Айым – (холерик). Шыдамсыз. Әңгіме кезінде сезімді бет қиымылмен, құбылыспен жеткізеді. Тәуекелшіл. Жұмысты жылдам істейді.
Жания – (флегматик). Жұмысқа үлкен дайындықпен асықпай кіріседі. Жұмыс істеу жылдамдығы орташа. Ол бастаған ісін соңына дейін тыңғылықты орындап шығады. Ол өз ісінің сапалы болуына ерекше көңіл бөледі.
Сұлуым – (сангвиник). Бет-әлпеті құбылмалы және қозғалысы анық. Оның жүзіне қарап көңіл-күйін, адамға деген қарым-қатынасын аңғаруға болады. Зейінін тез аударады. Жаңа адамдармен тез тіл табысады. Өте қажырлы, әрі жұмысқа қабілетті.
Жандос – (холерик). Қарым-қатынаста тік. Тәуекелшіл. Жұмысты жылдам істейді.Шешімге тез келеді.
Ж.Алихан – (флегматик). Күлдіру де, ренжіту де оңай емес. Шыдамдылығымен, өзін-өзі ұстай білуімен ерекшеленеді. Қимылы, сөзі баяу. Жаңа ортаға бірте-бірте жай бейімделеді.
Медет – (флегматик). Қимылы, сөзі баяу. Жаңа ортаға бірте-бірте жай өбейімделеді. Ол өз ісінің сапалы болуына ерекше көңіл бөледі. Өзі жақсы білетін жұмысқа тыңғылықты кіріседі.
Айсұлтан – (меланхолик). Ренжіген нәрсесін ұзақ уақыт ұмыта алмайды, жұмыс кезінде де соны ойлап, қателік жіберуі мүмкін. Сырт қарағанда сабырлы көрінгенімен, күйгелек және уайымшыл.
Сартай – ( меланхолик). Бейтаныс адамдармен тіл табысуға қиналады. Күтпеген жағдайларда абдырап қалады. Өзімен-өзі болып, тыныш, қауіпсіз жағдайда жұмысты тындырымды істейді.
Жандос – (сангвиник). Жаңа іске асқан белсенділікпен кіріседі. Эмоциялық қозуы шапшаң, күшті, бірақ тұрақсыз, көңіл-күйін лезде өзгертеді. Өте қызба. Әсершіл, ұнатқан, сүйген нәрсесіне елігіп, әуестенуі де оңай, басылуы да жылдам. Төңірегіндегі оқиғаларға, нәрсенің мән-жайына елең етіп, көңілденуі де, басқа нәрсеге ауып кетуі де тез.
Альфия – (флегматик). Аз уақытта әр түрлі бірнеше жұмысты қатар алып жүру ұнамайды. Флегматик жұмысқа үлкен дайындықпен асықпай кіріседі. Жаңа ортаға бірте-бірте жай бейімделеді.
Достарыңызбен бөлісу: |