Педагогика институтының директоры


Студенттердің білімін бақылау материалдары



бет6/6
Дата25.02.2016
өлшемі0.61 Mb.
#19272
1   2   3   4   5   6

Студенттердің білімін бақылау материалдары.

1. Тірі организмдердің жер шарына таралуы мен оның өзгеру себептерін зерттейтің ғылым.

А) Биогеография, Б)Ботаника, В) Зоология, Г)Экология.

2. Жердегі бүкіл организмдер неше дүниеге бөлінеді?

А) 4; Б) 3; В) 2; Г) 1.

3. Биогеографияның негізгі принципі –

А) Органикалық дүниені географиялық ортаның маңызды бөлігі ретінде кешенді түрде қарастыру.

Б) Органикалық дүние бөліктерін жеке-жеке қарастыру.

В) Тек жануарлар дүниесін зерттеу.

Г) Тек өсімдіктер дүниесін зерттеу.

4. Биогеографияның сарамандық мақсаттары ішіндегі қате нұсқаны көрсет?

А) Тек мұхиттардағы тіршілікті зерттеу.

Б) Өсімдік және жануарлар әлемінің ресурстарын тиімді пайдалану.

В) Адамдардың ден саулығы үшін күрес.

Г) Табиғи және қолдан жасалған бірлестіктердің өнімділігін көтеру.

5.Биогеорафия ғылымыың негізгі тараулары қай уақытта пайда болды?

А. 18ғасырдың аяғы мен 19 ғасырдың басында

Б. 16 ғасырда

В. 17 ғасырда

Г. 14 ғасырдың аяғы мен 15 ғасырдың басында.

6. Биогеография бөлімдері ішіндегі қате нұсқаны көрсет.

А. Палентология

Б. Ареалтану

В. Экологиялық биогеография

Г. Региональдық биогеография.

7. Тарихи биогеографияның зерттеу обьектісі.

А. Уақыт және кеңістік ішіндегі флора мен фаунаны талдау

Б.Тек полеозой эрасы органикалық дүниесін зерттеу

В. Мұхиттардағы өткен дәуірлердегі тіршілікті зерттеу

Г. Мұндай биогеография жоқ.

8. Түр, туыс, тұқымдас, қатар, класс және т.б. категориялардың систематикалық тобы.

А. таксон

Б.планктон

В.нептон


Г. биота

9.Тарихи уақытта жер-жерде бірлесіп пайда болған тірі организмдердің жиынтығы.

А. биота

Б. фауна


В. флора

Г. биомасса

10.Белгілі бір биоценозды құрайтын тірі ағзалар мен оны қоршаған орта қалай деп аталады?

А. экожүйе

Б. биоценоз

В.ареал


Г.популяция

11.Тіршілік ету, өсіп-өну жағдайлары ортақ эволюциялық процесс пен табиғи сұрыптау нәтижесінде үйлесім тапқан өсімдіктер мен жануарлар тобынан құралған табиғат кешені.

А.биоценоз

Б.биогеоценоз

В.ценоз

Г.фауна


Д.флора

12.Жер бетінің жануарлар мен өсімдіктердің белгілі бір түрлері тіршілік ететін бөлігі.

А.ареал

Б. биогеоценоз



В.пелагиаль

Г.популяция

13.Экожүйе терминін кім, қашан енгізген?

А.1935 ж. А.Тенсли

Б.1945 ж. В.Сукачев

В.1955 ж. В.И.Вернадский

Г.1965 ж. А.Г.Воронов

14.Биогеографияның мәселелерді шешу үшін қолданатын әдістерінің бірі.

А. Картографиялық

Б.дистанциялық

В.медициналық

Г.микробиологиялық

15.Зат алмасумен энергия алмасу негізінде тірі организмдерді және өлі компоненттерді біріктіретін күрделі табиғи жүйе.

А.биогеоценоз

Б.зооценоз

В.фитоценоз

Г.микоценоз

16.Су қоймасының түбінде тіршілік ететін жануарлар.

А.бентос

Б.планктон

В.нейстон

Г.нектон


17.Геологиялық уақытта жер-жерде қалыптасқан жануарлар түрлерінің және одан жоғары таксондардың жиынтығы.

А.фауна


Б.флора

В. ареал


Г.биоценоз

18.Белгілі аудандағы, аймақтағы тағы сол сияқты өсімдіктердің барлық түрі.

А.флора

Б.фауна


В.формация

Г.табиғи сұрыпталу

19.Белгілі құрамы бар, өзара бір-бірімен және сыртқы ортамен байланысты өсімдіктер қауымы.

А.фитоценоз

Б.биоценоз

В.мекоценоз

Г.зооценоз

20.Биогеоценоздар туралы ілімді кім қашан қалыптастырды?

А.1942 ж.В.Сукачев

Б.1935 ж.А.Тенсли

В.1950 ж.В.Б.Сочаве

Г.1967 ж.А.И.Перельман

21.Өмір ортасы-биосфера туралы ілімді қалыптастырған ғалым.

А. В.И.Вернадский

Б. А.Г.Воронов

В. А.Н.Формозов

Г. Ю.И.Чернов

22. Биосфера ұғымы сәйкес келетін ұғымды ата.

А.Географиялық қабық

Б.Планетаның тас қабығы

В.Планетаның су қабығы

Г.Планетаның ауа қабығы

23.Геожүйені блоктарға айырудағы қате нұсқаны көрсет.

А.Псилофиттер

Б.Фотоавтотрофтар

В.Хемоавтотрофтар

Г.Прототрофтар

24.Фотоавтотрофты организмдер дегеніміз?

А.Биомассасын жасау үшін күн радиациясы мен минералдық заттарды пайдаланатын жасыл өсімдіктер.

Б.Жасыл өсімдік тек күн қуатын пайдаланады.

В.Жасыл өсімдіктерге минералдық заттар қажет емес.

Г.Жасыл өсімдіктер жердің ішкі қуатын пайдаланады.

25.Хемоавтотрофтарға жататын организмдер:

А.Бактериялар

Б.Жоғары сатыдағы өсімдіктер

В.Ондай организмдер жоқ

Г.Тек суда тіршілік ететін организмдер.

26.Қуат көзі және көміртегін алу үшін органикалық заттарды пайдаланатындарды:

А.прототрофтар

Б.хемоавтотрофтар

В.хемогететрофтар

Г.фотоавтотрофтар дейміз.

27.Хемогетеретрофтар мен фотоавтотрофтардың аралығындағы организмдер тобын қалай атайды?

А.фотогетеротроф

Б.прототроф

В.сапрофак

Г.хемоавтотроф

28.Бірінші трофикалық деңгейге қандай организмдер жатады?

А.Фотоавтотрофтар мен бірге хемоавтотрофтар

Б.Тек хемоавтотрофтар

В.Тек хемогетеретрофтар

Г.Бұлардың бірі де жатпайды:

29.Биогеоценоздың шекарасы немен анықталады?

А.Фитоценоздың шекарасымен

Б.Зооценоздың шекарасымен

В.Микоценоздың шекарасымен

Г.Орнитоценоздың шекарасымен

30.Организмдердің таралуын анықтаитын басты екі табиғи факторды ата.

А.Жылу мен ылғал

Б.Топырақ пен оның тұздылығы

В.Ауада көмір қышқыл газбен азоттың аз болуы

Г.Су мен оның температурасының өте жоғары болуы

31.Орман биоценозында эдификатор дегеніміз не?

А.ағаштар

Б.сфагнум мүгі

В.шөптесін өсімдіктер

Г.бұталар

32.Өсімдіктер өсу үшін қажетті эдификалық фактор дегеніміз не?

А.топырақ жағдайы

Б.топырақтың ылғалдылық жағдайы

В.өсімдік бірлестігінің құрамы

Г.өсімдіктер өсуіне мұндай жағдай қажет емес

33.Организмдердің таралуына әсер ететін абиотикалық факторлар ішінен қате нұсқаны көрсет.

А.Микроорганизмдер

Б.температура

В.жарық


Г.радиоактивті сәулелер

34.Организмдердің таралуына сыртқы ортада қолайлы және қолайсыз жағдай қатар болған жағдайда, сыртқы орта ролі қандай?

А.сыртқы орта сүзгі-фильтр қызметін атқарады

Б.сыртқы орта ролі жойылады

В.организмдер тез таралады

Г.организмдер таралуы тоқталады

35.Организмдер таралуының “минимум ережесін” кім тұжырымдаған?

А.Либих


Б.Стэнли

В.Ливингстон

Г.Юниер

36.Биома дегеніміз-



А.Жануарлармен бірге алынған өсімдіктер бірлестігі.

Б) Альпі деңгейі өсімдіктері.

В) Өсімдіктің сыртқы бейне көрнісі.

Г) Өсімдіктің көп түрлі қауымдастығы.

37.Биоценоздың құрамдас бөліктерінің ішінде қайсылары басты көрсеткіш.

А.Өлшем бірлігіндегі организмдер саны мен биомассасы

Б.Таза өнім мен эндемиотер саны

В.Эндмиктер мен псилофиттер.

Г.Антропогендік элементтер мен антропогендік әсерлер жоқ элементтер.

38.Таза өнім дегеніміз не?

А.Өлшем бірлігіндегі ауданға, өлшем бірлігі кезеңіндегі уақытта келетін өсу мен көбеюдің мөлшері

Б.Өлшем бірлігінде таза өнім анықталмайды

В.Өлшем бірлігіндегі уақытта таза өнім шықпайды

Г.Биогеографияда мұндай түсінік жоқ

39.Алынған уақытта өсімдіктер қалыптастыратын органикалық заттардың жалпы қоры қалай аталады?

А.Бірінші реттік өнімділік

Б.Трофикалық тор

В.трофикалық шынжыр

Г.деттриттік өнім

40.Бірінші қатардағы гетеротрофтар қандай өнімдерді пайдаланып өсіп көбейді?

А.Алғашқы өнімді немесе автотрофтардың дайындаған өнімдерін пайдаланады

Б.Гетеротрофтар өздері жасаған өнімдерді пайдаланады

В.Екінші қатардағы өнімдерді пайдаланады

Г.Бірінші қатардағы гетеротрофты организмдер деген жоқ

41.Жылдық түскен жауын-шашын мөлшерін буландыруға жұмсалатын Дж/см2 өлшемімен алынған жылудың жиынтығы.

А.Құрғақшылықтың радиациялық индексі

Б.Абсолюттік ылғалдылық

В.салыстырмалы ылғалдылық

Г.Шағылыстыру коэффициенті

42.Қоңыржай белдеудегі құрғақшылықтың радиациялық қолайлы индексі мөлшері қандай?

А.0,9-1,1

Б.0,8-0,85

В.0,2-0,5

Г.0,5-0,8

43.Құрғақшылықтың радиациялық индексіне қарап нені көруге болады?

А.Географиялық зоналардың шекарасын

Б.Климаттың гумидтілігін

В.Өсімдік бірлестіктерінің құрамындағы өзгерістерді

Г.Жануарлар дүниесінің тарихи дамуын

44.Биоценоздағы қайта қалпына келмейтін өзгеріс –сукцессия-деген атауды қай ғалымдар еңбектерінде берілді?

А.Каулс пен Клементс

Б.Клементс пен Стэнли

В.Каулс пен Ливингстон

Г.Ливингстон мен Стэнли

45.Халықаралық Қызыл кітаптың екінші басылымы қашан шықты?

А.1978-1979жж

Б.1800ж

В.1900ж


Г.2000ж

46.Москва «Жоғарғы мектеп »баспаханасынан шыққан «Биогеография мира» оқулығының авторлары.

А.А.Г.Ворнов,Н.Н.Дроздов,Е.Г.Мяло

Б.А.Г.Воронов,Г.Вальтер

В.П.П.Второв,Е.Г.Мяло

Г.Е.Г.Мяло,Ж.Леме

47.Көптеген биоценоздарды қандай масштабты карталарда көрсетуге болады?

А.1:10 000

Б.1:100 000

В.1:1000 000

Г.1:50 000

48.Денелерін қалыптастырғанда анорганикалық қосындылар мен күн қуатын пайдаланатын организмдер қалай аталады?

А.Продуценттер

Б.Консументтер

В.Редуценттер

Г.Гетеротрофтар

49.Консументтер деп қандай организмдерді айтамыз?

А.Гетеротрофты организмдер, көбіне продуценттердің дайындаған органикалық заттарын пайдаланады

Б.Консументер органикалық заттарды өздері дайындап пайдаланады

В.Бұлар автотрофты организмдер

Г.Өлі органикалық заттармен қоректенетіндер

50.Редуценттер дегеніміз қандай организмдер?

А.Өлі органикалық заттарды пайдаланып , оны органикалық қосындылрға қайта айналдырады

Б.Олар тірі консументтерді пайдаланады

В.Олар тек продуценттердің өнімдерін пайдаланады

Г.Жалпы мұндай организмдер жоқ.

51.Бірінші реттік консументтерге қандай организмдер жатады?

А.өсімдіктерді пайдаланатын организмдер

Б.жануарларды пайдаланатындар

В.өсімдіктерді де жануарларды да пайдаланатындар

Г.консументтер реттікке бөлінбейді.

52.Экологиялық пирамидадағы қате нұсқаны көрсет.

А.Температуралық пирамида

Б.Сан пирамидасы

В.Биомасса пирамидасы

Г.Қуат пирамидасы

53.Экологиялық факторлардың ішіндегі қате нұсқаны көрсет.

А.Ноосфералық

Б.Биотикалық

В.Абиотикалық

Г.Антропогендік

54.Организмдерге әсер ететін биотикалық факторлар ішіндегі қате нұсқаны көрсет.

А.Абиоз

Б.Симбоз


В.Антибиоз

Г.Конкуренция

55.Организмдер таралуындағы факторлардың күшіндегі қауіпті нүктелердің арасындағы шыдамдылық кеңістігі қалай аталады?

А.Особтардың экологиялық валенттілігі

Б.Оптимум заңы

В.Писсинум заңы

Г.Өлім зонасы

56.Стациялар ауысуы не экологиялық эквивалент принципін қалай түсінесің?

А.Организмдердің мекендеу орнынан басқа жерге ауысқанда бұрынғы мекеніне ұқсас жерлерге ұмтылуы

Б.организмдердің мекендеу орнын ауыстырмауы

В.организмдердің бұрынғы мекенінен табиғаты мүлде өзге мекенге ауысуы

Г.Биогеографияда мұндай түсінік жоқ.

57.Ендік бойындағы зоналық-ол...

А.өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесінің жазықтықта экватордан полюске қарай өзгеруі

Б.өсімдіктер мен жануарлардың тау етегінен төбесіне қарай өзгеруі

В.жануарлардың тек ендікте таралуы

Г.өсімдіктердің тек биіктікте таралуы.

58.Ареал ішіндегі лакуна «саңылау» нені көрсетеді?

А.Ареал ішіндегі түрдің тұрақты түрде кездеспейтін жері

Б.Түрдің тұрақты кездесетін жері

В.Ареалдарда мұндай жер жоқ

Г.Лакуна тек таулардағы ареалдарда.

59.Реаклиматизация дегеніміз не?

А.Организмдер таралуында бұдан аз, бұрын бұл жерде болған ареалды қалпына кедтіру

Б.Организмдерді жаңа ареалға бейімдеу

В.Организмдерді таулы территорияларға жерсіндіру

Г.Организмдерді тек жазық территориядағы ареалдарға орналастыру.

60.Организмдер түрлерінің таралуының оптимум мен пессимум арасындағы зонада болатын ареал пульсациясын қалай түсінесің?

А.Бұл зонада организм түрлерінің көбейіп не азайып отыруы

Б.Түрлердің тек азаюы

В.Түрлердің тек көбеюі

Г.Биогеографияда мұндай түсінік жоқ

61.Ылғалды экваторлық ормандар мен ылғалды тропиктер жер шарына көптеген өсімдіктер мен жануарлардың таралу орталығы неге?

А.Бұларда жер бетіндегі организмдердің өмір сүруіне барынша қолайлы жағдай.

Б.Мұнда организмдер үшін ең қолайсыз жағдай.

В.организмдерге мұнда жарық жетіспейді

Г.мұнда ылғал жетіспейді.

62.Космополиттік ареал дегеніміз-

А.Жер шарындағы құрлық пен судың кемінде 1/3 қамтитын ареал

Б.Кемінде 1/4 ін,

В.1/5 ін,

Г.1/6 ін.

63.Антарктидадан басқа барлық материктерді мекендейтін организмдерде қандай ареал?

А.Космополиттік

Б.Дизъюниктивті

В.Эндемикті

64.Эндемиктер дегеніміз-

А.Шағын ареалда таралған организмдер.

Б.Өте үлкен ареалда таралғандар.

В.Орта ареалда таралғандар.

Г.Космополиттер.

65.Циркумполярлық ареал дегеніміз-

А.Поляр шеңбері бойын түгелдей жуық алып жатқан ареал.

Б.Тек оңтүстік поляр шеңберіндегі ареал.

В.Тек солтүстік поляр шеңбері маңындағы ареал.

Г.Мұндай ареал бөлінбейді.

66.Пантропикалық ареал дегеніміз-

А.Барлық континенттердің тропиктерін қамтитын ареал.

Б.Тек солтүстік тропиктегі ареал.

В.Тек оңтүстік тропиктегі ареал.

Г.Ондай ареал бөлінбейді.

67.Шағын ареалдар көбіне қайда кездеседі?

А.Таулар мен аралдарда.

Б.Тек тауларда.

В.Тек аралдарда.

Г.Шағын ареалдар ендік бойындағы жазық территорияларда.

68.Мына көлдердің қайсысында эндемик жануарлар көп?

А.Байкал


Б.Каспий

В.Ладога


Г.Онега

69.Су қабатында еркін жүзетін организмдер.

А. нектон

Б.планктон

В. Бентос

Г.нейстон

70.Солтүстік Америка мен Евразияның тундрсының гигротермикалық режимі:

А.Ылғалға көп мөлшерде қаныққан

Б.қанықпаған

В.орташа қаныққан

Г.ылғалдың жеткіліксіздігінен өсімдіктер зардап шегеді.

71.Солтүстік Америка мен Евразияның тундрасының топырағы:

А. қышқылды

Б. Негізді

В.бейтарап

Г.Аздаған негізді.

72.Қоңыржай белдеудің ксерофильдік бірлестігі атауларындағы қатені тап.

А.Евразияда-туссоки,

Б.Солтүстік Америкада-прерии

В.Оңтүстік Америкада-пампа

Г.Жаңа Зеландияда-дала.

73.Тундрада мүктер мен қыналардың мыңдаған түрлері болса, гүлді өсімдіктердің қанша түрлері бар?

А.300.

Б.200.


В.100.

Г.400.


74.Тундра мен поляр маңындағы тақырларда органикалық заттар баяу ыдырайды, нәтижесінде не түзіледі?

А.торф


Б.мұнай

В.көмірлі қабат

Г.қара топырақ

75.Нағыз Антарктида материгінің өзінде гүлді өсімдіктің қанша түрі табылған?

А.2

Б.3


В.4

Г.5


76.Солтүстік жабайы бұғысының ең үлкен табыны қай түбекте?

А.Таймырда

Б.Лабродорда

В.Чукоткада

Г.Аляскіде

77.Солтүстік Американың субтропикалық шөлі қалай аталады?

А. Кактусты-акациялы

Б.Бромелиялы

В.Акациялы

Г.Кактусты.

78 «Ұсақ жапырақты»,«қою қылқанды», «ашық қылқанды» деген түсініктер неге негізделіп бөлінеді?

А.Сыртқы түрі мен экологиялық жағдайына қарай

Б.Бұл ормандардың таралған географиялық ендігіне

В.Таралған бойлығына

Г.Өскен территорияның топырақ жағдайына қарай.

79.Қылқан жапырақтылардың мәңгі жасылдылығының қылқандардың ксероморфтылығымен ұштасуының ролі қандай?

А.өсімдіктердің қыста суды жоғалтпауына бейімділігі.

Б.Топырақтың ылғалын сақтау

В.Таралған территориядағы жер бедерінің ерекшелігін көрсетеді

Г.Ормандардағы жануарларға қорек болу үшін

80.Қыс өте қатал болған жағдайда қылқанын түсіретін ағаш.

А) Балқарағай.

Б) Қарағай.

В) Самырсын.



Г) Самырсын төсеніші.
12. Оқу үрдісіне қажетті програмаллық және мультимедийлік көмек – жоқ.
13. Арнаулы аудитория, кабинет және лаборатория тізімдері – жоқ.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет