Педагогика ғылымында тәжірибе жасау ерекше орын алады. Басқа ғылымдармен салыстырғанда, педагогикалық практикада бірнеше эксперименттік жұмыстарға бірдей жағдай жасау мүмкін емес


Жеке адам, оның қалыптасуы. Жеке адамның психологиялық құрылымы. Жеке адамның өмір бағытын көрсететін компоненттер



бет89/142
Дата25.01.2022
өлшемі290.91 Kb.
#454803
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   142
Өзің өзі тану сабақтар

Жеке адам, оның қалыптасуы. Жеке адамның психологиялық құрылымы. Жеке адамның өмір бағытын көрсететін компоненттер.

Жеке адам психологиясының неге бағытталғанын көрсететін негізгі компоненттердің бірі-адам дүние танымы мен сенімі.

  Дүниетаным-адамның табиғат, қоғамдық өмірі туралы білімдерінің жүйесі. Ақиқат дүние заңдарын дұрыс түсінетін, әрі ғылыми негізделген дүниетаным ғана адамға дұрыс бағыт береді. Кісі еңбегін қанаттын адамдардың дүниетанымы мейлінше рекцияшыл болады. Өзімшілдік, адамға деген өшпенділік, шындықты бұрмалау-пессимистік (кертартпа) дүниетаным белгісі. Адамның алдына қойған мақсатының болуы, дүниетанымның өміріне байланыстылығы сенімдік тудырады.

  Сенім-адамның белгілі бір түсініктеріне сәйкес қажеттіліктерін қанағаттандыру жүйесі. Сенім нақты іс-әрекет пен тәжірибеге байланысты. Сенім мен дүниетаным қатарласып жүрсе ғана адам санасы нұрлана түседі. Өйткені бұл екеуі құстың қосқанатындай, адамның ең асыл қасиеті болып табылады. Берім сенім жоқ жерде тыңғылықты дүниетаным да, тұрақты мінез-құлықта болмайды. Сенім қалыптаспаған адамның шындықтың жай – жапсарын дұрыстап айыруға, өмірден өз орнын дұрыс таңдай алуына да шамасы жете бермейді.  Оны өмір толқыны біресе онда, біресе мұнда соқтырады да мінез-құлықты көлденеңнен кез-келген кездейсоқ жағдайлар билеп келіп отырады. Сенім жоғалған жерде тіршіліктің мәні де жойылады.

Сенім-тұлға өзінің құндылық бағдарлылығына байланысты саналы қажеттілігін жүзеге асырудағы әрекетіне лайықтануы. Қажеттілік мазмұны сенім формасында көрінеді, соған орай табиғатты және қоғамда түсінуде белгілі бір көрінісін береді. Сенім-тәжірибелік әрекет. Сенім арқылы коммуникативтік әдіс арқылы өзге адамдардың санасының қалыптасуына ықпал жасалынады.Сенім әдісінің негізінде-тұтас функционалдық міндетке байланысты таңдау, фактіні логикалық жүйелеу мен қортындылау құралады.



Мұрат- жеке адамның психикасын нұрландыратын қасиеттердің бірі.  Бұл-адамың өзіне өмірден өнеге іздеуі, біреуді артық тұтып,  қастерлеуі. Адам осыған жету  үшін қолдан келгеннің бәрін пайдаланады. Мұрат дүние танымы, сенімі айқын, сөз бен істің байланысы бар жерге ғана болады



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   142




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет