Педагогика институты


Ибашова С. - психология магистрі (Алматы қ., Қазмемқызпи)



бет6/14
Дата09.07.2016
өлшемі1.39 Mb.
#186702
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Ибашова С. - психология магистрі (Алматы қ., Қазмемқызпи)

Отбасы - адамзаттың өсіп-өнер, қаз тұрып қанат қағар ошағы, алтын бесігі. Сондай-ақ ол адам қоғамының ең негізгі және өте ертеде пайда болған алғашқы бірлестігі. Бұл тұрғыда отбасын баланың өзі және басқалар туралы ойы қалыптасатын әлеуметтік, сонымен қатар рухани мәдениетінің орталығы деуге әбден болады. Шаңырақтағы береке-бірлік, әлеуметтік, т.б. жағдайлар отбасы мүшелеріне тікелей әсер етеді. Содан да болар ата-аналардың балаларымен өзара қатынасы сол отбасының байырғы тарихымен тығыз байланысты. Олай дейтініміз отбасындағы өзара қарым-қатынастың дамуына индивидтің өзінің басынан өткен жайлар ғана емес, арғы ата-баба өмірінің де ықпалы бар. Бұған қырғыз елінің заңғар жазушысы Ш.Айтматовтың “Ешбір халық өзінің тарихи тамырынан ұзап кете алмайды, жақсы болсын, жаман болсын өзінің тарихымен бірге болады” деуімен, Бауыржан атамыздың “Бала нені білсе жастан - ұядан,өле-өлгенше соны таныр қиядан. Ата-анадан өсіп, ұрпақ тараған жақсы, жаман болса бала - солардан” деген тұжырымы дәлел. Дана сөздердің озықтығына бір-ақ мысал келтірейік. “Адам бақыты - бала”. Бұл қағиданы қазақ “Адам бақыты - бала, егер ол саналы болса” деп түйіндейді. Шынында да ұрпақ тәрбиесіндегі кемшілік мертігумен бірдей. Тәрбие бала тумай тұрып басталуы тиіс. Халық сондықтан да:

Отбасында шырақ болып жанады,

Мейірімділік тарататын жанары.

Анасының тәрбиесін, тәлімін,

Сәби болса іште жатып алады, деуімен қатар

Бала тәрбиесі басынан,

Еңбекке баулу жасынан,-дейді.

Ал Абай дана “Бала неғұрлым көп естіп, көп көрсе, соғұрлым көп біледі” деген. Бала кез келген құбылыс пен оқиғаны ең алдымен өз отбасынан көреді, жақсылық пен жамандық тұрғысындағы тұжырымдарды ата-анасынан естіп, солардан байқайды. Бұл ақиқатты В.Сатир “Отбасы - барлық әлемнің микрокосмосы” - деп дәл бере білген. Яғни ғалымның ойы әлемді түсіну үшін отбасыны толық тану қажет қағидасына саяды. Даналардың сөзі ұрпақ үшін тек танымдық дүние ғана емес, ол ата-аналар үшін де аңсап, сусап оқитын тәлімдік, тәрбиелік өнеге.

Отбасы мүшелерінің үлкендері мен кішілері арасындағы сыйласымдылығы, балалардың өз құрбыларымен, ересектермен араласуы олардың тәрбиесіне және жан-жақты өсіп жетілуіне игі ықпалын тигізеді. Бұл тұрғыда баланың айналасындағылармен қарым-қатынас жасау әдісін ата-анамен өзара әрекеттестігі нәтижесінде меңгеретінін айту қажет. Сондықтан әке-шеше барлық жағынан өз баласының алғашқы ұстазы десек, ата-ана мен бала қатынасы қай заманда да өзекті мәселеге айналған.

Жас ұрпақты тәрбиелеудегі алғашқы әлеуметтік орта болып саналатын отбасының келешек ел иелерін ақыл-ойы дамыған, парасатты жан ретінде қалыптастырудағы маңызы зор. Бұл тұрғыда әр отбасындағы ата-ана мен бала қатынасының ерекшеліктері, соның ішінде психологиялық ерекшеліктердің бар екені бәрімізге мәлім. Тіпті халқымызда “Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай сыйла, бес жастан он жасқа дейін құлыңдай жұмса, одан соң өзіңе ақыл қосар дос сана” деген аталы сөз бар. Бұл қағиданы бағдаршам етіп ұстаған әрбір ата-ананың бала тәрбиесінде өзіндік жетістікке жетері сөзсіз.

Демек, ата-ананың дара психологиялық қырлары бала тұлғасының дамуына өз әсерін тигізетіні дәлелдеуді қажет етпейді. А.А.Холева мен З.М.Богословская жүргізген зерттеулер нәтижесі мектепке дейінгі жастағы бала қарым-қатынасының отбасылық қарым-қатынас типтеріне тәуелді болатынын көрсетеді. Егер отбасы мүшелерінің арасында жылы, мейірімді, бауырмал қатынас, сондай-ақ бала тәрбиесі жөнінде өзара келісім болса онда жеткіншектің ақыл-ойы жақсы дамиды, әрі еңбекқор, әлеуметтік белсенді және ересектермен де, өз құрдастарымен де жақын әрі жағымды қарым-қатынасқа түсе алады. Мазмұнды қарым-қатынастың шектелуі көбіне ата-анасы шектен тыс қадағалап, суық байланыста болған балаларда кездеседі. Бұл кезде балада оқшаулану, сенімсіздік, үлкендерге деген негативизм байқалады. Сондықтан ата-ана балаға тең адамдай қарап, әруақытта онымен санасуы керек. Егер бала теріс қылық жасағанның өзінде оған соның көзқарасымен қарауға тырысқан абзал. Психологиялық зерттеулер мен психолог-практиктердің кеңестеріне сүйенсек ата-анаға туар басты қиындық олардың балаға дұрыс талап қоя алмауында. Соның ішіндегі қарапайым қатенің бірі - баланың жас ерекшелігіне қарай психологиялық өзгерісімен есептеспеуі, мұның өзі бала бойында әр түрлі жағымсыз формалардың пайда болуына әкеп соғады. Мысалы, кей ата-ана баласының өзін тыңдамайтынын, әрдайым оған қарсылық білдіретінін айтып шағымданады. Мұның бәрі олардың өздерінің істемеген ісін баладан талап етуі барысында туындайтын қиындық. Баланың ата-анасына деген қарсылық сезімі жөн-жосықсыз талаптың нәтижесінде пайда болатыны талассыз.

Ал бұған керісінше отбасының дұрыс тәрбиесін байқаған бала ата-ананың пікірімен санасып, өзінің тәртібін де қадағалауға талпынады. Ата-ананың көңіл-күйі балаға үлкен әсер етеді. Психологияда ата-ананың балаға немқұрайды, суық қарауы ең үлкен жаза болып саналады. Американың белгілі қоғам қайраткері, балалар дәрігер Т.Скок баланың тәртіптілігінің негізін ата-анаға деген махаббатпен ұштастырады. Әр қателігінде ұрып-соғып жаза қолдану олардың бір-бірімен қарым-қатынасына зиян келтіреді. Ересектермен баланың қарым-қатынас стилі тек байланыс орнату құралы ғана емес, сонымен қатар тәрбиелеудің бір әдісі болып табылады.

Өз үйінде бала үлкендерге еліктеуді үйренеді, сол арқлы өмірге қажетті тәжірибе жинақтайды. Отбасы мүшелерінің ішінде ол анасымен етене жақын болады. Баланы өз құрбыларынан кем қылмай, білімге құштар, өнерге әуес болуына ата-ананың ролі зор. Ата-ананың өз баласының табиғатын зерттеулер көрсеткендей “қабылдау және сүю” типі баланың жалпы даму мен шығармашылық қабілеттерінің қалыптасуына жағымды екені анықталды. Баламен ынтымақтастық қатынас ұлдардың аналарына, қыздардың әкелеріне деген жағымды қарым-қатынас жағдайына келудің бірден-бір жолы. Ұлдар аналары өзін түсіну, жақсы көруімен қатар оның жеке басын сыйлау, ой-пікірлерімен, сезімдерімен бөлісу және өз қызығуларын, қабілеттілігін қолдағанын қалады. Қыздар болса әкелерінің өздерімен демократиялық қарым қатынаста болғанын және бойындағы жағымсыз қасиеттерінен гөрі, оңды жақтарын көре білетін ынтымақты қарым-қатынасты қалайды. Өзара түсіністіктің осындай факторлары баланың жалпы физиологиялық-психологиялық дамуымен қатар, тұлғалық-шығармашылық қабілеттерінің көрінуімен болашақта шығармашылық дербес әрекетті жүзеге асырудың бастапқы алғы шарты болып саналады.

Кеңес психологиясында баланың дамуы қоғамдық тарихи тәжірибиені меңгеру формасында өтеді деп қарастырылады. Баланың психикалық дамуының басты шарты ересектермен қарым-қатынасы болып табылады (Л.С.Выготский, А.В. Запорожец, Д.В. Эльконин, М.И.Лисина). Л.С.Выготский кішкене балаларды жақын ересектерге бағдарланған «максимальды әлеуметтік тіршілік иелері» деп атайды. Оның ойынша бала үшін ересек адам «барлық жағдайдың психологиялық орталығы» болып табылады. Баланың ересектермен қарым-қатынасқа деген қажеттілігі оның ары қарайғы психикалық дамуының негізін және қозғаушы күшін құрайды.

Баланың әлеуметтену процесінде жанұя бірінші және негізгі әлеуметтік институт болып табылады. Жанұя ішіндегі қарым-қатынастар басқа қоғамдық қарым-қатынаспен салыстырғанда баланың рухани дамуындағы потенциялды қамтамасыз ететін ерекшеліктерге ие: 1) Баланың қарым-қатынасқа деген негізгі қажеттілігі жанұя мүшелерінің тікелей байланыстары арқылы қанағаттанып отырады (Е.А.Аркин, Л.И.Божович, М.Ю.Кистяковская, М.И.Лисина, А.А.Люблинская). 2) Жанұядағы қарым-қатынас некелік және туыстық қатынысқа негізделеді, жұбайлық және ата-аналық махаббатқа сүйенетін терең тұлғалық қатынастарды тудырады. Бұл ерекшеліктер балаларда жоғарғы адамгершіліктік қасиеттерді, жағымды өзіндік сезімді, дүниеге деген көзқарасты және өзіне деген сенімділікті қалыптастырады. Жақындық сенім және ынтымақтық атмосферадағы қарым-қатынас бала психикасына жақсы әсер етеді және баланың эмоциялық сезінулеріне дұрыс жол салады, сондай-ақ әлеуметтік сезінулердің алғашқы мектебі болып табылады (И.С.Кон, А.А.Люблинская, Т.А.Рипина, С.П.Тящина).

Отбасының өзара әрекеттестігінде баланың жеке адам аралық байланыста көрінуін Т.В.Нещерт өз зерттеулерінде көп қарастырған. Қазіргі кезде тұлғаны қалыптастыру мәселесі маңызды міндеттердің бірі болғандықтан аталмыш мәселені шешудегі басты рольді отбасы алады. Өйткені мұнда рухани тұлғаның негізі қаланады, адамгершілік және азаматтық өзіндік сана, сондай-ақ адамның өзін-өзі анықтауы қалыптасады. Сондықтан отбасы әсерінің күшін басқа тәрбие институттарымен салыстыруға келмейді. Демек отбасының бала тәрбиесіндегі алар орнын халқымыз “ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” деген даналық оймен түйе білген.

Тұжырымдай келгенде, дұрыс қалыптасқан отбасылық қарым-қатынас баланың тұлғалық – психологиялық дамуының ғана емес, оның твочестволық қабілеттері мен іскерліктерінің дамуының қайнар көзі болып табылады.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Қоянбаев Ж.Б. Семья және балалар мен жеткіншектер тәрбиесі. А., 1990.

2. Бодалев А.А. Личность и общение. М. 1995.

3. Титаренко В.Я. Семья и формирование личности М.:Мысль. 1987.

ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада жанұялық қарым-қатынастың бала дамуына әсері, тұлғалық қалыптасу жағдайлары қарастырылады.

РЕЗЮМЕ

В статье рассматривается влияние на развитие ребенка взаимоотношений в семье, а также вопросы формирования личности.



Практик психолог қызметінің тиімділігін арттыру жолдары
Құлымбаева А.К. - оқытушы, Ибашова С.С. –психология магистрі

(Алматы қ., Қазмемқызпи)


Психологиялық көмектің кең таралуына байланысты оның тиімділігі туралы мәселе өзекті бола бастады. Психологтың жұмысының мерзімдік аспектілері мен сапаларына қойылатын талаптар артып отыр. Психотерапияның тиімділігін бағалау бірнеше жағдайларды ескерумен жүзеге асады.

Психолог қызметінің тиімділігі- бұл психологтың клиентпен және тапсырыс берушімен өзара қарым-қатынасының мекеме мақсаттарына сәйкес келу деңгейі. Психолог қызметінің тиімділігінің негізгі факторы оның тұлғасы: профессионалдық, психологиялық құзырлық, адамға көмектесуді шын ниетімен қалау, қабылданған шешім мен әрекеттеріне жауап беру, жаңа міндеттерге, оған ұсынылған әрбір жаңа клиент мәселесінің жеке тарихына шығармашылықпен қарау. Психолог ие болуға тиіс тұлғалық сапалардың тізімі клиентпен бірге уайымдап, оны сезіне білуден тұрады. Психологтарды көбінесе кішкене оқиғаларды ұлғайтып қарауға дайын тұратындықтары үшін сынайды. Дегенмен, психотерапия жекелерден маңыздыларды анықтап, ұсақтарды қалай пайдалану керектігін көрсетеді. Үш-төрт детальдарды бөліп алу арқылы психолог көптеген нәрселерді біле алады. Ұсақтарды анықтап, түсініп, оларды пайдалана білу үшін психолог оларды сезіне білу қабілетіне ие болу керек. Бұл жай ғана уайымшыл әйел деп оны елемеу, яғни психотерапияның мәні болып табылатын ең маңыздыны елемеумен бірдей. Тіпті психолог техниканы шексіз біліп, бірақ клиенттің уайымын, қамқорсыздығын, қозулығын сезіне білуге мүмкіндік беретін өзінің сезімталдығын шектесе, онда оның профессионалдығына күмәнмен қарауға болады. Ол осындай қабілетке ие болуға міндетті және өзінің әрекеттерін басқара білуі керек.

Психологтардың көпшілігі адамзат қатынастарының мәнін түсініп, оларды уайымдауға бейім. Олар үшін өмірдің әрбір сәті мазмұнға толы. Олардың сеанстары шешуші кездесуге айналады, айтылғандардың барлығы терең мазмұнға толы болады.

Келесі психологтар клиентке «техникалық» жағынан қарайды. Олар үшін тек қана қорытынды ғана маңызды, яғни мәселенің мәні. Осындай психологтардың кейбіреулері істің мәніне байланысты қасында өзге адамдардың бар екенін сезінбейді. Олар өз сезімдеріне сенбейді. Олар тұлғалық ерекшеліктерді жылдам сезінетін серіктері асығыс қорытынды жасайды деп есептейді.

Клиентің әрекетіне деген реакциясын ұмытқан психолог қарым-қатынас кезінде оны адекватты бағалайды, бірақ өздерінің сезімдерін қайта құра алмайды, себебі олар оған қате болып көрінеді. Мысалы, клиент оған ұнамай қалды, бірақ ол мұны оған айтуға қорқады: мүмкін ол адамдарға көмектескісі келгені үшін психолог болған шығар, міне енді оған көмекке келіп еді оған адам ұнамай қалды. Бұл когнитивті диссонанс және психолог бұны тіпті өзіне де мойындамайды. Психотерапияның кейбір мектептерінде келесідей ереже бар: «өзінің мәселесіне ұқсас мәселесі бар пациентпен психолог жұмыс істемеуі керек; терапевтің өзі орындай алмағанды пациент орындай алады деп күтудің қажеті жоқ».

Кейде психолог өзін қамқорсыз, компетентсіз сезінеді. Мұндай реакцияны сезініп және түсіне білу керек: шындығында да оның себебі осы клиент пе? Мұны түсініп өзінің қамқорсыздығын мойындай білу ерлік. Мұнсыз кәсіби және тұлғалық өсу мүмкін емес. Мұндай жағдайларда өздеріне есеп бере білетін және сезімдерін түсіне білетіндер сеанстарда айтылғандардың барлығын әрқашан естеріне түсіре білуге қабілетті болады. Өз мамандықтарын күшейтуге оларда мүмкіндік бар, бірақ қиындықпен. Олар практиканың басында өздерінің байсалды серіктестеріне қарағанда профессионал болып көрінеді. Бірақ реакция бере білу қабілеті - психолог үшін бірінші кезекте. Осыған ие психологтар түптің түбінде керемет профессионалдар болып шығады. Олар тіпті бас кезінде сенімсіз болып көрінгенмен де, өмірге деген мұқият зейіннің маңыздылығын олар өздерінің бағыттарымен көрсетеді.

Психологқа ақыл мен ерлік қажет. Ол пациентпен жақсы қарым-қатынасты сақтау үшін компромиске тырыспай, қажет және дұрыс деп тапқандарын орындау керек. Пациент үшін жауапкершілікті сезінуі керек. Психотерапевт жан жақты болу керек, бір әдістен келесі әдіске өте біліп, адам тұлғасын романтикалық ете білуі керек.

Психотерапевт ақылды болуы керек - қателіктерді мойындап, түңілулерге шыдамдылық танытуы керек, клиентті сыртқы пішініне, жасына немесе әлеуметтік тегіне қарап сынауға болмайды. Көптеген психотерапевттер жастармен жұмыс істеуде батырланады, ал алдына танымал адам келсе қысылады. Олар здерінің серіктестеріне қандай танымал актер немесе маңызды адаммен жұмыс істегенін мақтанышпен айтады. Материалдық жағдайы жақсы адамдарды өмірлерін қалай жақсартужетістікке жетуді қажет ететін адамдармен қарым-қатынаста материалдық жетістік роліне қалай жету керектігін түсінуге қабілетсіздер де кездеседі. Мұндай психологтар ересек адамдармен, бай немесе денсаулығы нашар адамдармен жұмыс жасауға бейімсіз келеді. Жақсы психотерапевт материалдық қажеттілікпен ауырудың қауіпті екенін біліп, өзінің құндылығын сезіну тұлғаның ажырамас қасиеті емес, одан айырылып қалу мүмкіндігін түсінуі керек. Психотерапевт қаражат алмаса да оған деген қатынасын өзгертпейтініне клиент сенеді.

Сонымен қатар өзінің табиғи артықшылығын да ұмытпау керек. Психолог пен клиенттің қатынастары табиғаты бойынша- жетістік пен сәтсіздік арасындағы қатынас. Өмірде орны бар, сонымен қатар мәселесі жоқ психолог жұмыс, отбасы немесе өмірдің мәнін таппай жүрген клиентпен әңгімелесе отырып, клиент өзін толыққанды сезінетіндей ұстауы керек.

Менмен немесе өркөкірек болуға болмайды және өзі мен пациенттің арасындағы айырмашылықты көрсетуге де болмайды. Егер салыстыруды өздері бастаса, өз мүмкіндіктерінен ұялып, оны жасырудың қажеті жоқ, маңыздысы - клиент ауыр жағдайда екендігін естен шығармау. Оның құндылығын анықтап, бағалай білу керек, оларды клиенттің кішірейтуге тырысқанына қарамастан көрсете білген жөн. Осындай адамгершілікті қатынас пен ашықтық практикалық психологияның мәні.

Дегенмен практикалық психологтың қызметінің тиімділігі тек қана оның тікелей тұлғалық сапаларымен ғана анықталмайды. Тұлғалық ерекшеліктері әр түрлі адамдар психотерапияның әр түрлі түрлерін қажет етулері мүмкін, жұмыстарының тиімділіктері клиент типтеріне байланысты психотерапевтердің арасында жүйелі айырмашылық бар. Психолог клиен және тапсырыс берушілермен белгілі бір әлеуметтік, ұйымдық, экономикалық және өзге де жағдайларда жұмыс жасайды. Сондықтан да кеңес беру жүйесі мен психотерапияның тиімділігінің басты факторы клиенттің өзі болып табылады. Кейбір адамдардың психологтың қабылдауына әуестіктен немесе оған бір нәрсені дәлелдеу ниетімен баратындары белгілі. Мұндай жағдайларды мүмкіндігінше тапсырыс кезінде болдырмау психолог маманнан және кеңес беруді жалпы қою ісіне байланысты. Клиенттің бірге жұмыс жасауға тілегінің болмауы, өз әрекетіндегі бір нәрсені өзгертуі психолог іс-әрекетін қиындатады. Клиенттің әрекеттері, әрекет етудің жалпы ережелерін сақтау, психолог кеңесін орындау практикалық психолог іс-әрекетінің тиімділігіне әсер ететін факторлардың қатарына жатады. Практикалық психология жүйесіндегі көптеген нәрселер материалдық жағдайлармен анықталады: ыңғайлы бөлме, қажетті құрал-жабдықтар және т.б.

Психолог алдында тұрған міндеттерді шешу үшін психолог диагностика жүргізетіндей және кеңес беру мен психотерапияның қажетті шараларын өткізетіндей ұзақ мерзім қажет. Уақыт жеке темпке байланысты. Әрине, уақытқа қатысты психолог және кеңес берілетін клиент, мекеме басшысы арасында келіспеушіліктер болуы мүмкін. Біріншіден диагностикалық жұмыстың тиімділігі туралы, содан барып психологиялық ықпал туралы мәселені шешкен орынды. Іс-әрекет критериилері психолог ұстанатын теориялық негіздермен, психологиялық мәлімет алуда қолданылатын әдістермен байланысты. Жұмыс теориясы ғылымның даму деңгейі мен психологтың кәсіби кемелденуін бейнелейді. Психодиагностикалық әдістердің тиімділігі сонымен қатар психологтың емделуші адамдармен қарым-қатынасының ерекшеліктеріне де байланысты. Психолог алған мәліметтер белгілі бір деңгейде клиенттің мінез-құлығына да байланысты болады.

Психодиагностиканың тиімділігі бағдарлама дайындау мен әдістеме батареяларын таңдау сапасына байланысты. Диагностикалық бағдарламаны тағайындау келесідей әрекеттерден тұрады. Диагностика пәнін анықтау (тұлға қасиеттері, әрекет, уайым, когнитивтік үрдістер, әлеуметтік-психологиялық құбылыс). осыған байланысты адекватты әдістемелер немесе олардың жиынтығын таңдау; таңдалған әдіс көмегімен психикалық құбылыстың қандай жолмен диагностикаланатындығын анықтау; әдістің өзі бағытталған нәрсені зерттейтіндігіне көз жеткізу. Бұл әдістің валидтілігі туралы мәселе. Әдістің қандай мақсатқа бағытталғандығын анықтау: ғылыми зерттеу үшін, практикалық диагностика немесе кадрларды таңдау мен орналастыру. Диагностикалық әдістердің өңделген нормалары міндетті түрде болуы керек және нәтижелерін интерпретациялау түсінікті болуы керек; диагностика бағдарламасын кім жүргізетіндігін анықтау керек: егер психолг болса, әдіс күрделірек болады; әдістің қай категориядағы адамдарға арналғандығын анықтау: балалар не ересектер, сау адамдар немесе аурулар, сауатты немесе сауатсыз сыналушылар; топтар немесе жеке индивидтер; диагностиканың мерзімі мен уақытын, сонымен қатар тестілеудің мерзімдік нормасын анықтау; әдістің үнемділігіне қойылатын талапты бағалау: арнайы құралдарды қажет ету, зерттеу жүргізуге арналған орынды безендіру. Клиникалық белгілердің жақсаруы психологиялық ықпалдың тиімділігінің маңызды критериі екендігімен авторлардың көпшілігі келіседі.

Қорыта келгенде, практик психолог қызметінің тиімділігінің кәсіби жоғары деңгейде болуы – клиенттің өзін толыққанды сезінуінің және тұлғалық мәселесінің шешілуінің кепілі.

Әдебиеттер


  1. Абрамова Г.С. Практическая психология. Екатеринбург, 1998.

  2. Айви А.Е., Айви М.Б., Саймэн-Даунинг Л. Психологическое консультирование и психотерапия. Методы, теории и техники. Практическое руководство. М.1999.

  3. Бурлачук Л.Ф., Грабская И.А. , Кочарян А.С. Основы психотерапии. Киев, 1999.

  4. Введение в практическую социальную психологию. М., 1996.

  5. Кочюнас Р. Основы психологического консультирования. М., 1999.

  6. Психологическая помощь и консультирование по практической психологии. /Под.ред. М.К.Тутушкиной. СПб., 1998.

  7. Психологическое консультирование и психотерапия. Теория и методол. М.,1998.

ТүйінДЕМЕ

Мақалада практик психологтың қызметінің тиімділігін арттыру жолдары қарастырылған.

резюме

В статье рассмотрены оптимальные пути совершенствования работы практика – психолога.



Бастауыш сынып оқушыларындағы қиял процестерінің ерекшеліктері
Құрбанова И.Т. - психология магистрі (Алматы қ., Қазмемқызпи)
Бала бұрын қабылдаған заттар мен құбылыстардың образына сүйене отырып, еш уақытта көрмеген нәрселерді де санасында бейнелей алады. Мәселен, өткен заманда болған оқиғаларды суреттейтін материалды оқып отырғанда, не өзіміз көрмеген алыстағы елдер туралы әңгіме тыңдағанда, не кітап оқығанда балада түрлі елестеулер пайда болады. Бұл қиял процесінің желісі болып саналады. «Жанның өзінде бұрыннан бар суреттеулерден жаңа суреттеулер жасай алуы қиял деп аталады» (М.Жұмабаев). Қиял процесінің адам әрекетінің қандай саласында болмасын зор маңызы бар. Бала қиялындағы фантастикалық образдардың өзі де оның танымын кеңейтетіндігі, қоғамдық тәжірибені меңгеруге жағдай жасайтыны, мұның өзі баланың психологиясына қатты әсер ететіндігі байқалады. Қиялдың адам қажетіне асуы, оның шындықпен байланысты болып келуі адамға ерекше қанат бітіріп, оның ілгері өрлеуіне себепші болады» Қыран жетпеген жерге қиял жетеді”- деп халық тауып айтқан.

Төменгі сыныптағы мектеп оқушыларына тән қиялдың ерекшеліктері, олар жасаған бейненің көрнекілігі мен нақтылығында, бала өзінің өмірден не суреттерден көргендерін ойша елестетеді 1-ші сынып оқушысына нақтылы заттар мен көрнекі нәрселерсіз қиялдау қиынға соғады.

Адамдардың қиялына тән кейбір ерекшеліктері төмендегіше қарастырылады. Әр адамның қиял ерекшеліктері оның жеке қызығулары мен қасиеттеріне, алдына қойған мақсаттарына байланысты болып келеді. Бұл арада суды аңсап шөлдеген жолаушының қиялы мен емтихан тапсыратын студенттің қиялын салыстырып көруге болады.

Қиялдың мазмұны мен формасы адамның жас және дара ерекшеліктерінде, білім тәжірибесіне де байланысты.

Қиял адамның өскен ортасына, этностық ерекшеліктеріне, табиғат, жер-су қоршауына байланысты да көрініп отырады. «Жаратылыстың құшағында, -деп жазады М. Жұмабаев, - меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнімен бірге күліп, түнімен бірге түнеп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада тұрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті»

Қиял - адамның барлық психикалық құбылыстарымен ұштасып жататын процесс. Мәселен, алға қойған мақсатын жоспарлап, жүзеге асырудың жолдарын іздестіру қиялсыз мүмкін емес. Бұл қиялдың ерікпен байланысына жақсы мысал. Қиялдың ойлау процесінде алатын орны ерекше. Өйткені ойлау белсенділігі адамды шығармашылық әрекетке жетелейді. Ал ондай әрекет қиялдың өте күшті дамуын қажет етеді. Ойлау мен қиял бір-бірімен тығыз байланысты. Жан қуаттарының екеуі де мәселені шешуге, сұраққа жауап беруге қатысады. Бірақ қиялда мәселені шешудің өзіндік ерекшелігі болады. Қиял – мәселені суреттеу, жанды көрініс арқылы шешсе, ойлау оны тірі суретсіз жалпылай, ұғым, пікір, тұжырым түрінде шешеді.

Адам қиял еңбек процесінде, іс-әрекет үстінде жарыққа шығып, дамып отырады. Мұндағы негізгі шарт: саналы мақсаттың болуы, болашақты болжай алу, істейтін еңбектің нәтижесін күні бұрын көре білу, яғни оны өңдеп, өзгертіп, елестете алу адам қиялына тән негізгі белгілер. Қиялда адамның дүниесі жөніндегі әр түрлі таным түсінігі әр түрлі формада қиюласып, жаңа санаға ие болады. Қиял бейнелері адам қажеттілігіне тәуелді бола тұрып, оны белсенді қызметке итермелейді, творчествалық ісіне күш-жігер қосады. Қиял тек теориялық және практикалық қызметте ғана емес, ол адамның бүкіл рухани өмір салтының қалыптасуы мұнсыз мүмкін емес. Адам санасының жануар психикасынан басты айырмашылығы адам да ойлаумен қатар қиял әрекетінің болғандығында .

Бұл жасты өзінше жас кезеңіне бөліп қараудың себебі – бұларда өтетін оқу материалдары ұқсас келуінен, осы жастағылардың оқу әрекетінің ұқсастығы, көпшілігіне тән ұқсас психикалық қасиеттер тудырады. Міне, бастауыш мектеп жасын бөлек кезеңдерге бөлудің себебі осыдан. Кіші сынып оқушылардың оқуға едәуір мүмкіншілігі бар. Себебі олардың интеллектісі қарапайым ой операциясы дәрежесінде кездеседі дейтін

Ж. Пиаженің пікірі дұрыс болғанымен, қазірде бұрын аңғарып көрмеген қабілеті бар екендігі анықталып отыр. Осыған сүйеніп кеңес психологі Давыдов қазіргі күнде беріліп жүрген оқу тапсырмалары оқушылар үшін жеткіліксіз дейді. Олар мүмкіншілігін толық тауыса алмайды. Сондықтан бұлардың оқу мүмкіншілігін толық пайдалану үшін, тапсырманы онан әрі күрделендіру қажет дейді. Тапсырмалардың біртіндеп күрделенуі баланың танымдық процестерінің дамуына, ойлау, қиял, ес т.б. жақсы қалыптасуына, белсенділігінің артуына әкеледі.

Педагогтың бірінші міндеті мұғалімнің айтқанын дәлме – дәл, айқын елестету үшін, оқушылардың репродуктивтік қайта жасау қиялын дамыту. Ол үшін педагогтың айтқан әңгімесі әсерлі, нақты фактілерге бай болуы қажет, бұған қоса суреттер, диапозитивтер, көрнекі құралдар т.б. пайдалану керек.Алайда бұл құралдар, әсіресе балалар сөз болып отырған нәрсені ойша елестете алмайтын жағдайда, пайдаланған тиімді. Көрнекі құралдар тым шамадан тыс пайдаланылса, ол қиялды дамытуду жеделдетпей, қайта тежей түседі.

Нақтылы заттарды қабылдау мен ойша елестетуді ұштастыра білген пайдалы. Мысалы, суретті көрсетіп, содан соң балаларға ештеңеге сүйенбей ойша әңгімелеп беруді ұсынған жөн, немесе алдымен әңгіме жүргізіп, соңынан көрнекі құралды көрсеткен дұрыс. Мұның бәрі дәл қазір көрмесе де ойша қабылдауға болмайтын заттарды елестете алу қабілетін дамытады, яғни қиялдың дамуына мүмкіндік береді.

Бастауыш сынып мұғалімінің міндеті-балалардың қиялы мен елестерінің мол қорын жасау болып табылады. Ешбір ретсіз, көбіне мәнсіз қиялдаудың орнына, балаларда айналадағы болмысты дұрыс бейнелейтін, кейіннен ғылыми ұғым негізіне айналатын елестерді қалыптастыру қажет. Бұл бейнелеудің қаншалықты дұрыстығын тексеру үшін, осы бір затты, не құбылысты қалай елестететінін оқушыдан сұраған жөн. Оқушы тапсырманы дұрыс айтқанымен баланың оқығандары негізінде пайда болған бейнелер мен елестері кітапта айтылғандармен мүлдем сай келмейтін жағдайлар ұшырасатыны белгілі. Мысалы, бір оқушы жер белдеулерінің шекаралары: Шаян және Таутеке тропиктері туралы дұрыс айтты. Мұғалім енді келесі сұраққа көшпекші болғанда бала кенеттен: “Таутеке деген қандай жануар?” – деп сұрады. Сұрастыра келгенде, тропиктің шаян деп аталуы, оқушының онда шаян көп болатындығынан деп есептейтіндігі анықталды, ал басқа тропикте тіршілік ететін таутеке балаға белгісіз болатын.

Мектепке дейінгі балалар фантазия әлемін, ертегіні жаны сүйеді. Қиялы мол ойындарды мейлінше қатты ұнатады.Бала таяқты ат қылып мінсе – ат болғаны, ол салт атты бола қалады, ал бірінен соң бірін қатар қойған үш орындық оларға шапшаң жүретін поезд іспеттес.Төменгі сынып оқушыларының қиялы да көл-көсір, ал бірақ мектеп жасындағылардың қиялы, шындыққа жақын, оны дәлірек бейнелейді. Мысалға, мектепке дейінгі бала бір-біріне крес етіп байлаған шыбықты самолет деп қабылдаса, төменгі сыныптың оқушысы бұған қанағаттанбайды, нағыз самолетке ұқсас етіп бірдемелерді жасауға тырысады. Осы айтқандарды негізге алып кейбіреулер, жасы үлкейген сайын қиялы көмескелетіп, нашарлап мазмұны жағынан тұтастай жұтай түседі деп ойлайды. Бұл тіптен де бұлай емес. Қиял процесінде өткен елестер едәуір өзгерістерге ұшырағандықтан, адамның неғұрлым тәжірибесі мен алған әсері көп болса, оның қиялы да байи түседі.Балалардың шындықты қиялға айналдыруы ересектерден гөрі жиірек болады. Творчествалық қиялды қалыптастырудығы тамаша құралдың бірі-арнаулы және әсіресе еркін тақырыптарға шығарма жазу. Оқытудың алғашқы жылынан бастап, оқушыларды әдебиеттен , сурет салуда, қол еңбегінен т.б. әр қилы творчествалық еңбекке ынталандыру қажет. Жақсы жолға қойылған эстетикалық тәрбие жұмысы мектеп оқушыларының қиялын дамытуға жәрдемдеседі.

“Әрқандай бейне, мейлі ірі, мейлі кіші болсын, нақты қалыпқа келіп, орнықты шындыққа айналудың алдын ойда түзілген жаңа байланыстар мен қатынастар негізінде жасалған қиял түрінде іске асады.

Оқу іс-әрекеттің негізгі саласы еңбек процесін нәтижелі орындауға қажетті білімді, дағды мен икемді жүйелі түрде меңгеру. Мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекеті - оқу. Оқу арқылы балаға қоғам өзінің ғасырлар бойы жиналған асыл мұрасын, дағды, тәжірибесін береді. Сонымен бірге жаңа буын оқу арқылы өзінен бұрынғылардың практикалық әрекетін, ғылым-білім жүйелерін меңгереді. Сөйтіп өзін практикалық әрекетке дайындайды. Білім жүйесін меңгеру арқылы ғана адам ой және дене еңбегінің тетіктерін жақсы түсінеді. Оларды жан-жақты білуге мүмкіндік алады. Білім меңгеру –ұзақ уақытты керек ететін процесс.

Психолог П.Я.Гальперин (1902-1988) өзінің “Ақыл-ой әрекетінің сатылап қалыптасуы” теориясында бала мәселесін шешу үшін алдымен сыртқы материалдық әрекеттерді (затты ұстап көру, тұрқын, көлемін ажырату, шамамен өлшеу т.б.) пайдаланады, сосын оның бейнесін елестетеді. Содан соң дауыстап, және іштей айта алатын болады да, сөйтіп сыртқы заттық әрекеті біртіндеп ішкі ой әрекетіне айналады.

Мектеп – бала қиялын дамытуда үлкен роль атқарады. Мұндағы оқылатын сабақтардың мәніне түсіну қиялсыз мүмкін емес. Мәселен, табиғатты суреттейтін немесе қандай да болсын оқиғаны баяндайтын бір материалды түсіндіргенде мұғалім арнаулы тәсілдер арқылы оқушылардың қиялын оятады. Қиял арқылы бала ондағы жанды бейнелерді көз алдына елестеткендей, қолымен ұстағандай, құлағымен “еститіндей” күйге түседі.

Көркем әдебиет шығармаларын талдағанда, тарих сабақтарында қиял процесі әр қырынан көрініп отырады.

Оқу процесінде қайтадан жасау қиялының маңызы өте зор, сондықтан онсыз оқу материалын қабылдау, не ұғыну мүмкін емес. Оқыту қиялдың бұл түрін үнемі дамытып, байытып отырады. Оқытудың әсерінен баланың қиялы да өзгеріске ұшырайды. Қиял бейнелері көбіне тиянақталып, жақсы есте сақталады, білімі молайып, ой-өрісі кеңейген сайын, олар түрлі болып, байи түседі.

Қиялдың алғашқы көріністері үш жасар бөбектерде байқалады. Мұны бөбектердің қызық ертектерді шын ықыласымен тыңдауынан, ертегідегі оқиғаны шын көріп, бар ынтасымен берілуінен көреміз. Бір қарағанда жас бала қиялына өте бай сияқты болып көрінгенімен, ондағы образдар шындықтан өте алыс жатады. Себебі бала санасында кезкелген нәрсенің бейнесі оңай тоғысады да, бұдан керемет қиял көріністері құралады. Баланың өмір тәжірибесі өсе келе қиялы да шындыққа бір табан жақындап отырады. Мәселен, бала шимайлап қағазға бір нәрсенің суретін салады, осыны шындықта бар нәрсеге ұқсайды деп ойлайды. Қиял басқа да психикалық процестер тәрізді дамудың ұзақ жолынан өтеді . Қиялдың қарапайым түрінен бастап творчестволық қиялға дейінгі кезеңнің қалыптасуы нақтылы әрекетке байланысты.

Мектеп – бала қиялын дамытуда үлкен роль атқарады. Мұндағы оқылатын сабақтардың мәніне түсіну қиялсыз мүмкін емес. Мәселен, табиғатты суреттейтін немесе қандай да болсын оқиғаны баяндайтын бір материалды түсіндіргенде мұғалім арнаулы тәсілдер арқылы оқушылардың қиялын оятады. Қиял арқылы бала ондағы жанды бейнелерді көз алдына елестеткендей, қолымен ұстағандай, құлағымен “естігендей” күйге түседі. Көркем әдебиет шығармаларын талдағанда, тарих сабақтарындағы әңгімелерде, оқушылардың түрлі ойындарында қиял процесі әр қырынан көрініп отырады. Төменгі сынып оқушыларында алғашқы кезде қиялдың дамуы айтарлықтай болмайды. Мәселен, бірінші сыныптағылар суретке не оқығанға қарап, өз бетімен жаңадан бейне жасай алмайды. Өйткені осы жастағыларда синтездеу қабілеті жөнді дамымаған. Олар оқығанын кездейсоқ, біріне-бірі байланыспаған ассоциация арқылы жаңғырып отырады. Баланың қайта жасау қиялын дамыту үшін алдымен олардың тәжірибесін қорландыра түскен жөн. Өмір тәжірибесінің артуы, білім қорының молая түсуі балалардың қиялын да дамыта түседі. Бастауыш сынып оқушыларында қиял процесінің дамуына аса мән берілуі қажет. Ол оның қоршаған ортаны танып білуіне, оқу әрекетінің дұрыс қалыптасуына, баланың жан-жақты дамуына ықпал етеді.Қиялдың маңыздылығы оның шындықпен байланыстылығында. Шын мәнісіндегі қиял ғана мазмұнды, пәрменді де болып, адамды іс-әрекетке жетелейді, оның рухани өсуі үшін ерекше маңызды болады.
Әдебиеттер


  1. Коршунова Л Воображение и его роль в познаний. М. 1973.

  2. Брушлинский А.В. Воображение и его творчество. М.1969.

  3. Выготский Л.С. Воображение и его развитие в детском возрасте. М. 1982.

  4. Короленко Ц.П., Фролова Т.В. Чудо воображение: воображение в норме и потологии. Новосибирск. 1973.

  5. Натадзе Р.Г. Воображение как фактор поведения: Хрестоматия по психологии М. 1987.

  6. Никифоров О.И. К вопросу о воображении. //Вопросы психологии. № 2 1972\

Түйіндеме

Мақалада бастауыш сынып оқушыларындағы қиял процестерінің кейбір ерекшеліктері қарастырылған.
Резюме

В статье рассматриваются некоторые особенности процесса фантазирования у учеников начальных классов.




Общая характеристика внутриличностных конфликтов
Наукенова С.С. - преподаватель (г. Алматы, Казгосженпи)
Внутриличностный конфликт представляет собой внутриличностное противоречие, воспринимаемое и эмоционально переживаемое человеком как значимая для него психологическая проблема, требующая своего разрешения и вызывающая внутреннюю работу сознания, направленную на его преодоление. Существуют определенные показатели внутриличностного конфликта:

  1. Когнитивная сфера: снижение самооценки, осознание своего состояния как психологического тупика, задержка принятия решения, глубокие сомнения в истинности принципов, которыми вы раньше руководствовались;

  1. Эмоциональная сфера: психоэмоциональное напряжение, частые и значительные отрицательные переживания;

  1. Поведенческая сфера: снижение качества и интенсивности деятельности, снижение удовлетворенности деятельностью, негативный эмоциональный фон общения;

  1. Интегральные показатели: ухудшение механизма адаптации, усиление стресса.




Форма проявления

Симптомы

Неврастения

Невыносимость к сильным раздражителям; подавленное настроение; снижение работоспособности; плохой сон; головные боли

Эйфория

Показное веселье; выражение радости неадекватно ситуации; «смех сквозь слезы»

Регрессия

Обращение к примитивным формам поведения; уход от ответственности

Проекция

Приписывание негативных качеств другому; критика других, часто необоснованная

Номадизм

Частое изменение места жительства, места работы, семейного положения, партнеров, частые разрывы отношений с друзьями, изменение привычек, увлечений, обстановки

Рационализм

Самооправдание своих поступков, действий, даже неадекватных и социально неодобряемых


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет