Педагогика ғылымында тәжірибе жасау ерекше орын алады. Басқа ғылымдармен салыстырғанда, педагогикалық практикада бірнеше эксперименттік жұмыстарға бірдей жағдай жасау мүмкін емес


Тәрбиенің принциптері. Тәрбиенің идеялылығы мен мақсаттылығы. Жас ұрпақты іс-әрекет пен қарым-қатынас арқылы тәрбиелеу



бет32/142
Дата25.01.2022
өлшемі290.91 Kb.
#454803
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   142
Өзің өзі тану сабақтар

28. Тәрбиенің принциптері. Тәрбиенің идеялылығы мен мақсаттылығы. Жас ұрпақты іс-әрекет пен қарым-қатынас арқылы тәрбиелеу.
Принцип дегеніміз - адамның нақты іс -әрекетінде өзі басшылыққа алатын алғы шарты, негізгі ережені бейнелейді. Тәрбие принциптері тәрбиеші басшылыққа алуға тиісті тәрбие процесінің

жалпы заңдылықтарын бейнелейтін бастапқы ережелер.Тәрбиенің принциптері - педагог басшылыққа

алатын тәрбие процесінің мазмұны мен іске асыру жолдарын айқындайтын бастапқы ережелер,

алғышарттар, талаптар мен қағидалар жиынтығы, негізгі талаптарды айғақтайтын жалпы бастау тұжырымдары.

Тәрбиенің идеялылығы мен мақсаттылылығы принципі. Кез-келген тәрбие жұмысының құндылығы оқушылар ұжымының идеялық өмірін байытумен, оқушылар санасын ғылыми білімінің дұрыстығына берік сендірумен, қоғамдық-саяси белсенділігін, жоғары моральдық және азаматтық сапаларын қалыптастырудағы ықпалымен бағаланады .

Мақсатсыз тәрбие жақсы нәтиже бермейді. Өйткені тәрбие әдістері олардың мақсаттарына байланысты. Осыған орай, әрбір баланың және ұжымның ерекшеліктерін есепке алып, мұғалім тәрбие жұмыстарының формаларын, мазмұнын, әдістерін іріктеп алады. Оқыту мен тәрбие жұмыстарын осындай мақсатпен ұйымдастыру мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеттерінің үнемі жоспарлы түрде өтуіне игі әсер етеді.



Жас ұрпақты іс-әрекет пен қарым-қатынас арқылы тәрбиелеу - балаларды ақыл-ой әрекетімен қатар іскерлік пен пысықтыққа машықтандыру, өнімді еңбек етуге бейімдеу, ата-ана мен бала, Тәрбиеші мен тәрбиеленуші, үлкен мен кіші арасынғы қарым-қатынасты өзара сенімге, қайырымдылыққа, имандылыкқа, бір-біріне сый-құрметпен қарауға негіздеу, тәрбие барысында психологиялық жайдарылық, үйлесімділік ахуал туғызу, жас азаматтың өзіне сенімін арттыру, қамқоршылық сезімін дамыту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   142




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет