Педагогика институты


Қазақстандағы гендерлік зерттеулердің дамуы



бет14/14
Дата09.07.2016
өлшемі1.39 Mb.
#186702
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Қазақстандағы гендерлік зерттеулердің дамуы
Оспанова Д., Тенкебаева А. – аға оқытушы

(Өскемен қ., С.Аманжолов атындағы ШҚМУ)

Қазіргі Қазақстан Республиасы жаһандану үстінде. Ал өз кезегінде жаһандану процесі қиын және қарама-қарсы сипатқа ие, оның жағымды және жағымсыз жақтары болады. Бұл процестің жалпы стандартизациясын және субъективті еместігін жеңу ретінде әртүрлі мәдениетті, өмірлік практика және даралықты екере білу керек. Қазіргі ғалымда, соның ішінде атақты қазақ әлеуметтанушысы А.Н.Нысанбаев жазғандай стандартизацияға осындай қатынас болу керек. Жаһанданудың жағымсыз және біржақты нәтижелерін жеңуде гендерлік фактор рөлі қызығырақ болып табылады. Бұл жердегі гендерліктің мәні әйелдік және еркектік тәжірибелер қайта қалыптастырудан тұрады.

Еркек және әйел психологиясын, олардың бір – бірінен айырмашылығын зерттеу тек адамға ғана емес, сонымен бірге қоғамның барлығына тұтас және тікелей қатысты. Адамның жыныстық ерекшеліктерімен және оның психологиялық айырмашылықтарымен байланысты сұрақтар, соңғы уақытта қоғамдағы белсенді талқыланатын сұрақтардың бірі. Осы орайда гендерлік түсініктерді қалыптастыру және елімізде гендерлік зерттеулер жүргізу өте маңызды болып табылады.

Қазіргі әлеуметтік-психологиялық ғылым жыныс және гендер [gender] деген түсініктерді бөліп көрсетеді. Олардың бірішісі адамдардың анатомды-физиологиялық ерекшеліктері белгілеуге қолданылады, соның егізінде адамзат еркек және әйел ретінде анықталады. Адам жынысы (яғни биологиялық ерекшелік) әйелдер және еркектер арасындағы психологиялық және әлеуметтік айырмашылықтардың алғашқы және фундаментальді себептері болып саналады. Ғылыми зерттеулердің дамуына байланысты, биологиялық көзқарас тұрғысынан еркектер мен әйелдер арасындағы айырмашылыққа қарағанда ұқсастықтар көп екені анықталды. Осы орайда биологиялық айырмашылықтар қаншалықты маңызды екенін анықтау үшін, адам жынысының негізгі беттерін қарастыруға болады. Адам жынысының келесі белгілер анықтайды:


  1. Генетикалық «хромосомалар жиынтығы - әйелдерде 46 ХХ, еркектерде 46 ХУ);

  2. Гонадты (репродуктивті функция - әйелдерде жұмыртқа жасушалар, еркектерде жұмыртқа сперматозойдтар);

  3. Горманальді (әйелдерде жыныстық гормондар – эстрогендер, еркектерде антрогендер);

  4. Соматикалық (жыныс мүшелері құрылымының және қосалқы жыныстық белгілер дамуының жиынтығы);

  5. Азаматтық (жеке куәліктік);

  6. Психикалық (индивидтің өз жынысын түсінуі, оның жыныстық құмарлығының бағыттылығы).

Осы берілген белгілердің тек 1-4 ке дейінгісі биологиялық, ал қалған екеуі әлеуметтік.

Адамдар арасында биологиялық ерекшеліктерден басқа, олардың әлеуметтік ролдерін, іс - әрекет формаларын, мінез – құлқындағы және эмоционалдық сипаттағы айырмашылықтарды бөліп көрсетеді. Әлемдегі белгіленген еркектің және әйелдің әлеуметтік сипаттамаларының әртүрлілігі және адамдардың биологиялық сипаттамаларының принципиалды ұқсастығы, биологиялық жыныс әртүрлі қоғамдағы әлеуметтік рольдер айырмашылығының түсіндірмесі бола алмайды деген қортынды жасауға мүмкіндік береді. Сондықтан, адамдарға олардың биологиялық жынысына қарай қоғамның орындауға міндеттейтін әлеуметтік және мәдени нормалар жиынтығын беруші гендер түсінігі пайда болады.

Психологияда гендер – бұл «еркек» және «әйел» түсініктеріне анықтама беруші әлеуметтік биологиялық сипаттама. Гендер адамның биологиялық, психологиялық, әлеуметтік психологиялық сипаттамасының жиынтығын, оның қарым-қатынаста және өзара әрекеттесуде көрсететін әлеуметтік мінез құлық ерекшеліктерін анықтайды. Гендердің базалық білімі жеке тұлғаның «психологиялық жынысы» болып табылады, яғни жыныстық идентификация және жыныстық өзіндік сананың нақты деңгейіне жету, психологиялық игерілген және әлеуметтік мойындалған еркектік және әйелдік рольдерді гшынайы игеру (А.А.Чекалина).

Гендер барысында тағы да сипатталады: еркек және әйел жынысына қандай психологиялық сапалар тән, қандай мінез-құлық еркектер мен әйелдер нормасынан ауытқушы, күдікті немесе қалыпты деп саналады; жеке тұлғаның әлеуметтік және құқықтық, жеке әлеуметтік статусына, әлеуметтік жағдайына жыныс қалай әсер етеді.

Гендер бұл жыныстың әлеуметтік конструктысы. Ол қоғамды әйел және еркекке бөлу идеологиялық өнім, әлеуметтену өнімі, әлеуметтік өмір өнімі болып табылатынын көрсетеді. Гендер нақты шекарадағы индивидтің мінез – құлқын шектеуші және анықтаушы әлеуметтік бағдарлар жиынтығы.

Гендер бұл ерлер мен әйелдер арасындағы әлеуметтік қатынастардың ұйымдастырушылық модельі, олардың от басындағы өзара әрекеттесуді немесе олардың тұлғааралық қарым – қатынасын сипаттап қана қоймайды, сонымен бірге олардың қоғамдағы негізгі иниституттардағы әлеуметтік қатынасын анықтайды. Сондықтан гендер – жыныстар қатынасын зерттеуші талдау категориясы ғана емес, өзара байланысты санкциялар мен нормаларды тұтас қамтитын нормативті жүйе, ол арқылы әйелдік және еркектік мінез – құлық басқарылады және бағаланады, ол барлық әлеуметтік ұйымдарды негізгі өлшеушілердің бірі.

Ал гендерлі зерттеу – бұл жыныстардың ерекшеліктерін әлеуметтік мәдени, әлеуметтік психологиялық призмалар арқылы әйел және еркектердің жағдайын (экономикалық, саяси, құқықтық және психологиялық, т.б.) зерттеу. Гендерлік зерттеу барысында гендерлік айырмашылық, гендерлік идентификация түсініктері қолданылады.

Гендерлік айырмашылық әлеуметтегі әйелдер мен еркектердің бірдей еместігін, жыныстық рольдік стереотиптердің бар екенін, олардың шынайы рольдік функцияларындағы (соның ішінде биологиялық шартталған) айырмашылықтарды көрсетеді. Сондықтан адамның кәсіптегі өз - өзін жетілдіруді сипаттауда, түсінуде, анықтауда гендерлік құрылымды ескеруді көрсетеді. Әйелдер мен әркектер арасында интеллектуалды, эмоциональді айырмашылық бар, бірақ олар сандық емес, сапалық сипаттқа ие. Еркектер мен әйелдер қоршаған ортаны әртүрлі қабылдайды, әртүрлі бағалайды. Әйелдер тұрақтылықты және нақтылықты іздейді, сонымен бірге жағдайға бейімделе отырып, үнемі өзгеріп отырады. Еркектер жаңалыққа ұмтылады, бірақ олардың негізгі тұлғалық сипаттамасы өзгермейді және олар мүмкіндігінше жағдайды өзгеріне бейімдейді. Әртүрлі іс - әрекет түріндегі жетістіктерде, жаңаны құру қабілетінде айырмашылықтар бар, солардың себебі әлеуметтік мәдени детерминант, биологиялық табиғат болуы мүмкін. Даму процесінде әйелдер мен еркекетер генетикалық жағынан әртүрлі функцияларды орындау үшін бейімделген: зерттеушілер айтуынша еркектер жаңаны құрайды, әйелдер сақтайды (В.П.Геодакян).

Гендерлік идентифтілік - әйелдік және еркектік жынысқа өзін жатқызуға қатысты ойлар, көп жағдайда адамның психикалық және соматикалық денсаулығына әсер етеді. тұлғалық өзіндік жетілуге маңызды әсер етуі мүмкін. Оның сипаттамасына адамның қарым-қатынастағы когнитивтік, мінез – құлықтық ерекшеліктері, индивидуальді өмірлік тәжірибесі, әлеуметтену жағдайы, оның қажеттіліктері және басқа тұлғалық құрылымы әсер етеді. «Әйел болу» және «Еркек болу» түсінігі әртүрлі этникалық, діни, нәсілдік топтар, әртүрлі әлеуметтік топтар, әртүрлі ұрпақтар үшін.

Гендерлік жүйе бұл социумның жыныс мәселесіне қатынасын және жыныстардың өзара қатынасын көрсететін және анықтайтын менталитеттің мәдени және құқықтық элементтерінің, әлеуметтік иниституттардың әлеуметтік қатынастардың жиынтығы. Гендерлік теңсіздік – тарихи қалыптасқан генделік жүйенің тұрақты сипаттамасы. Генделік зерттеулер еркектер және әйелдер арасында табиғи негіз болатын теңсіздік жоқ дегеннен шығады. Гендерлік теңсіздік әлеуметтік тұрмыстың әртүрлі сферасындағы (экономикадағы, саясаттағы, басқарудағы және т.б.) жыныстың ассиметриялық немесе теңсіздік жағдайын сипаттайды.

Қазақстанда гендерлік зерттеулер жаңадан дамып келеді. Қазақстан Республикасының Президентімен отбасы және әйелдер ісімен айналысушы Ұлттық комиссия бастамасымен еліміздегі алғашқы әлеуметтік және гендерлік зерттеулер орталығы ашылды. Ол Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық иниститутында ашылды және онда гендерлік әлеуметтану және гендерлік саясаттану бөлімдері бар. Гендерлік зерттеулер орталығын құрудың негізгі себептерінің бірі қоғамда болып жатқан әлеуметтік экономикалық өзгерістерге индекатор ретінде ғылыми негізде гендерлік мәселелерді зерттеу және комплексті түсіндіру болып табылады. Қазақстандағы гендерлік зерттеушлер үшін 1999 жыл өнімді болып табылады. ҚР философия және саясаттану иниститутымен курс бойынша «Введение в теорию гендера» атты методикалық оқу жинағы шығарылады. Е.У.Шеденова «Гендер әлеуметтенуі» атты арнайы курстың оқу бағдарламасын жасады. (Аль-Фараби атындағы ҚҰУ); С.М.Шарикова студентерге арналған «Гендер теориясы» (Теория гендера) атты методикалық құралды шығарды. (Абай атындағы АМУ). Қазақстанның ірі жоғары оқу орындарының бірі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық иниститутында үлкен жұмыстар жүргізілуде, мұнда білім беру процесі гендерлік өзіндік сананы және сәйкес гендерлік мінез құлықты қалыптастыру үшін гендерлік теориялар талаптарына сәйкес жүреді. 2001-2002 оқу жылынан бастап иниститутқа «Гендер» деген оқу пәні енгізілді. Бұл курс әрі теоретикалық әрі практикалық міндеттерді орындайды, гендердің негізгі түсініктері мен катеоргияларының мазмұнын ашуға, гендер теориясымен және тарихымен танысуға бағытталған.

Қазіргі уақытта «Қазақстандағы гендерлік білім беру бағдарламасының» жобасы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Біржақты қыздарға білім беру кеңестіктерінің мүмкіндіктерін және өзгешелігін зерттеу үлкен қызығушылық туғызады, бұл өз кезегінде гендер теориясының дамуына және тереңдеуіне әкеледі. Сонымен бірге гендерлік білім берудің жаңа келісіне және әлеуметтік тәжірибелерді және қазіргі педагогикалық технологияларды ескеру арқылы тәрбиелеуге жол ашады. Сондықтан жастарды дұрыс тәрбиелеуде оларға гендерлік ерекшеліктерге қатысты білім беру қажет.

Сонымен, гендер – тарихи дәстүрімен байланысты, әлеуметтік қатынастарды фундаментальді өлшеу. Әрбір қоғамда, әсіресе полимәдениетті және полиэтникалық қоғамда гендерлік әртүрлілікті ескеру керек. Нәзіктік және батылдыққа сәйкес келуші ойлар әртүрлі буында, әртүрлі этномәдени және діни топтарда әртүрлі болатындығы белгілі. Гендерлік фактор, біздің ойымызша жаһанданудың стандартизация, бірыңғайлылық, біржақтылық сияқты жағымсыз салдарды жеңіуге мүмкіндік береді. Гендерлік фактор әлеуметтік экономикалық ортадағы әйелдер мен еркектердің рөлін болжауға, әртүрлі әлеуметтік топтардың шынайы мүмкіндіктерін және қатынастарын ескеруге мүмкіндік береді. Оны ескеру қоғамдағы еркектер және әйелдердің экономикалық және әлшеуметтік статустарын жақсартуға бағытталған. Сондықтан, жыныстар теңсіздігін қамтамасыз ету сұрақтарына көңіл бөлі, қоғам өмірінің жағдайын жақсарутға мүмкіндік береді. Әлеуметтік әділдік принципіне негізделген демократиялық қоғамда әрбір индевид жынысына қарамастан, өмір сапасын жақсартуға құқығы болуы керек. гендерлік қатынас бұл процеске қайталанбаушылық және әртүрлілікті енгізуге қабілетті.

ӘДЕБИЕТТЕР



  1. Берн Ш. Гендерная психология. СПб.: ЕВРОЗНАК. 2002.

  2. Введение в теорию гендера. Под ред. Б.Ж.Есекеева. А.: Инст.философии и полдитологии МОН РК.1999.

  3. Елькина Г., НайзагараеваЕ. Гендерные отношения в свете глоболизации. // Евразийское сообщество. №4, 2004.

  4. Шахонова Н.Ж. Гендерное развитие: опыт и инструментарий. / Евразия. №5, 2002.

ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада Қазақстан Республикасындағы гендерлік зерттеулердің қазіргі кездегі жағдайы қарастырылады.

РЕЗЮМЕ


В статье рассматривается состояние гендерных исследований в Республике Казахстан в настоящее время.


Әскери қызмет етушілердің өзара қарым-қатынастарындағы ерекшеліктер
Ысқақ Г.Т. – психология магистрі, Жайлымысова Г.А. – оқытушы

(Алматы қ., Қазмемқызпи)


Қазақ халқының әскери тарихы өте ертедегі соғыстардан бастау ала отырып, Ұлы Отан соғысымен жалғасады. Ал қазақ халқы дәл осы соғыста, яғни Ұлы Отан соғысында бүкіл әлемге өздерін халық ретінде таныта білді. Соғыста олар үлкен тәжірбиені меңгерді және жоғары көтерілді.

Ұрыс деген не? (Что такое бой?). Әскери адамдардың өздері ұрыс түсінігіне түрлі анықтама береді. Дегенмен де, Б.Момышұлының көзқарасы бойынша - ұрыс бұл қарсыласқа ұйымдасқан түрде әрекет ету. Адамға, топқа, қарсыласқа әсер ету түрлі жолдармен болады: ақылмен, психикамен, техника және қару күштерімен әсер ету. Тек ұрыста, адамның барлық қасиеттрі сипатталады. Егер бейбіт уақытта адамның арнайы қасиеттері көрінбесе, онда олар ұрыста ашылады. Соғыс психологиясы көпжақты. Соғыс немесе ұрыста батылдылық мүлдем жоққа шығарылады немесе толығымен көрініс табады. Ұрыста адамға тән қасиеттің бәрі көрініс табады. Бұл сезімді екі топқа бөлуге болады: жоғары сезімдер – парыз, ерлік, тәжірбие, қайырымдылық, батылдылық; төменгі сезімдер - ашу, төменділік, қорқыныш, үрей т.б.

Ұлы Отан соғысының тәжірбиесі жеңіс рухы күшімен қолданылатынына, жетістік әскери бөлімшенің моральды адамгершілік күшіне тәуелді екеніне көзімізді жеткізді. Адамның моралды – адамгершілік қасиеті- рухани күш сөзімен анықталады. Рухани күштің қайнар көздері және қозғаушы күштерінің негіздері: ақыл, сезім, ерік болып табылады.

Әскери психологияның мәселелері командирлердің, саяси жұмысшылардың, барлық офицерлік кадрлардың назарын аудартып отыр. Бұл кездейсоқтық емес. Қазір ұрыста жауынгерлерді сәтті әрекеттерге дайындау, оларды жоғары моральды психологиялық қасиеттердің қалыптасуымен байланысты. Психологиялық ғылымға сүйенбей, жеке құрамды дұрыс және мақсатқа бағдарланған түрде ұйымдастыру мүмкін емес. Әскери психология жауынгерлер психикасының даму заңдылықтарын, ерекшеліктерін және оқу жағдайында және әскери іс-әрекеттерде мінез-құлықтың сипатын ашады. Ол офицерлерді бағынушыларын үйрету және тәрбиелеуде көмектесетін білімдермен қаруландырады.

Қазіргі кезде елімізде Қарулы күштер ішінде көптеген мәселелер орын алуда. Әсіресе әскери бөлімшелерде конфликтілі жағдайлар көптеп кездеседі. Конфликтілі жағдайдың шығуына көптеген факторлар әсер етеді. Бұл жерде қаралатын негізгі факторлар әскери қызмететушілердің тұлғалық қасиеттері, психикалық күй, қызмететушілердің өзара қарым-қатынасы, әскери қызмететушілердің өзіндік сана-сезімі және әскери қызмететушілерге берілетін шен.

В.М. Бехтеревтің айтуынша өзіндік сана сезімі оның қарапайым формасында өзінің тіршілік иесі екендігін айқын емес түрде сезінуден тұрады. Кеңес әдебиеттерінде Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн келтіріп кеткен көзқарастарға қарасақ: сөздің дамуымен және қимылдардың, дербестіктің өсуінің дамуларымен шақырылатын сана дамуының этаптары, сондай-ақ қоршаған орта өзара қарым-қатынаста осы үрдістердің өзгерулерімен байланысты.

Жеке адамның сана-сезімі психологиялық ғылымның ең қиын және қызықты проблемаларының бірі. Жеке адамынң дамуы оның өзіндік сана-сезімін жетілдіру үрдісінде жүзеге асады. Адам өзінің қылықтарын өкіну арқылы ұғыну; психологиялық қорғаныстың қосылу жағдайын және мәнін түсіну; ішкі жанжалдардың себебін ұғыну және оларды шешудің тәсілін меңгеру. Өзін, өзінің ішкі әлемін саналай отырып, адам басқаларды жақсы түсіне бастайды, оған таңдау еркі және іске шығармашылық қатынас тән. Жеке адамның өзіндік сана- сезімі жеке адам өзін қоршаған ортадан бөле алатын, өзінің мәнін көрсететін өзінің өткеніне, болашағына, қазіргі кезіне қатынасын өзгертетін, психикалық процестердің жиынтығы.

Өзіндік сана – сезімге мотивтер және қылықтар, қалаулар, құмарлық, басқа нәрсеге адамдардың ұмтылысы жатады. Өзіндік сана-сезімнің бір бөлігі өзіндік бағалау, субъективті сипатты алып жүреді, себебі біз өзімізге жатқызатын қасиеттер, әрқашан шынайылыққа қатысты бола бермейді. Өзіндік бағалауды түсіну үшін маңызды үш мезетті бөліп көрсетті. Бірінші, оның қалыптасуындағы шынайы «Менмен» идеалды «Менімен» салыстыру маңызды рөлде. Екінші, жеке адамның өзін-өзі бағалауы оны басқалардың бағалауымен айналы «Менмен» тығыз байланысты. Үшінші, өзіндік бағалау, жеке адамның сфера үшін неғұрлым мәнді жетістіктерге жетуге тәуелді. Сонымен, өзіндік бағалау өзінің табиғаты бойынша күрделі құрылған, жүйелі болып табылады.

Агрессия ұғымы қазіргі таңда кең көлемде қолданылады, сондықтан оны жеке мәндерден шеттету керек. Агрессивтілік сапалық және сандық сипаттарға ие. Барлық қасиеттер секілді, ол әр түрлі деңгейді көрсетеді. Әрбір жеке адам агрессивтіліктің анық деңгейіне ие болады. Агрессивті мінез-құлық адамның әрекетінің арнайы формасы, басқа адамға қарым-қатынаста күшті қолданумен, субъектінің шығын келтіруге ұмтылумен сипатталады. Агрессивті мінез-құлықтың интенсивтілік деңгейі және көріну формасы бойынша түрленуі мүмкін: жақтырмаушылықты көрсету және теріс ниеттіліктен, ауызша тіл тигізуге дейін. Агрессивті мінез-құлық олардың ішкі қозуларымен анықталады. Агрессияны көптеген бағыттар зерттеген . Әр бағыттың өкілдері әр түрлі түсіндіруге тырысқан. Мысалға айтар болсақ, агрессивтіліктің қалыптасуын және ары қарайғы дамуын З.Фрейд балалық дамудың стадиясымен байланыстырады. А.Адлер бойынша агрессивтілік сананың ажыратылмайтын қасиеті,оның іс-әрекетін ұйымдастырушы болып табылады. Агрессивті сана агрессивті мінез-құлықтың түрлі формаларын тудырады. Психоаналитиктердің басқа өкілі Э.Фром агрессияның екі түрін қарастырды. Бұл қорғаныс, сапалы агрессия, адамынң өмір сүруіне қызмет етеді. Екінші түрі сапасыз агрессия- бұл деструктивтілік және қаталдық, бұл тек адамдарға тән және түрлі психологиялық және әлеуметтік факторлармен анықталады. Сонымен агрессияның түрлі теориялары инстинкт ретінде бөлшектеп бөледі, бірақ олардың бәрі мағынасы жағынан ұқсас. Барлық теориялардың ортасында, агрессия туылғаннан берілген, инстинктерге тән фактор болып табылады және агрессивті көріністі жою мүмкін емес деген қорытындыға алып келеді. А.Бандура агрессияны әлеуметтік мінез-құлықтың басқа формалары сияқты игерілетін және қолданатын, қандай да бір спецификалық әлеуметтік мінез-құлық ретінде қарастырады.

Агрессияның когнитивті моделі мінез-құлық типінің негізінде жатқан эмоционалды және когнитивті процестерді қарастыруды ұсынады. Мінез-құлықтың агрессивті бағытталуы - өзіне немесе басқаға зиян келтіру ниетімен шартталған мінез-құлық, жауластық агрессивтілік. Агрессияның бағытына байланысты аутоагрессия және гетероагрессия деп ажыратуға болады. Аутоагрессия кезінде төменгі көңіл күй, тез интеллектуалды шаршау, жоғарғы депрессивтілік, қарым-қатынастың төмендеуі байқалады.

Гетероагрессия сырттай көңіл-күйдің, жанжалдың, ұстамсыздықтың, тітіркенгіштің, жоғарғы қозғыштың, тәуекелге бейімділіктің, тәуелсіздіктің, тұрақсыздығымен байқалады. Осындай қасиеттер жауынгерлерде жалпы алғанда әскери қызмететушілерде қалай көрініс табады?!

Ұжымдағы өзара қарым-қатынас жауынгер тұлғасын және іс-әрекетін өзара бағалаумен, сыйлау сезімімен, сеніммен жолдастық және бірін-бірі үшін жауапкершілікпен шартталған ұжымішілік байланыстар жүйесінің спецификалық түрі. Өнегелі әскери ұжымда өзара қарым-қатынас әскерлерге қатысты өнегелік норма талаптарын, әскери уставты игеру мен сақтау нәтижесінде қалыптасады. Сондықтан да олар уставтық деп аталады.біздің жауынгерлеріміздің өзарақарым-қатынасы көбінесе устав талаптарына сай жылы сөзге мұқтаж болады. Командир ережені ұстау керек, өлшемсіз мақтау немесе кінәсіз жазаламау керек. Командир психолог болуы керек, ол жауынгер жанына кіре алуға, олардың ішкі дүниесін түсіне алуға қабілетті бола алуы керек. Субординация деген түсінік бар. Бұл түсінік екі жақты: шені бойынша жоғары, кеңесші, азаматты азамат ретінде сыйлау керек, оған жоғарыдан қарамау керек.

Әскери қызмететушілердің арасындағы өзара қарым-қатынас көбінесе осы сержант- жауынгер арасында бұзылады. Бұл себептердің ең бастысының бірі сержанттардың басқару ісінде офицерлер жағынан қатенің болуы және сержантқа қажетті талаптардың болмауы немесе жетіспеуі. Бірнеше әскери бөлімшелерде жас сержанттармен кездесу дұрыс ұыймдастырылмаған, кейде оларды таңдауда психологиялық ерекшеліктерге назар аудармайды. Жас сержанттарды арнайы командаларға алып барып және қызметке қатардағы жауынгермен қатар тағайындайтын жағдайлар да кездеседі. Әскери еңбек бойынша сержанттар мен өздерінің бағынушыларынан ерекшелігі немесе арықшылығы жоқ, олар да солармен бірге ұйықтайды, тамақтанады, спортпен шұғылданады, үнемі бағынушылардың көз алдында жүреді. Заңдылыққа сәйкес әрбір әскери қызмететушілерге соның ішінде офицерлерге арнайы әскери лауазым беріледі. Әскери лауазым мәнісі әскери қызмететушілер арасында өзара қарым-қатынаста билік және бағынуды қамтамасыз ету негізінде жатыр. Әскери лауазым бойынша бастықтар бағынушыларға бұйрық беруге және оның орындалуын тексеру құқығына ие. Лауазым бойынша үлкендер кішілерден әскери тәртіпті, мінез-құлық ережесін сақтауды және сәлем беруді талап етуге міндетті.

Әскери ұжымда қарым-қатынас екі формада көрінеді: біріншіден, ресми, формальды қатынас. Олар әрбір жауынгер қызметін, міндет көлемін, құқығын және жауапкершілігін анықтайтын, бөлімшенің ұйымдасқан құрылымымен сипататалады. Ресми қатынас негізін басқару және бағыну құрайды. Екіншіден, ресми емес яғни формальды емес қатынас. Олар тұлғааралық пікір, ұнату және жиреніштік, сыйлау және жек көру жүйесі ретінде қалыптасады. Басқаша айтқанда, ресми емес өзарақарым-қатынас құрылымы ешқандай құжатпен шартталмаған және тек жауынгерлердің бір-бірін қабылдаудың жеке ерекшелігіне негізделген.

Өзара қарым-қатынастың қалыптасуында эмоционалды компонент маңызды рөлге ие. Әскери қызмететушілер бір-біріне қатынасы бойынша бастан кешірулерде, эмоция және сезімнің көріну деңгейі әр түрлі.

Жауынгерлердің психикалық күйіне әсер ететін көптеген факторлар бар. Көбінесе психикалық күй жауынгерлердің әскери парыздың жоғары саналауымен және Отанын қорғау үшін жауапкершілікті ұғынуына тәуелді. Адам қаншалықты азаматтық және әскери парызын жоғары саналаса және жауапкершілгі жоғары болса онда жағымды күй пайда болады. Сезімнің өзі белгілі бір психикалық күй арқылы қалыптасып, бекітіледі. Әскердегі әлеуметтік жағдайда психикалық күйге әсер етеді. Нақты жағдайлар жиынтығында қызмет жағдайы, бөлімшелер мен бөлімдегі әскери тәртіп және дисциплина ерекше орынға ие. Жауынгерлердің жағымды психикалық күйін құру үшін олардың материалды және рухани қажеттілігін толығымен қанағаттандыру керек. Азаматтық жағдайдан ерекшелігі сол, бұл жерде объективті қиыншылықтар т.б., кез-келген іспен айналысу қысқартылған, қарым-қатынас шеңбері де шектелген, өз қалауларынан бас таруға тура келеді. Бұл шектеулер және қиыншылықтар адамның негізгі өмірлік қажеттіліктеріне кірмегенменде, олар, жұмысқа белгілі бір анықтауды жүргізбесе, жауынгерлердің психикалық күйіне жағымсыз әсер етеді.

Жауынгерлердің психикалық күйі сондай-ақ ұжымдағы қызметтік жағдайға тәуелді. Әскери ұжымның моральды- психологиялық атмосферасы психикалық күйге күшті әсер етеді, бағынушыларға деген қатынас типі қоғамдық ой сипаты, ұжым ішіндегі көңіл-күй және тұрмыстық дәстүр т.б. жауынгерлердің психикалық күйі ұжымдағы өзара қарым-қатынаста тікелей бейнеленеді. Эмоционалды көңіл-күй, аффект және агрессия түрінде көрінуі мүмкін.

Қазіргі таңда офицерлік кадрларға деген талаптар үздіксіз өсуде. Бірінші және ең басты талап, бұл сенімді, жетілген офицер болуы тиіс, халыққа шын ниетімен берілумен мысал бола алуы керек. Екінші талап- жоғарғы тәртіп және орындаушылық. Ішкі жинақылық-үлкендер бұйрығын дәл орындауға қабілеттілік және дайындық, мұнсыз офицер іс-әрекетін ойлауға да болмайтын қасиеттер. Үшінші талап- ынтызарлық және дербестік. Әскери адамдар үшін бұл қасиеттер міндетті. Ынтызарлықсыз ұрыста жеңіске жету мүмкін емес. Төртінші талап- командирлік ерік және ұйымдастырушылық. Бесінші талап- бағынушыларды оқыту және тәрбиелеу. Алтыншы талап - әскери кадрлардың жоғарғы жалпы және әскери техникалық мәдениеті.

Офицерлердің жеке құрамға деген қатынасы түрлі формада көрінуі мүмкін. Олар сеніммен, принципаилдылықпен, түсінушілік қасиетімен сипатталады.

Әскери бөлімшелердегі әскери қызмететушілердің өзіндік бағалауы әрине өзара қарым-қатынас процесінде орын алады. Адекватты емес өзіндік бағалаудың салдары көптеген мәселелерге алып келеді. Осындай жанжал жағдайлардың алдын-алу үшін әрбір офицер бірқатар маңызды болып табылатын принциптер қатарын білуі қажет:



  • әрбір жауынгерде жеткілікті болмаса да жетілген тұлғаны ескеру керек, олар дөрекілік немесе өздерімен манипуляция жасауға шыдамайтынын ескеру керек. Адекватты тұлғалық бағалау тек бағынушымен адамдық абыройлы өнегелі және моральды нормада өзара әрекетте мүмкін;

  • адамның психикасы энергетикалық ресурс, потенциал, сенімділік бойынша шексіз ену керек екенін ескеру;

  • әсірісе жас адамда, ол индивидуалды, жараланғыш, субъективті, бейімделгіш;

  • әскери қызметтеушілердің тәрбиелеу мүмкіндігі шексіз емес, олар көбінесе жеке ересектік деңгейімен шартталған сияқты сондай-ақ адамынң туғаннан игерілегн ерекшеліктерімен де шартталған;

  • адам іс-әрекетте және қарым-қатынаста өз-өзін көрсетеді және өз-өзін бекітеді.

Сонымен, бөлімше командирінің бағынушыларын күнделікті тұрмыстық танудан басқа, іс-әрекеттің түрлі түрінде қалыптасатын және көрінетін белгілі бір тұлғалық ерекшеліктерді арнайы білу керек.

Әрине, әскери қызмететушілердің өзіндік бағалауы- өздерінің қасиеттерін, орындарын, мәнін, өзгелер ортасында бағалау болып табылады. Қазіргі кезде қарап отырсақ психологиялық өзін-өзі бағалау басқа нәрсемен орын ауыстырған секілді. Бауыржан Момышұлы айтып кеткендей егер адамды мақтасаң ол даңқа ие болады, бірақ даңқ екі жақты сипатқа ие: ақылсыз үшін - есерсоқ болуына қабілеттендіреді, ақылды адам үшін даңқ – үлкен ауыр жүк.

Егер адамды қандай да бір атақты иемденсе, онда адам өзінің «Мені» қажет емес бейнеге айналады. Барлық зейінін парызға бөледі, ол жеке өзі үшін қандай-да бір деңгейде жоқ болады. Билік те қорқынышты. Егер билік ақылдыға берілсе-бұл ақылды жетекші, егер ақымаққа берілсе- есерсоқ адам болады, әсересе соғыста қорқынышты.

Командир жауынгер арына әсер ете алуы керек, оны қайырымды ұмтылысқа оята алуы керетігіне үйрету керек. Көптеген басшылар тек қана әскери ғана емес, азаматтық басшылардың ойынша бұқарадан үйрену өз абыройынан төмен деп санайды. Командир жауынгерге адамгершілікті әсер ете алуы керек, онымен қарапайым және жеткілікті тілде сөйлесуі, жауынгер жүрегіне кілт таба білуі керек.

Қазіргі кезде елімізде әскери бөлімшелердегі офицерлік құраманан бағынушы яғни жауынгерлер буынын алып қарастыратын болсақ, даңқа ие болған адамдар әрине ақылсыздар деуге болмайды, дегенменде сана-сезімінен бе әлде жалпы түсінігінен бе өзгерістерді байқауға болады. Әскери бөлімшеде кез-келген шенге ие болған офицерлерді алатын болсақ, олардан агрессивті мінез-құлыққа бейім екенін көреміз. Әрине егер әскери бөлімшеде тәртіп болмаса,бөлімше ішінде де тәрітп болмайды, жауынгерлерде бірдей ерік болмайды. Бірақ, бүгінгі күні жауынгерлердегі рухани шабытты ояту, офицерлердің жеке мақсатымен орын алмастырған. Жас офицерлер неге Отанға дұрыс қызмет етпейсің деп кінәламайды, тек жеке қатынасқа мән береді. Әскери ереже, норма бойынша казарма іші, жауынгер үстінің тазалығы, барлық нәрсені уақытылы орындалмаған болса,бағынушылар агрессия бағытының объектісі болып табылып отыр.

ӘДЕБИЕТТЕР



  1. Момушулы Бауржан. Психология войны. А., Казахстан; 1996.

  2. Военная психология и педагогика. Уч.пос. под ред. П.А.Корчемного и др., М. 1998.

  3. Аронсон Э., Уилсон Т., Эйкерт Р. Социальная психология. Психологические законы поведения человека в социуме. М., -СПб.: Прайм ЕВРОЗНАК, 2002

РЕЗЮМЕ


В статье рассматриваются психологические особенности взаимоотношений военнослужащих.

ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада әскери қызметкерлердің қарым-қатынасының психологиялық ерекшеліктері қарастырылады.
«Ө з і н - ө з і Т А Н У» П Ә Н І Н І Ң Ө З Е К Т І М Ә С Е Л Е Л Е Р І

Өзін-өзі тәрбиелеудің алғышарттарының психологиялық мәні
Бейсенова Ж. - пс.ғ.к., доцент,

Досалиева Г. - 5 курс студенті (Алматы қ., Қазмемқызпи)


Өзін-өзі тәрбиелеу жеке адам тәуелсіз мақсат қойып, оларға жетуге қабілеті болған кездегі, даму сатысынан бастап өз құқысына енеді. Өмір жағдайларының және тәрбиелеу ықпалымен қалыптасқан жеке адамның өзін-өзі тәрбиелеуге белгілі дайындығы қажет.

Өмір жағдайлары - ол индивид өмір сүретін және оның ойына, сезімдеріне және жалпы мінез-құлқына өз ізін қалдыратын материалдық және мәдени, моральдық және психологиялық шынайы жағдайлар. Яғни өмір жағдайлары жеке адамды біршама өз талаптарына бейімдейді, онсыз адамның әлеуметтік өмірі мүмкін емес болар еді.

Окушыға ата-анасының қылықтары мен өмірі, мектептегі сынып ұжымында оқушылардың өмірі және қылықтары, сондай-ақ мұғалім үлгісі шартты түрде әсер етеді.

Жағдайлар бейнесі - күрделі үрдіс, ол тек қатынас тәжірибесімен ғана емес, индивид қарым-қатынас жасайтын адамдардың бағалауларымен де жанама түрде байланысты.

Сол адамға ықпал ететін әлеуметтік топтың, ұжымның және жеке адамдардың жалпы бағалауына байланысты, бірден материалдық жағдайларды индивид әртүрлі бағалайды. Яғни оқушылардың ұжымдағы қарым-қатынасы, қызығушылықтарын, іс-әрекеттің мәндік бағасын, тұрмыс қалпының және қылықтың беделдігін анықтауға үлкен мәні бар, сонымен қатар өзін-өзі тәрбиелеу бағытын анықтауда да. Сондықтан оқушылардың ұжымдағы қарым-қатынасы және іс-әрекеті тұлғаны өзін-өзі тәрбиелеудегі дайындықта шешуші роль атқарады.

Өзін-өзі тәрбиелеудің негізі - тәрбиелеу болып табылады. Кең мағынадағы тәрбиелеу сөзіне оқытуда кіреді, тұлғаның қалыптасуында жетекші роль атқарады. Сонымен бірге В.И.Селивановтың айтуынша, өзін-өзі тәрбиелеуге дұрыс ұйымдастырылған тәрбиелеу жұмысының тіке нәтижесі болып табылады.

Жанұяда және мектепте жүретін тәрбиелеу үрдісінде балалық қылығын, ұжымда және басқа адамдармен қатынасын реттейтін моральдық бейнелер мен түсініктерді қалыптастырады. Моральдық білімдер негізінде, адамның коғамдағы қылығының өнегелік идеясы қалыптасады. Идеяның бар болуы, оқушыға өз дамуындағы кемшіліктерді байқауға және өзін-өзі тәрбиелеудің жоспарын белгілеуге мүмкіндік береді.

Тәрбиелеу, жеке адамды өзін-өзі тәрбиелеуге керекті негіздерді қалыптастырады. Яғни: өнегелік психологиялық, танымдық және еріктік қасиеттерді. Өзін тәрбиелеу үшін белгілі өмірлік позицияға жауап беретін өмір жоспарының болуы; сыртқы талаптарды және өзінің мүмкіншіліктерін білу; қойған мақсаттарына жете білу және өзін басқара алу.

Мектепке дейінгі жастағы балада тәрбиелеу ықпалымен не жақсы, не жаман, нені істеуге болады, нені болмайтыны туралы түсінік қалыптасады. Бұл түсініктер баланың қылықтарын реттейді.

Мектептегі оқыту мен тәрбиелеу, нұсқау және білім жүйесін, өмір мәні туралы түсінікті, сенім мен идеялар жүйесін қалыптастырады. Оқуға өз өмірін жоспарлауын, өзін-өзі тәрбиелеудің бағдарламасын және мақсаттарын белгілеуді жеңілдетеді. Яғни өмір жағдайлары және тәрбиелеу тұлғаны өзін-өзі тәрбиелеуді шынайы мүмкіндігін және қажеттігін түсінуге әкеледі. Сонымен тәрбиелеу мен өзін-әзі тәрбиелеу қатар жүреді. Ал жақсы ұйымдастырылса, әрекеттесіп бір мақсат пен талаптарға бағынып іске асады.

Өзін тәрбиелеу үшін ең алдымен өзіңді танып, бәрін сынап бағалау қажет. Өзіне-өзі риза болу, менмендік тұлғаны регреске жетелейді. Сонымен қатар адам өзіне-өзі сенбеу, наразы болуы да жағымсыз. Өз күшіне сенбеу адамды өзіне-өзі риза болу сияқты регреске әкеледі.

Өзін-өзі тәрбиелеу үшін ең жағымды жағдай: адам өз-өзіне, жігерлігіне сеніп, бірақ кемшіліктері бар екенін біліп, өзінің өмірінде жетістікке жету үшін көп нәрсені тәрбиелеу керек екенін білген абзал.

Өзін-өзі тәрбиелеуге қажеттілік, еріктері әлсіз, оқушыларда да пайда болады. Бірақ, өзімен жұмыс істеуде еріктілер мәнді жетістіктерге жетеді. А.Г.Ковалевтың мәліметтері бойынша , 16 жас өспірімнен толық және жартылай жетістікке жеткені -10 (63%) еріктің жеткілікті даму деңгейі бар оқушыларға жатады және 6 (37%) еріктері әлсіз оқушылар. Бұл жетістіктер үлкендер көмегімен және басшылығымен орындалған, жақсы ойластырылған жаттығуларға байланысты. Еріксіз оқушылар өздерінің сәтсіздіктерінің себептерін өзін-өзі тәрбиелеуден көреді.

Дәл тәрбиелеу үрдісінде өзімен жұмыс істеуге қажетті ерік қалыптасады. Ерікті тәрбиелеу кезінде оның екі негізгі қызметі пайда болады:



  • мақсатқа жету жолында сыртқы және ішкі қиыншылықтар мен кедергілерді жеңуге қажеттілік;

  • сыртқы ықпалдардан және ішкі құштарлықтан болатын әрекеттермен істерді тежеуге қабілеттілік. Бұл екі қызмет тұлғаның екі негізгі еріктік касиеттері: табандылық және өзін ұстай білуде көрінеді.

Өзін-өзі тәрбиелеу оқытумен тығыз байланысты. Окыту үрдісінде тек сыртқы дүние туралы білімдер ғана емес, адам оның даму шарттары туралы, қалай оқу керек және өзін тәрбиелеу керек екені туралы білімдер қалыптасады. Тәрбиелеп отырып, оқыту үрдісінде тек білуге қажеттілік дамымай, өз бетімен оқуда жетістіктерді қамтамасыз ететін, интеллектуалдық қасиеттер қалыптасады: үй тапсырмасын орындау, өз бетімен білім алу жолымен ой өрісін кеңейту. Тәрбиелеу мен өзін-өзі тәрбиелеу күрделі ара қатынаста болады. Егер мектепке дейінгі жаста тәрбиелеу негізгі орын алатын болса, бастауыш мектепте тәрбиелеу мен өзін-өзі тәрбиелеу біртұтас үрдіс ретінде өтеді, бірақ тәрбиелеу басым болады.

Оқушылардың дамуы, ой өрісінің кеңеюіне және тәжірибелік мүмкіндіктерінің өсуіне байланысты, олардың өзін-өзі тәрбиелеуі, тәрбиелеуді тек нығайтпай ғана сонымен қатар толықтырады. Негіз ретінде тәрбиелеу үрдісінде қалыптасқан интеллектуалдық және эмоциялық еріктік қасиеттер қызмет атқарады.

Тәрбиелеу барлық оқушылар үшін жалпы бағдарламада ұсынады. Бұл бағдарлама әр оқушының қызығушылығын, жеке қажеттіліктерін талаптарын, кабілеттерін ескермейді. Сондықтан жас өспірім бұл жағдайда өзін-өзі тәрбиелеудің жеке бағдарламасын белгілейді.

Жоғарғы сынып оқушыларында өзін-өзі тәрбиелеу бағдарламасы өмірлік жол таңдауға, қоғамдағы өзінің орнын белгілеуге байланысты, көлемді бслады. Бірқатар жағдайда өзін-өзі тәрбиелеу, тәрбиелеу бағдарламасынан озық жүреді. Өйткені бір оқушылар ақыл-ой дамуымен алға шықса, басқалар көркемдік қабілеттерінің дамуымен тағы сол сияқты. Сонымен жастық кезде және ересек адамда өзін-өзі тәрбиелеу тәуелсіз үрдіске айналады.

Үлкендер күнделікті қарым-қатынастағы және іс-әрекеттегі қиыншылықтардың пайда болуына байланысты өздерін күнде тәрбиелейді. Бұл жерде өзін-өзі тәрбиелеу өз қылықтарын түзету формасында, ал кейбір адамдар өзін-өзі қайта тәрбиелеу формасында болады. Сонымен тәрбиелеу өзін-өзі тәрбиелеудің алғы шарты және негізі ретінде болады. Өзін-өзі тәрбиелеу, тәрбиелеу бағдарламасын тек күшейтпей, сонымен қатар дамытады.

Қорыта келгенде тәрбиелеу жұмысының әр қадамы тіке немесе жанама түрде, оқушыда өзін-өзі тәрбиелеу қажеттіліктерінің жандануына бағытталуы қажет.


ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Мудрик А.В. О воспитании старшеклассников. М.: Просвещение. 1976.

  2. Богословский В.Е. Психология и воспитание школьников. ЛГУ. 1974.

  3. Овчарова Р.В. Справочная книга школьного психолога. М.1993

  4. Мерлин В.С. Лекции по психологии мотивов человека. Пермь. 1971.

  5. Проблемы теории воспитания. Жинақ редакциясын басқарғандар Л.П.Буева, Л.И.Новикова, Г.Н. Филонов. М. 1974.

  6. Рувинский Л.И., Арет А.Я. Самовоспитание школьников. М. 1976

ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада мектеп оқушыларының өзін-өзі тәрбиелеуінің алғышарттарының психологиялық мәні қарастырылған.
РЕЗЮМЕ

В статье изучается психологическое значение предпосылок самовоспитания школьников.



М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов еңбектеріндегі ұлттық өзіндік сана және оны қалыптастыру жолдары
Мырзатаева Б.П. - аға оқытушы (Алматы қ., Қазмемқызпи)
Ұрпақ бойында ұлттық өзіндік сананы қалыптастырудың маңызы мен ұлттық тәлім-тәрбие, әдістеме негіздерін нысана еткен зиялыларды атағанда М.Жұмабаев пен Ж.Аймауытовтың еңбектеріне ерекше тоқталу қажет.

М.Жұмабаев кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында жазған «Жазылашық оқу құралдары һәм мектебіміз» деген мақаласында жаңа қоғамға сай жаңа мағыналы мектеп ісін жолға қоюды мәселе ретінде көтереді. Сол кезеңде жаңа құрылып жатқан еңбек мектептеріне арнаулы оқу құралдарын жазу проблемасына айрықша көңіл бөледі. «Оқу құралдарының мінезі – мектеп мінезінің айнасы. Түрлі пәннің мектепке қай шамада, қай түрде кіруі де мектептің өзінің қандай негізге құрылуына, қандай мінезді болуына байлаулы нәрсе» /1/, - деп оқу құралдарының мазмұнына қойылатын талаптарды ашып көрсетеді. Патшалық Ресейдің отарлау саясатынан құтылудың жолын елінің оқу-білім арқылы көзін ашып, көкірегін ояту, сөйтіп іштей түлеу арқылы рухани бостандыққа қол жеткізу, сол арқылы болашақта саяси бостандықты алудан көрген қайраткер-ғалым кеңес өкіметінің ағарту саласындағы саясатын да болжай алды.

Қай халықтың болса да келешегін оның ұлттық мектебінің құрылымымен, оқу-тәрбие ісінің мазмұнымен байланыстырған М.Жұмабаев «мектептің халық жанына қабысатын, үйлесетін негізге құрылуын» қолдайды. 1917 жылға дейінгі қазақ мектебінің кемшіліктері мен жетістіктерін саралай келе, төңкерістен кейінгі жаңа қоғамнан халық бостандығын үміт еткен саяси сауатты қазақ азаматтарының «елдегі мектепті келешекте ел ісінің иесі болатын азаматтарға білім беріп, тұрмысқа даярлау мақсатында» қайта құруға талаптанғанын хабарлайды. Бірақ, «Россия революциясы толқынының екпінінен тыс қала алмаған қазақ мектептерінің жаңа қоғам талабына сай үш түрлі бағытта дағдарысқа түскенін» айтады. Олар: «бір жақтан - әліпби һәм ғылым, ал екінші жақтан – ұлт тілі, жаратылыс, үшінші жақтан – ортақшылық һәм машина (социальный индустриализм) негізіне құрылған еңбек мектебі» деп ашып көрсетеді.

М.Жұмабаевтың осы мақаласындағы қазақ тіліндегі оқулықтардың мазмұны мен мектеп ісіне байланысты айтқан бұл пікірлері бүгінгі қазақ мектептеріне де қатысты деуге болады. Егемендік алған Қазақстандағы қазақ мектептері мен балабақшалары да бүгінгі жаһандану заманында үш тарау жолдың ортасында дағдарған күй кешіп тұр деуге болады. Бір жақтан -ұлт тілі, ұлттық психология, екінші жақтан – білім және ғылым, үшінші жақтан – шетел тілдерін меңгеру. Сондықтан да осы үш тарау жолдың ортасында тұрған ұлттық балабақшамыз бен мектебімізді белгілі бір жолға нұсқап жіберудің маңызы бүгінде де ертеңге қалдыруды көтермейтін міндеттердің бірінен саналады.

Сонымен қатар М.Жұмабаев ұлттық мінезімізге сол кезден бастап сіңе бастаған келеңсіздікті тап басып, «ұлттық мектептің негізін қалауда соқыр еліктеу ауруынан аулақ болуды» ескертеді. «Жаңа қалыпты жасау тәжірибесіне кірісуде» қазақ халқының менталитетіне (діліне) үйлеспейтін тәрбие беруге қарсылық білдіреді.

Мақала соңындағы автордың «Мақаланың мақсаты – ескерту. Оқу құралдарын жаздырып жатқан ағарту комиссариаты, жазып жатқан азаматтар бұл оқу құралдары қандай мінезді мектепке арналады? Сол туралы ой жүгіртсе игі болар еді деген үміт... һәм қазақ мектебіне негіз іздегенде, таза пәк көзімен, яғни мектеп құрылысының қазақ жанына қабысуы жағынан келу дұрыс болар еді деген ой» /1/ деген түйіндері бүгінгі күнгі ұлттық білім беру саласында мәнін жоймаған мәселе деп ойлаймыз.

М.Жұмабаев балаларды тәрбиелдеудің психологиялық негізін терең аша отырып баяндайтын «Педагогика» /2/ деп аталатын еңбегінде алдымен тәрбиенің мақсатына, тәрбиешінің тәрбие ісінде қолданатын жолына тоқталып, мұнан әрі, әсіресе, туылғаннан 7 жасқа дейінгі балалардың таным процестері мен тұлғасының дамуындағы тәрбиелеу мен оқытудың рөліне мән береді, оның әдіс-амалдарын сөз етеді. «Тәрбиенің мақсатын адамзат дүниесінің бөлшегі ретіндегі ұлт мүшесі әрбір адамды бақытты ету» деп анықтап, жеке адамды оның ұлтымен, ал адамзат дүниесін оның түрлі ұлттарымен біртұтастықта қарастырады. «Бала тәрбиесінде тәрбиешінің өз тәрбиесімен қатар, ұлттық тәрбиенің қыр-сырын жақсы біліп, оны қолдана білуге» міндеттейді /2/.

Сондай-ақ М.Жұмабаев тәрбие мен оқытуды өзара байланыста, біртұтас мәселе ретінде қарап, осы еңбегінің «Құлық сезімдері» деп аталатын бөлімінде мінез-құлықтың адамның жасына, біліміне қарай әртүрлі болатынын айта келе: «Білім неғұрлым төмен болса, құлық сезімдері де сонша төмен, тар болады... дұрысы, білімі артқан сайын оның құлық сезімдері де жоғарылай, тереңдей, кеңейе береді» /3, 301б./ дейді. Ол балаларды оқыту арқылы ақылдарын тереңдетіп, дүниеде ол өзі жалғыз тұра алмайтындығын, басқа адамдармен бірге тұруға мұқтаждығын, өзінің ойы мен істерін өзгелердің ойы және істерімен қабыстырып отыруға міндеттілігін түсіндіруге, сол өзімен бірге дүниеде тұратын басқа адамдарға да пайда келіп, зиянның болмауын тілеу тиістілігіне ұмтылдыруға болады деп есептейді. «Баланың анасын сүю сезімінен соң біраз ес білген соң туысқандық сезімі, яғни араласып айналасында жүрген адамдарды сүю сезімі оянатынын, онан соң білім тереңдеңкіреген кезде адамда елін сүю сезімі оянатынын, ал өз-өзін сүю сезімі жер жүзіндегі барлық адамзатты сүю сезіміне алып баратынын» мысал ретінде келтіруі /3, 302 б./ толеранттық тәрбиенің адамның өзіндік санасы мен ұлттық өзіндік сананың қалыптасуымен тығыз байланыста іске асатынын терең түсінгендігі деп қорытуымызға негіз болады. Мұнан әрі ол: «...Өз елін сүю дегеннен – адам өз халқынан басқа халықтарды мейлінше жек көрсін деген сөз шықпайды. Адам өз халқының адамын сүюінің үстіне басқа халықтардың адамдарын да сүюге міндетті» /3, 302-303 б./ - деп ұлттық тәрбиенің түпкі мақсатын белгілейді. Ғалым белгілеген адамның құлық сезімдерінің бұл даму заңдылығын бүгінгі оқыту-тәрбиелеу үрдісінде ескерудің маңызы зор.

М.Жұмабаев жоғарыда аталған «Педагогика» атты еңбегінде «адамның жан көріністерінің ең қымбаттылары ой мен тіл» деп баяндай келе әрбір ұлт тілінің жоғалмауының маңыздылығын былай көрсеткен: «Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сары далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі – бәрі көрініп тұр. Қазақтың сары даласы кең. Тілі де бай» /3/.

Тәрбие ісін оқу-ағарту, тәжірибе тағылымдарымен, сондай-ақ білім нәрімен бірлікте қарастырған ағартушылардың бірі – психолог-ғалым Ж.Аймауытұлы. Қазақ топырағындағы тұңғыш «Псиқолоғия» /4/ оқулығының авторы Ж.Аймауытұлының осы еңбегімен қатар «Жан жүйесі және өнер таңдау», «Тәрбиеге жетекші» деген еңбектерінде адамның өзіндік санасы мен ұлттық өзіндік санасының онтогенезде қалыптасуы мен дамуының психологиялық ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік беретін құнды ой-тұжырымдар мол.

Ж.Аймауытұлы «Псиқолоғия» еңбегінде былай жазады: «Адамдармен араласқан сайын бала... адамға көбірек жұғысуды, ыңғайласуды тілеп тұрады. Соның аяғы бала «мен» нен бұрын «сен», «ол» деген сөзді... «меннің» өзі де адамдармен қатынасу, үйір болу арқылы туады... адам әлеуметтің дерексіз бір мүшесі емес...адамдардың өзгергіш төңірегі сүрең беріп,... шығарған толық деректі табысы, ол төңірекке әр адам не өзі ыңғайласып, ұқсап (еліктеп) серпіледі, не өзіне өзгелерді еліктетеді, ертеді, орайластырады» /4, 226-227 б./. Психолог-ғалымның бұл айтқандарынан баланың адамдармен қарым-қатынаста ғана өзін бөліп, дамитыны және сол адамдардың әлеуметтік тобымен (демек өз ұлтының адамдарымен де) сәйкестену арқылы оның бір мүшесіне айналатыны туралы ой түйгенін аңғарамыз.

Ж.Аймауытов «Жан жүйесі және өнер таңдау» еңбегінде «мен» ұғымына «меншік мен», «мендік мен» және «әлеуметтік мен» деп үш мағынаны ендіреді. «Меншік менге» денемізді (тәнімізді), үй ішімізді, әке-шешемізді, олардың қуанышын, қайғысын, тағы өзімізге меншікті мүліктің бәрін т.б. жатқызады. «Әлеуметтік менге» айналадағы дүниені не деп танып, не деп ұғатынымызды, оларды өзімізбен өлшеуді жатқызады. Ал «мендік мен» бұл менің ішкі өмірім, менің жан дүнием, рухым дейді. Ол «мен» терең сырлы, ұғымсыз...жан мен тән дүниесіндегі құбылыстардың себебін сананың ар жағындағы мұнартқан санасыздық дүниеден іздеу керек» екеніне көңіл аудартады. «Өмірде санамен білінетін заттардан басқа, бір көмескі қуат арқылы, яғни санасыз-ақ білінетін заттардың бар екенін, біздің сезімдеріміз ылғи біздің санамызға ғана байланбай, санамыздың екінші бір дәрежесіне (санасыздық дәрежесіне) байлаулы екендігін» айтады. Ғалым «Осы «санасыздық» деп отырғанымыз – біздің нағыз «мен» дейтініміз» деп бекітіп, осы жағын білмесек, «менді» де біле алмайтындығымызды ескертеді. Мұнан әрі «Адамның өзін-өзі танып, білудегі жолдардың бірі «...шығармалардағы кейіпкерлердің бастан кешірген халдарын бақылау, өзін бақылауға құрал» екенін айтады /5, 236-239 б./. Ғалымның бұл ой-пікірлері этникалық өзіндік сана мәселесіне тікелей қатысты. Себебі бүгінгі психология ғылымында этникалық сәйкестену феноменологиясы тек саналылық сферасымен ғана шектелмей, санасыздық сферасын да өзіне ендіретіні бекітіледі. Бірқатар ресейлік ғалымдар өз зерттеулерінде оны осы екі деңгейде қарастыруға ұмтылған (Рыжова, 1993; Шлягина, Ениколопов, 1993). Өйткені ең алғаш З.Фрейд енгізген сәкестендіру (идентификация) ұғымы субъектіні өзге субъектімен немесе топпен санасыз ұқсатуды білдіреді /6/.

Ж.Аймауытов «Тәрбиеге жетекші» кітабының «Жалпы бөлімінде» ана тілінің маңызы мен жас ұрпақ тәрбиесіндегі орнына тоқтала келіп: «Сөз – ойдың айнасы, ойсыз – сөз жоқ» /7/ деп тілдің дамуындағы ойлау әрекетінің рөлін баса көрсетеді. Оның балаларға түрлі пәндерді оқып-үйретудегі көзқарастарының ұлттық өзіндік сананы қалыптастыруға қатыстылары төмендегідей:

«Басқа пәндерден тіл оқуы айырым болмасын, қайта өзге пәндер тіл үйренуге керек етсін». «Жан дүниесінде тіл үйрену жұмыс емес, жанама жұмыс болғандықтан бала әуелі тәжірибеге таянып, нәрсемен танысып, содан кейін сол нәрсе туралы сөйлесіп, тыңдасын, жазсын, оқысын, тілге үйренсін». «Бала алдымен өз бетімен сөйлеуге, жазуға төселіп, содан кейін үлгілі сөздерге еліктеуге мүмкіндік берілсін». «Әңгіме үшін берілетін мағлұмат кітаптағы даяр заттар бола бермей, баланың тәжірибесінен, көрген-білгенінен алынсын. Кітаптан өмірге емес, өмірден кітапқа қарай жылжысын» /5, 307 б./.

Ж.Аймауытұлының бұл тұжырымдары мен көзқарастары баланың тілін дамыту оның ойлауын дамытуға тәуелді екендігін, жекелеген пәндерден балаға білім бере отырып дүниетанымын кеңейту арқылы оны сөйлеуге, жазуға үйретудің тиімді болатынын тұжырымдайды. Автордың мектептегі оқу-тәрбие ісін баланың психикалық процестерінің дамуына сай құрғанда ғана жемісті болатынын түйіндеуі бүгінгі қазақ балабақшалары мен мектептеріндегі оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде басты назарда ұстайтын келелі мәселелер. Ол әуелі баланың айналадағы дүниені түйсінуі, қабылдауы мен өз бетінше оны ойында қорытып, сөз арқылы бейнелеуіне үлкен мән береді. Тек осыдан соң ғана балаға үлгілі, өнегелі сөздердің мәнін түсіндіруге болатынына назар аудартады. Сонымен қатар, баланың тәжірибесі мен көрген білгені туралы әңгімелесе отырып кітаптағы мағлұматтарға көшу қажеттігін нұсқайды /7/. Осылай ұлттық балабақшалар мен мектептердегі тәрбиеші-ұстаздарды өздерінің де практика мен теорияны тиімді ұштастыра білуге және осыған балаларды ерте кезден машықтандыруға міндеттейді.

Бұл еңбегінде Ж.Аймауытұлы ана тілінен кейінгі кезекте шама тіліне (пәніне) – математикаға зор көңіл бөледі. «Шама тілінің ақыл-ойды тәрбиелеуде зор маңызы барын» бөлекше атай келіп, шама тілінің есептері өмірден, тұрмыстан алыну керектігін айтады. Есеп үлгілерінің, жаттығу-тапсырмалардың ұлттық мүддеге сай, жас ұрпақ ерекшеліктеріне орай жүйелі берілуін қалайды /5, 307-308 б./. Сонымен қатар ғалымның ел тарихын танып-білудің қажеттілігін айқындап, өткенсіз келешек тұл екендігін негізгі назарда ұстаған автор «өз халқының өткен тарихын, тұрмыс-тағдырларынан мағлұмат беру ...бастауыш мектептің көздеген мақсаттарының бірі болып, ол мақсат: балаға төңіректегі дүниені ұғынуға жәрдем беру» /5, 310-311 б./ екендігін айрықша атап, әр қырынан талдап, маңыз-мәнін кеңінен ашып көсетуінен жас ұрпақтың ұлттық мүддеге, қоғамдық-әлеуметтік мәселелерге үстірт қарауға тиіс емес деген ой-аңсарларын танып, бағалау қиын емес.


Әдебиеттер

  1. Жұмабаев М. Жазылашық оқу құралдары Һәм мектебіміз.//Қазақстан мектебі. №2, 1993. 73-75 бб.

  2. Жұмабаев М. Педагогика. 3-рет басылуы. А.: Ана тілі. 1992. -160 бет.

  3. Жұмабаев М. Шығармалар. –А.: Білім, 1996. 2, 3 том. -512 бет.

  4. Аймауытұлы Ж. Психология. А.: Рауан, 1995. -312 бет.

  5. Аймауытов Ж. Бес томдық шығармалар жинағы. 4-т. –А.: Ғылым, 1998. -448 б.

  6. Данзанова Э.Ц. Содержание актуального этнопсихологического статуса личности (на материале бурятского этноса). Дис...канд.пс.н., А., 2001. -143 с.

  7. Жарықбаев Қ. Жүсіпбек Аймауытұлының психологиялық көзқарастары. –А.: Білім, 2000. -76 бет

РЕЗЮМЕ

В статье анализируются труды М.Жумабаева и Ж.Аймауытова, рассматриваются взгляды на проблему национального самосознания и пути его формирования.


ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада М.Жұмабаевтың және Ж.Аймауытовтың еңбектері талданып, ұлттық өзіндік сана мәселелері мен оны қалыптастыру жолдарында көзқарастары қарастырылады.



Өзін-өзі тәрбиелеудің психофизиологиялық мәні
Түебақова.Н.А – п.ғ.к. (Алматы қ., Қазмемқызпи)
Өзін-өзі тәрбиелеу - жеке адамның өз кемістіктерін жою мақсатында жасайтын саналы, жүйелі іс-әрекеті және жекелігін қарастыратын, әлеуметтік талаптарға жауапкершілігін дамытатын жағымды қасиеттерін қалыптастыру үрдісі. Өзін-өзі тәрбиелеу күрделі құбылыс ретінде үнемі философтарды, психологтарды, физиологтарды және педагогтарды қызықтырған және қызықтырады.

Философтар негізінен қоғамның және жеке адамның дамуындағы өзін-өзі тәрбиелеудің теориялық сұрақтарын карастырады. Психологтарды өін-өзі тәрбиелеудің табиғаты, қайнар көзі (пайда болуы) және үрдістері қызықтырады. Педагогтарды тәрбиелеу мен өзін-өзі тәрбиелеудің өзара байланысын, өзін-өзі тәрбиелеудің өсіп келе жатқан ұрпақты қалыптастыратын жай факторлар жүйесіндегі рөлін анықтайды.

Тәрбиелеудің мәні және оның жеке адамның дамуындағы рөлі туралы сұрақ, материалистік және идеалистік философияда түрліше қарастырған.

Идеалистік философия мен психология: біріншіден, өзін-өзі тәрбиелеуді тәрбиелеуден және өмір жағдайларынан бөліп қарастырады; екіншіден, өзін-өзі тәрбиелеудің рөлін жоғары бағалайды. Мысалы идеалист-философтар өзін-өзі тәрбиелеуді, қоғамның және жеке адамның дамуының негізгі және жалғыз көзі деп санайды.

Сол сияқты философиядағы жаңа идеалистік бағыттың экзистенциализмнің өкілдері, адам өз мәнін тек өздігінен жетілу жолымен ғана таба алады деп санайды. Француз экзистенциалисі Сатр "адам өзін кім деп есептесе сол болады - деп тұжырымдады, яғни материалдық, мәдени, саяси және тәрбиелеу жағдайлары - жеке адамның қалыптасуында мағынасы бола бермейді деген ой айтады.

Осындай позицияны християндық философтар да ұстанады, олар өзін-өзі тәрбиелеу рухтың өзін-өзі тазартуын, оның өнегелі өздігінен жетілуін қамтамасыз етеді деп санайды. Кезінде теоретиктер өзін-өзі тәрбиелеуді тек жеке адамның маңызды үрдісі ретінде қарастырган. Бұл теорияның өкілдері өзін-өзі тәрбиелеудің көзін, мақсатын, тәсілін жеке адамның өзінде көреді. Басқаша айтқанда өзін-өзі тәрбиелеу жеке адамның оңаша өздігінен жетілу үрдісі ретінде қарастырылған. Шынында өзін-өзі тәрбиелеу әлеуметпен байланыстырады және белгілі әлеуметтік мүдделерге қызмет етеді.

Өмір сүру үшін адам еңбек ету керек, еңбек ету үшін, ол табиғатпен және адамдармен қатынасқа түсуі міндетті. Жалпы қоғам үнемі дамып отырады, сондықтан өмір қарқынының артынан үлгеру үшін әркім өзін тәрбиелеуге міндетті. Адам тек сыртқы әлеуметтік жағдайларға бейімделмей ғана оларға белсенді ықпал етеді. Сонымен, өзін-өзі тәрбиелеу, тәрбие сияқты жеке адамды қалыптастырудағы қоғамдық міндетті атқарады. Тәрбие сияқты, өзін-өзі тәрбиелеу - жеке адамның өнегелі - психологиялық қасиеттерінің қалыптасуының мақсаттылығы, ерікті, сапалы үрдісі. Сондықтан өзін-өзі тәрбиелеуді жеке адамның қоғамдық талаптағы және жеке даму бағдарламасына жауап беретін, қасиеттерінің қалыптасуына бағытталған саналы, өзімен жасалатын жоспарланған жұмыс ретінде сипаттауға болады. Яғни, өзін-өзі тәрбиелеудегі қажеттілік сыртқы жағдайлармен және тәрбиелеумен ұштасқан. Ол дамып келе жатқан жеке адамның табиғи қажеттілігі ретінде пайда болады және ары қарай өздігінен дамуға ықпал етеді.

Өзін-өзі тәрбиелеу динамикалық үрдіс. Көп зерттеулер бойынша оқушының дамуымен өзін-өзі тәрбиелеудің мақсаты мен тәсілдері өзгереді. Мақсаттары шындыққа сәйкес және жеке басының негізгі өмірлік бағытымен байланысты болады. Сондай-ақ өзін-өзі тәрбиелеудің тәсілдері де қалыптасады.

Өзін-өзі тәрбиелеу адамның дамуының және іс-әрекетінің әртүрлі сфераларын қамтуы мүмкін. Ол өнегелік немесе физикалық (дене), эмоционалдық-еріктік немесе интеллектуалды және эстетикалык өзін-өзі тәрбиелеу түрінде де болуы мүмкін. Адам өзінде, өзінің жоспарларына, негізгі өмірлік бағытына немесе белгілі өмір кезеңіне, қосылған нақты мақсатына байланысты белгілі қасиеттерді тәрбиелейді.

Көптеген психологтар өзін-өзі тәрбиелеу жоспарын белгілегенде, негізгі мақсат етіп жан-жақты дамуды белгіледі. Өзін-өзі тәрбиелеуді А.С.Макаренко табиғи дамуының нәтижесі деп қарастырған. Басында жеке адамның дамуы сыртқы талаптар ықпалымен жүреді, сосын өзіне талап қою нәтижесінде, яғни өзін-өзі тәрбиелейді. А.С.Макаренконың түсінуі бойынша өзін-өзі тәрбиелеу оңаша үрдіс емес, ұжымның бірлескен іс-әрекеті.

Адам, И.П.Павлов айтуынша өзін-өзі реттеуі бойынша ең жоғары жалғыз жүйе болып табылады. Мұндай жүйе жоғары дәрежедегі өзін-өзі реттеуші, өзін-өзі қолдаушы, қалпына келтіруші және толық жетілдірілген.

Өзін-өзі реттеу - ол барлық тірі жандарға тән қасиет. Ол тіршілік әрекетінің қажетті үрдісі, өзін-өзі реттеу организмнің өмірін және жеке дамуын қамтамасыз ететін, сыртқы жағдайларға бейімдейтін үрдіс. Өзін-өзі реттеу негізінде организм мен сыртқы орта арасында зат алмасу болады.

Өзін-өзі реттеу түрлі деңгейде және көп тәсілдермен іске асуы мүмкін. Төменгі сатыдағы организмдерде физикалық-химиялық өзін-өзі реттеу орын алады. Нерв жүйесінің пайда болуынан жүйкелік өзін-реттеу қосылады. Жоғарғы сатыдағы жануарларда, әсіресе адамдарда химиялық (эндокриндік) және төменгі жүйкелік реттеуге, психожүйкелік реттеу, жоғарғы жүйкелік іс-әрекет ретінде қосылады. Адамның психожүйкелік өзін-өзі реттеуі сананың сапалығымен ерекшеленеді. Психикалық өзін-өзі реттеу негізі адамның жоғары атқаруларын, оның табиғатпен және әлеуметтік ортамен байланыстарын, оның іс-әрекетін, ұжымдағы қылығына қатысты болады. Бірақ психикалық өзін-өзі реттеу, өзінің дамуында бірқатар сатыдан өтеді.

Адамда өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі реттеу үрдістері сәйкес келеді деуге бола ма? Мұлдем олай емес. Өйткені адам ұрығында да өзін-өзі реттеу орын алады (әрине, психикалық емес). Тек өмірінің бірінші жылдарында сәбиде психикалық өзін-өзі реттеудің бірінші белгілері көріне бастайды. Көргені, естігені, бейне түрінде бекітіледі, көз, бас, қол, барлық денені іздеу қозғалыстары белгілене бастайды. Бұл еріксіз импульсивті өзін-өзі реттеу стадиясы. Бұл жерде өзін-өзі тәрбиелеудің қалыптасуының белгілері жоқ.

Баланың өсуімен және дамуымен шешуші рөлді сөз сигналдық сигнал ретінде атқарады, яғни болмыс туралы қорытындыланған білімдердің сақтаушысы. Сөз адамның жоғары функцияларын реттейді. Сонымен қатар, сөз бір жағдайлар кезінде заттың тітіркендіруші сияқты, организмде өзгерістер тудырады. Бұл еріктік өзін-өзі дамуының стадиясы, дәл осы кезде өзін-өзі тәрбиелеу пайда болады.

Өзін-өзі тәрбиелеу міндетті түрде өзін білуде, өткенді талдауды өзіндегі жағымды және жағымсызды бағалау, сонымен қатар өзінің болашақ қылығын жобалау, жобаны реалды психикалық құрылымға айналдыру мақсатымен өзімен жұмыс істеуді жоспарлауды талап етеді.

Адамның барлық әрекеттері және істеген істері, сөздерде айтылған түсініктермен реттеледі. Яғни, адамның жеке басының дамуының белгілі сатысында өзін-өзі реттеу және өзін-өзі тәрбиелеу үрдістері сәйкес келмесе де өзара әрекеттестікте болады. Оларды сөз біріктіреді. Сөз арқасында біз өзін-өзі тәрбиелеудің мақсатын қоямыз және өзімізбен жұмыс істеу жоспарын белгілейміз. Сонымен катар сөз жоғарғы үрдістерді табиғат пен қатынастың оның әрекетін реттейді. Сонымен белгілі кезеңді өзін-өзі реттеуін жоғарғы немесе еріктік түрі өзін-өзі тәрбиелеудің механизмі болады.

ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Рувинский Л.И., Арет А.Я. Самовоспитание школьников. М., 1976.

  2. Управляемое формирование психических процессов.// Под ред. Я. Гальперина. М.:Изд-во Моск. ун-ва. 1977.

  3. Ковалев А.Г. Самовоспитание школьников. М.: Просвещение. 1967.

  4. Алякринский Б.С. Беседы о самовоспитании. М.: Знание. 1977.

Резюме


В статье рассматриваются вопросы самовоспитания и саморазвития индивида как сформированная коллективом необходимость.

ТҮЙІНДЕМЕ


Мақалада индивидтің қоғамда өзін-өзі тәрбиелеуі мен өзін-өзі дамытуы ұжым арқылы қалыптасып жүретіндігі жайлы баяндалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет