Педагогика және психология институтының директоры, ЖӨК төрайымы


Танысу. «Өзіңді мақта!» жаттығуы



бет2/13
Дата03.03.2023
өлшемі274.28 Kb.
#470307
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
хаттама 5 «ә» (копия)

1. Танысу. «Өзіңді мақта!» жаттығуы.
Қазір біздер балалар, шеңберге тұрамыз. Сіздермен өте қызықты жаттығу орындаймыз. Атауы да ерекше – «Өзіңді мақта!». Өзімізді мақтауға бізге сиқырлы доп көмектеседі. Әрбір оқушы қолына сиқырлы допты алғаннан кейін өзін мақтауы керек. Сіздерден ұялмауларыңызды сұраймын. Ендеше, ойынды өзімнен бастайын. «Мен өзімді ақылдымын және мейірімдімін деп мақтағым келеді, себебі мен әрқашан өзімнің оқушыларыма және олардың ата - аналарына, сонымен бірге басқа да адамдарға көмектесемін». Осылай допты келесі адамға береді. Бұл жаттығу оқушыларда өзіне деген сенімділікті және батылдықты дамытады.

2. Жаттығу. «Орнымызды ауыстырамыз».
Бұл ойын кішкене қимылдауға, көңіл - күйді көтеруге, сонымен қатар бір - бірі туралы қосымша ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бір орындық алынып тасталады да, жүргізуші босаған орынға отырып алу үшін келесідей тапсырма береді: «кімнің достары көп, алмұртты жақсы көретіндер, оқуды жақсы көретіндер, домбыра тарта алатындар, балмұздақты жақсы көретіндер, ата - анасына көмектесетіндер және т. б. орындарын ауыстырсын».

3. Топтық ереже қабылдау.
Жүргізуші таныстықтан кейін топтық ереже қабылдауды ұсынады, егер қатысушылар ережемен келіскен болса қолдарын шапалақтайды, егер келіспесе – аяқтарымен жерді тысырлатады.
ü Ашық әңгімелесу
ü Белсенді болу және әзілдесе білу
ü бағаламау
ü сөзді бөлмеу
ü көп қатынасу

4. «Ой қозғау». «Сөйлемді жалғастыр» жаттығуы.
Оқушыларға сөйлемді жалғастыру тапсырылады. Жазбаша орындау керек.
«Бастауыш мектепте маған бәрінен де есте қалғаны...»
«5 - сыныпта мен (менің).... келеді».
Оқушыларға 5 - сыныпқа келгенде олардың өмірінде қандай өзгерістердің, жаңалықтардың болғандығы туралы әңгімелеу ұсынылады.
• 5 - сыныпта қандай қиындықтар болды?
• Келіспеушіліктер туындаған сәттер болды ма?
• Қандай қызықты оқиғалар болды?

5. «Мен кіммін? Мен қандаймын?» жаттығуы.
Оқушыларға сөйлемді жалғастыру тапсырылады. Жазбаша орындау керек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет