Педагогика ғылымында тәжірибе жасау ерекше орын алады


көлеміндегі сандар нумерациясын оқыту әдістемесі



бет87/101
Дата26.09.2023
өлшемі0.84 Mb.
#478627
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   101
Педагогика ғылымында тәжірибе жасау ерекше орын алады. Басқа ғыл-emirsaba.org

10 көлеміндегі сандар нумерациясын оқыту әдістемесі.

10 көлеміндегі сандар құрамын меңгерту.


а) 10 көлеміндегі әр санның құрамы сол санмен таныстырылғаннан кейінгі сабақта оқытылады:
қосылғыштың біреуі 1 болған жағдайда (сандар нумерациясы туралы білім негізінде) 10 көлеміндегі кез келген санның құрамын анықтай алу, мысалы, 3=2+1; 4=3+1;...; 10=9+1;
қосу жағдайларындағы білім негізінде сандар құрамын оқып үйрену:
3+2-5 =5=3+2; 6+3=9 =» 9=6+3;
қосудың ауыстырымдылық қасиеті негізінде сандар құрамын есте сақтауға арналған жағдайларды екі есе қысқарту:
«4 және 1», «3 және 2» 5 санының құрамын анықтайтынын білсе, жеткілікті, өйткені, егер 5=4+1 болса, онда 5=1+4; егер 5=3+2 болса, онда 5=2+3 («М-1», 33-бет).
ә) Сандар құрамын оқытуға және бекітуге арналған жаттығулар қолданылады.
Төменгі сөреге 1 (2, 3, 4) дөңгелектерді алып қою, яғни
5=4+1; 5=3+2; 5=2+3; 5=1+4.
Екі беті екі түске боялған дөңгелектер: алма-кезек аударылып қойылады.
«Баспалдақ» тік төртбүрышын кезекпен бояу;
сандар құрамының екі түсті кестелері.
«Қолымда нешеу екенін тап», «Әйнекшелерді толтыр» 5 = + ;
«Санды тап», «Құлыптың кілтін тап», «Үйлерге қоныстандыр» дидактикалық ойындары.



  1. 100 көлеміндегі және көп таңбалы сандарды ауызша қосу мен азайтуды оқыту әдістемесі

100 көлеміндегі сандар 1-2 сыныпта оқылады, 1-сыныпта толық ондықтар, жүз, ал 2-сыныпта екі таңбалы сандарды оқуға, жазуға, салыстыруға үйренеді.


Тақырыптың міндеттері:

  1. Оқушылардың жаңа есептеу бірлігі – ондықпен таныстыру;


  2. Натурал сан ұғымымен таныстыру, 10 бірлік – 1 ондық құрайтынын меңгерту;


  3. Толық ондықтар қатарымен және оларға 10-ды қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру;


  4. Екі таңбалы сандарды оқуға, жазуға, салыстыруға үйрету; 100 санын жазуға үйрету; 100 көлеміндегі ең кіші, ең үлкен санды анықтауға үйрету;


  5. Сан мен цифр арасындағы айырмашылықты меңгерту, цифрдың орындық мәні;


  6. Нумерациялау негізінде 2 таңбалы сандарды қосу, азайту біліктерін қалыптастыру;


  7. Шама тақырыбын нөмірлеу тақырыбымен байланыстырып қарастыру.


  8. «Жүздік» тақырыбында: оқушылар жаңа санау бірлігі – ондықпен және санау жүйесінің ең маңызды ұғымы – разряд ұғымымен танысады; ауызша және жазбаша нөмірлеудің негізін құрайтын екі таңбалы сандардың жасалу, оқылу, жазылу принциптері, сондай – ақ оларды салыстыру қарастырылады.


  9. Бұл тақырыпты оқытудың негізгі нәтижесі ретінде: 100-ге дейін санауды, сандарды оқуды, жазуды және толық ондықтармен санауды үйренуді; разряд, разрядтық сандардың қосындысы: бір таңбалы, екі таңбалы сан; бірлік, ондық терминдерін игеруді атауға болады. Мұнда алдымен 10 көлеміндегі сандарды қайталай отырып, жекелеген бірліктерден ондық құралып, толық ондықтармен санайды, яғни 10 бірлік – ондық.








  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   101




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет