18. Оқыту заңдылықтары туралы ұғым. Оқыту принциптері.Оқытудың ғылымилығы, түсініктілігі, жүйелілігі, теорияның практикамен байланысы т.б.принциптері.
Оқыту заңдылықтары арқылы оқыту процесі іске асады. Құбылыстар мен процестер арасындағы байланысты дамытудан заңдылық туындайды.
Оқыту процесінің заңдылықтары:
1. Қоғам талабы оқытудық мақсат-міндеттерін айқындайды, оның мазмұны, әдіс-тәсілдері, ұйымдастыру нысандарының өзгеруі, жаңаруы заңды процесс.
2. Білім беру, тәрбие, дамыту қызметінің бірлігі.
3. Кез келген ақпарат бірлігі, іс-әрекет тәсілі білім, іскерлікке айналу үшін мұғалім оқушының санасындағы білім, іс-керлік, дағды деңгейіне сүйену керек.
4. Дидактика заңдылықтарының ерекшелігі - оқыту процесінің бөліктері - оқытушы іс-әрекеті (оқыту), оқушы іс-әрекеті (оқу), білім мазмұны арасындағы тұрақты төуелділіктер. Оқыту оқушының белсенді іс-әрекеті арқылы жүреді. Кез кел-ген оқыту оқытушы мен оқушы және білім мазмұнының мақсатты түрде бір-біріне ықпал етуі арқылы жүзеге асады.
5. Жеке адамды үйрету тек іс-әрекет жасату арқылы мүмкін болады.
2. Принциптер мен ережелер туралы ұғым. принцип - латын сөзі, қазақша негіз деген сөз. Оқыту принциптері - мұғалім мен оқушылардың жұмысын реттеп отыратын ережелер. Сондықтан ол барлық пәндерді оқытқанда қолданылады. Оқыту принциптеріне сәйкес оқытуға қойылатын талаптар тұжырымдалады. Оларды орындаған мұғалім өз еңбегінде жақсы табыстарға жетеді.
Оқыту принциптерінің жүйесін тұңғыш ұсынған Я.А.Каменский. Ол адам табиғаттың бір бөлігі болғандықтан, оқыту да табиғат пен адам тәуелді болатын заңдарға байланысты екенін дәлелдейді. Сондықтан оның пікірінше, оқытудық ең басты принципі - табиғатқа сай болу принципі. И.Г.Песталоцци оқытудың көрнекілік принципін ерекше бағалап, оны логикалық ойлауды дамытатын маңызды құрал деп санаған. К.Д.Ушинский оқытудық халықтық сипатына баса назар аударып, оқытудың принциптерін психологиялық тұрғыдан қараған. Ы.Алтынсарин оқыту ережелерін қазақ мектептеріндегі білім берудің ерекшеліктеріне байланысты қолдану керектігін айтқан.
1927 жылғы педагогикалық энциклопедияда педагогика ғылымы мен мектептің жетістіктері жинақталып, "принцип" сөзіне анықтама берілді: мақсаты, құралды таңдауға негіз болатын ой.
А.П.Пинкевич ұсынған принциптер: оқытудық өмірмен және қоғамдық еңбекпен байланысы; жас ерекшелігі принципін сақтау; оқытудық белгілі бір жас кезеңіндегі оқушылардың даму деңгейіне сәйкес болуы (оқушылардың күш жігерін дамуға жұмсау, жұмыстың жүйелілігі, шығармашылық - қызығушылықтың басты негізі); пән мазмұнының ерекшеліктерін, әдістерін аньщтау. Ол "Оқыту принципін дидактиканың түғырлы ережелері, оқыту процесіне қойылатын негізгі талаптар" - деп тұжырымдалады.
Н.Медынский ұсынған принциптер: ғылым негіздерін жүйелі меңгеру; білімді саналы меңгеру; теорияның тәжірибемен байланысы; тәрбие беретін оқыту; оқыту әдістерінің алуан түрі; жалпы және политехникалық білімі.
3. Оқытудық ғылымилығы. Ғылыми таным дегеніміз - құбылыстың мәніне өту, сырттай суреттеумен шектелмей, оның ішкі құрылымын тану. Мысалы, ағаштың сыртқы түрінен оның ішкі құрылымын, көбеюін, зат алмасуын білу. Ғылымилық принципі оқушыларға ғылымда ашылған білімдерді меңгертуді талап етеді, сондьщтан оқу жоспарлары мен бағдарламаларына ғылыми білімдер енгізіледі. Оларды меңгерту үшін пәнаралық байланыстарды қолдану керек.
Шарттары:
• педагогиканың, психологияның, озың тәжірибенің жетістіктерін қолданып оқыту. Педагогикалық еңбектіғылыми түрде ұйымдастыруға берілген нұсқауларды орындау;
• индуктивтік және дедуктивтік тәсілдерді қолдану;
• жаңа ұғымдарды жүйелі түрде қайталау;
• ғылыми таным әдістерін қолдану. Оқушыларды іздендіру, шығармашылық жұмыспен айналыстыру;
• жаңа ұғымдарды бір рет түсіндірумен шектелмеу;
• оқушыларды көрнекті ғалымдардық өмірі және қызметімен таныстыру;
• жаңа ғылыми терминологияны қолдану;
• оқушының оқуында жаңалық ашуына, оған қуануына мүмкіндік беру;
• жалған сөйлемеу.
4. Оқытудық бірізділігі және жүйелілігі. Бұл принциптің ғылыми ережесі: оқушының білімі берік болу үшін оның санасында қоршаған дүние жақсы бейнелену керек. Ол үшін ғылыми білімдер жүйелі және оқушылардың танымдық мүмкіндіктеріне қарай беріледі. Жеке бөліктерден тұратын оқыту процесі оқушылардың білімді меңгеруіне көмектеседі. Дағдыларды қалыптастыру үшін жаттығулар, ақыл-ой тәрбиесін беру үшін қисынды ойлау тәсілдерін талап ететін жұмыстар жүргізіледі. Әйтпесе дағды жойылады, оқушы дұрыс ойлай алмайды, дамуы нашарлайды.
Шарттары:
• оқушыларға білімді меңгерту үшін сызбаларды қолдану. Оқу материалын бөліктерге бөліп, оларды рет-ретімен түсіндіру;
• оқыту мазмұнындағы, тәсілдеріндегі жүйені бұзбау;
• пәнаралық байланыс тұрақты түрде қолдану;
• оқушылармен бірге тірек-конспектілерін, сызбасын жасап, білімді есте сақтауды жеңілдету;
• оқушылардың қателерін әдеппен түзету;
• оқушыны өз қатесін талдауға үйрету;
• оқушылардың даму заңдылықтарын, ақыл-ой белсенділігін көтеру жолдарын білу;
• баланың жасы мен қабылдауын ескеріп, тапсырмалар беру;
• жүйелі білім есте жақсы сақталады.
5. Саналылық және белсенділік принципі. Өз бетімен меңгерілген білім санаға жақсы сіңеді. Білімді саналы меңгеруге оқу желісі, өз бетімен жұмыс, белсенділік, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, оқушының танымдық іс-әрекетін басқару, мұғалімнің әдіс-құралдары көмектеседі. Оқушының өзінің танымдық белсенділігі оқытура аса қажет жағдай және оқу материалын терең және берік түсінуге орасан зор ықпал етеді.
Шарттары:
• жұмыстың нақты мақсаты мен міндеттерін білу;
• түсінікті етіп оқыту;
• танымдық іс-әрекеттің барлық түрлерін қолдану;
• талдау, жинақтау, индукция, дедукция, салыстыру әдістерін қолдану;
• әрбір ережеге мысал келтіру;
• негізгіні түсіндіруге назар аудару;
• оқушыларды сабақтан алаңдататын жағдайларға жол бермеу;
• "Неге?" деген сұрақты көп қойып, оқушыны дамыту;
• дәйекті дәлелдермен оқыту;
• дидактикалық ойын, пікір талас, ұжымдық шығармашылық істі қолдану, т.б.
6. Теория мен тәжірибенің байланысы. Бұл принцип классикалық философияның өмір, тәжірибе таным көзі деген ережесіне сүйенеді.
Өмір және тәжірибе балаларға дұрыс бағыт береді, белсенді іс-әрекетке өзірлейді. Еңбек тәрбиесі жеке тұлғаны қалыптастырады. Оқытудық өмірмен, теорияның тәжірибемен байланысы-ның жақсы болуы білім мазмұнына, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға, оқыту нысандары мен әдістеріне, еңбекке және поли-техникалық әзірлікке берілген уақытқа, оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты.
Шарттары:
• мектепте оқылатын ғылыми білімдердің керектігін қоғамдық-тарихи тәжірибе арқылы дәлелдеу. Оқушы оқу тіршілікке керек екенін түсінетіндей етіп оқыту;
• "Білім — өмір" байланысы, өмірден алынған мысалдарды талдау. Өлкетіну мәліметтерін қолдану;
• балаларға қазіргі жаңа технологиялар, өндірістік қатынастар, еңбектің жақсы әдістері туралы әңгімелеу және тікелей таныстыру;
• оқушылармен бірге өмірден алынған есептер мен жаттығуларды орындау, оқулықтың мәліметтерін өмірден алынған мәліметтермен толықтыру;
• еңбекті ғылыми ұйымдастыруды оқу процесіне енгізу;
• ақыл-ойіс-әрекетін тәжірибе мен байланыстырып, білімнің 80-85% тәжірибе арқылы меңгерілетінін есте сақтау.
7. Көрнекілік принципі. Бұл ертеден қолданылып келе жатқан принцип. Оның негізіне мынадай ғылыми заңдылық жатады: сезім мүшелері сыртқы тітіркендіргіштерді түрліше қабылдайды. Ең сезімталы - көру мүшелері; Олар арқылы миға енетін ақпараттар оқушылардың есінде жақсы сақталады. Кейбір заттарды есте сақтау көрнекіліксіз мүмкін емес.
Шарттары:
• балалардың ақыл-ой жұмысы үшін формалар, бояулар, дыбыстар керек екенін естен шығармау;
• көрнекілікті мәселелі жағдаяттар туындату үшін қолдану;
• көрнекі құралдық оқылатын зат және құбылыс туралы анық және дұрыс түсінік алуға көмектесуі;
• оқушылардың бақылауын жүйелеп, құбылыстардың себептерін, салдарын анықтату;
• көрнекіліктің алуан түрін қолдану, біраң көп көрнекілік қолданбау, өйткені балалардың назары басқа жаққа ауып, негізгіні түсіне алмай қалады;