, И.Ньютон бүкіл әлемдік тартылыс заңын тапқанда, ой қорытындысының осы түріне сүйенген. Ол жер үстіндегі денелердің қозғалуы,

әсіресе, құлауы мен аспан денелерінің қозғалуы арасындағы ұқсастықты

түсіндіруде аналогияны келтірді. Аналогия осындай ғылыми гипотезаның

бастамасында елеулі роль атқарады. Ой қорытындылары адамды мәселені теріс шешуге де әкелуі

мүмкін.Сондықтан ол практика мен табылған шешімдерді басқа белгілі

фактілермен жан-жақты салыстырулар кӛмегімен үнемі тексеріп отыруды

қажет етеді. Егер, студент қыз қиын емтиханды сәтті тапсыруға үстіне киген

жасыл көйлегі бірден-бір себеп болады деген ой қорытындыға келіп, осы

«құтты» көйлегіне сеніп келесі емтиханға да дайындалмай барса, практика

оның жасаған ой қорытындысының қате екендігін көрсетеді. Өйткені, көйлек

пен емтихандағы жетістік бір – бірімен себептік байланысы жоқ, тек қыздың

тәжірибесінде кездейсоқ дәл келген екі шарт қана.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   142




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет