Педагогика ғылымында тәжірибе жасау ерекше орын алады. Басқа ғылымдармен салыстырғанда, педагогикалық практикада бірнеше эксперименттік жұмыстарға бірдей жағдай жасау мүмкін емес


Дағды, икемділік және бейімділік. Іс-әрекетте дағды мен икемділікті қалыптастыру



бет86/142
Дата25.01.2022
өлшемі290.91 Kb.
#454803
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   142
Өзің өзі тану сабақтар

Дағды, икемділік және бейімділік. Іс-әрекетте дағды мен икемділікті қалыптастыру.

Икемділік – адамның қандай нәрсені болмасын орындай білу қабілеті.
Ол түрлі дәрежеде көрінеді. Икемділік білім мен тәжірибеге негізделген. Кімнің білімі мен тәжірибесі көбірек болса, сол адамның икемділігі де артық болады. Икемділік – білімнің амалға айналуы, сол амалды жүзеге асырудың тәсілі. Ол саналы әрекетті қажет етеді. Икемділік – адамның іс-әрекеттің белгілі түріне (сурет, музыка) ұмтылысынан, ынтықтығынан көрінеді. Көбінесе, мұндай талпыныс көзге ерте түседі, іс-әрекетке берілу тіпті өмірдің қолайсыз кезеңдерінде де байқалады. Икемділік болған жағдайда әрекетке деген зор ынталылық қана емес, шеберлікті шапшаң игеру, елеулі нәтижелерге жету байқалады. Икемділікте адамның табиғи және жүре пайда болатын қасиеттері сомдалып көрінеді. Ол еңбек процесінде, тәрбие жағдайында дамып жетіледі.[1]Дағды - автоматты түрде жасауға дейін жеткізілген әрекет; көп рет қайталау жолымен қалыптасады. Оқыту процесінде, әсіресе, жалпы оқу дағдыларын, пәнаралық мәндегі, жазу дағдыларын қалыптастыру қажет.[1]
Дағды — алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс-әрекет бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде автоматталынуын дағды деп атайды. Дағды санасыз қайталау нәтижесінде де қалыптасатын іс-әрекет болуы мүмкін. Соның нәтижесінде ол автоматталған әрекетке айналып, оңай, шапшаң әрі дәл орындалып отырады. Дағдының физиологиялық негізі — динамикалық стереотип. Мысалы, алғаш жазып үйрене бастаған бала бастапқы кезде өзінің барлық қозғалыстарын санасымен бақылап, көптеген артық қимылдар жасайды (оның бет әлпеті, бүкіл денесі, аяқ-қолы бір мақсатқа бағытталады), біраз қинаһлады. Ал жазуға төселген адам өз қозғалыстарын байқамайды, оның орнына жазған нәрсесінің мазмұнына ерекше зейінін бөледі. Өйткені, соңғыда жазу дағдысы автоматталынған. Дағдылануда іс-әрекеттің тұтас өзі емес, жеке компоненттері (құрамдары) ғана автоматталынады.
Бейімділік — адамның белгілі бір әрекетпен айналысуға бет бұрысы оған көңілі аууы, оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Бейімділік әрекеітің бір саласына (сурет, музыка т.б.) әуестенушілікті көрсетеді. Бейімділікті балада қандай да бір нышанның барлығын хабарлайтын белгі деуге де болады. Балалық кезде ерекше көзге түсетін бейімділіктер оның келешек қабілетінің көрсеткіші болып та табылады, мәселен, екі-үш жасар баланың музыка үніне құлағының елеңдеуі, онда музыкалық қабілетке байланысты табиғи негіздің бар екендігін көрсетеді.Дағды – әрекетті орындаудың қалыптасқан тәсілі. Іс-әрекетті игерудің бастапкы кезеңінде бұл әрекеттер оның негізгі компоненттері болды. Мысалы, оқуға үйрету кезіндегі сөзді буынға бөлу, буындарды косу арқылы оны мағыналы сөзге айналдыру оқудың негізгі мазмұны болып табылады. Оқуға жаттығу үстінде оқушы жүгіртіп оқуға дағдыланады. Яғни ол бұдан былай сөзді буынға бөлуді, буындарды қосуды мақсат етіп қоймайды. Өйткені оның әрекеті енді жеңіл, жүгіртіп оқитын дағдыға айналды. Қандай да болсын дағдының негізіндс шартты рефлекторлық байланыстарды қалыптастыру және бекіту жатады. Әрекетті тұрақты қайталау нәтижесінде нерв жолын соған икемдеу белгілі бір нерв жүйесінде қозу процесін дәлме-дәл тұрақтандыруға жеткізеді. Қалыптасқан нерв механизмдері әрекетті орындау процесінде бірқатар өзгерістер туғызады. Біріншіден, дағдының қалыптасуы нәтижесінде әрекетті орындау мерзімі күрт қысқарады. Мысалы, жаңа үйреніп жүрген машинистка тәжірибелі машинисткаға қарағанда материалды мүлде баяу басады. Әдетте жазуды жаңа үйрене бастаған кезде адам минутына 2-3 сөз жаза алады. Ал жазуға дағдыланған соң, ол минутына жүз әріпке, дейін жаза алады. Екіншіден, артық қимылдар жойылады, қимыл кезіндегі күш жұмсау іс-әрекет мақсатына сәйкес келеді. Бірінші сынып оқушысы жазу жазған кезде қаламды тым қатты қысып ұстайды. Бұл жұмысты аатқару үшін ол бастапқы кезде едәуір дене және бұлшық ет күшін жұмсайды. Ал жазу дағдысы қалыптасқан соң артық, қимыл және күш жұмсау жойылады. Үшіншіден, жеке дербес қимылдар біртұтас әрекетке тоғысады. Балаға жазу үйреткенде мұғалім әріптің жеке бөлшектерін жазу дағдысын үйретеді. Ал жүгіртіп жазғанда, әріптерді қаламды сүйкей салып-ақ тізе береді. Жақсы жаттыққан қимыл дағдысы нәтижесінде еңбек өнімділігі артады, жұмыс сапасы жақсарады және адам тез шаршамайтын болады. Жаттыққан қимыл дағдысы іс-әрекет құрылымын қайта кұруға мүмкіндік береді. Әрекеттің орындалуын қадағалайтын сезу жүйелерінің арақатынасы өзгереді. Дағдыны жаттықтырғанға дейін заттармен қимыл жасаудың дәлдігі мен дұрыстығы көру және қимыл талдағыштарының біріккен қызметі арқылы бақыланады. Бұл жағдайда көру жетекші роль атқарады. Ал қимыл дағдысы бекіген кезде қимылды көру арқылы қадағалау қакеті азаяды. Қимылдың дәлдігін дербес бақылайтын кинестезиялық (қимылды сезу) механизмдер қалыптасады. Маман пианист пьеса орындағанда клавиатураға қарамайды. Тәжірибелі машинистка материалды «көзді жұмып отырып», яғни жазу машинкасының клавиатурасына қарамай басады. Дағдының ерекшелігі оның автоматтануы болып табылады. Қалыптасқан дағды оны орындаған кезде сананың қадағалауын қажет етпейді. Әрине бастапқы кезде сана қимылды бақылайды, бірақ дағды қалыптасқан сайыны сананың бақылау қажеті азая береді. Жақсы жаттыққан дағды тұсында қимылды санамен бақылау оны жүзеге асыруды қиындататыны байқалды. Мысалы, адам өзінің жүрісінің әрбір қадамын қадағалап, талдау жасауға тырысса, жүрісінен жаңыла беретін болады. Әрекетті дағдыға айналдыру сананы босатып, оны іс-әрекеттегі маңызды мақсаттарды шешуге жұмсауға мүмкіндік береді. Дағдының творчестволық іс-әрекет үшін маңызы аса зор болатыны осыдан. Қарапайым әрекеттер дағдысын қалыптастырмайынша, творчестволық іс-әрекетке жағдай туғызу мүмкін емес.

Икемділік дегеніміз адамның қандай нәрсені болмасын орындай білу қабілеті. Мәселен, төменгі сынып оқушылары футбол ойнай алады, ойын ережелерін де біледі. Бірақ олардың ойнау дағдысы әлі жетілмеген. Ал нағыз футболшыда жақсы ойнай білу кемеліне келіп, дағдыға айналған. Бұл мысал балада дағды болмағанмен, оңда осы ойынға икемділіктің барлығын көрсетеді. Икемділік түрлі дәрежеде көрінеді. Мәселен, енді ғана әріп элементтерін салып үйрене бастаған баланың икемділігі икемділіктің қарапайым түрі болып келсе, кейін жеке сөздерді, сөйлемдерді жазған кездегі икемділігі бұрынғысынша күрлелірек болып келеді. Икемділік білім мен тәжірибеге негізделеді. Кімнің білімі мен тәжірибесі көбірек болса, сол адамның икемділігі де артық болады. Икемділік – белгілі бір дағдылар мен білім жүйесін практикада пайдалана алудың көрінісі болып табылады. Бірінші сынып оқушыларының жазу, оқу дағдыларын менгеру ережесінің түрліше болып келетін себебі – икемділік дәрежесінің әр түрлілігінен деуге болады. Икемділік білімнің амалға айналуы, ол саналы әрекетті қажет етеді, икемділік амалды жүзеге асырудың да тәсілі. Икемділік пен білім тығыз байланысып жатады. Дағды мен икемділіктен әдеттерді айыра білу керек. Әдеттер де әрекеттің автоматтанылған кұрамдары. Бірақ мұның дағдыдан айырмашылығы мынада: әдетте қимыл-қозғалыстарды орындауға адам үнемі дайын болып, оны қажетсініп тұрады. Мәселен, адам күн сайын беті-қолын жуып тұруға әдеттенгендіктен осыны ылғи да қажетсінеді, мұны істемесе, көңілі көншімейді. Дағдыны қалыптастыру үшін адам сан peт жаттығады, есепсіз қайталайды. Егер де адам өзіне ұнамсыз дағды қалыптастырып және бұған көп уақытын жіберіп жатса, мұның өзі өте ессіздік болар еді. Сондықтан да дағдылар пайдалы, пайдасыз болып бөлінбейді. Өйткені оның қай-қайсысы да пайдалы.

Бейімділік — адамның белгілі бір әрекетпен айналысуға бет бұрысы оған көңілі аууы, оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Бейімділік әрекеітің бір саласына (сурет, музыка т.б.) әуестенушілікті көрсетеді. Бейімділікті балада қандай да бір нышанның барлығын хабарлайтын белгі деуге де болады. Балалық кезде ерекше көзге түсетін бейімділіктер оның келешек қабілетінің көрсеткіші болып та табылады, мәселен, екі-үш жасар баланың музыка үніне құлағының елеңдеуі, онда музыкалық қабілетке байланысты табиғи негіздің бар екендігін көрсетеді. Жас балаларда әрекеттің әр түріне байланысты бейімділік жиі ұшырайды. Нағыз бейімділіктен алдамшы, шүбәлі бейімділікті айыра алу керек. Нағыз бейімділік адамның әрекетке тек құштарлығы ғана емес, оны нәтижелі етіп орындауында. Мәселен, осындай бала сабақ үлгіруде қатарындағы балалардан көп ілгері озып кетіп отырады. Ал бейімділіктің алдамшы түрінде адам іске қатты әуестенгенмен сол салада жақсы нәтижеге ие бола алмайды. Оның мүмкіндігі орта дәрежеде ғана болады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   142




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет