Р.Ерасыл – (флегматик). Сақ,байыпты,ынтымақшылоқушы.Әр ісін ойлап істейді,орынсыз асып – саспайды.Бір істі бастаса аяқсыз қалдырмайды.
Н.Жания – (меланхолик). Сәл нәрсеге ренжиді,өкпелегіш, тұйық, көп сөзі жоқ, пессимист,көңілі тез босап қалады.Өзімен – өзі жүргенді жаны сүйеді.
Жаная – (сангвиник). Тез тіл табысады, өзін көңілді ұстайды, ақкөңіл қызу істің адамы. Қысылып-қымтырылмайды,өзін еркін ұстайды.
Бексұлтан - (меланхолик). Өзімен-өзі болып, тыныш, қауіпсіз жағдайда жұмысты тындырымды істейді. Белсенділігі төмен. Тез шаршайды, жай сөйлейді. Әңгімелескен адамның мінез-құлқына еріксіз көнеді.
Диана – (холерик). Қимыл-қозғалысы шапшаң, ұстамсыз, ылғи да күйіп пісуге дайын тұрады.Ісбұрқыратып істейді, кейде қолын бір сілтеп сылқ түседі.
Аяжан – (холерик). Еті тірі, ойнақы, тынышсыз, шамданғыш, көңіл-күйі аумалы-төкпелі, жұртпен қарым-қатынаста тұрақсыз, пысық, бірақ бейқам.
Еркежан – (флегматик). Бір істі бастаса, оны аяқсыз қалдырмайды. Мінезі ауыр, көрсеқызар емес, қимыл-қозғалыстары баяу.
Әмір – (меланхолик). Болмашы нәрсені жүрегіне жақын қабылдап, сәтсіздікке жиі әсерленеді. Тез өкпелеп, тез ренжіп қалады.
Арнұр – (флегматик). Жайбасар, сыртқы көрінісі салмақты, мінезі ауыр. Мақсаты айқын. Өз ісіне ұқыпты. Аз уақытта әр түрлі бірнеше жұмысты қатар алып жүру ұнамайды.
Қарақат – (сангвиник). Өзін өзі көңілді ұстайды, ақкөңіл,қызу істе жүреді. Қысылып-қымтырылмайды, кісіге қайырымды, еті тірі, бірақ істі бастап, кейін тастап кетеді.
Ғалия – (холерик). Еті тірі,көңіл-күйі аумалы-төкпелі, жұртпен қарым-қатынаста тұрақсыз, пысық. Істі бұрқыратып істейді, кейде қолын бір сілтеп сылқ түседі.
Әмина – (холерик). Адамдармен қарым-қатынаста тік, дегенмен шешімге келгіш. Айтыс-тартыста тапқыр. Кек сақтамайды. Ұстамсыз, қызба мінезді.
Аружан – (меланхолик). Меланхолик бейтаныс адамдармен тіл табысуға қиналады. Күтпеген жағдайларда абдырап қалады. Өз күшіне сенбейді. Ұялшақ.
Достарыңызбен бөлісу: |