Педагогика ғылымында тәжірибе жасау ерекше орын алады. Басқа ғылымдармен салыстырғанда, педагогикалық практикада бірнеше эксперименттік жұмыстарға бірдей жағдай жасау мүмкін емес


көлеміндегі және көп таңбалы сандарды ауызша қосу мен азайтуды оқыту әдістемесі



бет125/142
Дата25.01.2022
өлшемі290.91 Kb.
#454803
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   142
Өзің өзі тану сабақтар

100 көлеміндегі және көп таңбалы сандарды ауызша қосу мен азайтуды оқыту әдістемесі

100 көлеміндегі сандар 1-2 сыныпта оқылады, 1-сыныпта толық ондықтар, жүз, ал 2-сыныпта екі таңбалы сандарды оқуға, жазуға, салыстыруға үйренеді.

Тақырыптың міндеттері:



  1. Оқушылардың жаңа есептеу бірлігі – ондықпен таныстыру;

  2. Натурал сан ұғымымен таныстыру, 10 бірлік – 1 ондық құрайтынын меңгерту;

  3. Толық ондықтар қатарымен және оларға 10-ды қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру;

  4. Екі таңбалы сандарды оқуға, жазуға, салыстыруға үйрету; 100 санын жазуға үйрету; 100 көлеміндегі ең кіші, ең үлкен санды анықтауға үйрету;

  5. Сан мен цифр арасындағы айырмашылықты меңгерту, цифрдың орындық мәні;

  6. Нумерациялау негізінде 2 таңбалы сандарды қосу, азайту біліктерін қалыптастыру;

  7. Шама тақырыбын нөмірлеу тақырыбымен байланыстырып қарастыру.

  8. «Жүздік» тақырыбында: оқушылар жаңа санау бірлігі – ондықпен және санау жүйесінің ең маңызды ұғымы – разряд ұғымымен танысады; ауызша және жазбаша нөмірлеудің негізін құрайтын екі таңбалы сандардың жасалу, оқылу, жазылу принциптері, сондай – ақ оларды салыстыру қарастырылады.

  9. Бұл тақырыпты оқытудың негізгі нәтижесі ретінде: 100-ге дейін санауды, сандарды оқуды, жазуды және толық ондықтармен санауды үйренуді; разряд, разрядтық сандардың қосындысы: бір таңбалы, екі таңбалы сан; бірлік, ондық терминдерін игеруді атауға болады. Мұнда алдымен 10 көлеміндегі сандарды қайталай отырып, жекелеген бірліктерден ондық құралып, толық ондықтармен санайды, яғни 10 бірлік – ондық.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   142




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет