Сұрақтар:
1 Құрлықты флористикалық бөлу
2. Голарктикалық
3. Палеоарктикалық
4. Неотропикалық
5. Австралиялық
6. Кап патшалықтары
1. Әртүрлі континенттегі флора мен фаунаны салыстырмалы зерттеу құрлықты фаунистика-флористикалық аудандастыру мәселесін тудырды.Флора мен фаунаны салыстырмалы анализдеу жүйеленген таксондардың ареалдарын зерттеуге негізделген.Өсімдіктері мен жануарларының түрлері қандай да өлкенің сәйкес флорасы мен фаунасын қалыптастырып,географиялық таралу ерекшеліктері әртүрлі.
Әрбір флора мен фауна түрлерінің бірігуі мен әртүрлі геоэлемент түрлеріне біріктіреді.Әртүрлі геоэлементтердің көрінуі флористика және аунистикалық аудандастырудың негізгі критерийі болып саналады.
Флористикалық және фаунистикалық аудандастыру жүйесінде әртүрлі ранг бірліктері-патшалық,облыс,аудан провинция т.б. көрінеді.Шекараны қалыптастырытын негізгі әдіс ареал карталарының әртүрін ұқсастыру,ол әртүрлі рангтегі таксондардың көрінуге болады,яғни синператтар деп аталады.А.Вегенер 1925 жылы материктердің орналасуының картасын жасады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
-
Флористикалық аудандастыру дегеніміз не?
-
А.Вегенер зерттеуінің маңызы?
3. Қай жылы Вегенер материктердің орналасуының картасын жасады.
Әдебиет: 13. 166-181 бет
Дәріс 9.
Тақырыбы: Фаунистикалық аудандастыру.
Дәріс мақсаты: Флористикалық және фаунистикалық аудандастыру жүйесіндегі әр-түрлі ранг бірліктерімен танысі, тіршілік өмірін зерттеу.
Сұрақтар:
-
Фаунистикалық аудандастыру.
-
Нотогея.
-
Неогея.
-
Палеогея.
-
Арктогея.
1. Дүниежүзінің фауна туралы білімдері жүздеген жылдар бойы жиналды.
Ең бірінші мұндай әрекетті 1858 жылы ағылшын орнитологы Ф. Склеттер жасаған. Ол 6 зоогеографиялық облыс бөлген. Сонынан Склеттер облыстарды жоғары категория – патшалыққа, ал әрбір облыста облысасты, округ, провинция, учаске болды.
20 ғасыр ортасында Гептнер, Пузанов, Бобринский т.б. ғалымдар өзгеріс енгізді.
Әр түрлі рангтың фаунистикалық аудандстыруының категорияларын деңгейі және эндемизмі бойынша бөлінген. Қазіргі кезде көптеген ғалымдар 4 патшалық бар деп есептейді. Олар Нотогея, Неогея, Палеогея, Арктогея.
2. Нотогея патшалығы 2 облыстан тұрады. Өте ежелгі және фаунаның аздығымен ерекшеленеді.
3. Неогея патшалығы Неотропикалық облыстан тұрады. Мекендеуші тек 2 ғана жанұя – қалталылар насекомдармен қоректенентін сүтқоректілер.
4. Палеогея патшалығы 2 облыстан тұрады.
5. Арктогея патшалығы Голарктика облысынан тұрады, ең кең тараған облыс.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
-
Фаунистикалық аудандастыру дегеніміз не?
-
Нотогея неше патшалықтан тұрады?
-
арктогея патшалығы қай облыстан тұрады?
-
Неогея мекендеушілерін ата?
Әдебиет: 13. 182-196 бет
Дәріс 10. Тақырыбы: Дүниежүзілік мұхит биогеографиясы.
Дәріс мақсаты: Әлемдік мұхит – Жердің су қабығының бірлескен түрі ретінде қарастыру және тіршілік өмірімен танысып, зерттеу.
Сұрақтар:
1. Дүниежүзілік мұхит.
2. Теңіздердің биогеографиялық зерттелуі.
1. Әлемдік мұхит-Жердің су қабығының бірлескен түрі болып табылады. Гидросферадағы әлемдік мұхиттың алар бөлігі 98,8 пайыз.Полярлық елдерге-аркрикалық,субаркрикалық,субантарктикалықжәне антарктикалық зоналарға-әлемдік мұхит акваториясының 15 пайызы, ал экваториальды-тропикалық 56 пайызын,қалған бөлігіқоңыржай және субтропикалық зоналарға сәйкес келеді. Әлемдік мұхиттың су қоры 1370 млн км2 деп бағаланады. Әлемдік мұхиттағы маңызды процестерге:
А)жылудың түсуі
Б)құрлықпен жылу,ылғал,қатты заттарды алмасуы
В)атмосферамен ылғал,тұз,жылу жәнегаздардың таралуы
Г)биологиялық процесстер(фотосинтез,дем алу,т.б.)
Д)араласу процестері
2. Мұхиттың бөлінетін сипатына гидростатикалық қысым жатады.Тереңдіктің өсуіне байланысты 10 м-ге гидростатикалық қысым 1 атм қысымға өседі. Әлемдік мұхиттың 80 пайызында қысым 300 атм тең,ал максимальды тереңдікте 1100 атм дейін жетеді.Әлемдік мұхиттың орташа температурасы 3,5 болса тұздылық 34,7 пайыз .
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
-
Гидросферадағы әлемдік мұхиттың алар бөлігі қанша пайыз құрайды?
-
Әлемдік мұхиттағы маңызды процестерді ата?
-
Тереңдіктің өсуіне байланысты 10 м-ге гидростатикалық қысым қанша атм қысымға өседі.
Әдебиет: 13. 249-256 бет
Дәріс 11.
Тақырыбы :Континент сулар биогеографиясы.
Дәріс мақсаты: Континентте орналасқан су қорларымен танысу және тіршілік өміріне сипат беру.
Сұрақтар:
1. Континент сулар биогеографиясы.
2. Тұщы су өмір орталығы.
1. Континеттерде орналасқан су қорлары бай тұрғындар түрлерімен, олардың биогеографиясы су қоры ортасына және континенттің геологиялық тарихына байланысты.
2. Континентальды су қорлары,құрлықта болады:олар табиғи және жасанды болуы мүмкін.Біріншілерінің негізіне өзен,көл,батпақтар болса,екіншілері-каналдар т.б.
Флора мен фаунаның және экожүйелердің алуантүрлілігі көлдер мен өзендерде көрінеді.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
-
Континет су қоры неге байланысты?
-
Континент су қорларының түрлері?
-
Флора және фауна континент суларының қайсысында өте мол?
Әдебиет: 13. 315-326 бет
Дәріс 12.
Тақырыбы : Көлдер биогеографиясы.
Дәріс мақсаты: Көлдер тұрғынының алуантүрлігі, көлдің тарихы және экологиялық жағдайымен танысу.
Сұрақтар:
1. Көлдер фаунасы.
2. Көлдер флорасы.
1. Көлдер тұрғынының алуантүрлігі көлдің тарихынан және экологиялық жағдайға байланысты. Жабық арктикалық сулардың негізін шаян тәрізді төменгілер құрайды.
Арктикалық сулардың фаунасының аздылығы өте қатал және жағымсыз температуралық жағдай әсерін тигізеді.
2. Қоңыржай белдеу фаунасының түрлерге бай. Космополитті түрлер өте көп. Материктік сулардың қоңыржай зонада фауна негізін өте кең таралған түрлер құрайды.
Фауна байлығы бойынша Байкал 1 орында.
Ежелгі көлдерге африка көлдерінің бірі Танганьика жатады. Оның фаунасы өте бай, 402 түр, оның ішінде 293 (73 пайыз) эндемиктер, 146 балық бар.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
-
Көлдер тұрғынының алуантүрлігі неге байланысты?
-
Қай белдеу фауна түрлеріне бай?
-
Қандай түрлер өте көп?
Әдебиет: 13. 339-345 бет
Дәріс 13
Тақырыбы : Хвоялық ұсақ жапырақты бореалды ормандар.
Дәріс мақсаты: Хвоялық бореалды ормандардың гидротермикалық жағдайымен, тіршілік өмірімен танысып, зерттеу.
Сұрақтар:
1. Фотоавтотрофтар жиынтығы.
2. Гетеротрофтар жиынтығы.
1. Хвоялық бореалдвы ормандар басқаша айтқанда тайга деп аталады, үзілмес сызықпен Евразия және Солтүстік Америкаға созылып – уиркцмполярлы зона құрап жатыр. Қысқа вегетауиялық мерзім, салқын қыс, салқындац жаз.
Хвоялық ағаштардың 4 түрі бар- қарағай, пихта, шырша, лиственница.
Қарахвоялық ормандардың негізгі ерекшеліктері келесі – 2-3 ярусты, кейде шөпті ярус болмайды.
Тайга жануарлары қарлы суық қысқа бейімделген, ұйқыға кетеді.
2. Биіктік құрылым өте жануарға бай. Тағамның негізгі ресурстардың бірі – ағаштардың хвоялық түрлерінің дәндері. Олармен көптеген құстар, кеміргіштер, жыртқыш аңдарда қоректенеді.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
-
Тайга дегеніміз не?
-
Хвоялық ағаштардың неше түрі бар?
-
Қарахвоялық ормандардың негізгі ерекшеліктері ата?
Әдебиет: 6. 180-185 бет, 13. 236-242 бет
Дәріс 14
Тақырыбы: Геногеография.
Дәріс мақсаты: Биогеография ғылымының жаңа бағыты геногеографиямен танысу, геном және генофонд ұғымдарын зерттеу.
Сұрақтар:
1. Геногеография туралы.
2. Геном және генофонд.
1. 20 ғасыр басында биогеография объектілері жануарлар мен өсімдіктер болған. Тек 20-шы жылдары жағдай өзгереді. Бұл өзгеріс геногеография болған, генофондтардың кеңістік географиялық өзгерістерін зерттейді.
Негізгі объектілерінің бірі адам. Бұл жаңа бағыттың атасы , геногеография терминінің авторы а.С. Серебровский 1928 .
2. Геном дегеніміз гендар жиынтығы. А.С. Серебровский қойлар, ірі қара мал геногеографиясын зерттеуді бастады.
Генетикалық полиморфизм. Полиморфизм – тірі ағзалардың үзіксіз өзгерушіліктің жекелігін көру.
Популяция – бірінші баспа, эволюция құбылыстары болатын.
С.Райт популяцияның 2 моделін мәлімдеді- аралды модель және қашықтықпен шектеу.
М.Кимура популяцияның құрылымының басқа моделін көрсетті. Ол баспалдақтық модель.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
Әдебиет: 13. 357-365 бет
Дәріс 15
Тақырыбы: Субантарктика аралдары.
Дәріс мақсаты:
Сұрақтар:
-
Географиялық орны.
-
Фауна әлемі.
1. Субантарктика аралдарында өмір тіршілігі өте ерекше, олар поляр маңы зонасында солтүстік жартышырдың тундра зонасында орналасқан. Тундрада сияқты мұнда орман да, ағаш та жоқ. Ауасы салқындау және ылғалды.
Кейбір аралдарда қарлы қабат мүлдем жоқ, өйткені ол тез еріп кетеді.
Субантарктикалық аралдар – Оңтүстік Геогргия, Антиподтар аралдары, Фолкленд аралдарф, Макуори, Кергелен.
2. Субантарктика өсімдігіне төмен орналасқан «көпжіктер» орналасқак.
Сүтқоректілерден тән жануарлар – теңіз пілдері, өте ірі ит бадықтар.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
Әдебиет: 15. 111-112 бет
Әдебиеттер тізімі.
1.Агаханяни О.Е. «Биогеография» Минск 1992
2.Афанасьев А.Л Зоогеография Казахстана Алматы 1960
3.Бобринский Н.А: және т.б. «География животных» Москва 1975
4. Ярощенко П.Д «Общая биогеография» Москва 1975
5. Григорьева Е.П.
Жакупова Н.У «Биогеография » Алматы 1976
6.ВторовП.П
Дроздов Н.Н. «Биогеография » Москва 1978
7.ВороновА.Г «Взаимоотношение животных и растений в различных географических зонах» Москва 1973
8. Воронов В.А «Биогеография основами экологии» Москва 1987
9.Алехин В.В «Растительность СССР в основных зонах» Москва 1980
10. Шафер.В. «Основы общей географии растений» Москва 1956
11. Богданов Д.В. Зональность океанов и морей «Природа»№ 4 1961
12. Зенкевич Л.А: Моря СССр,их фауна и флора Москва 1955
13. Второв П.П
Дроздов Н.Н.
Криволуцский.В.Е
Мяло.Е .Г. «Биогеография основами экологии» Москва 2003
14. Второв П.П.
Дроздов Н.Н.
Мяло.Е.Г. «Биогеография мира »Москва 1985
15.Второв П.П.
Дроздов Н.Н. «Биогеография материков» Москва 1974
16. «Жайық өңірі-Приуралье »Орал 1996
17.Власова Т.В. «Материктердің физикалық географиясы» 1,2 бөлімдер
18.Природно-ресурсный потенциал и проектируемые обьекты заповедного
фонда Западно-Казахстанской области Уральск 1998
19.Атлас мира
20. Рябчиков .А.М. «Физическая география и океанов» Москва 1988
21.Ұ.Есназарова Қазақстанның физикалық географиясы 8-кл
«Биогеография» пәні бойынша глоссарий.
1.Адаптация-бейімделу (латынның adaptatio –бейімделу) өсімдіктер мен жануарлардың,олардың дене құрылысы мен тіршіліктің айналадағы ортаның өзгеріп отыратын жағдайына бейімделуі.
2.Акватория-су айдыны (латынның aqua су және территория деген сөздерінен шыққан)-теңіз, мұхит,көл,су қоймасы бетінің белгілі бір аймағы.
3.Ареал-ареал (латынның area-жер,кеңістік деген сөзінен шыққан )-жер бетінің жануарлар мен өсімдіктердің белгілі бір түрлері тіршілік ететін бөлігі.
4.Батиаль-батиаль (гректің bathos –терең деген сөзі )мұхитар ментеңіздердің 200-3000 м тереңдікте жатқан зонасы.
5.Бентос –бентос (benthos терең деген сөзінен шыққан)-топырақта және су қоймаларының түбінде тіршілік ететін жануар мен өсімдіктердің,организмдердің жиынтығы.
6.Биогеография- биогеография (гректің bios-тіршілік, ge-жер, grapho –жазамын деген сөздерініе шыққан )-тірі организмдердің жер шарына таралуы мен оның өзгеру себептерін зерттейтін ғылым.
7. Биомасса –биомасса (гректің bios-тіршілік және масса сөздерінен шыққан )-аудан бірлігіне келетін тірі организмдердің мөлшері.
8.Биосфера –биосфера (гректің bios-тіршілік,sphairo –шар деген сөзі ) жер шарының тірі организмдер таралған аймақ.
9.Биоценоз-биоценоз (гректің bios-тіршілік және kainos жалпы деген
сөзі )-белгілі бір территорияда және өзара тиімді қатынаста тіршілік етіп,қоршаған орта жағдйына бейімделген өсімдіктердің ,жануарлар мен микроорганизмдердің жиынтығы.
10.Вертикальная поясность-тік белдеулік (латынның verticalis тік деген сөзінен шыққан ) таулы аудандарда климаттың,топырақтың,өсімдіктер мен жануарлардың биіктікке қарай біртіндеп алмасуы.Биіктеген сайын температура төмендейді, жауыр-шашын мөлшері өзгереді және т.б.
11.Вечнозеленая растительность –мәңгі жасыл өсімдіктер- бүкіл жыл бойы жасыл желекке бөленіп тұратын көпжылдық өсімдіктер.Ылғалды тропиктерде,субтропиктерде өседі,қоңыржай белдеулерде кездеседі.
12.Влажно-тропические лес-ылғалды тропиктер орманы –негізінен ылғал сүйгіш мәңгі жасылағаштардан тұратын ыстық зоналардың орманы.
13.Влажные субтропики –ылғал субтропиктер –субтропиктік белдеудің жыл бойы ылғалы мол,мәңгі жасыл орманды аудандары.
14.Внутренние море –ішкі теңіз –құрлыққа терең еніп, мұхитпен немесе екінші теңізбен бір шеті ғана шектесіп жатқан теңіз.
15.Внутренние воды –ішкі суы –белгілі бір меемлекеттің тнрриториядағы барлық су,яғни өзен,көл, каналдар, бұғаздар, су қоймалары.
16.Высокие широты-биік ендіктер-жердің поляр аймағы.
17.Высотная поясность-биіктік белдеулігі-теңіз деңгейінен есептегендегі биіктіктің артуына қарай тауларда табиғат жағдайларының өзгеруі.
18.Высшие растение - жоғары сатыдағы өсімдіктер денесі мүшелерге бөлінген өсімдіктер.
19.Галерейный лес –жағалық орман-ормансыз алқап далада,
шөлде,саванналарда,прерийлердегі өзен бойында өсетін орман.
20.Галофиты-галофиттер-(гректің hals-тұз, phyton-өсімдік деген сөзінен шыққан) тұздық концентрациясы күшті сор топырақта өсетін өсімдіктер.
21.Гелиофиты-жарық сүйгіш өсімдіктер (гректің helios-күн, phyton- өсімдік деген сөзі )
22.Геоботаника –геоботаника (гректің ge-жер,botane-шөп,өсімдік деген сөзі ) өсімдіктердің географиялық факторларға байланысты жер шарында таралуын зерттейтін ғылым .
23.Дерн-шым-топырақтың шөптесін өсімдіктер қалың өсіп,олардың тамырлары шырмалып жатқан беткі қабаты.
24.Ельник –шырша орманы –құрамында шырша ағашы басым болып келетін,мәңгі жасыл қылқанды шырша орманы.
25.Жестколиственный лес-қатқыл жапырақты орман-құрамында ксерофитті өсімдіктер басым болып келетін мәңгі жасыл субтропиктік орман.
26.Заповедник-қорық –бүкіл табиғат кешені табиғи күйінде сақталатын территория,табиғатты қорғау формаларының бірі,онда шаруашылық жұмыстар жүргізілмейді.
27. Испарение –булану- жоғары температураның әсерінен судың буға айналуы немесе заттың сұйық және қатты күйден газ тәрізді күйге өтуі.
28.Климат лесостепи- орманды дала климаты- ылғалды климаттан құрғақ климатқа өтпелі климат түрі,жауын-шашын мөлшері 400-500 мм ылғалдану коэффициенті-1,0, қысым жұмсақ, қар жамылғысы тұрақты.
29.Красная книга –Қызыл кітап –сирек кездесетін және жер бетінен біржолата жойылып кету қаупі төнген өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің қысқаша түсініктеме берілген тізімі.
30.Кустарник-бұта- негізгі діңі жоқ, биіктігі 5-6 см аралығындағы,сабағы сүректелген аласа өсімдік .
31.Лианы- лианалар- өрмелеуші өсімдіктер.
32.Луг- шалғын –орташа ылғалды жағдайларда жақсы өсетін көпжылдық өсімдіктер.
33.Меандр-айналма-өзен суының циркуляциясы нәтижесінде пайда болатын, өзен арнасыныңжоғарыдан қарағанда көрінетін иіні.
34.Мезофилы-мезофилдер –орташа температура жағдайында өсіп, көбейе алатын организмдер.
35.Национальный парк-ұлттық парк –табиғаты көп бұзылмаған ,әсем обьектілері бар,қорғауға алынған территорияның бір түрі.
36.Низшие растение-төменгі сатыдағы өсімдіктер –денесі тамыр,сабақ,жапырақ секілді мүшелерге жіктелмеген өсімдіктер.
37.Оазис- оазис,жазира –шөл мен шөлейттегі тұщы суы бар көгалды жер.
38.Охрана природы-табиғатты қорғау – табиғат қорларын ұтымды пайдалануды,сақтауды және молайтуды қамтамасыз ететін мемлекеттік шаралар жүйесі.
39.Пампа-пампа Оңтүстік Американың кейбір елдеріндегі субтропиктік кең дала.
40.Пелагиаль-пелагиаль-көл, теңіз,мұхит суының организмдер тіршілік ететін қабаты.
41.Планктон –плактон-су ағыстарымен бірге қозғалып жүретін өсімдік және жануарлар организмінің жиынтығы.
42.Прерии-прерии-Солтүстік Америкада Муссури өзенінің батысқа қарай орналасқан қара топырақты бетін биік өскен шөптесін өсімдіктер басқан жазықтар.
43.Псаммофилы-псаммофилдер-құмды жерлерде тіршілік етуге Роща-бейімделген организмдер.
44.Редколесье-селдір орман-ағаштары бір-бірінен қашық өсіп,олардың бөрікбасы өзара жанаспайтын ағаштары аласа,сирек орман.
45.Роща-тоғай –орманның негізгі алқаптан оқшауланған шағын бөлігі.
46.Стланики-тырбық ағаштар- ағаштар менбұталардың жер бауырлай өсетін аласа түрлері,жыңғыл түзеді.
47.Торф-шымтезек шала ыдырап,шіріген өсімдік қалдықтарыныан тұратын қара,қоңыр отын.
48.Фауна –фауна белгілі бір территорияда тіршілік ететін жануарлар түрлерінің жиынтығы.
49.Фитоценоз-өсімдіктер бірлестігі-Біртекті учаскеде өсетін өсімдіктер түрлерінің жиынтығы.
50.Флора-флора –белгілі бір територияда тіршілік ететін өсімдіктер түрлерінің жиынтығы
51.Хасмофиты-жартас өсімдіктері- жартас қуысында өсетін өсімдіктер
52.Цитрусовые культуры –цитрус дақылдары-шырынды жемістері бар,цитрус туысына жататын мәңгі жасыл өсімдіктер.
53.Эвкалипт-эвкалипт-Австралияда және оның маңайындағы өсетін мәңгі жасыл ағаштар мен бұталар.
54.Экологические ресурсы-экологиялық байлықтар белгілі бір территорияда тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік беретін,қоғамның айнаоадағы ортаға қоятын талаптарын қанағаттандыратын экологиялық құрама бөліктердің жиынтығы.
55.Эндемики-эндемиктер-шағын территорияда ғана тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар.
6. Семинар (практикалық ) сабақтардың жоспары - бағдарлама бойынша жоспарланбаған
7.Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар.
Студенттердің оқытушының жетелігімен өзіндік жұмысы.
1 Апта
ОЖСӨЖ 1.
Тақырыбы: Биогеография және қалыпты дамудың проблемалары.
Мақсаты: Биогеографияның жаңа бағытын- биогеография және қалыпты даму проблемалары – сипаттау.
Өткізу түрі: конспектілеу
Мазмұны: 1.Биогеография және қалыпты дамудың проблемалары.
2.Биоалуантүрлілік географиясы
Әдістемелік нұсқаулар: тезистік түрде дәптерге конспектілеу
Әдебиет: 13. 19-23 бет
ОЖСӨЖ 2.
Тақырыбы: Экожүйе құрылысының негізгі принциптері
Мақсаты: экожүйедердің құрылымы және ісәрекетінің негізгі принциптерімен танысу.
Өткізу түрі: конспектілеу
Мазмұны: 1.Экожүйе концепциясы
-
Экожүйенің блокқа бөлінуі.
Әдістемелік нұсқаулар: тезистік түрде дәптерге конспектілеу және схеманың суретін салу.
Әдебиет, 6. 14-19 бет
2 Апта
ОЖСӨЖ 3.
Тақырыбы: Биологиялық өнімділік
Мақсаты: Биологиялық өнімділікке сипат беру және қажетті ұғымдармен танысу
Өткізу түрі: конспектілеу
Мазмұны:
-
Негізгі терминдер
-
Трофикалық шептер,
Әдістемелік нұсқаулар: тезистік түрде дәптерге конспектілеу
Әдебиеттер : 13. 35-41 бет
ОЖСӨЖ 4.
Тақырыбы: Ағзалардың және олардың кешенінің географиялық таралу заңдылықтары.
Мақсаты: ағзалардың таралу факторларымен танысу және ареалдың құрылымымен және конфигурациясын қарастыру.
Өткізу түрі: конспектілеу
Мазмұны:
1. Ағзалардың таралу факторлары.
2. Ареалдың құрамы және конфигурациясы.
Әдістемелік нұсқаулар: тезистік түрде дәптерге конспектілеу және 6,7 суреттерді салу
Әдебиет: 6. 30-39 бет.
3 апта
ОЖСӨЖ 5.
Тақырыбы: Ағзалардың таралу заңдылығы.
Мақсаты: климат және географиялық орынға байланысты жиынтықтардың таралу заңдылығын сипаттау.
Өткізу түрі: тесттік сұрақтар құру.
Мазмұны:
1. Ендік және биіктік зоналылық.
2. Интразоналдық.
3. Экстразоналдық.
4. В.В.Алехин және В.Л. Комаров идеялары.
Әдістемелік нұсқаулар: тақырып бойынша 7-8 тесттік тапсырма құрып, оны талдау қажет
Әдебиет: 14. 32-35 бет.
ОЖСӨЖ 6.
Тақырыбы Биофилоттық патшалық пен құрлық облыстары
Мақсаты: өз беттерімен биофилотикалық патшалықтарды және облыстарын зерттеу.
Өткізу түрі: контур картамен жұмыс
Мазмұны: Биофилоттық патшалық пен құрлық облыстарын кескін картаға бөліп түсіру.
Әдістемелік нұсқаулар: кескін картаға әр-бір патшалықты түсіріп, жазбаша анализ жазу керек.
Әдебиет: 14. 14-31 бет
4 апта
ОЖСӨЖ 7.
Тақырыбы: Экотоп,биотоп,мекен ету орны. Түрлік құрам. Өмір формалары
Мақсаты: биоценоз жәнеқұрамымен құрылымына және түрлік құрамға әсер ететін қоршаған ортаның факторларының бірлестігінің зерттеу.
Өткізу түрі: кроссворд құру
Мазмұны: 1.Экотоп,биотоп,мекен ету орны.
2.Түрлік құрам.
-
Өмір формалары
Әдістемелік нұсқаулар: әр-бір қарастырылған сұрақ бойынша кроссворд құру керек
Әдебиет:13. 66-70
ОЖСӨЖ 8.
Тақырыбы: Ылғалды экваториалды және тропикалық ормандар
Мақсаты: Ылғалды экваториалды және тропикалық ормандар жануарлар әлемін сипаттап, суреттеу
Өткізу түрі: конспектілеу
Мазмұны: Жануарлар әлемі.
Әдістемелік нұсқаулар: Ылғалды экваториалды және тропикалық ормандар жануарлар әлемі бойынша дәтерге конспектілеп жазу.
Әдебиет: 14. 67-80 бет.
5 апта
ОЖСӨЖ 9.
Тақырыбы: Ориентал патшалығы.
Мақсаты: Ориентал патшалығының фаунасы және флорасына жазбаша түрде сипат беру.
Достарыңызбен бөлісу: |