Педагогика институты


Қазақ баласының ұлттық келбетін қалыптастыруда мектептегі оқу-тәрбие процесінің орны



бет10/15
Дата11.06.2016
өлшемі1.19 Mb.
#128864
түріАнализ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Қазақ баласының ұлттық келбетін қалыптастыруда мектептегі оқу-тәрбие процесінің орны

Тәжібаева С.Ғ. - п.ғ.к., доцент (Алматы қ., ҚазМемҚызПИ)


Қоғамның рухани-адамгершілік мәселелері ҚР білім беру мекемелерінде тәрбие жүйесі мәселелері көбінесе мемлекетіміздің соңғы 15 жылда басынан өткізген әлеуметтік өзгерістеріне байланысты. Әлеуметтік құрылымның өзгеруі, кеңестік идеологиялық институттардың жойылуы, нарықтық қатынас, қоғамда қалыптасқан рухани өмірдің бұзылуы, “өз ойыңды еркін айту керек дегенді”, “бәрін істеуге болады” деген ақпарат құралдарының әсерінен идеологиялық вакуум пайда болып ізгілікке қарсы идеялардың көзқарастардың, құбылыстардың (нашақорлық, алкоголизм, жыныстық көргенсіздік, жеке бастық прагматизм, арсыздық және т.б.) дамуына әкелді. Бұлар біздің жастарға кері ықпал жасайды.

Мектептің тәрбие процесіне өзгерістер еңгізу керектігі қазақ баласының ұлттық келбетін қалыптастыру қажеттілігінен туындап отыр. Себебі, жалпы адамзаттық құндылықтарға сүйене отырып, қазақ баласының ұлттық келбетін қалыптастыруды шешудің бір жолы мектепте. Осы бағытта білім беру, тәрбие процесін ұйымдастыру тәсілдерін іздеу мақсатында біз Алматы қаласының эстетикалық бағыттағы 119 мектеп ұстаздарымен 2003-2007 ж.ж. аралығында жұмыс жүргізудеміз.

Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің бағдарлы идеялары бойынша еліміздің Президенті Н.Назарбаев мемлекеттік идеология мәселесін ұдайы есте ұстауымызды ескере келе былай деп жазады: “Бес арыстарымызға арналған тарихи зерде кешенінде мен қазақстандық отаншылдық сезімін тәрбиелеуге көңіл бөлген едім. Қазақстанда тұратын әрбір адам осы елдің перзенті ретінде сезінбейінше, оның өткенің біліп, болашағына сенбейінше біздің жұмысымыз ілгері баспайды...”. Осы қағиданы әр ұстаз басты мақсат етіп алдына қойса, оқу тәрбие процесін ұйымдастыруда әр ата-ана мектепке көмек берсе, сонда ғана президентіміздің қойған мақсатының бәсекелестікке сай 50 елдің қатарына кіруге еңбек ететін 21 ғасырдың азаматын тәрбиелейміз.

Олай болса, қазіргі кезеңде мектеп табалдырығынан бастап білім беруде ел тарихын терең қозғап, тәрбие сағаттарында қазақ зиялы қауымының еңбектерін, қоғам дамуына қосқан үлесін айтып түсіндіру арқылы оқушылардың адами құндылық қасиеттерін қалыптастыра аламыз.

Сондай-ақ ұлттық салт-сананың өмірдегі қолданылмалы көріністері: рәсімдер, рәміздер, ырымдар, тыйымдар, жөн-жоралғылар, діни уағыздар, сенімдер, кісілік рәсімдері, перзенттік парыз, адамгершілік борыш, ұрпақтық міндет арқылы іске асырылып, ұлттық қасиеттерге айналады.

Оқушының ұлттық қасиеттері: меймандостық, кісілік, сыйласымдылық, имандылық, кішпейілділік, кеңпейілділік, салауаттылық, өнерпаздық, шешендік, ақынжандылық, сыпайылық, мәдениеттіліқ, т.б. қасиеттері арқылы ерекшеленеді. Мысалы, қазақ баласының ұлттық келбетін қалыптастыруда, мына моделді ұсынамыз (сурет 1).


Сурет 1. Қазақ баласының келбетін қалыптастыру

Сурет 1.
Осыған орай мұғалім (тәрбиеші, сынып жетекшісі, ата-ана) қазақ баласының келбетін қалыптастыруда мектеп тәрбие жұмысында төмендегідей қасиеттер мен қабилеттерді қалыптастыруы керек:


  • өзгеріп жатқан өмір жағдайларына бейімделе білу;

  • әлеуметтік-саяси жағдайда, өз көзқарасы мен сеніміне, идеалына және ізгіліктік құндылықтарға сүйене отырып мақсат қоя білуі керек;

  • ұлттық санасы, азаматтылық отангерлік қасиеттері болып елінің экономикалық және мәдени дамыған, әлемдік қоғамда сай орны бар зиялы мемлекет болып қалыптасуына қатысуға талпынуы керек;

  • заңды сыйлап және әлеуметтік жауапкершілікті болуы қажет, азаматтық ерлігі, ішкі еркіндігі мен өзіндік ар-намысы болуы керек;

  • өзін объективті бағалайтын және өзін дамытатын қабілеті болуы керек, өз потенциялын (қабілеті, мүмкіншілігін) сезініп, оны іске асыра білуі керек, өздігінен шешім қабылдап, оны шеше білуі керек, алдына мақсат қоя білуі қажет және не нәрсенің алдын ала білуі қажет;

  • өмірде бар жағынан жоғары әлеуметтік белсенді болуы керек, жаңаны іздеуге өмірлік және кәсіптік мәселелердің стандартты емес шешімдерін табуға, әлеуметтік-экономикалық жағдайда бәсекелестікке қабілетті болуы керек;

  • жанашыр, өнегелі, парасатты, басқа ұлтты, басқа діндегі, басқаша ойлайтын адамға шыдамсыщдық пен жаугершілік көрсетпейтін қабілеттері болуы керек;

  • өз денсаулыған қалпына келмейтін өмірлік ресурс ретінде бағалау;

  • әлемдік және ұлттық мәдениет байлықтарын бағалай білуі керек.

Жан жақты жарасымды дамыған, көркіне ақылы сай, адамгершілігі мол жігіттің сұлтаны, асыл ару тәрбиелеу халық арманы. Жан жақты дамыған нағыз ел қамын, жер ер-азамат тәрбиелеу қазақ мектебінің басты мақсаты болуы керек екенін әр ұстаз есінде сақтау қажет.

Бұл жалпы адамзаттық, құндылыққа негіз болар деген оймен қазақ баласының келбетін тәрбиелеу схема түрінде беріп оты



Қазақ баласынының келбетін тәрбиелеу дегеніміз – бұл мұғалім мен оқушылардың оқу-тәрбие процесі үрдісінде, өзін-өзі тәрбиелеуде, өздігінен білім алуда іске асатын ата-ананың көмегімен, оқушылардың жеке көзқарасы, адамгершілік нормасы, жалпы мәдени кәсіптік қабілетінің жасалуына бағытталған мектеп ұжымының іс әрекеттері арқасында іске асады деп білеміз (С.Ғ.Тәжібаева).

Оқушылар бойына ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, сақтауға тәрбиелеуде белгілі әлемдік, отандық ғалымдарымыздың еңбектеріне тоқталып өтелік.

Белгілі педагог К.Ушинский “Халықтың (этностың) тәжірбиесінде педагог та жоқ, педагогика да жоқ” дейді. Ал Аристотель “Біз бала тәрбиелеуде халық тәжірбиесіне сүйенеміз” деп жазады.

Сурет 2.

Отандық ғалымдарымыздың бірі Қ.Жарықбаев “Еліміз бен жеріміздің түпкілікті иегері – қазіргі қазақтардың психологиясында осы этносқа ғана тән біртұтас ұлттық ерекшелік бар деп айту қиын. Өйткелі, қазақ этносының бүкіл тыныс-тіршілігінде, отбасындағы әдеп-ғұрып пен салт-санасында көрініс беріп жүр. Бірақ, кейбіреулер айтып жүргендей, бұрын жылқы мінез болып, енді қой мінезі болған жуас, намыссыз халық емеспіз” деп тұжырымдайды.

Әрбір мәдениетті, білімді адам өзінің кәсіптік, дүниетанымдық деңгейін ұлттық мәдениетпен ұштастыра білуге міндетті. Мәдениетті болу үшін білімді болу міндет. Білімді болғанмен ұлттық мәденитті игермеген болса, ондай тұлға ұлт алдында мәңгүрт, мәдениетсіз болып көрінеді де, халықтың наразылығына ұшырайды. Кәсіптік-мұрагерлік әдеп (мәдениет) сақталған жерде дамыған дарынның мәдени жемістері көрінеді.

Білім беру мен тәрбиелеудің мақсатын айқындау үшін қазақ білімпазы Ж.Аймауытовтың мына сөздерін еске алған жөн. Ол “Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашылған саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне, білімдендірудің көздейтін түпкі мақсаты осы. Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты негіз салуы керек” деген екен.

Ойымызды қорыта келе, құрметті ұстаз қауым Бала бидің сөзін естерінізге түсіргім келеді:

“Жерден ауыр дегенім – ақыл-білім,

Судан терең дегенім – оқу-ғылым,

Оттан ыстық дегенім – адамның өмірі,

Көктен биік дегенім – шәкірттің көңілі!” –

осы ойды дамытуда ақиқат шындықпен іштей бірлік тауып, үйлесімді жұмыс жүргізілсе, сіз жүргізген тәлім-тәрбие, білім нәтижелі болмақ. Ұстаз үшін еңбегінің жемісін көруден артық бақыт жоқ!

Егер осы мәселеге байланысты жұмыс жүргізем деген мектеп басшылары бізбен хабарласуларынызға болады.



әдебиеттер


  1. Тәжібаева С.Ғ. Мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастыру технологиясы. – Алматы: “Ғылым” баспасы, 2003.

  2. Тәжібаева С.Ғ. Жоғары оқу орындарында тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі. – Алматы: “Ғылым” баспасы, 2004.

  3. Тәжібаева С.Ғ. Қалиева Г.И. Жоғары оқу орындарында тәрбие жұмысын ұйымдастыру тұжырымдамасы. – Алматы: ҚазҰПУ, 2005.

  4. Тәжібаева С.Ғ. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру тұжырымдамасы. Алматы: “Қазақстан мектебі № 3”, 2007.

ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада жалпы адамзаттық құндылықтарға сүйене отырып, қазақ баласының ұлттық келбетін қалыптастырудың бір жолы - мектепте оқу-тәрбие процесін ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру мәселелері қарастырылған.
РЕЗЮМЕ

В статье говорится о необходимости научного подхода к учебно-воспитательному процессу при воспитания общечеловеческих ценностей.



Педагогикалық практиканың тұлғаға бағытталған моделі
Төлебаева Ж.А. – п.ғ.к., доцент (Алматы қ., ҚазМемҚызПИ)
Қазақстан жоғары мектебі әрдайым жоғары білікті маман кадрлар дайындау институты ғана емес, казақстандық зиялыларды тәрбиелеу институты болып келді. Жоғары білім алған қазақстандық маман әрқашан жоғары азаматтық сапасымен, Отанға қызмет етуге даярлығымен, жоғары әлеуметтік жауапкершілігімен ерекшеленуге тиіс.

Қазіргі білім парадигмасының өзгеруіне мемлекеттің, қоғамның дамуында жаңа бағдар қалыптастыратын мәдениеттің ауысуына алып келген әлеуметтік-экономикалық жағдайлар ықпал етті. Білімнің тоқырауы - барлық әлеуметтік саладағы секілді жаңарудың тоқырауы. Білім жүйесі нарықтың қатаң заңдарына дайындау, нарықтың тұрақсыздығы жағдайындағы бәсекелестіктен балалар мен жастарды, сондай-ақ педагогтарды қорғау қызметін атқара бастайды.

Педагогикалық университет жағдайында ұйымдастырылатын әлеуметтік-тәрбие жұмыстары тәрбие жағдайын әлеуметтік-құқықтық, экономикалық, ұйымдастыру-шылық жағынан тиімді іске асыру мен болашақ мамандардың білім саласында, оның ішінде студенттік ортада теріс әлеуметтік мәселелерді жеңу жолында кешенді жұмыстар арқылы өздерін жан-жақты танытуға бағытталуы тиіс.

Университеттік білім проблемалары жан-жақты теориялық талдау нысанына айналды. Мысалы, шетелдік ғылымда: Д.Нюмен, В. фон Гумбольд. Хосе Ортега-и-Гассер, К. Ясперс, Э. Дюркгейм, Р.Хатчинс, К. Керри еңбектері, отандық педагогика классиктері – М.В.Ломоносов, И.И. Бецкий, Н.И. Пирогов, К.Д.Ушинский және басқалардың еңбектері.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ескірген оқу-пәндік білім моделінің орнына тұлғаға бағытталған модель келуде. Мемлекет пен қоғам алдында жүйені, әдіснаманы, білім мазмұны мен әдістерін, педагог кадрларды даярлауды жетілдіру міндеттері тұр. Қазіргі шындық пен қоғам талаптарына орай, болашақ ЖОО оқытушыларын кәсіби-педагогикалық жағынан дайындаудағы басты міндет ретінде шығармашылы-ғымен ерекшеленетін мұғалімнің жеке тұлғасын дамыту мен қалыптастыруды алуымыз керек.

Болашақ педагог шығармашылығы негізгі теориялық білімдер жиынтығын кешенді әрі вариативті қолдану мен практикалық білік, проблеманы көріп, оны шешудің жолын ойластыру, тәрбиеленушіні түсіну, оның позициясын қолдауға дайындық, педагогикалық рефлексияға, әр түрлі педагогикалық жағдайда өзіне-өзі сын көзбен қарауға қабілеттілік.

Бірақ, ЖОО, атап айтқанда университеттер өмір шарты әрі тәрбиеленуші тұлғасын қалыптастыру үшін дамытушылық және тәрбиелеушілік орта қалыптастыруға қабілетті маман дайындауға емес, оқу ақпаратын жеткізуші және оны меңгеруді бақылаушы пән мұғалімін дайындауға бағытталады. Студент, бұрынғыша, жалпылама педагогикалық өндіріс процесінің нысаны болып қала береді, оның шығармашылық жеке тұлғалық қасиеттері қалыптаспайды, бұрынғыша болашақ маманды «жекелепң дайындау жағдайы жасалмаған.

Қоғамға қазірде кәсіби педагогикалық қызметке дайындығы бар маман ғана емес, өскелең ұрпақтың қабілетін ашып, өзін-өзі таныта білуіне жағдай жасайтын қалыптасқан шығармашыл тұлға қажет.

Тұлғаның шығармашылықпен танылуына үйрететін тұғырнамалық негіз А.Абдуллин, Р.М.Қоянбаев, А.Қадыров, С.Н.Полянский /1/, К.Аманқұлов еңбектерінде ашылады, педагогикалық практиканы дайындау мен өткізудің әр түрлі аспектілеріне О.А. Абдуллин, Л.В. Борикова, С.Б. Елканов /2/ еңбектерінде баса мән беріледі.

Студенттердің педагогикалық практикасы тәжірибесіне талдау маман дайындауда төмендегідей кемшіліктерді анықтауға мүмкіндік берді:



  • болашақ маман дайындауда ұзақ жылдар бойы қалыптасқан стереотип (таптаурын үрдіс) студенттерді олардың тәжірибесін қайталауға бағыттайтын және өзінің шығармашылық әлеуетін практикада көрсетуге кедергі болатын консерватизмге негізделген;

  • төменгі курстарда педагогикалық практиканың жоқтығы білім процесінің үздіксіздігі, сатылығы, жүйелілігі принциптерін бұзып, жас маман дайындаудың сапасы мен тиімділігін төмендетеді;

  • мақсатты педагогикалық практика өткізуге үйретілген тұрақты мұғалімдері бар тірек-үлгі мектептер мәртебесінің айқындалмағандығы;

  • тәжірибе көрсеткендей, егер студент практика барысында шығармашыл емес, консервативті мұғалімге тап болса, онда оның шығармашылық белсенділігі шектеліп, шығармашылықпен өзін танытуы айтарлықтай төмендеді. Қазіргі уақытта педагог дайындаудың типтік жүйесі мен оның жеке шығармашылық қызметінің сипаты арасындағы қайшылық барынша айқын бола түсуде /3/.

Жоғарыда аталған кемшіліктер ең маңыздылары төмендегілер болып табылатын бірқатар қайшылықтар нәтижесінде тереңдей түседі:

  • болашақ педагог тұлғасының шығармашылық әлеуетінің деңгейін дамыту қажеттігі мен оның қазіргі нақты жағдайы арасындағы;

  • ЖОО студентінің бойында қалыптасқан шығармашылықпен өзін таныту деңгейі мен оны педагогикалық практикада іске асыру мүмкіндігі арасындағы;

  • студенттің ұмтылысының деңгейі мен оның нақты қабілеттері мен мүмкіндіктерінің деңгейі арасындағы қайшылық.

Жеке тұлға, оның қабілеттері мен сапалары қалыптасады, белсенді қызмет барысында көрінеді. Педагогикалық практика бұдан тыс қалмайды. Студенттердің өз бетімен жұмыс істеуге және практикалық қызметке дайындығының мазмұндық мәселелері мен құрылымдық компоненттерін зерттеу мен жалпылауға болады әрі қажет, педагогикалық практика арқылы болашақ мұғалім тұлғасын жетілдірудің жолдарын, университет студентінің педпрактикасының әр түрлі құрылымының тиімділігін анықтап, педпрактика арқылы болашақ педагог тұлғасының қалыптасу моделін жасау қажет /4/.

Болашақ мұғалімнің қалыптасуы Ю.А. Бабанский дәлелдегендей, 3 сатыда іске асады:



  • болашақ педагогтың кәсіби қызметінің компоненттерін, кәсіптік сенімін, білімін, педагогика курсын, басқа да пәндерді оқу барысында біртұтас оқушы тұлғасын қалыптастырудың ғылыми негіздерін бекітеді (1-4 семестр).

  • технологиялық (оқу) педагогикалық практикада болашақ мұғалім қызметі компоненттерін игеру арқылы тиісті қызмет тәсілдерін меңгереді. Соның арқасында, университетте жинақталған білімдер (4-6-семестр), алынған педагогикалық тәжірибе тұтасып, студенттің алдағы қызметке даярлығын көрсетеді. Бірақ бұл қызмет әлі жетілмеген, өйткені студент қызметінің көптеген нәзік қырлары әли игерілмеген;

  • Болашақ педагог қызметін біртұтас тұлға ретінде жетілдіру: мұнда болашақ мұғалімнің диплом алды, өндірістік педагогикалық практикада пән мұғалімі әрі сынып жетекшісі ретінде бүкіл жауапкершілікті алу арқылы идеялық-адамгершілік ұстанымын одан әрі дамыту негізге алынады, оның болашақ шығармашылық тұлғасы қалыптасады (7-8-семестр).

Біздіңше, маманның шығармашылық жеке тұлғасын бірінші курстан дамытуға болады әрі дамыту керек және оны 5-курста мұғалімдер мен оқытушылардың жұмыс орнында, студенттің ішкі механизмдерін іске қоса отырып аяқтауға болады.

Аталған үш сатыдан басқа университетте 4-саты енгізілген – педагогикалық практика өндірістен қол үзбей 9-10-семестрлерде магистратурада жалғасады, ол студенті жоғары оқу орнында, лицей, гимназияларда жұмыс істеуге дайындауға мүмкіндік береді.

Практикада студент өзінің қызметті дұрыс таңдаған-таңдамағанын түсіне алады. Сонымен қатар, шығармашылық жеке тұлғаны қалыптастырудың психологиялық заңдлықтарын есте ұстау керек, ол тұлға мен ол қабылдаған қызметтің бірлігі негізінде ғана мүмкін.

Практикалық дайындықты ұйымдастырудың қажетті де шешуші шарты студентке педагогигкалық қызметтің барлық саласынан жан-жақты бағдар беру; оқушының оқу қызметі мен оны әдістемелік жабдықтау, тәрбиелік ықпал ету және оны ұйымдастыру, зерттеу-ізденіс жұмыстары мен оның әдістемесін игеру. Үздіксіз практика табиғи педагогикалық процесс жағдайында әдістемелік рефлексия қалыптастыруға көмектеседі, болашақ ата-ана, мұғалім, тәрбиеші үшін ой туғызатын нәрсе педагогикалық қызмет құралдары мен әдістері, практикалық шешімге келу мен шешім қабылдау процесі болып табылады /5/.

Осыған орай әрбір студентті дайындаудың тұлғаға бағытталған шығармашыл сипатын қамтамасыз етуіміз қажет. Педагогикалық практиканы ұйымдастыруды ойластыра отырып, практика бағдарламасын орындауды ғана емес, ең алдымен әрбір студентке тұлға ретінде қарауды ұстанып, мақсатты да жүйелі түрде оның күшті тұлғалық және кәсіби жағын ашуымыз керек. Біз педагогикалық құрал деп аталған жеке тапсырмалар сызбасын дайындадық, ол практика барысында студенттің жалпы тапсырмасының ішінен практикалық дайындықты жекелендіруді қамтамасыз етеді.


Курс, факультет

Практикант-студенттің

аты-жөні


Жеке тапсырма

Жеке

тапсырма ның мақсаты



Практика өтетін орын

Жеке тапсырманы орындау нәтижесі

Көптеген авторлар ЖОО студентінің кәсіптік қызметке даярлығын қарастырып, ол дайындықты кәсіптік-педагогикалық білім, білік, дағдының қажетті көлеміне ие тұлға қасиеттерінің интегралды анықтамасы ретінде зерттейді. Дайындық ЖОО профессор-оқытушылар құрамының ұжымдық қызметі мен студенттердің білім алу, өзін-өзі дамыту қызметінің нәтижесі ретінде көрінеді /6/.

Студенттің кәсіби-педагогикалық дайындығы мен шығармашылық дамуының қазіргі жағдайына талдау барысында жасау бұндай көп қырлы мәселені зерттеуге біртұтас жүйелі қызмет тұрғысынан келу қажеттігі студенттің педагогикалық практиканы өткізуге дайындық моделін жасауды талап ететін көрсетті (1-сур.).

Студенттің өзін дамыту біліктілігін қалыптастырудың құрамдас бөлігі ретінде педагог қасиеттерін қалыптастыру мониторингін өткізу қажет. Бірінші курста студенттің педагогикалық қызметке, мектеп проблемаларына қызығушылық деңгейін анықтасақ, студентті ІІ курста педпрактикаға дайындау барысында бізді оларда педпрактикаға шығар алдында қандай кәсіби біліктері қалыптасты деген сұрақ қызықтырды. Біз төмендегідей нәтиже алдық (1-кесте):


Көрсеткіш мазмұны

%

Гностикалық білік

55

Коммуникативтік білік

10

Конструктивті білік

8

Когнитивті білік

9

Зерттеушілік білік

10

Ұйымдастырушылық білік

8

Көрініп тұрғандай, көрсеткіштер жоғары емес, бұл біздіңше, обьективті де, субьективті де себептермен тұсіндіріледі: атап айтқанда, университетке түсу мотиві: студенттің кәсіби-педагогикалық және шығармашылық біліктерін практикалық дамытуға сағат санының жеткіліксіздігі; студенттердің рефлексиялық қабілеттерінің төмендігі; өз қызметінің артықшылықтары мен кемшілктерін зерттей алмау.

Көптеген кәсіби-педагогикалық біліктер тікелей педпрактикада дамытылады және курстан курсқа жетілдіріледі. Сондықтан біз педпрактиканың жүйелілігін қолдаймыз, оны өткізетін сағат санының артуы мен мазмұнын жетілдіруді қажет деп білеміз.

Бірінші сатыда (І-ІҮ семестр) практикалық қызметке тренинг, педагогикалық жағдайды талқылау мен педагогикалық міндеттерді шешу субъективті педагогикалық тәжірибе жинақтаудың, кәсіби-педагогикалық білікті дамытудың тиімді құралы болып табылады.

Кәсіби қалыптасудың табыстылығы тиімді дайындықтың мектептегі шығармашылықпен қаншалықты үйлесуіне байланысты, біздіңше, арнайы дайындалған тірек-тәжірибе мектебінің ұжымына, дайындықтың сипатына – студенттердің өз білімдерін практикада қолдана білуіне, күрделі педагогикалық жағдайларда дұрыс бағдар ұстай білуіне, стажер-студенттің, жас маманның дүниетанымының жетілгендігіне, кәсіби жауапкершілікті өз мойнына алуға эмоционалды-ерік күшінің дайындығына байланысты.

Педагогикалық практика – теориялық оқу мен болашақтағы өз бетімен жұмыс арасындағы байланыстырушы желі. Көптеген студенттер үшін мамандыққа «ашық есік болып табылады. Оқу-тәрбие процесіне қатыса отырып, студент педагогикалық қызметтің азаматтық және адамгершілік мәніне бойлайды, кәсіби жеке тұлғалық белгілері нақтыланады, студент тұлғасының өзін-өзі дамытуына жол ашылады.


Әдебиеттер

  1. Полянский С.Н. Практика студентов в школе. М.,1950

  2. Содержание в организации педагогической практики. Саратов,1974.

  3. Стоунс, Эдвард. Психопедагогика. Психологическая теория и практика обучения. М.,1984.

  4. Аймагамбетова О.Х. Методические рекомендации по организиации педагогической практики студентов ІҮ-Ү курсов, Алма-Ата, 1991.

  5. Сластелин В.А. Гуманистическая парадигма педагогического образования. // Магистр.1994. №6, С.2-7.

  6. Белякова И.Г. Влияние интенсивного обучения на профессионально важные качества личности педагога. М., 2000. Кафедра акмеологии и психологии профессиональной деятельности Российской академии государственной службы при Президенте Российской Федерации.

ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада студенттің кәсіби-педагогикалық дайындығы мен шығармашылық дамуының қазіргі жағдайына талдау жасалған және осы мәселені зерттеуге біртұтас жүйелі қызмет тұрғысынан келу қажеттігі анықталып, студенттің педагогикалық практиканы өткізуге дайындық моделі жасалған.
РЕЗЮМЕ

В статье анализируется профессионально-педагогическая подготовленность студентов, предлагается модель подготовки студентов к педагогической практике.



Педагогиканың ғылыми зерттеу әдістері
Рысбаева А.К. - п.ғ.д., профессор,

Утеева К.Ж. - оқытушы (Алматы қ., ҚазМемҚызПИ)


Ғылыми үрдіс зерттеу әрекетінде іске асады. Теорияның негізін құрайтын бірнеше компоненттер бар: а) фактологиялық материалдың бастапқы эмпирикалық негізі, ол теориялық түсіндірмені талап етеді; ә) бастапқы теориялық негіз, ол зертттеу объектісін суреттейтін алғашқы жорамалдардан, болжамдардан және теориялық ыңғайлардан тұрады; б) теорияның логикасы мен құрылымы; в) эмпирикалық дәлелдері бар теориялық пайымдаулар жиынтығы. Ғылыми әдістер ғылыми танымның эмпирикалық және теориялық әдістері болып екіге бөлінеді. Нақты ғылымдардың әдістерімен қатар жалпы ғылыми әдістер де кездеседі, олар барлық дерлік ғылымдарда қолданылады: байқау, теңеу, талдау және жинақтау,моделдеу, салыстыру эксперимент, дерексізден нақтыға қарай өрлеу, индукция мен дедукция. Бұлардың әрқайсысы жеке ғылымдарда нақтылана туседі.

Зерттеу әдісі дегеніміз - күрделі таным тәртіптері, ал олар болса зерттеудің таным операцияларының іске асуының белгілі бір тәртібін белгілейтін әр түрлі әдіс-тәсілдерінің жиынтығынан тұрады. Әдісті құрайтын тәсілдер зерттеу тәртібінің феномоменологиялық сипаттамасын, оның құрамындағы элементттердің эмпирикалық бөлінуін, зерттеу обьектісі мен оның психологиялық-педагогикалық сипаттарын жүйелі түрде түсіну мақсатында зерттеу элементтерінің құрылымдық-қызметтік талдауын қамтамасыз ететін өлшеу бірліктеріне бөлінілді.

Зерттеу әдістері педагогикалық ғылымы дамуының басты құрамды бөлігі болып табылады. Педагогика ғылымы мен тұтас педагогикалық зерттеу әдістерінің даму деңгейіне байланысты. Ғылыми нәтижелердің анықтығы алғашқы ақпараттарды алудың жолдары мен тәсілдеріне және зерттеу әдістерінің сенімділігіне байланысты. Кез-келген педагогикалық зерттеу белгілі ғылыми білімдерді дәлелдеу емес, ол жаңа білімдерді табуүрдісі. Ол - адамның зерттеу объектісі, заттары мен құбылыстарының мәнін ашуға бағытталған жан-жақты танымдық іс-әрекетінің бір түрі. ЭКСПЕРИМЕНТТІК - ЭМПИРИКАЛЫҚ деңгей әдістері. Педагогикада зерттеудің үш деңгейі бар: эксперименттік-эмпирикалық деңгей әдістерінің тұтас бір тобы бар.



Байқау - зерттеу заттар мен құбылыстарды мақсатты зерттеу, мағлұматтарды іріктеп жинақтау, тікелей байқау-зерттеу, жанама байқау-зерттеу, монографиялық байқау - зерттеу, үздіксіз байқау - зерттеу, бірқалыпты зерттеу, іздеу көп деректер арасынан зерттеуші өзіне керек деректер мен құбылыстарды іздеген кезде қолданады. Мұндай байқау -зерттеу үшін біршама уақыт пен зерттеушінің аналитикалық жұмыс жасауы керек. Педагогикалық құбылыстар мен деректердің сандық және сапалық суреттемесі мен өлшемінің тәртібі байқау негізін құрайды. Өлшем - зерттеу обьектісін сипаттайтын белгілі бір өлшем шамасының бірлік ретіндегі басқа біртекті шамаға қатынасын анықтау үрдісі.

Педагогикалық эксперимент танымның эмпирикалық деңгейіндегі зерттеудің негізгі әдісі болып табылады, ол құбылыстарды олардың даму жағдайларында зерттеуге бағытталған. Эксперимент жағдайларында зерттеу кұбылыстың күнделікті байқауға болмайтын қасиеттерін ашуға болады. Эксперимент ғылыми зерттеудің теориялық және эмпирикалық деңгейлері арасындағы байланыстырушы буын болып табылады. Педагогикалық зерттеулерде эксперименттің ойдағы эксперимент түрі де болады, алайда оны ойша эксперимент деп шартты түрде ғана атайды, өйткені эксперимент дегеніміз - тәжірибе, практика.

Сұрақ - жауап әдістері: а) Әңгіме-сұхбат; ә) әңгіме; б) сауалнама. Мәліметтер мен зерттеудің басқа да әдістері парадигмалық түсініктер мен зерттеудің тұжырымдамасын құрастырудың әдістемелік ерекшеліктері жүйесінде талдау жасалуы тиіс, алғашқы эмпирикалық ақпаратты алуға бағытталған. Зерттеу - белгілі бір мәселені шешудің ақыл-ой, тұжырымдамасын және практикалық үрдісі. Алайда бұл мәселені тек эмпирикалық деңгей әдістерін қолдана отырып шешу мүмкін емес. Зерттеуші нақты ғылыми деректерден олардың теориялық қорытындыларына көшуі қажет.

Зерттеушіге зерттеу әдістері мен ғылыми нәтижелер арасындағы себеп-салдарлық тәуелділікті айқындауға, эмпирикалық деректерден теориялық қорытындыларға көшу барысындағы педагогикалық заңдылықтарды анықтауға көмектеседі.



Теориялық деңгей әдістері:

1. Әдебиет көздерін зертеу зерделеу бастапқы құрамды бөлігі болып табылады. Бұл кез-келген ғылыми іс-әрекеттің алғашқы кезеңі. Зерттеуші ғылымның осы саласында оған дейін қандай мәселелер зертттелгенін анықтау үшін, зерттеу мәселесінің бұрынғы мен қазіргі жай-күйін және оған қатысы бар барлық мәселелерді түсіну үшін таңдап алған тақырыбы бойынша әдебиеттермен танысуы қажет. Зерттеу мәселесінен ғылымның зерттеліп отырған саласының жай-күйі мен дамуын тану үшін зерттеуші әр түрлі педагогикалық тұжырымдар, көзқарастар, ғылыми мектептер, білім беру үрдісіндегі заманға сай тенденцияларды анықтауы қажет. Әдебиеттерді зерттеу кезінде оларға талдау жасау, оларды салыстыру, теңестіру, жалпыға ортақ ғылыми әдістерді анықтау жұмыстары жүргізіледі.

2. Талдау мен жинақтау. Талдау арқылы эмпирикалық материалдыжүйелеу, түтастың құрамындағы элементтердің өзара қатынасы формаларын анықтау. Талдау қарапайым болуы мүмкін, зерттеу барысында зерттеу нәтижелерін бағдарламалар, кестелер, жоспарлар, жүйелер түрінде жинақтауға болады. Талдау мен жинақтау диалектикалық түрде бір-бірімен тығыз байланысты, "талдау" термині көбінесе зерттеу үрдісін тұтастай қарастыру кезінде қолданады. Сондай-ақ белгілі нәтижелері бар деректерге, жүйеге кірерде және оларды қорытуда талдау жасап, салыстыруға болады.

3. Абстракциялаудың (дерексіздендіру) екі түрі бар: талдап қорыту және жекелеп бөлу. Талдап қорыту - көптеген бірыңғай заттар мен құбылыстардың жалпы, бірдей белгілерін анықтау. Жекелеп бөлу-бір затты немесе құбылысты зерттеп, талдау үшін зерттеушіге қажетті бір қасиетін бөліп алу үрдісі. Дәріптелген (дерексіздендірудің бір түрі) - объектінің зерттеушіге теория жүзінде шынайы объектілерді зерттеу мен санада сақтауда тигізер пайдасы мол.

4. Тұжырым жасаудың индуктивті және дедуктивті әдістері; бұл әдістің көмегімен эмпирикалық деректер қорытындыланып, жекеден жалпыға және керісінше, жалпыдан жекеге қарай қисынды салдарлар айқындалады.

5. Ұқсастыру әдісі заттар мен құбылыстардың жалпылығын айқындау үшін қолданылады.

6. Теория жүзінде мүмкін жағдайдың, құбылыстың немесе заттың моделін жасау әдісі. Моделдеу - зерттеу обьектісі өзімен ұқсастық қатынастағы басқа бір объектімен алмастырылатын зерттеу әдісі. Моделдің түпнұсқадан айырмашылығы бар, алайда оның бойында модельге де, түпнұсқаға да тән негізгі сипаттары мен өлшемдері болуы қажет. Модель ұқсастық ретінде түпнұсқа, оны жетілдіру, қайта құру және оны басқару туралы білімді зерттеу, сақтау және кеңейту үшін қолданылады. Моделдеу ауызша, логикалық, физикалық, заттық, белгілілік болады. Моделдің түрін таңдау таным зерттеу обьектісінің күрделілігіне байланысты.

7. Болжау әдісін зерттеуші педагогикалық жүйе немесе білім беру жүйесінің даму бағытын табу үшін қолданылады. Зерттеу нәтижесінде алынған нақты ғылыми деректерді сандық көрсеткіштерге, кестелерге, графиктерге, сызбаларға, диаграммалар-ға, формулаларға, түсініктер мен заңдарға айналдыру зерттеушінің ойлау абстракциясының жоғары деңгейі мен дәрежесі қажет. Осының бәріне бүгінде болашақтағы білім беру жүйесінің даму заңдылықтары мен тенденцияларын түсіну үшін теориялық жағынан терең талдау жасалуда.

8. Математикалық және статистикалық әдіс педагогикалық құбылыстар мен олардың сапалық өзгерістері арасындағы тәуелділікті анықтау үшін қолданылады.

Теориялық деңгей әдістерінің бұл түрі, тобы эмпирикалық деректерге және олардың теорияны құрастыруға ықпал етуіне терең талдау жасап, ондағы заңдылықтарды ашуға, сыртқы факторларды және олардың ішкі мазмұнының факторларын түсіндіруге бағытталған. Эмпирикалық әдістер объектіні философиялық категория ретінде "құбылыс" деңгейінде зерттесе, теориялық әдістер "мәні" деңгейінде зерттейді.

Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістерінің жоғарыда аталып, айтып кеткеніміздей әдістер нақты зерттеу міндеттерін қолданатын құралдарының ішіндегі - ең негізгілері. Ғылыми зерттеуге тән нәрсе, сол мәселеде үйлестірілген сұрақ және болжамды белгілі бір жобаланған жауап ретінде, үлгі түрінде көрсетіледі. Осыдан зерттеудің міндеттері шығады: зерттеу пәнінің теориясын негіздеу (теориялық сипаттама) және зерттеудің теориялық моделін жасау, эмпирикалық практиканы зерттеу әрекеттерімен және педагогикалық шындықты қайта құру (қалыптастыру тәжірибесі).

Қойылған міндеттерді шешу зерттеушінің соған сай ғылыми әдістерді қолдануын талап етеді. Теориялық және теориялық қолданбалы міндеттерді шешу үшін - теориялық деңгейдегі әдістер (теориялық және салыстырмалы талдау, нақтылы абстрактылық және абстрактылықтан нақтылыққа көтерілу, моделдеу, ойша эксперимент) қолданады. Теориялық - қолданбалы және қолданбалы міндеттерді шешу үшін: бақылау, әңгімелесу, анкеталық педагогикалық құжаттарды оқып танысу, эксперимент қолданады.

Ғылыми зерттеулердің басты белгісі қолданатын терминдердің біртектілігі (бір мағыналылығы) болып табылады, себебі басынан бастап, басты ұғымға қандай мағына мән берілетіні, не туралы екендігі айқын болуы керек.

Бір терминді бірнеше мағынада қолдануға болмайды. Бұның маңыздылығы сонда, зерттеу пәніне ұғымдық сипаттама (теориялық сипаттама) беру зерттейтін құбылыстың мәнін, мазмұнын ашып көрсетудің кепілі, оның теориялық моделін жасауға негіз болады. Соңғысы арқылы зерттеу құбылыстарының нақтылы педагогикалық шындықтағы жағдайын және практикалық іс-әрекеттер үшін берілетін нұсқаулардың тиімділігі бағаланады, олар болашақ педагогикалық іс - әрекеттер жобасына салынып, практика үшін қажетті әдістемелік материалдар мен нұсқаулар макеті ретінде болады.

әдебиеттер


  1. Бабанский Ю.К. Проблемы повышения эфективности педагогических исследований. М.,1982.

  2. Скаткин М.Н Методология и методика педагогических исследований. М., 1986.

  3. Журавлев Я.И. Взаимосвязь педагогической науки и практики.М.,1988.

  4. Введение в научное исследование по педагогике. Под ред. В.Журавлева. М.,1988.

Резюме

В статье излагаются различные методы научно-педагогических исследований. Дано определение понятия «методы исследования», характеристика экспериментально-эмпирического и теоретического уровней педагогического исследования.

Түйіндеме

Мақалада педагогика ғылымындағы кейбір зерттеу әдістері туралы сараланып, зерттеу әдістері ұғымына анықтама берілген.



Абай мұрасының бала тәрбиесіндегі маңызы
Халитова И.Р. – п.ғ.д., профессор (Алматы қ., ҚазМемҚызПИ)
Халқымыз “Балалы үй базар”- деп дүниеге жаңа көзін ашып келе жатқан жас сәбидің ата-анысның көңіліне қуаныш, санасына жұбаныш жалыққанда алданыш болатын кезіндегі сүйгіншікті шағын айтса керек. Заман және оның баланың қалыптасуына тигізетін әсерін алдын-ала пайымдап тағы да “Заманына қарай баласы туады” деген. Бұл әр тарихи дәуір алмасып, қоғам жаңғырған сайын онда өмір сүретін болашақ азамат, бүгінгі баланың ақыл-парасатына тигізер ықпалын пайымдаса керек.

Әр заманда дүниеге келген баланың сол кезге сай кейбір қасиет, қабілеттер мен сапаларды анасының құрсағынан “ала түсетінін” дана да, сәуегей халқымыз қайдан білген-деп таң қалмасқа шара жоқ. Бұған дәлелді алыстан, ғылыми кітаптардан іздемей-ақ көз алдыңыздағы немерелеріңізді, тіпті өз балаңызды бақылап қараңызшы “өзіңіз үш жасар шағыңызда қандай едіңіз? Балаңыз қандай, немереңіз қандай?” Айырмашылық бар ма екен? Әрине “бар” дейсіз сіз. Және таңдана, сүйсіне, сүйіне отырып бұған көптеген мысалдар келтіресіз. Келтіресіз де “О тоба, қалай ғана тумай жатып осыны біледі, ә?!”- деп тағы таңданасыз.

Бұларды айтып отырудағы себебіміз қазіргі бала қаншалықты зейінді, сергек те, сезімтал, алғыр да, зерек болса тәрбие де соншалықты ұрымтал да ұтымды, озық та үздік болуы шарт. Тәрбие күнде өсіп келе жатқан баладан озық, тапқыр, оның іс-әрекеті мен ой-сана бағытын алдын-ала біліп оған ықпал етуге пәрменді де бейімді, жетелеуге икемді болуы керек. Немесе бала ойлағанша, тәрбие оның не ойлайтынын біліп, бала бірдеңені істегенше, тәрбие оның алдын алып, орағытып тұратындай болуы қажет екені белгілі болып отыр.

Ересек адамдар алдындағы кішкентай адамды “бала түсінбейді, білмейді, оған ақылы жетпейді, сезбейді өйткені ол бала ғой, байқамайды, көрмей қалады” деген секілді “баласынуды” қазіргі заман көтермейді. Олардың ақылынан сезімі күшті, бәрін, білгіш, көрмейтінді көріп қоятын бақылағыш екенін, “ұстазына қарай шәкірті” демекші үйретуімізге қарай болатынын қаперден шығармау керек.

Осыған орай қырғыз халқының бала тәрбиесіне қатысты көзқарасын мысал ретінде келтіремін. Олардың арасында қаншалықты көп болып, отбасыларымен араласып жүріп өз басым ешқашан баласын қатты еркелеткенін көрмеппін. Мүмкін қателесермін, бірақ мен көрген отбасыларында баласын “әкем, көкем, ботам, құлыным” деген секілді сөздермен еркелетіп “айланып, толғанып” жатқанын байқамаппын. Бұдан олар баланы жек көреді деген ой тумаса керек. Айтайын дегенім олардың бала тәрбиесіне байланысты басты тұжырымы “баламен ересек адамдарша сөйлесу керек” дегені. Қазіргі заман талабы міне, осындай. Демек біз де баланы баласынбай кішкене кезінен “ақылды сөздер” тыңдап өсуіне, ересек адамдарша ойлауға, ересек адамдарша әрекет жасауға баулығанымыз жөн болар еді.

Оның басты құралы- ғұлама Абайдың бітпес, түгемес алтын қазынасы, сөз өрнегі-ақыл көзі. Кішкене кезінде ғұлама ақынның асыл да дана сөздерін алдымен “ауыз ұшында” жаттап, “құлағына құйып” өссе күндердің-күнінде ол сөздер санасына ой салар деген үміт бар.

Әрине Абай сөзі күрделі, бала түгіл кейбір ересек адамдар да белгілі дәрежедегі дайындықсыз кейбір сөздерін ұғына да алмас, “ұға алмассың” деді емес пе ол өзі. Бірақ, көп қайталап көкейіне тоқып өссе, ол ары қарай мектепте жалғасса мүмкін өміріне ес қатып, ақылына-ақыл қосар, күнделікті тұрмысына жетекші, ақылшы, көмекші болар- деген ойдамыз.

Бірге оқып, бірге жатта.

1. Сонымен бала бақшада, отбасында кіші жастағы немесе мектеп жасына дейінгі балаларға Абай мұрасынан нені еншілеуге болады деген сауалға келсек “әрине бәрін”-дер едім. Десек те, мысалы, кіші жастағы балалардың ұғым, түсінігіне сәйкестерін алуға ұмтылдық. Оның мына өлеңдерін ата-анасы, апасы не ағасы, әжесі не атасы, әсіресе тәрбиешілерінің сәбилерге, “қара борбай” ойын баласына бір сәт, ойыннан қолы босаған кезде қайта-қайта оқып беріп, жаттатып, қайта-қайта айтқызып, жадына тоқып алуына көмектессе - алдымен балаға, одан соң өздеріне жақсылық істегені сол. Айталық ақынның “Интернатта оқып жүр” өлеңінен мына шумақтарды балаға бір неше рет оқып берсе ешқандай күш салмай, қиналмай өзі-ақ жаттап алады:

Пайда ойлама, ар ойла,

Талап қыл артық білуге.

Артық ғылым кітапта,

Ерінбей оқып көруге.

Осы жолдарды жаттап алса, ғылымның не екенін білмесе да әйтеуір бір жақсы нәрсе екенін ұғынады да бір күні алдымен “кітап оқу керек екен” одан соң “көп оқу керек екен” деген ойға келеріне сенеміз. Әрине осы шумақты көп қайталап оқып беріп, жаттатып, айтқыза берсе ғана! Одан соң қандай ой келеді дейсіз ғой? Одан кейін “артық білу” дегенді “көп білу керек екен және көп білген жақсы екен ғой” деген ой келеді. Ал “ар” туралы кейін мектепке барғанда мүмкін есейгенде барып ойланар. Бірақ кішкене кезінен осы шумақты жаттап өссе ғана. Әрине алдымен көкейне “пайда” сөзі қонары анық. Дегенмен не себептен “пайда ойлама, ар ойла-деді екен Абай” деген пікір кешірек болса да санасына қозғау салады. Әрине кішкене кезінен жаттатып, айтқыза берсе ғана!

Қайта-қайта оқып беріп, жаттатып, қайта-қайта оны айтқыза берсе бір күні санасына ой саларына сенетін себебім, психология ғылымында “иландыру”(внушение) тәсілі деген бар. Оны жалпы адамды бір нәрсеге иландырып, санасына сіңіріп, көкейіне қондырып, көңіліне орнықтыру үшін, сол арқылы іс-қимылы, өміріне ықпал ету үшін психиатрлар пайдаланады. Оның басты тетігі бір нәрсені, бір сөзді көп рет қайталау арқылы адамның санасына сіңіру, орнықтыру. Ал кішкене бала болса психофизиологиялық және әлеуметтік ерекшеліктеріне байланысты, ыңғайға жылдам көнгіш келеді емес пе? Сондықтан осы жаттау, қайталау тәсілі ұрымтал да пайдалы.

2. Бұдан соң балаға ғұлама ақынның суретін көрсетіп “әлгі сен жаттаған өлең бар ғой, соны жазған осы Абай деген ақын. Міне оның суреті, Абай ата - деген осы” деп ақын бейнесімен таныстыруды ұмытпаңыз. Кейбіреу “Е, осыдан бастау керек емес пе?” дер. Өйтсе де болады. Бірақ, алдымен баланың ойына серпін беріп, әлгі шумақтарды әбден жаттап алған соң ақын бейнесімен таныстырсақ оның тұлғасына біртіндеп қызығу оянатын болар деген пікір ғой бұл.

Енді ғұлама ақынның әйгілі “Ғылым таппай мақтанба” өлеңінен тағы мына шумақтарды оқып беріңіз:

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге.

3. Шумақты алғаш бір неше рет оқығаннан баланың санасында ешнәрсе қалмайды. Бірақ оны тағы бір күні, тағы бір күні, тағы бір күні сөйтіп арасына уақыт салып, үш-төрт күн қатар оқып берсеңіз олардың есінде мына сөздер қалады: орын, шаттанба, ойнап, күлу. Өйткені бұл сөздерді олар күнде не күн ара естіп жүр. Өлеңді бесінші, алтыншы рет қайталағаннан бастап олар жаттай бастайды. Енді өлеңді жаттатуға шындап кірісуге болады. Алдымен жоғарыда көрсетілген төрт тармағын жаттатып, оны жаттап болған соң ғана мына шумақтарды жаттатуға болады:

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,...

Өсек, өтірік, мақтаншақ.

Еріншек бекер мал шашпақ-

Бес дұшпаның, білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой-

Бес асыл іс көнсеңіз.

Тілі шығып, ойы өрби бастаған төрт-бес жасар балаға бұл шумақтарды жаттап алу оп-оңай. Бірақ, әке мен шеше, әже мен ата, аға мен апасы-сіздерге көптен көп сабырлық, табандылық пен жігер керек. Баланың жетегінде кетпей, немесе жалқаулық пен жалығудың азғыруына көнбей, ырықты болуға тура келеді.

Енді өлеңді балаға оқи беріңіз, анда-санда есіне сала беріңіз, жатқа айтқыза беріңіз, қайталай берсін. Ұмытып қалмасын, бала емес пе! Балаңызға тақпақ айтқызуда айт пен той, мейрам, мерекелерді, қонақ шақыруды ұтымды пайдаланып қалуға болады. Кейбір тартыншақ, ұялшақ балалардың осы мінезін жоюға да бұл пайдалы. Бірақ, ондай балалармен өзіңіз бірге айтуға тура келеді. Оны да істеңіз. Балабақша тәрбиешісіне де осыны айтар едік.

Бұл шумақтардан балалар жылдам есіне сақтап қалатын сөздер: бес нәрсе, шашпақ, өтірік, мақтаншақ. Қалған сөздер көкейіне сәл кешеуілдеп барып қонады. Бірақ оларды “ауыз ұшында”(механикалы немесе автоматтасқан түрде) жаттап алады, мәнін түсіне бермейді. Ол кейінірек барып санасына қона бастайды. Оған да сіздер, ересектер көмектесесіздер.



Көзімен көрсін, құлағы естісін, көңіліне тоқысын.

Ғұламаның барлық өлеңдері бала үшін күрделі. Тіпті табиғат көркемдігі, жануарларға арналғандарының өзі философиялық ой толғауларға толы десек те болады. Алайда бала үшін ұғынықты тұстарын пайдаланып қалу керек. Себебі баланың миы таза, ой пәк, зейіні алғыр. Олай болса ақын өлеңдері арқылы миы жұмыс істейді, ойы даму табады, зердесі өседі, зейіні қызмет атқарып үйрене бастайды. Демек бала психикасының қызметіне септігін тигізеді.

4. Бұған ақынның “Жаз” өлеңінен мына шумақты ұсынамын, себебі бұнда балаларға жақын мынадай сөздер бар: жаз, бәйшешек, өсіп,өзен:

Жаздыгүн шілде болғанда,

Көкорай шалғын, бәйшешек,

Ұзарып өсіп толғанда;

Күркіреп жатқан өзенге,

Көшіп ауыл қонғанда.

Көп қабатты үйлерде өскен кішкентай адамға көкорай шалғын шөп, күркіреп жатқан өзен, көшіп қонған ауылды түсініп, көзіне елестету қиынның-қиыны. Сол себепті мүмкін болса табиғаттың нақ өзін көрсетіңіз, болмаса осындай суретті көрсету арқылы жеңілдетсе болады. Әрине туған табиғатты өз көзімен көріп өзен тау, сарқырап аққан су, шұрқыраған қой мен қозыны көрсе әсерлі болар еді. Ертеректе, 16 ғасырда өмір сүрген чех ғалымы – педагог Я.А.Коменский балаға зат-дүние туралы түсінік беру де көзбен көруге болатынды-көрсет, құлақпен еститінді-тыңдат, түйсінетінді – қолымен ұстасын, денесімен түйсініп, ақылымен сенсін, дәмді-татып көрсін... - деген екен. Міне сонда ғана баланың санасында мәңгілік әсер қалатыны белгілі.

5. Бала шақтағы әсерлену оны сезімталдыққа, шынайы көркемдікті көре білуге, бағалауға тәрбиелейді. Осындай өлеңдерінің бірі ақынның “Күз” шығармасы. Бұны да толық үйрету мүмкін емес. Сөздері кішкене бала үшін күрделі, десек те бұлт, суық, аспан, күз, жарыс-деген сөздерді тез біліп алады. Ал қалғанын тек жаттап қана алады. Жаттап болған соң көп рет қайталатып соңынан сұр бұлт, дымқыл тұман, тойған, тоңған, жалқы – деген сөздерді меңгере алады. Қайталау - білім алудың басты жолы десек те, қайталау тәрбиелеудің де негізгі әдістерінің бірі дер едім. Сонымен өлеңнен үзінді:

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

Енді бір неше рет оқып беріңіз де қай сөздерді түсінгенін не есте сақтап қалғанын сұраңыз. Одан соң тағы қайталап оқып беріп, біртіндеп жаттауды бастауға болады. Дереу, әп-сәтте, тез жаттата салам деп ойлап баланың меселін қайтарып алмаңыз. Әбден жаттап алған соң бала бір жолата ұмытып қалмауы үшін қайталатып тұруды да қаперден шығарып алмаңыз. Абай өлеңдерінен білгенін елдің алдына шығарып айтқызу да өте пайдалы екенін білесіздер. Өлеңді күзде үйреткен қонымды болар еді. Дамытудың басты қағидасы баланың шамасы келетін, бірақ өзі күш жұмсау арқылы меңгеретіндей қиындықтың болуы.

6. Табиғат көркемдігіне арналған өлеңдер топтамасының бірі “Қыс”:

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.

Үсті –басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап, келіп қалды.

Дем алсысы- үскірік, аяз бен қар,

Кәрі құдаң-қыс келіп, әлек салды.

Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,

Аязбенен қызарып ажарланды.

Бұлттай қасы жауып екі көзін,

Басын сілксе, қар жауып, мазаңды алды.

Бұл өлеңді де қысты күні оқи бастаса балаға көбірек түсінікті болады. Аппақ қар, аяқ астынан шыққан сықырлаған дыбыстар, аяз, суықтан қызарған адамдардың беті, қолы жапалақтап жауған қар балаға түсінікті, жақын. Осы білген, көргендерін көзалдына келтіре отырып не көрсете отырып қалған сөздерді түсіндіру өлеңнің мазмұнын баланың ұғынып, түсінуіне мүмкіндік береді. Мысалы, мына сөздер ді түсіндіру керек: соқыр, мылқау, танымас, қырау, түсі суық, кәрі құда, ұшпа, үскірік, оқшырайтып, ажарланды-деген сөздер кішкене бала санасына қонуы бір аз еңбектенуді талап етеді.

7. Жаз айларындағы табиғат көркемдігін суреттейтін өлеңдердің бірі:

Желсіз түнде жарық ай,

Сәулесі суда дірілдеп,

Ауылдың жаны терең сай,

Тасыған өзен күрілдеп.

Өлеңнің - желсіз түн, жарық ай - деген сөздері мүмкін балаға түсінікті шығар. Олай болмаған күнде, “желсіз”- деген сөздің не мағынада екенін түсіндіріп, жел болмаған кезде жапырақтардың қозғалмайтыны, ақын түндегу осы ахуалдың кез қандай болатынын айтқанын түсіндіру керек, мысалы, “жел болмаса жапырақ сілкінбейді, желге ұшпайды, тыныш күйде, қозғалмай тұрады” –деу керек. Абай ата түндегі осындай желсіз күйді суреттеген. Сәуленің суда дірілдегенін көрсетуге болады. Есік алдында су болмаса ыдыстағы суда сәуленің дірілдеуін қолдан жасап көрсетуге болады, мысалы, ай не күн сәулесін көрсетуге тырысыңыз. Әрине, белгілі педагог А.Сухомлинский секілді осындай табиғаттың кейбір кездерін көрсетсе қандай жақсы болар еді. Ол балаларды жазды күні таң сәріде егістікке апарып жүгерінің қалай өсетінін көрсетіп, өсу кезінде шығатын “тырс, тырс” еткен дыбыстарды тыңдатқан ғой.

Ақынның бұл өлеңнің де әні бар. Сол себепті оны әнімен айту баланың оны жылдам жаттап алуына шарт түзеді.

8. Ақынның “Жазғытұры” өлеңінде балаларға таныс, олардың есінде дереу калатын сөздер: жазғытұры, қыс, жер, ата-ана, көзі, түйе боздап, қой қоздап, шу, көбелек, гүл, ағаш, ағады, су, көл, жұмыртқа, жүгіріп. Оларды тірек етіп алып алдымен осы сөздердің мағынасын балалардың есіне салып одан соң өлең шумақтарын оқу, жаттау, жатқа айтқызуға болады. Мына екі шумақты алдымен жеке-жеке жаттату қажет. Одан соң бірге қайталатып, екеуінің бір өлеңнен алынғанын айтуға болады.

Жаттауды тағы да сол көп рет оқудан, белгілі сөздерді қайталаудан, одан соң жеке тармақтарды жаттатудан бастауға болады:

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Жан-жануар, адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер күннің көзі...

Түйе боздап, қой қоздап-қорада шу,

Көбелекпен, құспенен сайда ду-ду.

Гүл мен ағаш майысып қарағанда,

Сыбдыр қағып, бұраңдап ағады су.

9. Мына өлең шумағын балалар дереу саналы түрде түсіне қояды деуге болмас. Алайда: білімді, сөз, нұр, көру, көз-дегендерді олар біледі. Алдымен осы сөздерді меңгереді. Осы білгеніне сүйене отырып, түсінудің кейін, кешірек келетінін біле тұра осы өлең шумағын жаттату керек.

Жаттау баланың есте сақтау қабілетін дамытудың ең бесты тәсілі. Психологияда кішкене бала жадының өте алғыр, тез болатыны, бірақ аз уақыт аралығында ұмытып қалатыны белгілі. Осы ұмытып қалуына жол бермеу, оқығанын кейін санаға салып, ойланып, мүмкін бір де болмаса бірде түсінер деген үмітке жол ашатыны анық. Ол Абайдың мына шумақтары:

Білімдіден шыққан сөз,

Талаптыға болсын кез,

Нұрын, сырын көруге,

Көкрегінде болсын көз.

Кіші жастағы балаларға білімді, талапты, сырн көру, көкірегіндегі көз –дегендер түсініксіз болатыны белгілі. Бірақ олар білімді деген көп білетін адам, талап деген адамның ұмтылысы, сырын көріп деген сөздің мәнін ұғыну, көкіректегі көз дегені-ойлы, түсінуге ынталы болу екенін уақыты келгенде біледі. Ал қазір осы сөздердің ақын, ғұлама Абайдікі екенін, демек олар жақсы, пайдалы екенін түйсінеді. Сол түйсігіне сеніп жаттату керек. Түсінбеседе жаттап алсын. Бала кезде оқыған, жаттаған, естіген нәрселерді есейгенде еске түсіріп “е, былай екен ғой” дейтін кездер болады. Сонда Абайдың ақыл қосатын сөздерін еске түсіріп, мәнін ұғынып жатса бұдан пайда болмаса зиян жоқ.

10. Балаларға жақын, түсінікті деп санайтын өлең шумақтары ақынның “Ата-анаға көз қуаныш” деп басталатын мына өлеңі:

Ата-анаға көз қуаныш-

Алдына алған еркесі.

Көкірегіне көп жұбаныш,

Гүлденіп ой өлкесі...

Оқытарсың молдаға оны,

Үйретерсің әр нені.

Медеу етіп ойы соны,

Жаны тыныштық көрмеді.

Мәні терең, сөз тіркестері кішкене жастағы балаларға түсінікті бола қоймас деген оймен өлең шумақтарының арасындағы қайырма сынды тармақтарды әдейілеп қысқартып, қалдлырып кеттік. Балаларға алдымен өлеңді бір-екі рет оқып беріп одан соң: ата-ана, қуаныш, алдына алған, еркесі, оқытарсың, үйретерсің –деген сөздерді естеріне салып мағынасын өздерінен сұраса сонда барып олар өлеңнің кейбір сөздеріне мән бере бастайды, мысалы, “үйде ата-анаң еркелете ме? Қалай? Құшақтап қуанышым менің деген сөздер айта ма? әкең не анаң алдына отырғыза ма?” деген секілді басқа да мағынада әңгімелесу де пайдалы. Ол өлеңнің мәнін аздап болса да, түсінуге шарт түзеді.

11. Балаларды қызықтырар деген ақын өлеңнің бірі “Тайға міндік, тойға бардық” деп басталады. Мұндағы тай, той, жақсы киім үкі, күлкі, атамыз, айтқанына көнбедік- деген сөздер өлеңнің мазмұнын түсіндіруге тірек болады:

Тайға міндік,

Тойға шаптық,

Жақсы киім киініп.

Үкі тақтық,

Күлкі бақтық,

Жоқ немеге сүйініп...

Атамыз бар,

Модамыз бар,

Айтқанына көнбедік.

Арт жағында

Біз соған зар

Боламыз деп білмедік...

12. Балалар тез жаттап алады деген өлең шумақтарының бірі ақынның “Әсемпаз болма әр неге”- деп басталатын өлеңі. Мұндағы әсемпаз, өнерпаз, кірпіш, кетік, ақыл, қашқан, қуған деген сөздер балаларға түсінікті болғандықтан солардың төңірегенде қасқаша ғана, олар жалығып кетпейтіндей әңгеме қозғап осы сөздердің мағынасын еске түсіру керек. Одан соң осы шумақтарды оқып беру, жаттау арқылы есінде сақтап қалуына күш жұмсалады. Ары қарай, мүмкіндік бола қалған кезде қайталап айтқызып әбден жаттап алған соң біртіндеп сөздердің мәнін түсіндіре бастау орынды. Дегенмен кейбір сөздердің мәнін есейгенде ғана түсінуі мүмкін, мысалы, “Қайрат пен ақыл жол табар” немесе “әділет шапқат кімде бар”. Бірақ қазір “түсіне қоймады”- деп Абай өлеңдерін оқып, жаттауды тоқтатып қоюға тағы болмайды. Себебі біздің мақсатымыз, бала кішкене кезінен Абай сөздеріне қанық бола берсін деген ой. Өлеңнің әні бар. Сондықтан алдымен жаттағанда әнімен қоса жаттатып, кезкелген мүмкіншілікті пайдаланып балаға әнімен, не болмаса тақпақ ретінде айтқызып отырса, ол өзінің ісіне өзі қуанып, көңілі өседі.

13. Ақынның әйгілі “Сегіз аяқ” өлеңінің әні бар. Баланың көкейіне әні бар өлеңнің жылдам қонатыны белгілі. Сол себепті оны алдымен әнімен қоса айтып үйрету балаға да, оны үйретіп отырған адамға да қызықты және жеңіл тиеді. Дегенмен 4-5 не 6 жасар балаларға осы өлеңнің мағынасын, мазмұнын толық түсіндіру өте күрделі болғандықтан оған қатты әрекеттенбей-ақ тек жаттауға күш салған дұрыс секілді. Ал мүмкін болып жатса байқап көруге болады.

Біз осы кітапшаның бас жағында айтып кеткендей, ақын өлеңдерінің мән-мағынасын ұғынып, түсінуді кейінге қалдырып отырмыз. Белгілі француз педагогі Ж.Ж.Руссоның айтқаны бар еді: әр нәрсеге бала өз ақылы, өз ойымен жетсін-деп. Осыған орай халқымыз да “суды сіңген жерге сеп, сөзді ұққан ксіге айт” дейді ғой. Ұғына алатын бала кезі келгенде өзі-ақ түсініп алады. Ал қазірше олар Абай туралы біліп және оның өлеңдерін жаттап өссін деген ойдамыз. Психолог ғалымдар айтады: алдымен білсін, егер біліп алса, оны кезі келген де әйтеуір бір ескереді - деп. Біз міне осы пікірге табан тіреп отырмыз.

14. Абай Құнанбаевтың “Сегіз аяқ” өлеңі туралы сөз қозғағанымда бір кішкентай баланың “оның сеігз аяғы бар ма?” дегені есімде. Мен біраз дағдарып қалдым да дереу ақын кітабын қолыма алып әлгі балаға көрсете отырып әр шумақта сегіз тармақ бар екенін санап көрсетіп “мынадай ұзақ, сөздері көп болған соң сегіз жолдан бөліп, топтастырып қойған” деген едім. Сіздер мүмкін басқаша түсіндертін шығарсыздар.

Сонмыне, балаңыз ғұлама ақынның “Сегіз аяқ” өлеңінің алғышқы екі шумағын жаттап алса да үлкен жетістік болар еді. Оны әнімен айтса тіпті де жақсы. Оны кейбір іс-шараларда айтқызып тұрсаңыз балаға қанат бітеді, көңілі өсіп өзіне сенім пайда болады. Енді мына өлең шумақтарын жаттап алсын:

Алыстан сермеп,

Жүректен тербеп,

Шымырлап бойға жайылған;

Қиуадан шауып,

Қисынын тауып,

Тағыны жетіп қайырған-

Толғауы тоқсан қызыл тіл,

Сөйлеймін десең өзің біл.

Өткірдің жүзі,

Кестенің бізі

Өрнегін сендей таба алмас.

Білгенге маржан,

Білмеске арзан,

Надандар бәһра ала алмас.

Қиналма бекер, тіл мен жақ,

Көңілсіз құлақ-ойға олақ.

Балалар кейбір сөздердің мәнін сұрауы мүмкін, не болмаса анда-санда ғана кейбір сөздерін талдауға болады. Мысалы, “ой жоқ”, “ми жоқ”, “тағыны жетіп қайрған”, “білгенге маржан”, “ білмеске арзан” деген секілді сөздердің мәнін айтуға болады. Оны да баланың жас кезеңі, ақыл-ой өрісіне қарай жүзеге асыру керек.


ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада бала-бақша жасындағы балаларды тәрбиелеуде Абай мұрасының маңызы қарастырылған.

РЕЗЮМЕ

В статье рассматривается роль наследия Абая в воспитании детей.




Болашақ мұғалімдерді оқушы қыздарға қазақ халықтық педагогикасы арқылы тәрбие беруге даярлау
Шағырбаева М.Д. - креативті ақпарат және сараптама бөлімінің әдіскері

( Алматы қ., Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ)





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет