Педагогика ғылымында тәжірибе жасау ерекше орын алады


Тәрбие психологиясы туралы жалпы түсінік. Тәрбиенің психологиялық механизмдері



бет85/101
Дата26.09.2023
өлшемі0.84 Mb.
#478627
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   101
Педагогика ғылымында тәжірибе жасау ерекше орын алады. Басқа ғыл-emirsaba.org

Тәрбие психологиясы туралы жалпы түсінік. Тәрбиенің психологиялық механизмдері.

Тәрбие психологиясы - балалар ұжымының, баланың іс-әрекетін мақсаттылық ұйымдастыру жағдайыңда жеке адамның дамуын зерттейтін педагогикалық психологияның бөлімі. Тұлғаның мотивациялық саласының мазмұнын, оның бағыттылығын, құндық бағдарлануын, сондай-ақ әр түрлі жағдайда тәрбиеленіп жатқан балалардын өзіндік сана-сезімдеріндегі айырмашылықты, балалар ұжымы мен бозбалалар ұжымының құрылымын, олардың жеке тұлғаның қалыптасуындағы рөлін, психикалық депривацияның жағдайы мен салдарын зерттейді.


Тәрбиенің психологиялық механизмдері.

Сабақтар, оқу пәндері, сабақтан тыс іс-әрекеттер, қосымша білім беру. АРБ бағдарламасы аясында ерлік, намыс және абырой, Отанға адал қызмет ету тағылымдарын өткізу. Дебат және пікірталас клубтарын ұйымдастыру. Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікке үндеген патриоттық форумдар, акциялар. Оқушылардың мемлекеттілік нышандарын және Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін білуге арналған байқаулар мен олимпиадалар. Қазақ халқының, Қазақстанда тұратын басқа да этностардың мәдени мұрасын, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын зерттеу бойынша өлкетану экспедициялары. Мемлекет, әдебиет, өнер, ғылым қайраткерлерімен, соғыс және еңбек ардагерлерімен, қоғам қайраткерлерімен, құқық қорғау, әділет органдары, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдары қызметкерлерімен кездесулер. Балалардың және жастардың бастамашыл жобаларын дамыту. Балалар және жастар қозғалысы қызметін; қоғамдық қорлармен бірлескен қызметті жандандыру; әңгімелер, дәрістер, семинарлар, тренингтер; саяхаттар; ақпараттық-құқықтық материалдар тарату; «сенім қызметтерін», «Мен және заң», «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз – қоғам мүддесіне деген опасыздыққа қарсымыз» акциясын ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.




  1. Педагогтық қызметтің психологиялық аспектісі. Педагогикалық қарым-қатынас стильдері

Педагогикалыққызметтін психологиясын ұстаз енбегінін психологиялык білім саласы тұргысында жане де ұстаз тарбие институты аркылы когам тапсырган педагогикалык кызметтін максаты мен жуйесін калай кабылдайтынын, беретінін, іс жузінде асыратынын, ол өз іс – арекетінін міндеттерін, формалары мен адістерінін, актуальдылыгын нактылы жа гдайга байланысты калай


Ұгынатындыгын айкындауга болады.
В. Дальдын «Түсіндірме сөздігінде «Мұғалімге» «Тәлімгер»,»Оқытушы» деген анықтама береді, ягни онын екі негізгі функциясы – окушылардын алеуметтік тажэірибені кабылдауы мен іске асыруын баскару жане азаматтын жинақтаған білімдерін тарату атап көрсетеді.Мұғалімнің бұл екіфункциясы адамзат тарихы барысында ең негізгі болып келеді.
Мектеп- жеиткіншек ұрпақты тәрбиелеуді іс жүзінен асыруға арналған негізгі мемлекеттік оқу тәрбие мекемесі. Мектептердің
Алдында қоғамныңқойып отырған айқын міндеттері тұр – мектеп оқушыларын білім, ұғым және дағды жүйелерімен қаруландыру оларды комунистік дүниетаным мен адамгершілік негіздерін қоғамдық мінез – құлықтың белгілі айқындағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Педагогикалыққызмет – адамзат еңбегіндегі күрделі салалардың бірі. Мұғалім шешуге тиісті міндеттерге , оныңқоғам үшін өте маңызды функциялары мен қызметінің күрделілігіне қарап, қоғам мұғалімнің жеке басына және кәсіптік қасиетіне жоғары талап қояды. Мұғалімдер меңгеруге тиісті неғұрлым елеулі жеке қасиеттерді атап өтейік.

Педагогикалық қарым-қатынас стильдері. Мұғалім тәжірибесінде орын алатын педагогикалық қарым-қатынастың түрлерімен қатар оның негізгі стильдерімен танысып өтейік. Педагогикалық қарым-қатынас стилі - педагогтың өз шәкірттерімен әрекеттесуінің дербес-психологиялық ерекшеліктері. Әр мүғалімнің балалармен қарым-катынас орнатуында өзіне ғана тән ерекшеліктері болады. Осы ерекшеліктеріне байланысты әр мүғалімнің кабинетке кіруімен бірге оқушылар сыныбында әр түрлі психологиялық ахуал орын алады.


Педагогика, психология, әлеуметтану ғылымдарында қарым-қатынастың мынандай стильдері топтастырылған: авторитарлык, либералдық, демократиялық,

  • Қарым-қатынастың авторитарлық стилінде мұғалім оқушылардың қызығушылықтарын ескерусіз өзі ғана шешім қабылдайды, мұнда мұғалім: «Менің айтқаньм заң», «Мен бұйырамьн, сендер орындайсыңдар» деген позицияны ұстанады.


  • Қарым-қатынастың либералдық стилінде мұғалім өз бетінше шешім қабылдаудан бас тартып, жауапкершілікті оқушыларға, әріптестеріне ысырады. Мұғалім «Сен тимесең, мен тимеймін», «Қалай болса, солай болсын» деген позицияны ұстанады.


  • Қарым-қатынастың демократиялық стшінде оқушы мен мүғалім педагогикалык қарым-қатынастың тең құқылы субъектілері ретінде қарастырылады. Бұл стиль бойынша жұмыс істейтін мұғалім: «Бәріміз бірге жоспарлаймыз, бірігіп орындаймыз, бірігіп жетістікке жетеміз» деген позицияны ұстанады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   101




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет