Педагогика ғылымында тәжірибе жасау ерекше орын алады


«Педагогикалық технология»түсінігі мен мәні. Педагогикалық технология мен өндірістік технология түсінігі мен мәні



бет8/101
Дата26.09.2023
өлшемі0.84 Mb.
#478627
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   101
Педагогика ғылымында тәжірибе жасау ерекше орын алады. Басқа ғыл-emirsaba.org

11. «Педагогикалық технология»түсінігі мен мәні. Педагогикалық технология мен өндірістік технология түсінігі мен мәні.
Педагогикалық технология педагогикалық үрдіске қатысушылардың барлық көрінісінде белсенді іс-әрекетін көздейтін, белгіленген қасиеттері бар өнімді алуға мүмкіндік жасайтын үрдістер мен әдістердің бірізділігі мен жиынтығы ретінде қарастырылады.
Педагогикалық технология – бұл педагогикалық әрекеттер табысына кепіл болардай қатқыл ғылыми жоба. Әрі сол жобаның дәл жаңғырып іске асуы.
Педагогикалық технология кешенді процесс. Ол өз құрамына адамдарды, идеяларды, құрал-жабдықтарды, сонымен бірге жоспарлау, қамсыздандыру, бағалау және білім меңгерудің барша қырлары жөніндегі проблемалар шешімін басқаруды қамтиды.
Педагогикалық технологиялар көп түрлі болуына қарамастан, олардың іске асуының екі ғана жолы бар. Біріншісі - теориялық негізде орындалуы (В.Б.Беспалько, В.В.Данилов,В.К.Дьяченко және т.б.) екіншісі – тәжірибемен жүзеге келуі (Е.Н.Ильин, С.Н.Лысенкова, В.Ф.Шаталов және т.б.).
Педагогикалық технология дұрыс жобаланған болу үшін міндетті түрде төмендегі 5 элемент болуы қажет.
1 Мақсат қою. Мұғалім курстық тараудың көлемінде оқу үдерісінің шағын мақсаттарын анықтайды. Бұл бөлімнің орындалу нəтижесі оқу мақсаттарын құру. 2-5 минут аралығында болады.
2 Болжау. Оқушылар білімін болжау дегеніміз – деңгейлік оқытуға бағытталып құрылған үздік жұмыс. Əрбір шағын мақсатқа сəйкес болжау жұмысы болады жəне ол шағын мақсаттың орындалуын анықтайды.
3 Оқушылардың сабақтан тыс өз бетімен орындайтын жұмыстары. Деңгейлік мөлшерде саралап алынған тапсырмалар жиынтығы.
4 Логикалық құрылым. Шағын мақсаттық мазмұны мен саны оқушылардың даму аймағын жəне уақыт бойынша əр аймақтың ұзақтығын орындаумен аяқталады.
5 Түзету. Мұнда негізгі үш жағдайды басшылыққа алу керек:
- қарастырып отырған сұрақтарда мүмкін болатын қиындықтар;
- оқушылардың көп жіберетін қателіктері;
- оқушының оқу стандарты талабының деңгейіне көтерудің педагогикаға тəн шараларының жүйесі.

В.П.Беспалько педагогикалық технологияны қойылған білім беру мақсаттарын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тәрбиелеу мен оқытудың теориялық негізделген процестерін жаңадан өндірудің, еске түсірудің құралдар мен әдістер жиынтығы ретінде анықтайды.


Г.М.Құсайыновтың есебінше педагогикалық технология әдеттегі түсініктерден басқа – ол мұғалімнің жоспарланған оқыту мен тәрбиелеудегі мақсаттары мен нәтижелерге жету мен сабақ беру үрдісі емес, ол кәсібі ұстаздың басшылығымен оқушылардың өзінің және өзара оқыту процесі, ол білім берудің мазмұнымен оқу жоспарымен бағдарламаларында ескерілген іс-әркеттердің сол түрлерін меңгеру жұмыстарының әрбір салаларындағы болатын өзгерістер мен қайта құру болады.

В.А.Сластенин бойынша педагогикалық технология деген ол қатал ғылыми жоспарлау және дәлірек айтқанда педагогикалық әрекеттің жетістігін қамтамасыз ететін елестету.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   101




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет