5.Тілек шамы»
Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.
Құрметті ата – аналар,оқушылар.Біз сіздермен жанұядағы ата – ана мен балалар арасындағы қарым – қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан – жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екнін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір – бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір – бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын.
Тренингімізді қорытындайлай келе,ата – аналар қазір сіздерге жүрекше таратамын.Жүрекшеге балаңызға бар жақсы тілегіңізді жазып плакатқа жабыстыруларыңызды сұраймын.Алтын уақыттарыңызды қиып келгендеріңізге мың алғыс!Сау болыңыздар!
Хаттама
Жұмыс түрі: Тест
Тақырыбы: «Темпераментті анықтау»
Сынып: 5 «Ә»
Қатысушылар саны: 22
Нұсқаулық: Берілген пікірлердің ішінен өзіңізге тән дегенін белгілеңіз.
1. а) Мазасыз, күйгелексіз.
б) Көңілді, ақжарқынсыз.
в) Сабырлы, байсалдысыз.
г) Ұялшақ, қысылып-қымтырыласыз.
2. а) Ұстамсыз, қызбасыз. б) Белсенді, істе ширақсыз. в) Ретті, нақтысыз.
г) Жаңа ортада ыңғайсызданасыз.
3. а) Шыдамсыз.
б) Бастаған беті аяқсыз қалдырасыз.
в) Сақ, парасаттысыз.
г) Жаңа адамдармен тіл табысу сізді қиналдырады.
4. а) Қарым-қатынаста бірбеткей, тік мінездісіз.
б) Өзіңізді асыра бағалайсыз.
в) Шыдамсыз.
г) Өз күшіңізге сенбейсіз.
5. а) Батыл, белсендісіз.
б) Жаңашыл нәрсені тез қабылдайсыз.
в) Үндемейтін, көп сөйлегенді жек көресіз.
г) Жалғыздықты ұнатасыз.
6. а) Бірбеткейсіз.
б) Ықылас бейімділігіңіз тұрақсыз.
в) Аспай-саспай бір қалыпты сөйлейсіз.
г) Сәтсіз жағдайларда үнжырғаңыз түсіп, сасасыз.
7. а) Дау-дамайда тапқырсыз.
б) Сәтсіздік, көңілсіздікті тез жеңесіз.
в) Ұстамды, шыдамды.
г) Өз ойыңызбен отырғанды қалайсыз.
8. а) Тәуекелге бейімсіз.
б) Әр түрлі жағдайларға тез бейімделесіз.
в) Бастаған істі аяғына дейін бітіресіз.
г) Тез шаршап қаласыз.
9. а) Іске анда-санда ғана араласасыз.
б) Кез-келген жаңа іске қызығушылықпен кірісесіз.
в) Күшіңізді бекерге жұмсамайсыз.
г) Тым әлсіз сөйлейсіз, кейде тіпті естімей қалады.
10. а) Қайтымы жылдам, секемшілсіз.
б) Тартымсыз болса, көңіліңіз тез қалады.
в) Қойылған күн тәртібін ұстанасыз.
г) Еріксіз әңгімелесушінің мінез-құлқымен үйренесіз.
11. а) Шапшаң, әсерлі, бірақ жиі тоқтап сөйлейсіз.
б) Жаңа іске тез кірісесіз, басқа іске де араласып кетесіз.
в) Шапшаңдығыңызды басып отырасыз.
г) Істе шапшаңцық танытпайсыз.
Темпераментті анықтау тесттің кілті. Әр нұсқаға «1» ұпай беріледі.
А) холерик — (ыстыққанды)
Б) сангвиник — (жеңілқанды)
В) флегматик — (суыққанды)
Г) меланхолик — (ауырқанды)
Достарыңызбен бөлісу: |