Педагогика ғылымында тәжірибе жасау ерекше орын алады. Басқа ғылымдармен салыстырғанда, педагогикалық практикада бірнеше эксперименттік жұмыстарға бірдей жағдай жасау мүмкін емес


Ерік туралы түсінік. Күрделі еріктік амалдар. Адамның ерік сапалары. Балада еріктің дамуы және оны тәрбиелеу



бет113/142
Дата25.01.2022
өлшемі290.91 Kb.
#454803
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   142
Өзің өзі тану сабақтар

Ерік туралы түсінік. Күрделі еріктік амалдар. Адамның ерік сапалары. Балада еріктің дамуы және оны тәрбиелеу.

Ерік – бұл адамның өз мінез-құлқы мен іс-әрекетін саналы түрде басқара білуі. Ол мақсатқа жетудегі кедергілерді жеңуге көмектеседі. Кедергілер қаншалықты көп болса және адамның мақсатқа жетуге деген құштарлығы күшті болған сайын, ерік әрекетте бұлшық еттік және жүйкелік қысымның соншалықты жоғары болғандығын талап етеді. Бұл қысымды адам, ерікті күш жұмсау ретінде бастан кешіреді. Ерік жігерлік қысым жағдайын адам өз әрекетін, тежеу және өзінің басқада сырттай сезімдерін білдіруден тежелу кезінде де бастан өткізеді. Табандылық, қалауыңнан бас тару, қоғамдық мәні бойынша анағұрлым жоғарғы мотивтерге төтеп беру де ерікті қысымды, күш жұмсауды, яғни шынайы ерікті әрекетті талап етеді.

Ерік-жігерді тәрбиелеуде баланың жеке басын жақсы тани білу, оның әрекетінің негізгі мазмұнын түсіну, осыған орай тиісті тәрбие тәсілдерін қолданып отыру қажет болады. Бұл үшін тәрбиеші баланың ақыл-ой әрекетін өсіру, оны тәртіптілікке үйрету, өз еркін ұжымға бағындыра алу, жақсы әдеттерге машықтандыру, ұлы адамдардың өнегелері мен істеріне еліктеу, дене шынықтыру мен спортқа әуестендіру, дүниетанымы мен сенімін қалыптастыру сияқты жұмыстарды ретіне қарай жүргізіп отыруы тиіс. Ерік тербиесінің мақсаты – еріктің жеке сипаттарын дамыту ғана емес, жеке сипаттарды орнықтырып, адамның меншікті қасиетіне, даралық сапасына айналдыру. Жеке адамның меншікті сапасы, мінезінің қасиеті болады. Сондықтан еріктің тәрбиесі мінездің сапасын да дамытып, қалыптастырады. Ерікті дамыту ерік сапасы жоғары кісілердің үлгі-өнегесі әсер етеді. Өнегелі үлгіге бала да, үлкен де еліктейді. Өзінің әрекет, қылығында еріктің биік сапалы үлгілерін балаларға көрсету — ата-ананың, тәрбиешінің, мұғалімнің ардақты міндеті.Ерік күші. Еріктік әрекет азды-көпті қиналу жағдайында өтеді. Осындай жағдайда ерік күші көрініс береді. Ол мақсатты орындауға немесе одан бас тартуға жүмсалған қуат көлемімен сипатталады. Мысалы, бір оқушы үшін математикадан үйге берілген тапсырманы орындауға үлкен күш жұмсаудың керегі болмайды, ал екінші оқушыға тапсырманы орындау үшін біраз еңбектеніп,,«терлеуге» тура келеді. Бірінші және екінші жағдайда да күш жұмсалады, бірак олардың шама-шарқы әр түрлі. Ерік күшін жүмсаудың әр түрлі дәрежеде болуы барлық іске даярлығы да, құлқы да бірдей болмағандықтан бір адамның өзінің бойында да кездесе береді.Ерік күшін жүмсау еріктік әрекеттің мақсатты аңғару, шешім қабылдау, тәсіл таңдау және шешімді практика жүзінде орындау сияқты ерік актыларының бәрінде де бар. Бірақ ол киыншылықтарға байланысты туады. Кедергілер санада бейнелене отырып, қиындық жағдайларды туғызады, одан қиындықты жеңуден бас тарту, яғни мақсаттан бас тарту, немесе ерік күшін жүмсай отырып, практикалық әрекетпен жеңу арқылы ғана қү-тылуға болады. Қиындық барлық ,кезде де бір-біріне сай келетін толғаныс пен ерік күшін туғыза бермейді. Кейде шын “мәнісінде шағын, болмашы кедергілердің өзі көп толғануды едәуір ерік күшін жүмсауды керек етеді. Мысалы, жас бала таныс адамдардан барып керекті нәрсені сүрап алғысы келмей, тартыншақк-тайды. Бұл, әрине, жай ғана әрекет. Оңай болғанымен ол алда түрған кездесу, сөйлесу кезіндегі кеңіл күйінен, «бермей қояр ма екен» чдеген күдіктен туатын, психологиялық кедергіні, ұялуды жеңу үшін, едәуір ерік күшін талап етеді. Бұл жерде қиындықтардан туатын субъективті кеңіл күйі іс жүзіндегі нақты кедер-гілерге сай келмей отыр.Психологиялық зерттеулөр көреетіп отырғанындай, ерік күшінің мықтылығы, оның беріктігі көпжағдайларға байланысты болады. Ең алдымен, жеке адамның дүниетанымы, идеялық бағыты және оның шешетін мәселесінің қоғамдық мәні туралы айтқан жөн. Бұл элементтер ерік күшімен тікелей байланысты. Жеке адамның моральдық беріктігі маңызды фактор болып есептеледі. Мәселен, жауапкершілігі мол адамнан ерікті жұмылдырудың жоғары дәрежесін-мақсатқа жету жолында бар күші мен қуатын сарқа жүмсайтынын байқауға болады. Жауапкершілігі жоқ адам көп жағдайда іске бұлайша берілуге қабілетсіз.Әрекет пен оның нәтижееіне деген бағыт-бағдар сияқты фак-торды да атап өту керек. Әрекетті «қалай болса солай орындай салуды» бағдар түту ерікті күшті етпейді. «Аса жоғары сапаны бағдар тұту жағдайды шиыршықтыра түседі.Ерік күшінің мықтылығы темперамент типіне де байланысты. Холерик, саіггвиниктер үлкен шиеленісті жағдайда да тезе білсе, меланхоликтерде мұндай ерекшеліктер шамалы.Ерік күші қиыншылықтардың, ауыртпалықтардың пайда болуы және артуына қарай туып, күшейіп, отырады. Бірақ кейде адамға әрекетті бастау қиын. Ол күдіктен арыла алмайды. Мұндай жағдайда белгілі бір сигналды қолданудың пайдасы тиеді. Мәселен, спортшы жарыс бәсекесін үшке дейін санап, қолын кетеріп, өзіне өзі бұйрық бергеннен кейін бастайды.Ерік кушін реттеу іштей немесе дауыстап сөйлеп қостау көмегімен жүзеге асырылады. Адам өзіне өзі кеңес береді, бұйырады, мадақтайды, қолдайды. «Батылдау бол», «Жасқанба», «Рухың түспесін», «Тағы да аздап төзіңкіре» деген сөздер әркімге-ақ таныс. Оларды адам өзіне өзі өте қиын минуттарда, жағдай әбден шиеленіскен кезде айтады.

Күрделі еріктік әрекеттер келесі этаптардан тұрады:



  1. мақсатты түсіну.

  2. мақсатқа жетудің бірнеше мүмкіндіктерін түсіну.

  3. мотивтер күресі.

  4. бұл мүмкіндіктердің нақтылаушы және жоққа шығарушы мотивтердің пайда болуы.

  5. шешім ретінде біреуін қалылдау.

  6. қабылданған шешімді жүзеге асыру.

  7. қабылданған шешімді жүзеге асырудағы сыртқы бөгеттерден жеңу.

Адамның ерік сапалары.

  • мақсатқа ұмтылыс;

  • принциптілік;

  • дербестік;

  • инициативалық;

  • шешім қабылдағыштық;

  • табандылық;

  • ұйымдасқандық;

  • батылдық;

  • тәртіптілік.

Күрделі еріктік әрекеттер көбінесе үзақ мерзім ішінде жүзеге асады. Бірақ шапшаң әрекетті қажет ететін жағдайлар да аз кездеспейді. Ондай кезде ерік әрекеттерін буынға бөлу қиын. Олар тұтасып кеткендей болады.Мақсатты аңғару, шешім қабылдау, мақсатқа жету жолдарын табу практикалық әрекет төңірегінде жүзеге асады. Бір қарағанда, бүкіл ақыл-ой жүмысы дене жұмысымен қатар жүріп жатқандай болып көрінеді. Бірақ, бұл олай емес. Санамен аңғарылған еріктік әрекетте бейне, ой аз ғана болса да атқару бөлімінен бүрынырақ жүреді. Қимыл мүшелері санада бейнелендірілген, ассоциациялық жолымен ми қыртысының қимыл учаскесіне берілгендерді жүзеге асырады. Бұдан кейін қимыл (әсіресе дағдылысы) сананың мұқият бақылауынсыз-ақ жүзеге асады. Санада, қимыл мүшелеріне беріліп отыратын, жаңа ассо-циациялар қүрылады жаңа мазмүн туады. Бұл, программаны (мақсатты) толық жүзеге асырғанға дейін осылай бола береді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   142




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет